Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі күні ауылдың әлуеметтік-экономикалық жағдайы күрделі өзгерістермен сипатталады. Еліміздің даму болашағы ең алдымен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты болып отыр. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен, өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету. Баршымызға белгілі - ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Елімізде ауыл шаруашылығында қолайлы жерлері көп, сондықтан әлем нарығында бәсекелестікке төзімді агроөнеркәсіп кещенін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................
6
1
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...........................................................................................

8
1.1
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікштері...............................
8
1.2
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау..............................................
10
1.3
Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірі – стратегиялық жоспарлау..............................................................................................

14

2
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ..................................

19
2.1
Алматы облысының табиғи-экономикалық жағдайын талдау........
19
2.2
Алматы облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................

20
2.3
Алматы облысының негізгі салаларының бірі -ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін талдау........................................

28
2.4
Алматы облысының инфрақұрылымын талдау.................................
37

3
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖОСПАРЛАУ МЕН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ ..............................................


42
3.1
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту жолдары................................................................................................

42
3.2
Ауыл шаруашылығында маркетингтік стратегия жолдары............
53
3.3
Алматы облысының ауыл шаруашылық жағдайын дамыту – Еркін экономикалық кеңістікке кіру ретінде.....................................

59


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом соц.эко.развитие Алматинской области 2009-2010 22 06 10.doc

— 804.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

4 сурет. Электр энергиясын, газбен су өндіру және бөлудің үлес салмағының нақты көлем индексі, 2009

Ескерту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [7]

 

 

Электр қуатын өндіру мен тарату – 93,5% (Қарасай, Іле аудандары, Қапшағай қ.), бумен және ыстық сумен жабдықтау – 78,8% (Қарасай ауданы), суды өндіру, тарату және тазалау – 88,2% (Іле ауданы, Қарасай ауданы), газ тәріздес отынды тарату, өндіру қызметі 2,5 есе (Қарасай ауданы) болды. Осы көрсеткіштердің ішінде газ тәріздес отындарды өндіру және бөлу 2,5 есеге өсті. Оның себебі тұтыну көлемінің жоғарлауынан.

2.3. Алматы облысының негізгі салаларының бірі - ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін талдау

 

      Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі.    

Ауыл  шаруашылығы өнімдеріне мал мен құс өсіру және сүт, жүн, жұмыртқа, дақылдар түсімі, олардың өнімділігі, өндірудің бағасы кіреді. Ал шаруашылықты негізгі көрсекіштері болып:

  • Жалпы өнім түсімі, млн.теңге
  • Жер (егістік, пішендік, жайылым) көлемі
  • Дақылдар түсімі
  • Мал мен құс саны
  • Мал мен дақылдар шаруашылығының негізгі түрлерінің көлемі
  • Мал мен құстың және дақылдар өнімділігі
  • Мал мен құстың орташа тірі салмағы
  • Техника

Мал шаруашылығы деп  ауыл шаруашылығындағы мал өсіріп, өнім өндіретін кәсіпшілікті айтады. Бұның өзі көп салалалардан тұрады. Оған сиыр қой мен ешкі, шошқа, құс, жылқы, түйе, ара, аң т.б. шаруашылықтар жатады. Осы салалардадың әрқайсысы белгілі бір мақсат үшін ұйымдастырылады және басқаларынан биологиялық , технологиялық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлары өзгеше болады. Бұлардан адам үшін аса қажетті ет, сүт, жұмыртқа, бал, жүн, елтірі сияқты көптеген өнім түрлері алынады.

Өсімдік шаруашылығы  жүйесі деп осы шаруашылыққа кіретін  барлық салалар мен олардың құрылымы және оларды дұрыс жүргізуге керекті  техника, технология, ұйымдастыру шараларының  жиынын айтады. Өсімдік шаруашылығының ұтымды жүйесін жасауда техникамен жабдықтаудың, материалдық-техникалық қорлардың маңызы зор.

3 кесте

Алматы облысы бойынша, 2006-2009 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі

 

Өнім түрлері

2006

2007

2008

2008/

2006%-қ

қатынасы

Дәнді дақыл (тазаланған кейінгі салмақта), мың тонна

 

967,2

 

1059,5

659,7

 

68,2

Күнбағыс, мың тонна

35,2

33,3

30,9

87,7

Темекі, мың тонна

10,0

6,5

6,5

65

Қант қызылшасы, мың  тонна

335,3

309,0

121,2

36,1

Картоп, мың тонна

546,0

551,9

555,2

101,6

Көкөніс, мың тонна

524,1

589,0

617,5

117,8

ет (тірі салмақта), мың  тонна

226,0

233,5

251,1

111,1

Сүттің барлық түрі, мың  тонна

636,6

649,1

663,2

104,2

Жұмыртқа, млн.дана

53,7

62,6

70,4

131,1

Жүн, мың тонна

7,2

7,5

7,6

105,5

Ескерту: Алматы облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) {6]


 

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай дәнді дақылдар көлемі 31,8%-ға төмендеді, себебі бидай мен арпаның 1 гектардан алатын өнім түсімділігі түсіп кеткен. Мысалға, 2006 жылы бидайдың өнімділігі 17,3 ц\га болды, ал 2008 жылы ол 9,5 ц\га болған. Күнбағыстан алған өнім көлемі жылдан жылға кеміді, ол 2008 жылы 12,3 %-ға кеміді, оның себебі дақыл өнімділігіне байланысты болды. Темекі дақылының кему себебі, оның егіс алқабы 1,7 мың гектарға кеміген. Сонымен қатар, қант қызылшасы да кеміген, оның себебі қант қызылшасының игерілген егістік көлемі 2006 жылы 14,3 мың гектар болса, ал 2008 жылы 8,3 мың гектар болды. Картопттың көлемі 1,6 %-ға артып отыр, оның себебі оның өнімділгі 2008 жылы артқан, сонымен қатар 0,1 мың гектар артық жерге егіліп отырған. Көкөніс өндіру көлемі 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 17,8 %-ға артқан, оның себебі егістік көлемі 3,2 мың гектарға артып отырған, сонымен қатар 2006 жылы өнімділігі 234,1 ц\га болса, 2008 жылы 241,6 ц\га болды. Енді мал шаруашылығының өнімдеріне келсек, өндірілген барлық ет көлемі 24,3 %-ға артқан, олай болу себебі малдың басының өсуіне байланысты. Мұндай көріністі малдың барлық өнім түрлерінен байқаймыз. Ол келесі 4 кестедегі мәліметтерге сәйкес болды.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы мал өнімділігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндірудің көлемі 4 кестедегі мәліметтермен сәйкес сипатталады:

4 кесте

 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

 

Көрсеткіштер

2007

2008

2009

2009

2007 % қатынасы

Тірі салмақтағы мал мен құс өнімі, барлығы, мың тонна

13,9

14,1

15,1

108,6

соның ішінде:

ауылшаруашылық кәсіпорындары

4,3

3,4

4,1

95,3

Жұртшылық

8,8

9,8

10,0

114,2

Фермерлер

0,8

0,9

1,0

115,6

Сауылған сүт, барлығы, мың тонна

41,4

43,9

45,4

109,7

      соның ішінде:

ауылшаруашылық кәсіпорындары

2,1

1,8

1,9

90,5

Жұртшылық

34,8

37,5

38,5

110,7

Фермерлер

4,5

4,6

5,0

111,3

Жұмыртқа өндіру – барлығы, млн. дана

34,5

36,8

66,7

193,3

     соның ішінде:

ауылшаруашылық кәсіпорындары

18,5

20,4

49,9

270,3

Жұртшылық

15,8

16,2

16,6

105,1

Фермерлер

0,2

0,2

0,2

80,3

Мал өнімділігі :

       

әр мекиеннен алынған  жұмыртқа

180

180

210

116,7

әр сиырдан сауылған сүт, кг

1920

2040

2090

108,8

Ескерту: Алматы облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6]


2009 жылғы қаңтарда барлық шаруашылық  санаттарында 15,1 мың тонна немесе 2008 жылдың сәйкес кезеңіне 107,4% мал  мен құс союға жіберілсе, 45,4 мың  тонна сүт (103,4%) сауылып, 66,7 млн.  дана жұмыртқа (181,2%) алынды. Жұртшылық пен фермер шаруашылығының үлесіне – ет өндірісінің 74,1%-ы, сүттің 96,0%-ы және жұмыртқаның 25,2%-ы  тиесілі болды. Өңірлер бөлісінде мал мен құстың өндірісі барлық өңірлерінде артты, Жамбыл ауданынан басқа (ет өндірісі 2008 жылдың сәйкес кезеңіне 55,6%), Талғарда (49,9%), сүт – барлық өңірлерде өсті, ал Қапшағай қаласынан (77,5%-ды), Талғар ауданынан (77,5%) басқа, жұмыртқа өндірісі Текелі қаласынан (98,1%) басқа барлық өңірлерде өсті.

2008 жылғы қаңтарға  қарсы сүт өндірісі 3,4%-ға өсіп, 45,4 мың тоннаны құрады, соның ішінде  жұртшылық үй шаруашылықтарында – 38,5 мың тонна (2008 жылғы қаңтарға 102,6%) және жалпы облыстық көлемде – 85,0% болды.

Әрбір сауын сиырға есептегенде  сүт өнімділігі 209 кг құрады, 2008 жылғы  қаңтарда 204 кг қарсы. Ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарында сиыр өнімділігі 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда 23,0%-ға артып, 326 кг құрады.

Қаңтарда барлық шаруашылық санаттарымен 66,7 млн. дана жұмыртқа (2008 жылғы қаңтарға 181,2%) алынды, соның  ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында – 49,9 млн. дана жұмыртқа (245,3%) болды. Әрбір мекиен тауықтан орташа есептегенде 21 жұмыртқадан алынды, бұл 2008 жылғы қаңтарға қарағанда 116,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығында мал басын көбейту алынатын төл  санына, істен шығару мен табын  жөндеу мөлшеріне тәуелді. Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру және ғылыми-техникалық азық жетістіктерді қолдану жағдайында малды ұстау мен азықтандыру технологиясы үнемі жетілдіруді талап етеді.

5 кесте

 

Мал мен құс саны, мың бас

 

Мал

түрі

Шаруашылықтың барлық санаттары

соның ішінде

2009

2009

2008

   %-бен

ауыл 

шаруашылығы кәсіпорындары

жұртшылық

фермерлер

2009

2009

2008

  %-бен

2009

2009

2008

%-бен

2009

2009

2008

%-бен

Мүйізді ірі қара

802

105,3

29,7

106,3

215,2

122,6

556,7

99,8

с. і. сиыр

383

109,7

10,7

102,6

59,9

121,2

312,4

108,0

Қой мен ешкі

2997

108,2

150,1

104,3

1141

119,4

1707

102,2

Шошқа

150

103,0

24,3

96,3

35,1

104,3

90,7

104,5

Жылқы

225,5

112,3

10,4

123,5

74,2

120,0

140,9

107,9

Түйе, бас

5716

108,2

4063

102,5

837

126,2

816

125,2

Құс

8215,7

104,6

5655,8

102,9

176,7

101,4

2383,2

109,4

Ескерту: Алматы облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6]


 

 

Жоғарғы кестеден көріп  отырғанымыздай 2008 жылдан бір жылда облыс бойынша мүйізді ірі қараның өсімі 40,1 мың бас (Райымбекте – 3,2 мың бас, Іледе – 5,8 мың бас, Жамбылда – 7,6 мың бас, Ақсуда – 8,8 мың бас), қой мен ешкі – 228,3 мың бас (Ақсу, Алакөл және Еңбекшіқазақта – 22,0 мың бастан, Жамбыл мен Райымбекте – 32 мың бастан, Панфиловта – 35,6 мың бас), жылқы – 24,6 мың бас (Ақсу – 2,3 мың бас, Еңбекшіқазақта – 3,5 мың бастан, Панфиловта – 4,0 мың бас, Райымбекте – 5,4 мың бас) құрады.

Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығы мен мал  шаруашылығы бір бірімен тығыз  байланысты. Өсімдік шаруашылығының бірден-бір ерекшелігі – оның әр бір аймаққа тән болуы. Өсімдік шаруашылығының ұтымды жүйесін жасауда техниканың, техникамен жабдықтаудың және материалдық-техникалық қорлардың маңызы зор.

6 кесте

Ауыл шаруашылық дақылдардың  өнімділігі, ц\га

 

Дақылдар түрлері

2006

2007

2008

2008

2006 %-қ

қатынасы

Дәнді дақылдар барлығы

21,2

23,2

17,0

80,2

бидай

17,3

20,1

9,5

55

арпа

16,5

17,6

10,1

62,7

күріш

38,0

39,1

40,2

105,7

күнбағыс

9,5

9,0

9,1

93,2

Көкөніс

234,1

235,1

241,6

103,8

картоп

158,4

159,2

160,4

93,3

Ескерту: 2006-2009 жылғы Алматы облысының статистикалық  жылнамасы негізінде есептелінген [5]


 

Жоғарғы кестеден көріп  отырғанымыздай, өнімділік көрсеткіші дәнді дақыл бойынша жылдан жылға  төмендеген. Мысалға, дәнді дақылдар жалпы 19,8%-ға төмендесе, оның ішінде бидайдың өнімділігі 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда, 45%-ға түскен. Мұндай осындай жағдайлар ауыл шаруашылығының өзіндік факторларына байланысты: агротехнологиялық жағдай, табиғи-климаттық жағдайлар, топырақтың құнарлығы. Күріштің өнімділігі 2008 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғарлаған. Күнбағыс өнімділігі 2006 жылмен салыстырғанда  6,8%-ға кеміген, олай болуы жоғарыда айтылып кеткен факторларға байланысты болды.

Ал енді осыдан осы  екі сала бойынша орташа баға индексін келесі 7 кесте сәйкес болды:

 

7 кесте

Барлық арналар бойынша  өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің орташа 1 тонна бағасы

Ауыл шаруашылық өнім түрлері

2008

2009

Баға индексі өткен  жылға

%-бен

Жұмсақ бидай

32576

32707

100,4

Темекі

251666

251666

100,0

Жүгері 

22375

22747

101,7

Тазартылмаған күріш (аршылған)

42500

43333

102,0

Арпа 

25770

26020

101,0

Картоп

42335

42435

100,2

Басты пияз

37143

36429

98,1

Қырыққабат 

37232

37232

100,0

Сәбіз асханалық

48114

47781

99,3

Асхана қызылшасы

38500

37500

97,4

Раушан гүл (мың дана)

87460

87460

100,0

Мүйізді ірі қара мал, тірі салмақ

222586

225533

101,3

Жылқы, тірі салмақ

213500

215848

101,1

Қой, тірі салмақ

211392

215299

101,8

Шошқа, тірі салмақ


233857

233857

100,0

Құс, тірі салмақ

147760

146525

99,2

Сиыр сүті

47870

49374

103,1

Тауық жұмыртқасы (мың  дана)

14225

14382

101,1

Ескерту: Алматы облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6]

Информация о работе Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу