Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі күні ауылдың әлуеметтік-экономикалық жағдайы күрделі өзгерістермен сипатталады. Еліміздің даму болашағы ең алдымен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты болып отыр. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен, өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету. Баршымызға белгілі - ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Елімізде ауыл шаруашылығында қолайлы жерлері көп, сондықтан әлем нарығында бәсекелестікке төзімді агроөнеркәсіп кещенін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................
6
1
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...........................................................................................

8
1.1
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікштері...............................
8
1.2
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау..............................................
10
1.3
Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірі – стратегиялық жоспарлау..............................................................................................

14

2
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ..................................

19
2.1
Алматы облысының табиғи-экономикалық жағдайын талдау........
19
2.2
Алматы облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................

20
2.3
Алматы облысының негізгі салаларының бірі -ауыл шаруашылығының көрсеткіштерін талдау........................................

28
2.4
Алматы облысының инфрақұрылымын талдау.................................
37

3
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖОСПАРЛАУ МЕН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ ..............................................


42
3.1
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту жолдары................................................................................................

42
3.2
Ауыл шаруашылығында маркетингтік стратегия жолдары............
53
3.3
Алматы облысының ауыл шаруашылық жағдайын дамыту – Еркін экономикалық кеңістікке кіру ретінде.....................................

59


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
62


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом соц.эко.развитие Алматинской области 2009-2010 22 06 10.doc

— 804.50 Кб (Скачать документ)

2. Тұрақтылық стратегиясы  – ұйымның нарықтағы орнының  тұрақтылығы, акционерлердің пайдасының  үнемі ұлғайып отыруы, өндіріс  екпінінің артуы, әлеуметтік жағдайды  жан-жақты қамтамасыз етіп отыруы.

3.Қорғаны стратегиясы  – қиын жағдай туындағанда  өнімнің біразын сатып, екіншісін дамытып, қиындықтан шығу жолын тез арада ұйымдастыра білу.

4. Құрама стратегия – бір ұйымда негізгі өндіріс екпіні төмендеген жағдайда басқа қолайлы қызметтерді дамытуды жалғастыру (қонақ үйі, дәмхана, т.б.).Бұл жағдайда біртекті стандартты жоспар ұсыну мүмкін емес, әрбір ұйымның өзінің ерекше жағдайына байланысты іс-әрекеттер қолдану күрделілігі туындайды. Әрбір кәсіпорын көздеген мақсатына жету үшін тиімді менеджмент стратегиясын белгілеп, сол бағытта жұмыс атқаруы тиіс.

Тиімді менеджмент стратегиясы

-жаңа өнімдер мен  көрсетілетін жаңа қызмет түрлерін  ойластыру

- жаңа нарықтарды іздестіру

- тұтынушылар үшін  сервисті жақсарту

- тиімді технологияны  ойластыру

- өнімнің сапасын  жақсарту

- тарату тәсілдерін  жақсарту

-өндірісті және өсімді ұлғайту

-табиғи ресурстарды  молайту

- күрделі қаржының  қайтарымын және пайданы молайту  - өнімнің және қызметтің мүмкіндігін  арттыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1 Алматы облысының табиғи-экономикалық жағдайын талдау

 

  Алматы облысы  республиканың оңтүстік-шығысында  орналасқан, 1932 жылы Қазақстан Республикасының  құрамында құрылды [5]

  Облыстың батыс жақ бөлігін ұлан-байтақ Балқаш бойы жазығы алып жатыр, ал оңтүстігі Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың таулы жоталарымен көмкерілген. Орталық және солтүстік бөліктерін өзендердің құмды шөгінділерінен түзілген кең Балқаш-Алакөл ойысы, қиыр оңтүстігінде – Іле жазығы бар. Өзендер тілімделген бұл өңірлер қырқалы құмды (Сарыесік-Атырау, Тауқұм, Моыйнқұм, Жаманқұм, Қарақұм, Сарықұм т.б) келеді. Облыстың шығысында, Жоңғар Алатауы мен барлық жотасының аралығында таулық өткел Жоңғар қақпасы бар. Пайдалы қазбалардан облыс қойнауында полиметалл рудасының едәуір қоры шоғырланған; мәрмәр, әк тас, бетонит, саз, тас және қоңыр көмір, жанғыш тақта тас, шымтезек, гипс, вольфрам, молибден рудаларының кен орындары және минералды бұлақтар да бар. Климаты тым континентальды, қысы қоңыржай салқын. Қаңтардағы орташа температурасы жазықта -150С, таулы аймақтарда-6-80С; шілдедегі орташа температурасы тиісінше +160С және +24+250С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазықта 300 мм., тау етегінде және тауда 500-700-ден 1000 мм.-ге дейін жауады . Облыс аймағымен Іле (Қазақстан аумағында – 815 км., жалпы ұзындығы – 1439 км.) , Лепсі (417км.), Қаратал (390км.), Ақсу (316км.) , Тентек (200км.), Ырғайты (69км.) секілді өзендер өтеді. Ірі өзендері – Балқаш (18200 км2), Алакөл (2650 км2), Сасықкөл (736 км2), Жалаңанкөл (36,6 км2). Сондай-ақ, Іле өзенінде – Қапшағай су қоймасы (аумағы 1847 км2, су көлемі – 28 млрд.м3), Шелек өзенінде Бартоғай су қоймасы (аумағы 14 км2, су көлемі – 320 млн.м3), Күрті өзенінде – Күрті су өоймасы (аумағы 8,3 км2, көлемі – 120 млн.м3) бар. [5, 5б]. Экономиканың нақты секторы. 2009 жылғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданып жүрген бағалармен 19,2 млрд. теңгені құрап, 2008 жылғы салыстырғанда 13,4%-ға кеміді. Кен өндіру өнеркәсібінде өндірістің көлемі 47,7%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 12,0%-ға, электр қуаты, газ бен суды өндіру мен бөлуде – 8,9% - ға кеміді.  2009 жылғы негізгі капиталға инвес-тициялардың көлемі 7,1 млрд. теңгені құрап (қайта есептеулер-мен), 2008 жылдың сәйкес кезеңінен 5,7%-ға төмен болды. Жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (көліктік емес ұйымдар және коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 6,4 млн. тоннаны құрады (ағымдағы жылдың сәйкес кезеңінен 100,8%).  Бөлшек тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз)  4,1 млрд. теңге болып, өткен жылдың сәйкес кезеңінен тұрақты бағада 29,1%-ға артты. 2009 жылғы тұтыну бағаларының индексі 2008 жылдың  желтоқсанымен салыстырғанда 100,2% құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына – 0,2%-ға, ақылы қызмет көрсету – 0,6%-ға артты, азық-түлікке жатпайтын тауарлар  - 0,2%-ға кеміді. 

2009 жылғы жағдай бойынша  облыста 14899  шаруашылық жүргізуші  субъект (заңды тұлға) тіркелді, одан  – 9844 жұмыс істеп тұр,  соның ішінде жұмыс істейтін  шағын кәсіпорын саны – 8787. 2008 жылғы халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 25317 теңгені құрап, 2007 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 30,6%-ға өсті, халықтың нақты ақшалай табыстары  20,0%-ға артты. 2008 жылғы облыс бойынша қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 49708 теңге болып, 2007 жылдың сәйкес айынан 8,3%-ға артты.

 

2.2 Алматы облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерін талдау

Облыс аумағының  көлемі – 223,9 мың шаршы км. Халықтың 1.01.2009 ж. алдын ала есептелген саны – 1667,1 мың адам. Халықтың тығыздығы - 1 шаршы км.-ге – 7,3 адам [6]. Облыс –10.03.1932 ж. құрылған. Алматы облысының негізгі экономикалық көрсеткіштері  1 кестеге сәйкес өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,4 %-ға кеміген, ал ауыл шаруашылық барлық саннатар бойынша  мал шаруашылығында еттің тірідей салмағы 7,4 %-ға жоғарласа, сүтті өндіру көлемі 3,4 %-ға  жоғарлап, ал жұмыртқа өндіру көлемі 1,8 есе ұлғайған. Еттің тірідей салмағының өсуі 0,1 мың тоннаға шаруа қожалықтарында және жұртшылық санатта 0,2 мың тоннаға артық 2008 жылмен салыстырғанда ет союға жіберілген. Бұл көрсеткіштер төменде берілген:

1 кесте

Алматы облысының негізгі  экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер атаулары

2008

 

2009

2009

2008

ж-ға

%-бен

қатынасы

Өнеркәсіп  өнімінің көлемі, млрд. теңге

 

22,173

19,2

86,6

Барлық шаруашылық санаттарында  мал шаруашылығының негізгі өнімдерін  өндіру, мың тонна:

     

ет (тірі салмақтағы мал       мен құстың барлық түрі)

 

 

14,05

 

15,1

 

 

107,4

Сүт

 

43,9

45,4

 

103,4

жұмыртқа, млн. дана

 

36,8

66,7

181,2

Жүн

-

-

-

Көліктердің барлық түрімен  жүк тасымалдау, млн. тонна

 

 

6,35

 

6,4

100,8

Өткізудің барлық жолдары бойынша  бөлшек  тауар  айналымы, млн. теңге 

 

 

 

3246,3

 

 

4087,1

125,9

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

 

 

 

7515,9

 

 

7087,5

94,3

Ескерту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы (статистикалық деректер) негізінде есептелінді [6].


 

Облыста жұмыртқа өндіру көлемі артқан, олай болу себебі, 2009 жылы өнімділік көрсеткіші артқан, ол есепті  жылы  66,7 млн.дана болды.

 Келесі бір талданатын көрсеткіш, ол жүк тасымалдау барлық көлік түрлері бойынша. Бұл көрсеткіш 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 0,8 %-ға  жоғарлаған. Бұлай болу себебі құрылыстың дамуына байланысты болды. Тауар айналымы көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 25,9 %-ға  жоғарлаған. Ал енді тартылған инвестициялар көлемі 2009 жылы 5,7%-ға  төмендеген, яғни инвестициялар темпы ендігі кезекте төмендеді, олай болу себебі республикалық және жергілікті бюджеттен негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру алынбады.

 

2 кесте

Алматы облысының негізгі  әлеуметтік көрсеткіштері

 

 

Көрсеткіштер

Атаулары

 

2007

2008

2008

2007

%-бен

қатынасы

 

Ресми тіркелген жұмыссыздар  саны, мың адам

 

2931

 

3367

 

114,8

Жан басына шаққанда орташа ақшалай  табыс, теңге

16017

14909

93

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

10884

11426

104,9

Ауыл шаруашылық кәсіпорындар саны

762

728

95,5

Облыс бойынша орташа жалақы, теңге

35564

40475

113,8

Ауыл шаруашылығындағы орташа жалақы, теңге

18651

27105

145,3

Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылар саны, мың адам

 

11,6

 

11,1

 

95,6

Ескерту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы (статистикалық деректер) негізінде есептелінді [6].


 

 

Жоғарғы кестеден көріп  отырғанымыздай жұмыссыздар саны 2007жылмен салыстырғанда 2008 жылы  бұл көрсеткіш 14,8%-ға жоғарлаған бұлай болу себебі, ауыл шаруашылық кәсіпорындар саны 4,5%-ға қысқарған, соның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі өскен. Ауыл шаруашылығында алатын жалақы көлемі тіпті 1,4 есеге өскен, себебі күнкөріс деңгейі 4,9%-ға өскен, ал инфляция болса қарқынды өсіп келе жатыр. Жұмыссыздық есебінен жан басына шаққандағы табыс көлемі 7%-ға 2007 жылмен салыстырғанда төмендеп отыр.

2009 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындар, ұйымдастырылмаған жеке қызмет, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданып жүрген бағамен 19225,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2008 жылғы сәйкес деңгейіне 86,6% құрады, соның ішінде өнеркәсіптің қаржы емес саласы бойынша (жеке қызмет пен үй шаруашылығы саласын қоспағанда) тиісінше 18164,1 млн. теңге және 86,8%.

Ақционерлік қоғамдар облыста  әрине кішігірім шаруашылықтарға  қарағанда төмен. Қазақстанда жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрі Ресейдегідей ең жақсы дамыған серіктестік  түрі болып келеді. Оның себебі құрылтайшылар  салған үлесінде ғана жауап береді, ал тоқырау кезеңдерінде бұл әрине тиімдірек. Бұл көрсеткіш төменгі 2 суретке сәйкес:

2 сурет. Сала бойынша

өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің құрылымы, 2009

Ескерту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [6].

 

Яғни жоғарғы суреттен көріп отырғанымыздай құқықтық нысандарына  сәйкес әрине өнеркәсіп өнімін өндіру көбінесе қызметкерлер саны елуден артық, соның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлесіне тиіп отыр.

Облыс өнеркәсібі өндірісі көлемінде  ең үлкен үлес салмақты Іле (39,0%), Қарасай (23,6%), Еңбекшіқазақ (3,8%), Талғар (3,9%) аудандары мен Талдықорған (6,8%), Қапшағай (5,2%), Текелі (3,0%) қалаларында болды. Кен өндіру өнеркәсібі облыстың өнеркәсіп өндірісі жалпы көлемінің 0,9%-ын алады. 2009 жылғы қаңтарда жалпы осы салада 165,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 67,3%-ға кеміді. Өндіріс көлемінің кемуі құрылыстағы қиыршық және ұсақ тас; малтатас, қиыршық құм және ұсақталған тас – 54,9%-ға (Талғар ауданы) кемуі есебінен қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібі жалпы өнім өндіру көлемінің 76,7%-ын алады. 2009 жылғы қаңтарда жалпы осы сала бойынша 14748,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2008 жылғы қаңтардағы 88,0%-ды құрады. Бұл өндірістің кемуі жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу мен қалбырлау – 64,7%-ға (Еңбекшіқазақ ауданы), сүт өнімдерін өндіру – 28,5%-ға (Еңбекшіқазақ, Іле аудандары), темекі  өндірісі – 11,6%-ға (Іле ауданы), металл емес минералдық өнімдер өндірісі – 16,9%-ға (Көксу ауданы, Қарасай ауданы, Қапшағай қ.) есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар ет және ет өңдеу өндірісінің – 27,5% (Іле, Ұйғыр аудандары), ұн-жарма өнеркәсіп өнімдері, крахмал және крахмал өнімдері – 9,4% (Қаратал ауданы) артқаны байқалды.

Тамақ өнімдері өндірісі 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда шұжықтар өнімі 10,8%-ға (Іле ауданы), астық дақылдар ұны – 14,0%-ға (Қаратал ауданы) артты. Сонымен қатар мынадай өнімдерді өндіру, қант, сірнені қосқанда – 82,9%-ға (Ескелді ауданы), солод – 8,1%-ға (Текелі қ.), жеміс-жидек және көкөніс шырыны – 66,2%-ға (Еңбекшіқазақ ауданы), өңделген сұйық сүт және кілегей – 34,8%-ға (Еңбекшіқазақ, Іле ауданы) қысқарды. 2009 жылғы қаңтардағы тамақ өнімдері өндірісінің (сусындарды қосқанда, бірақ темекісіз) жалпы көлемі 6476,0 млн. теңгені құрап, 2008 жылғы қаңтардағы нақты көлем индексі 91,6% болды.

 

 

 

3 сурет.  Өңдеу өндірісінің жеке қызмет түрлерінің үлес салмағы мен нақты көлем индексі, 2009

Ескерту: Ескерту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, (статистикалық деректері) [7]

2009 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы өнімін шығару халықтың жан басына шаққанда 6,8 мың тенге (2008 жылы – 5,9 мың теңге).

 Темекі өнімдері өндірісі облыс өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемінде 25,6%-ды (4915,5 млн. теңге) және өңдеу өнеркәсіп өнімдері көлемінде 33,3%-ды алады. 2008 жылғы қаңтардағы нақты көлем индексі 88,4%-ды құрап, шылым өндірісін шығару 11,6%-ға кеміді.

Тоқыма және тігін  өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі  2009 жылғы қаңтарда 76,7 млн. теңгені  құрап, 2008 жылғы қаңтарда 4,2%-ға кеміді. Беймата материалдарын және беймата материалдардан жасалған өнімдері, киімнен басқасы – 70,0%-ға (Жамбыл ауданы), ерлердің жұмыс киімі – 55,3%-ға (Талдықорған қ.) төмендеді.

2009 жылғы қаңтарда  целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен  баспа ісінің нақты көлем индексі 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда 70,9% құрады. Жәшіктер мен сөмкелер және кеңірдектелген қағаз бен картоннан жасалған сөмкелер шығару – 18,6% (Қарасай ауданы), пошталық және құттықтау ашық хаттары, изобасылымдар және соған ұқсас баспа өнімдері және электронды түрде шығару – 93,2%-ға (Талғар ауданы) кеміді. 2009 жылғы қаңтарда химия өнеркәсібінде 93,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2008 жылғы қаңтармен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,4% құрады. Парфюмерия өндірісі және жуу құралдары – 97,0%-ға (Қарасай ауданы),  көміртек диоксиді – 6,6%-ға (Талғар ауданы) төмендеген.  Басқа да металл емес минералдық өнімдер өндіріс көлемінің 16,9%-ға кемуі фарфордан жасалған асхана және ас үй ыдыстары  79,0%-ға (Қапшағай қ.), гипс қатырма қағазы – 32,4%-ға (Қапшағай қ.) өнімдерінің кемуі есебінен болды. Сонымен қатар еденге арналған әйнек өндірісі – 2,3%-ға (Іле ауданы), әктас 24,6 %-ға (Ескелді ауданы) өсті.

2009 жылғы қаңтарда  машина жасау саласында 477,0 млн.  теңгенің өнімі өндіріліп, 2008 жылғы  қаңтарға қарағанда нақты көлем индексі 56,8%-ға кеміді. Сым жүйесі және оқшауланған кабель, талшықты - оптикалық кабель өнімдерін өндіру – 85,8%-ға (Талдықорған қ.), қорғасын-қышқылды электрлік аккумулятор – 71,0%-ға (Талдықорған қ.) кеміді. Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібіне кен шығарылатын орынды өңдеу және құрылысқа арналған машиналардың бөлшектері – 10,2%-ға (Іле ауданы), бөлу щиті – 8,0%-ға (Талдықорған қ.) артты.

2009 жылғы 4 суретке сәйкес электр қуатын, газ бен суды өндіру мен тарату өндірісінің көлемі облыс өнеркәсібі жалпы көлемінің 22,4%-ын (4311,8 млн. теңге) алды, қызметтің барлық түрі бойынша 2008 жылдың қаңтарда нақты көлем индексі 91,1%-ды құрады.

Информация о работе Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу