Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:37, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Халықаралық қауымдастықты дамыту құралы ретінде дипломатияның маңызы өте зор. Дипломатиялық қызметтің жұмысы дипломатияның ең басты құралы болып, халықаралық аренадағы мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Англия дипломатиясы классикалық дипломатия ретінде, өз кезегінде эталон секілді, ол XIX-XX ғғ. әлемдік дипломатияның дамуына зор ықпал етті. Одақтың 50 елдерінің және басқа да мемлекеттердің дипломатиясы ағылшын дипломатиясының әсерімен дамыды.
Қазіргі таңдағы экономикалық климаттағы халықаралық қатынастар ерекше маңызға ие. Әлем өзгерістерге толып жатыр. Мысалға, экономикалық қуаттылық шығыс бағытта, яғни Азия бағытында жылжып келеді.

Содержание

Кіріспе

1. Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы
1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы
1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер, сыртқы істер министрі
1.3. Форин офис құрылымы және қызметі

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының жүйесі
2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері
2.2. Дипломатиялық кадрларды дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Anglia_diplomatiasy.doc

— 521.50 Кб (Скачать документ)

   1-3-ші рангтегі  дипломаттар кәсіби дипломатиялық  қызметтің  жетекші шыңын құрайды.  Олардың қатарымен британ дипломатиялық  өкілдігінің, министрдің бірінші  орынбасары мен орынбасарлары  қызметінің жұмыс орындары толығады [8,с.499].

    Кәсіби дипломатиялық қызметтің басшысы - әрдайым бірінші рангтегі дипломат болады. Қорытындылай отырып, айта кету керек британдық кәсіби диплломатиялық қызметтің аппараты дипломатиялық қызметке қабылдар алдында және рангтерді тағайындауда  қызметкерлердің ерекше біліктілігене және іскерлігіне назар аударылады.

  Қызмет жетекшілері,  Азаматтық қызмет комиссиясы  сияқты ұлттық азшылыққа және  бөлек әлеуметтік топтарға артықшылықтар  мен жеңілдіктер көрсетпейді.  Оларды есептеуінше, сынақтың  ашық әрі тең түрде өтуі  дипломатиялық қызметтегі кәсібилікті жоғары дәрежеде сақтауға септігін тигізеді. Қызмет бойынша көтерілу бәсекелестік жағдайында өтіп, нәтижесінде дипломаттардың бір бөлігі қызметтен шығуға мәжбүр болады. Бірақ олардың қызмет атқару уақытына сәйкес, зейнетақысы сақталады.  Жетекшілік дипломатиялық қызметке мінсіз кәсіпқой қызмет атқарған жоғары рангтік қызметкерлер тағайындалады. Дипломатиялық қызметтің басшылығы британдық дипломатиялық мекемелердің саяси-талдаушылық жұмысы орталық қызмет болып табылады деген дәстүрлі көзқарас ұстанады. Саяси талдау саласындағы және олардың қызметпен байланысына мамандандырылған қызметкерлерге, рангті тағайындаған кезде жеңілдіктер мен артықшылықтар қарасытырылады.

   Британдық дипломатияның  ұйымдастырылу формасы практика  жүзінде дипломтияның кәсіби дипломаттардың бастапқы классикалық анықтамасын жүзеге асырады. Осы анықтама негізін дипломатия теориясының   классиктері (Г.Никольсон) ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақыттағы зерттеушілер (мысалға, Ж.де Магальеш португалиялық автор) салды [1,с.35].  Сыртқы саясат бағытын анықтауда барлық дипломатиялық құралдар кадрлық дипломатиялық қызметтің қолында. Оның орталық аппаратты және шетел өкілдіктеріндегі орны мен ролі дипломатиялық байланыстар туралы 1961 Вена конвенциясындағы көрсетілмеген мүмкіндіктерге де ие. Дипломатиялық кадрлардың ауыспаушылығы – британ дипломатиясының тұрақтылығы мен сабақтастығын кепілі болып табылады. Тұрақтылықты мысалы ретінде, британ Сыртқы істер министрлігі нің онжылдықтарға арналған және тұрақты мақсаттары мен жоспарларының бар болуы.

  Қазіргі халықаралық  дамудың талаптарына жауап ретінде  Ұлыбритания жаңа, паралель дипломатиялық  қызмет құрылымын құрмай, керісінше,  дипломатиялық мекемелердегі дәстүрлі  тапсырмаларды орындауға бағытталады.  Нәтижесінде дипломатиялық аппарат жалпы кішігірім және аз қаржыны талап етеді [8,с.502].

 

 

Жалпы британ дипломатиялық қызметінің  рангтерінің және қызметтерінің  құрылымы бүгінгі күні келесідей  көрінеді:

 

 


 

 

 

 


 

 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 


 



 

 

 



 


 

 

 

 

 

   Дипломатиялық кадрлар – дипломатиялық қызметтегі қызметкерлердің жалпы атауы [10,с15].

   Дипломатиялық  кадрлардың жоғарғы кәсіби қабілеттері  қатаң заңнамамен емес, ал қарапайым  құқық пен дәстүрлер, дипломаттардың  жоғары тарихи қалыптасқан әлеуметтік  статусы және олардың кәсібінің қоғам алдында беделді болуымен қамтамасыз етіледі. Дипломаттардың өзіндік жеке қабілеттері мен кәсіпқойлығы, сонымен қатар – адалдығы, өзінің кәсібіне қызығушылығы, өз ісіне берілгендігі және т.б. қасиеттері аса зор маңызға ие [1,с.36].

  Жоғарыда аталған ақпаратқа сүйене отырып, Ұлыбританияның дипломатиялық қызметі – элитарлық, корпоративтік институт, «кәсіби бюрократияға» орталықтандыру болып табылады. Өзінің демократиялық емес құрамы үшін, ол парламент және баспасөз беттерінен үлкен сынға ұшырайды. Белгілі, қазіргі уақытта Ұлыбританияның дипломатиялық қызметіне тапсырудың еш кедергілері жоқ. Алайда, кедергі деп қызметке қабылданудың қиын және көпсатылы емтихандардың  болуы, басқаша айтқанда өзіндік оқуту цензінің болуы. Кәсіби дипломатиялық қызметтің құрамының демократизациялануы елдің көпшілік таптарының элитарлық жоғарғы оқу орындарына түсу көрсеткіші кеңейген тұста болады.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

   Дипломатия – мемлекеттің қолындағы ең маңызды қару болып табылады. Тарих көрсеткендей, ал қазіргі халықаралық жағдай дәлелдеп отырғандай, бірде-бір мемлекет басқа мемлекеттер ішінде қанағаттанарлықсыз орында қалғысы келмейді және жақсы ұйымдасқан дипломатиялық қызметсіз саясатын жүргізе алмайды.

   Ағылшын дипломатиясы  өз елінің мүддесін іскерлікпен қорғайды. Англияның премьер-министрі және сыртқы істер министрі Г.Пальмерстон XIX ғасырдың ортасында дипломатиялық қызметтің мақсатарын келесідей тұжырымдаған болатын: «Англияның тұрақты жаулары мен тұрақты достары жоқ. Оның тек қана тұрақты мүддесі ғана бар». Ал, консервативтік үкіметтің сыртқы істер министрі М.Рифкинд қазіргі ағылшын дипломатиясының мақсатын: «Британдық мүдделерді сақтау британ сыртқы істер министрлігінің жалғыз жұмысы болуы керек», - деп айтқан еді.

   Мемлекетке білімді, тәжірибелі, өз ісінің маманы бола алатын дипломаттар қажет. Қоршаған ортада болып жатқан өзгерістер мен өз мемлекетіндегі өзгерістерге бейімделе алатын жан-жақты тұлға дипломатты дайындау керек. Ал бұл қызметті жүзеге асыратын негізгі мекеме – дипломатиялық қызмет мекемесі.

   Британ дипломатиялық  қызметін ұйымдастырудың негізінде  формальді-бюрократиялық үлгі қолданылады.  Сыртқы істер мекемесінің практикалық  қызметіне қоғамның, парламенттің, академиялық ғылымдардың әсері  мен ықпалы соғыстан кейінгі  уақытта, ең бастысы Ұлыбританияның Еуропалық Қауымдастыққа қосылғанымен, оның әсері мен ықпалы аз мөлшерде болды. Британ дипломатиялық қызметінің иерархиялық құрылымы, дипломатиялық кадрлардың элитарлығымен, жоғары дәрежедегі құпиялық пен өз ісіне беріктігімен, қызмет атқарудағы ерекше әдістерімен ерекшеленеді. Осы үшін дипломатиялық қызмет Ұлыбританияның саяси ортасында әділ сынға ұшырайды. Алайда, дипломатиялық қызметтің ерекше эффектілігін, мәселелерді шешеудегі ыңғайлы әдістерді қолдану және оны жоғары кәсіби деңгейде атқарылуын жоққа шығара алмаймыз.

  Ұлыбритания –  дәстүрлердің елі, бірақ бұл  сипаттама аз мөлшерде оның  дипломатиясына қатысты. 60-жылдардың  басынан британдықтар 4 рет дипломатиялық  қызметінде реформалар жүргізген  болатын. Олар әртүрлі жаңашылдықтар енгізгенімен, кейде ірі, кейде аз маңызды, бірақ мұндай өзгерістер дипломатиялық жүйені тек қана жақсарта түсті.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

  1. Форин офистің белгісі (ені) 
     
     
  2. Джордж Каннинг, ағылшындық саяси қайраткер және сыртқы істер министрі

 

 

 

 

 

 

Лондондағы Парламент алаңында Каннингке ескерткіш қойылған (1832ж.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Т.В. Зонова  Дипломатия иностранных государств М., 2004.-352с.
  2. Р. Заллет.Дипломатия. Пер.с немец. М., 1997.-382.
  3. Сарсембаев М.А. Дипломатическое и консульское право. Уч.пос. Алматы, 2000.
  4. Г.Никольсон. Дипломатия. М., ОГИЗ, 1941.-450с
  5. Матвеев В.М Британ дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері// Дипломатия жаршысы . 2004.-№1-2.- 84-85 бб.
  6. www.fco.gov.uk (The Foreign and Commonwealth Office)
  7. www.temakosan.net интернет сайты
  8. Матвеев В.М. Британская дипломатическая служба. Изд. 2-е. М., Международные отношения, 1990.-211.
  9. Дипломатическая служба. Учебное пособие. Российская политическая энциклопедия. 2002.
  10. Зорин В.А. Основы дипломатической службы , М.,1997г.
  11. Захарова Л.М., Коновалова А.А.  Основы дипломатической и консульской службы. У.пос. Минск, 2001.   

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы