Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:37, реферат

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Халықаралық қауымдастықты дамыту құралы ретінде дипломатияның маңызы өте зор. Дипломатиялық қызметтің жұмысы дипломатияның ең басты құралы болып, халықаралық аренадағы мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Англия дипломатиясы классикалық дипломатия ретінде, өз кезегінде эталон секілді, ол XIX-XX ғғ. әлемдік дипломатияның дамуына зор ықпал етті. Одақтың 50 елдерінің және басқа да мемлекеттердің дипломатиясы ағылшын дипломатиясының әсерімен дамыды.
Қазіргі таңдағы экономикалық климаттағы халықаралық қатынастар ерекше маңызға ие. Әлем өзгерістерге толып жатыр. Мысалға, экономикалық қуаттылық шығыс бағытта, яғни Азия бағытында жылжып келеді.

Содержание

Кіріспе

1. Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы
1.1. Англиядағы дипломатиялық қызметтің пайда болуы және дамуы
1.2. Джордж Каннинг – саяси қайраткер, сыртқы істер министрі
1.3. Форин офис құрылымы және қызметі

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы саясатының жүйесі
2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері
2.2. Дипломатиялық кадрларды дайындау, іріктеу және оларға қойылатын талаптар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Anglia_diplomatiasy.doc

— 521.50 Кб (Скачать документ)

Ағылшындық Сыртқы істер  министрлігінің (СІМ) «пирамидасының»  негізі болып – қарасытыратын  мәселелеріне байланысты біріккен департаменттер (1997 жылы 71 департамент) және одан үлкенірек  бөлімдер – директориаттар (жалпы  саны - 13) болып табылады. Егер Форин офистің кәсіби және саяси жетекшілерін британдық дипломатиялық қыметтің шыңы деп атасақ, онда оның қуатты негізі болып департаменттер болып табылады. Департаменттерде күнделікті дипломатиялық жұмыстың негізі көлемі орындалады. Ағылшындық Сыртқы істер министрлігінің ерекшеліктеріне олардың көптігі жатады. 70-жылдары департаменттердің саны 70 жетсе, ал 1985 жылы – 64 жетті [7,с.153].

   80-жылдардың екінші  жартысында бөлімдер территориялық  (географиялық) – 21. функционалдық  (халықаралық ұйымдармен байланысты, ақпараттандыру және мәдени байланыстар, консулдық сұрақтармен және т.б. айналысатын) -31, административтік және шаруашылық – 12 болып бөлінге болатын. Бөлімдердің үштен бір бөлігі саяси-географиялық сипатта болды. Аймақ бойынша бөлу кенлесідей болды:

- 11 бөлім – Азия және Африка;

- 3 бөлім – Солтүстік  Америка және Батыс Еуропа;

- 2 бөлім – Кеңес  Одағы мен еуропадағы социалистік  елдер істерімен айналысқан. Бұдан  басқа 3 бөлім Орталық және  Оңтүстік Америка істеріне жауапты  болды. Сонымен бірге, Ирландия, Гонконг және Фолкленд (Мальвин) аралдары  істерімен айналысатын жеке департаменттер бөлінді. Форин офистің бөлім қызметкерлері шетелдерімен екіжақты қатынаста жұмыс атқарады. Олардың қызметіне: ағымдағы ақпаратты бағалау және қарастыру; екіжақты саяси қатынастардағы мәселелер бойынша ұсыныстарды құру; дипломатиялық хат алмасу ісін жүргізу және т.б.   

   Форин офистің  жергілікті бөлімдері шетел мемлекеттерімен  екіжақты байланыстарымен айналысады. Олардың қызметінің шеңберіне  ағымдағы ақпаратты бағалау мен  сараптау, өзекті сұрақтар бойынша екіжақты ұсыныстар әзірлеу, дипломатиялық хат алмасу және Лондондағы шетел дипломатиялық өкілдіктерімен хаттамалық және іскерлік қарым-қатынасты орнату. Ұлыбританияда 80-жылдардың өзінде 140-тан астам шетел елшілері мен Жоғары комиссарлары (Одақ елдерінің дипломатиялық өкілдіктері) аккредиттелген болатын [7,с.153-154]. Олардың кейбіреуі Парижде тұрақты резиденцияға ие, ал Лондонда қосарлама өкілдіктер, бірақ мұндай өкілдіктер – санаулы болған.

   Ағылшын дипломатиялық қызметінің ардагерлері, екінші дүниежізілік соғысқа дейін Форин офистің жұмыс күні таңғы 11-де басталатын, ал атшабарлар «Ла-Манштан» өтіп әртүрлі құжатармен папкалар алып келетін болған. Форин офиске ақпараттың легінің көптігі 60-жылдарға сәйкес келеді. Елшіліктердің өзінен күніне 2 мыңнан аса хабарламалар келетін. Ал, жеделхаттардың мөлшері бір жылда 7 пайызға өскені белгілі болды [7,с.154]. Дипломаттар келген құжаттарды уақытында өңдеуге үлгермейтін болған. Ақпараттың басым бөлігі елшіліктерден емес, басқа да көздерден келіп жатты. Жергілікті бөлімнің қызметкерлері өз жұмыстарында негізгі ақпараттың 3 түрін қолданады:

  1. ағылшан корреспонденттерінің (тілшілерінің) хабарламалары;
  2. Ұлыбританияның НАТО, ЕО  ғылыми-зерттеу ұйымдары мен университеттерінен келетін ақпарат;
  3. ОДАҚ елдерінен келетін анықтама материалдары. Мамандардың айтуынша егер маңызды сараптамалық құжаттарды зерттеме қажет болған жағдайда, бұл қызмет Құпия барлау қызметіне жүктелетін.  

  Форин офистің  бөлімдерінің жағдайы аса жоғары  емес. Олар кеңесші дәрежесіндегі дипломаттармен басқарылады. У.Уоллес айтпақшы, тек қана Сыртқы істер министрлігі ғана емес, Уайтхолдың басқа да мекемелері «барлық сұрақтарды барынша төменгі деңгейде, бөлім деңгейлерінде шешуге тырысады» [7,с.154-155]. Неғұрлым сұрақтар бөлім деңгейінде шешілсе, соғұрлым Форин офис жетекшілерінің аса маңызды сұрақтарды шешуге баса назар аударады. Бұл принциптің қолданылуын мақұлдауға болар еді, егер шынайы практикада Форин офис дипломаттарға қажет емес шешімді қабылдау үшін, әлде ол туралы басшылыққа хабарламау үшін қолданбағанда.

  Территориялық бөлімдер  – Форин офистің анағұрлым  тұрақты буыны болып табылады. Елтану бағытындағы кадрларды  дайындау және іріктеу жүйесі  жалпы өзін ақтап шықты деп  айтуға болады. Мамандардың айтуынша, әртүрлі аймақтарда кадрларды дайындау теңдәрежеде емес дейді [7,с.155]. 1975 жылы Форин офисте 182 арабтанушы, яғни территориалдық бөлім қызметкерлерінің жартысына сәйкес келеді. Арабтанушылардың көпшілігін қызметтік бөлімдерге және халықаралық ұйымдардағы қызметтерге бағыттады. Сонымен бірге латынамерикантанушылардың саны территориялдық бөлімдер үшін және сәйкес елдердегі елшіліктер үшін тым аз болды. Данкеннің баяндамасын талқылау кезінде мамандар, кәсіби дипломаттар өздері жаһандық сипаттағы зерттеген оқиғаларды байланыстыра алмайды деген қорытындыға келді. Форин офистің «кең бағыттағы мамандар» [7,с.156] бағдары да сынға түсті.

   Дәл Форин офистің  территориалдық бөлімінде дипломатиялық  әдістердің консервативтік түрі  орын алған. Қызметкерлер бәрінен де белсендірек жаңашылдықтарға қарсылық көрсетіп, басқа мекемелерден ғылыми орталықтар мен университеттерден сынақтан өтуге көпшілік жағдайда келісе бермейді.  

  Егер территориалдық  бөлімдер Ұлыбританияның шетелдермен  екіжақты саяси байланыстармен айналысса, екінші топ оперативті-дипломатиялық  бөлімдер – функционалдық – бұл бөлімдер өзге істермен айналысады. Қызметкерлері қазіргі әлемдік саясаттағы өзекті мәселелермен айналысады. Соңғы он-он бес жылда Форин офистің құрылымында функционалды бөлімнің дамуы байқалды. Бұған себеп ретінде, дипломаттардың сыртқы экономикалық, ақпараттық-насихаттау саласында, халықаралық ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық салаларындағы белсенділігі ықпал етті. Бұл бөлім қызметінің жаңа бағыты, Ұлыбританияның халықаралық ұйымдарға қатысуы. Функционалдық қызмет Ұлыбританияның Еуро Одаққа мүше болып кіргеннен жаңа қарқынмен дами түсті [7,с.156].

   1973 жылы функционалдық  бөлім қызметкерлерінің саны  территориалдық қызметкерлер санына 3 есе көп болды. Сәйкесінше  осындай көрсеткіш әлі де сақталып келеді. Сыртқы істер министрлігінің реси құжаттарына сәйкес, басшылары функционалдық бөлімді Форин офистің маңызды оперативті буыны деп есептейді [7,с.155].

  Халықаралық ұйымдармен  айналысатын бөлімдердің ішінде 70-жылдары құрылған қоршаған ортаны қорғау, әлемдік теңіз және азаматтық авиация жатады. Бөлімнің қызметіне халықаралық ынтымақтастық саяси бағыттарын қарастырады, ал ғылыми-техникалық сұрақтар бойынша Уайтхоллдың басқа мекемесі айналысады.

  Кәсіби дипломаттардың  ішінде, мысалға Р.Уэйд-Гери функционалды бөлімдердің тым көптігін және оларды территориалдық бөлімдерге қайта құру қажеттігін, сонымен қатар олардың қызметін бекіте түсу ойын айтады [7,с.161-162].         

   Орталық дипломатиялық  мекемені экономика саласында белсенді істерге бағыттай отырып, Форин офис басшылары сауда-экономикалық қарым-қатынастарды британ ықпалының беки түсуінің бірден-бір жолы деп түсінеді. Форин офистің  анықтама қағазында сыртқы экономика саласында дипломатиялық қызмет 3 негізгі мақсатты көздейді. Олар:

  • әлемдік нарықта британ экспортына ыңғайлы шарттар жасау;
  • ағылшын экономикасына қажет жеткізілммен қамтамасыз еті;
  • Біріккен Корольдіктің экономикалық мүддесін шетелдерде қорғау [7,с.156-157].

  Форин офистің  экономикалық бөлімдері тар мамандандырылған. Арнайы сауда қарым-қатынастары мен экспорт туралы бөлім, валюта-қаржылық қатынастар бойынша, батысеуропалық интеграция туралы екі бөлім, энергетикалық ресурстар туралы бөлім және ғылым мен ғарыш туралы бөлімдер бар.

  Экономикалық бөлімдер  жұмысының жетекші формасы – ағылшын дипломатиялық өкілдіктерінен келетін ақпарат пен анықтамаларды жинау, өңдеу және талдау жасау. Жыл сайын Форин офис экономикалық сұрақтардың сан түріне байланысты 50 мыңнан астам хабарлама алады [7,с.157]. Сауда министрлігі арқылы өңделген ақпарат - британ өндірісінің Конфедерациясынан және басқа да мекемелер мен ұйымдардан ағылшын компанияларына жеткізіледі. «Бізде бір әлде екінші тауарды сататын қажетті біліктілік жоқ, бірақ біз британ экспортерларына көмектесе алатын қызмет көрсете аламыз», - деді Форин офистің өкілі парламенттік тыңдау барысында.

  Сауда-экономикалық  бөлім қызметкерлері үшін үлкен  бизнес әлемімен жеке және  іскерлік байланысты оңтайландыру  күнделікті жұмыс бабына кіреді. 80-жылдардан бастап Форин офис  жеке фирмалармен мамандар алмасуды жолға қояды. 1980 жылы 3  компанияда сынақта 4-ақ дипломат болса, 1983-жылға қарай дипломаттар уақытша 11 фирмаға бекітілді [7,с.157-158]. Алайда, өзіндік тәуелсіздігін сақтау үшін Форин офис «сыртқы әлеммен» байланыста анық аралық ұстанады.

    XX ғасырдағы  екі дүниежүзілік соғыс аралығында  көпшілік дипломаттар үшін барлық  қызмет баспалдағынан өту міндетті  шартқа айналады. Сөйтіп, дипломатиялық  қызмет толық мағынада кәсіби  қызметке айналады. Лауазымды саяси  орталарда қызметте аристократтардың басымдығы қарсылық туындата бастайды. Осындай жағдайларға жауап ретінде, Екінші дүниежүзілік соғыс аралығында 1946-1949 жылдары «Иден-Бевин реформалары» жүргізіліп, дипломатиялық қызметтегі кадрлардың бірігу поцессі басталады ( елшіліктің және консулдықтың кадрларының бірігуі). Форин офистаға протекционизмге жол бермеу мақсатында, қабылдау емтихандарын Азаматтық Қызмет Комиссиясы жүргізеді. Қызметке әйелдердің келуіне жол ашылды. Осы және басқа да қызметтегі кадрлар құрамын дмемократизациялау іс-шаралары, құрылымның дәстүрлі принциптерін өзгертпеді, мысалға партия мүшесі болмау, тек қана конкурс арқылы қабылдау, қызметті бәсекелестік сипатта жүргізу және т.б. Жалпы, дипломатиялық қызметтегі демократизм - оның ашықтығынан, барлық әлеуметтік топтарға қол жетімдігі, кадрлардың конкурстық түрде іріктеу, қызметте жоғарылауы жеке еңбегі мен жетістіктерінің негізінде жүргізілуінен көрінеді [8,с.488].

     1968 жылы 17 қазанда  – «жаңа» Форин офистің туған  күні – Сыртқы істер министрлігі  мен Одақ істері министрлігі, бірегеу мекеме Форин офисқа бірігеді. Көп уақыт бойы жеке өмір сүрген үш кадрлық дипломатиялық қызметт (дипломатиялық қызмет, Форин офистің кәсіби кадрлары және шетел сауда комиссарларының шетел қызметі) – үш жыл бұрын – 1965 жылы 1 қаңтарда бірегей «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметіне» бірігеді. 60-жылдары құрылған дипломатиялық жүйе өзгерместен қазіргі кезеңге дейін өмір сүріп келеді [1,с.25].  Альтернативтік құрылымды қайта құру  (М.Тэтчер үкіметі тұсында) сыртқы істер үрдісіндегі қалыптасқан дәстүрлі кәсіби дипломатияны әлсірете алмады.

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Англияның дипломатиялық қызметінің және сыртқы

саясатының  жүйесі

 

 

2.1. Қазіргі уақыттағы Англияның дипломатиялық қызметінің ерекшеліктері

 

      Британ дипломатиялық қызметі немесе «Ұлы мәртебелімнің дипломатиялық қызметі», үкіметтің сыртқы саяси істерін дайындауда, дипломатиялық бағытты белгілеуде монопольды позицияны иеленеді [1,с.26-27]. Парламенттік сайлауда жеңген жаңа үкімет құрылуын аяқталғаннан кейін Ұлыбританияның орталық дипломатиялқ мекемесінде бірнеше ғана саяси басшылар тағайындалады. Алдыңғы аппарат өз орнында қалады. Жаңа үкімет пен қызметін аяқтаған басшылықтың арасында сыртқы саяси бағытта қаншама айырмашылықтар мен дипломатиялық көзқарастарында өзгешеліктер болғанымен, сайланған саяси жетекшілер мекеменің алдыңғы құрамын өзгертпейді. Дипломатиялық қызметті осындай ұйымдастыру әлемдік тәжірибеде аналогы жоқ болып табылады. Осы себептен де осындай формадағы ұйымдастыру шетел дипломатттарының  таңғалушылық пен түсінбеушілігін тудырады. Куәлардың айтуы бойынша, 1945 жылы болған Постдам конференциясында кеңестік те, американдық та делегация  1945 жылы 26  шілдеде парламенттік сайлауда жеңіске жеткен лейбористік партияның жетекшісі премьер-министр К.Эттли мен сыртқы істер министрі Э.Бевин конференцияға өздерінің алдындағы консерваторлар У.Черчиль мен Э.Иденнің тұсындағы кеңесшілер, көмекшілер мен эксперттердің бірге келгеніне таңданысып қараған [8,с.486]. 

   Қазіргі уақытта  британ дипломатиялық қызметінің  өзіндік ерекшеліктері, стилі қалыптасқан бар:

  1. дипломатиялық аппарат өкілдері және басқа мекемелердің мамандарымен мәселені жан-жақты қарастыру;
  2. қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарынан (БАҚ) белгілі мерзімге дейінгі тұйықталу;
  3. сұрақтарды шешуде компромисс ізеп, ал қорытынды шешімді қабылдағанда консенсус негізінде қабылдау қарастырылған.

    Ұлыбританияның  шетел 182 мемлекетте 300-ден аса  дипломатиялық және консулдық  мекемелері бар. Орталық аппаратта  (Форин офис) және шетел дипломатиялық  өкілдіктерінде (елшіліктер, консулдықтар, халықаралық ұйымдар аясындағы тұрақты миссиялар) дипломатиялық сипаттағы жұмыс орындарға  «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметіндегі» қызметкерлер тағайындалады [1,с.27]. 

   Шетелдердегі  Форин офистің және дипломатиялық  пен консулдық өкілдіктеріндегі штаттық тізімі – 6 мың адамды құрады (оның 3,5 мың – кадрлық дипломатиялық қызметтің қатардағы қызметкерлері, ал қалғандары – конкурссыз жұмысқа орналасатын, дипломатиялық қызметтегі административтік қызметкерлер). Сонымен қатар, британ елшіліктерінде жанама қызметте контракт бойынша 705 мың шетел азаматтары жұмыс атқарады. Жоғарыда атап өткендей, Ұлыбританияда 300-ден аса дипломатиялық және консулдық өкілдіктер бар. Бұл көрсеткіш өз кезегінде Германия, Франция және Италиямен салыстырсақ британдықтарда персонал саны 2 есе аз. «Ұлы Мәртебелімнің дипломатиялық қызметі» негізі халықаралық ұйымдар аясында Лондонда он сегіз тұрақты өкілдіктің қызметін, сонымен бірге тәуелді территориялардағы (барлығы 13 территория) саяси бағыттың жұмысын қамтамасыз етеді [1,с.27].

    Әлемдік сахнада  халықаралық ұйымдардың көбеюі  британ дипломатиялық аппаратының  «модернизациялану» процесіне   басты фактор болды. Басшылықтың  ықпалымен Форин офистің құрылымы  біршама өзгертілді. Қазіргі таңда  Ұлыбритания халықаралық ұйымдарда халықаралық келіссөздерді жүргізудегі дипломаттарының кәсіби шеберлігінің арқасында белсенді әрекет етеді.  Форин офис шетелдерге әскери программа құруда көмек көрсетеді, сонымен қатар шетелге әскери мамандар дайындауға қатысады. Әскери мекемелердің ықпалы дипломатиялық аппаратқа да, ағылшын дипломаттарының қызметтеріне де тиеді. Өйткені Форин офистің басшылық құрамының жартысынан көбі әскери институттардан сынақтан өткен. Имперлік әскери колледждегі 1 жылдық оқу қызметтік жоғарылаудың бірден-бір жолы және ол үш-төрт жыл уақыт алатын сынақтан өтуге балама жол болып табылады. Сонымен бірге, осындай сынақтан кейін дипломаттарды барынша жауапкершілігі жоғарғы лауазымға тағайындайды.

Информация о работе Англияның дипломатиялық қызметінің даму тенденциясы