Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:50, курсовая работа
Математикалық сауаттылықтың дамуы баланың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен сауаттылығын дамыту.
келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Р. Ысқақова. Логика. Алматы 2004 ж
2. К. Марданов. Логика. Астана 2001 ж
3. Н.Иманқұл. «Ойлау туралы ойлау» Алматы 1998 ж
4. Тұрғынбаев. «Логика»
5. Отбасы және балабақша 2007 ж №2, №3, №6,
6. Отбасы және балабақша 2010 ж, №1, №2
7. Отбасы және балабақша 2011 №3
8. С. Е. Гаврина. «Логика» Москва 2005 г
9. Т. Идилова. «Логика 5-7 жастағы балаларға арналған»
10. Трофимова С.В « Логика
мен информатика
11. Леушина А.М. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесі.-Алматы, 1987.
12. Столяр А.А. Формирование элементарных математических
представлений у дошкольников. - М., Просвещение, 1988.
13. Тарунтаева Т.В. Развитие элементарных математических представлений
у дошкольников.-М., Просвещение, 1980.
14. Альткауз, Дагмар, Дум, Эрна «Цвет, форма, количество». – М.,
Просвещение, 1984.
15. Отбасында және балабақшада баланы мектепке даярлау бағдарламасы. –
Алматы, Шартарап, 2000.
16. Л.С.Метлина «Математика в детском саду».- М., Просвещение, 1984.
17. М.С.Сатимбекова, Ә.Н.Наурызбаева, С.С.Әуельбаева «Математика»
Әдістемелік нұсқау, Алматы, Кітап, 2003.
ҚОСЫМША
Білім облысы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (Логика)
Мақсаты; Балалардың Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлауын дамыту, 5 көлеміндегі санды есептеу дағдысын дамыту, тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Білімге деген құштарлықтарын дамыту.
Күлімде күн, күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз-көңілді баламыз,
Қайырлы күн, біз-сүйкімді баламыз.
- 1 жылда неше ай бар?
- 1 жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бейсенбі.
Ендеше бейсенбі күні сәттілік тілейік.
Бейсенбі сәтті болсын!
Күніміз тек жақсы болсын.
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді тындайық.
(Музыка ойналып, ғарыш адамының дауысы )
II. - Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендерді ғарыш әлеміне саяхатқа шақырамын, онда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Тапсырманы бұлжытпай орындасаңдар сендерге сыйлығым дайын.
Тәрбиеші:
- Балалар мен бір дыбыс естідім, сендер естідіңдерме?
- Балалар жауабы
- Балалар ғарыш әлеміне
бізді саяхатқа шақырады
- Иә
Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?
Иә
-Ендеше дайындаламыз. Белбеуді
байлап, бас киімімізді киеміз. Қолымызға
өзіміздің Қазақстанымыздың
Балалар ғарыш әлемінде көптеген планеталар болады.
-Сендер қандай планеталарды білесіңдер?
-Венера, шолпан, жер, сатурн, юпитер, марс, меркурий, күн, жер.
- Балалар мынау не екен? бұл карта.
- Бұл картада планеталар бар. Қандай планеталарды көріп тұрсыңдар? Марс, шолпан, юпитер.
-Балалар біз 3 командаға
бөлінеміз. Мына жерден текшелер
алып бөлінеміз, бөлінбес бұрын
планеталар қай жақта
Оң жақ - Марс, сол жақ жоғары - Шолпан , сол жақ төмен - Юпитер. (отырды).
- Әр планетадан 1 командирден сайлайық. ( 3 командир сайланады да, мойындарына эмблема тағылады).
III. -Балалар, ғарыш адамы дайындаған тапсырмаларды орындау керекпіз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Көршісін тап
|
3 |
|
4 |
2 |
3.«Жұлдыздар» Төртінші бағанда не болу керек.
|
|
|
IV Сергіту сәті.
Балалар мында ғарыш
адамы бір бейнелер салыпты, біз
сол бейнелерді қимылмен
3
4. Ауызша логикалық есептер
а) 5 алманың екеуін
Досың сұрап алды,
Айтшы сонда нешеуі?
Өз қолыңда қалды.
ә) Екі қоянда неше құлақ бар?
б) Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
в) Екі тышқанда неше құйрық бар?
5. Есеп шығар.
1+1= 4+1=
2+1= 2+2=
3+1= 3+2=
6. Таяқшамен (жұптасып) бейне жасау.
Әр тапсырманы орындаған сайын, әр командадан бір баладан тақта алдына шығып тез және дұрыс орындаған болса, сол команда жеңіске жетіп жұлдызша алады. Жұлдызшаны командир алып картаға өз планеталарына қояды.
V. Сабақ соңында балалардың жұлдызшалары саналып жеңіске жеткен команданы мадақтау.
- Балалар ғарыш адамы сендерге берген тапсырмаларды орындағандарыңа риза болды.
- Балалар, біз өз Отанымыздың Туын көкке желбіресін деп, қойып кетейік.
- Енді біз балабақшаға оралу керекпіз. Дайындалайық, белбеуімізді байлап, бас киімімізді кидік. Тура санау 1- 2-3-4-5.
- Балабақшаға келдік.
- Ғарыш адамы сыйлыққа (шарға) хат жазып жіберіпті. «Құрметті Дайындық «А» тобының балалары. Бүгін мен сендердің білімге деген құштарлықтарыңды байқадым. Сендер мектепке баруға дайынсыңдар. Барлығыңа сәттілік тілеймін!» ( шарды жару, ішінде көп жұлдыздар шашылады)
Логикалық есептер
Қос балапан әне тұр,
Қос балапан жүр ғой сұр.
Санап көрші асықпа,
Шатастырма сен босқа.
Қанша шөже, анықта,
Ұябасар тауықта?
Аулада сұр күшік отыр,
Күнге төсін тосып отыр.
Тағы бірі келді шауып,
Қатарласып, ебін тауып.
(Енді қанша күшік болды?)
Бір түнде өсіп шықты тез
Қозықұйрық бірнешеу:
Мұнда-2, мұнда-3.
Жалғыз емес, бір емес,
Бәрі қанша? Тура-...
Ағаштағы төрт алмұрт
Піскен екен тимей құрт.
Самат алып екеуін,
Қалдырған екен нешеуін?
Бір үйде біз нешеуміз,
Кел,санайық екеуміз:
Бас бармағым-әкем,
Балаң үйрек-анам,
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек-мен
Титтей бөбек-сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз ....
Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала?
Айдананың қолында 10 шар бар еді. Оның төртеуі ұшып кетті. Сонда Айдананың қолында неше шар қалды?
Алты балауыз шам шам жанып тұр еді. Оның екеуі жанып бітті. Қанша балауыз шам қалды?
Ыдыста бес алма бар. Оның екеуін досыңа бердің. Ыдыста қанша алма қалды?
Далада тұр екі ешкі
Қорада тұр екі ешкі
Екі ешкі мен екі ешкі болады екен неше ешкі?
Табақта 10 алма,
Рүстем алды 7 алма, Асхат алды 2 алма, Сонда қалды неше алма?
Ұйқымыздан оянып, бетімізді жуамыз. Анамызға ереміз, балабақшаға келеміз. Бұл қай уақыт?
Сабақты да оқимыз, серуенге де шығамыз. Беті қолды жуамыз, тамақтанып аламыз. Бұл қай уақыт?
Серуенде жүреміз, анамызды күтеміз. «Сау болыңыз!» деп апайға үйімізге кетеміз. Бұл қай уақыт?
Тауық, жөнін тауып,
Он жұмыртқа басты,
Өздерінше мықты
Төрт балапан шықты
Қанша қалғанын
Есептей алмай отырмын.
Үшеуі ұшып кетті
Төртеуі суға түсіп кетті
Айтпауға сөз қалмады.
Қаншасы орнынан қозғалмады?
Үш алманы бақтағы
Кірпі алып жинады
Ең әдемі біреуін
Ақ тиінге сыйлады.
Ыдыстағы алманың
Санап көрші қалғанын
5 алманың екеуін
Досым сұрап алды,
Айтшы сонда нешеуі?
Өз қолымда қалды.
Екі қоянда неше құлақ бар?
Бос ыдыста неше жаңғақ бар?
Екі тышқанда неше құйрық бар?
Информация о работе Мектепке дейінгі кезеңде қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі