Мектепке дейінгі кезеңде қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:50, курсовая работа

Краткое описание

Математикалық сауаттылықтың дамуы баланың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен сауаттылығын дамыту.

Прикрепленные файлы: 1 файл

матем курсовой.docx

— 67.18 Кб (Скачать документ)

Дайындық кезеңінде практикалық жаттығулардың көмегімен кеңістік және

уақыт түсініктері де айқындала түседі, яғни әр түрлі тапсырмалар мен

дидактикалық ойындар арқылы "сол жақ", "оңжақ", "жоғары", "тӛмен"

"алдында", "артында", "жанында", "арасында", "бұрын", "кейін" және т.б.

қатынастар анықталып, балалардың сөздік қорын, логикалық ой-ӛрісін

дамытуға мүмкіншілік жасалады. Мұның бәрі сандардың нөмірленуін оқып-

үйреудің қажетті негізін қалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін

                        дамыту жұмыстарын жоспарлау

 

          Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыру «Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Балабақшадағы бүлдіршіндерге таным оқу іс әрекеті сәбилердің екінші тобынан басталып геометриялық қалыптар (пішіні, түсі, көлемі) ойын арқылы таныстырылса, естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында осы қалыптардың құрылымын, санның белгілерін таныстырумен бірге санай білуге үйретіледі.

  Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады. Өйткені,бала сөйлей бастап өзінің мекен-жайын,телефон номерін жаттай бастайды.  Міне, сан,санау осыдан басталады. Оны жүйелі түрде дамыту ата-ана мен тәрбиешінің ,баланы қоршаған адмдардың- басты міндеті. Сезім тәрбиесі-түйсік пен қабылдаудың қатар дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап ақ бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Осыдан баланың заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты таныл білу үшін бүлдіршіндер оның түр түсіне мін бермейді, заттың құрылымына (пішініне) көңіл бөледі. Бүлдіршіндердің логикалық    
ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант жазудың, заттарды ір түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Өйткені, жасырын тұрған ойлап табу үшін баланың ми қыртыстарының жұмысы шыңдалады.Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалар негізгі іс-әрекет кезінде айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірбиелерін өз бетінше іс жүзіне асырады.

           Мектеп жасына дейінгі балалар ойлау әрекеті олардың күнделікті өмір жағдайына сәйкес түрлі заттарды ұстап олармен қарым-қатынас жасау арқылы дамып отырады. Баланың ойлау әрекеті балалар бақшасында өтілетін оқу іс-әрекеттерінде, ойындарда,  әсіресе пайымын өрістетіп есептеу тәсілдерінде, бейнелеу өнерімен шұғылдануда, сурет салу, жапсыру мен мүсіндеуде үнемі дамып, түрлі іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асады.

  Таным оқу іс-әрекетінде  логикалық ойындар арқылы баланың  ақыл ойының дамуы тек белгілі  бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс әрекет амалдары  тәсілдерін игеру мен бірге  есте сақтау, ойлау, елестеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын  тұтас қамтиды. Сөзбен сөйлеу  әрекеті-ойлау құралы болып табылады.Бұлардың  бәрі қоршаған орта және өзі  туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық  нормаларын игеруі, білім, білік  дағдысының қалыптасуы, есте сақтау  және ойлау қабілеттерімен тығыз  байланысты. Өйткені солардың негізінде  логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. Баланың қөрнекі-әрекеттік ойлауы  заттармен нақты әрекеті арқылы  жүзеге асады. Олар әр түрлі  заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірбие жинақтайды. Көрнекі-бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі-схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйену арқылы бейнеленеді. Олар құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес, заттардың орындарын ауыстыра алады. Қоршаған орта, ондағы адамдардың рольі мен орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі.

   Қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстары мен қатынастары, адамның алар орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдері дамиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдар, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді.

  Ол сөздерді еркін қолданады, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылыңтарды анықтау, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлауды үйренеді.

  Балабақшада блалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы оқу іс-әрекеттері өткізіледі. Балалардың таныдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамытудың маңызы зор. Баланың білімін нақтылау және тереңдетумен қоса, оларда сандық түсініктерді қалыптастыру қажет, геометриялық пішіндеді атап, айыры білуі тиіс. Логикалық, дидактикалық ойындар ұйымдастыруды қажет етеді. Балаларды санауға үйрету үшін мынадай ойындарды ұсынуға болады:

 «Реттік сандарды ата», «Қай сан қалып қойған», «Әрі  қарай сана» осындай ойындар  балаларды санауға жаттықтырады, олардың сан белгілерін, сандар  және шектес сандардың ара  – қатынасы туралы тиянақтайды.

          Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті үлгілерін бұрынғы бабалардың көрген – білген, қөңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен откізген ақыл – ойдың жиынтығы, балалар бойына дарыту арқылы олардың ой – өрісін дамыту мақсатында қысқа сандардан бастап ұзын шумақты сандарды жаттап үйретуді, санамақтарды үнемі оқу іс-әрекеттерінде пайдаланған жөн.

  Халқымыздың ауыз әдебиетінің, ертегілер мен аңыздарды балалар сүйіп, қызығып тыңдайды, Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер балаларды қызықтырады. Балалар өлеңнен кейін құстардың аттарын біліп және дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді.

   Бүгінгі жас бүлдіршіндерді тәрбиелей отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту, математикалық ұғымдарын толықтай қалыптастыру, өздерін қоршаған ортаны дәл, анық ажырата білуге үйретудің маңызы зор,

   Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл – ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау қабілеті шыңдалады, дамиды. Ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлене отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде өткен материалды қайталағанда, білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар аясында жұмыс істегені абзал.      

                    


 

 

 


 

 

 

 


 

 


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


 

 

 



 

 

 

 

 


 



 

 

 



 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         

 

Қорытынды

        Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.  Ойын негізінде ойлай отырып,  тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

     Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

      Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда,  «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың  жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып,  оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің  шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.

       Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.

- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері  жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне  сенімді балдырғанды келесі білім  сатысына  - мектепке дайындау;                                                                                                                              

- баланың логикалық ойлау қабілетін  дамыту жұмысының қаншалықты  маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу  жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;

- баланың логикалық ойлауын  дамыту бағытында тәжірибеде  жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен  тәрбиелеу жұмысын баланың жаса  ерекшелігі  мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;

- балалардың бір орнында ұзақ  уақыт отырып қалмауын, жалығып  кетпеуін ескеріп сабақтарды  ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді  ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);

- логикалық ойлау қабілеттеріне  арналған тапсырмаларды (жұмбақ  суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі  тапсырмалар және т.б.) түрлендіре  қолдану;

- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай  жасап өзіндік іс-әрекеттерді  орындау, бастаған жұмысты аяқтау  іскерліктеріне, өз ойларын еркін  жеткізуге бейімдеу;

- көмекті қажет ететін балалармен  жеке жұмыс түрлерін жүргізу;

- психологиялық  ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;

- ата-аналарды  сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;

- балаларды мектепке педагогикалық  және психологиялық тұрғыдан  дайындау мақсатында бастауыш  сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста  болу.

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.

     Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке                                                                                                                               зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы

Информация о работе Мектепке дейінгі кезеңде қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі