Геометриялық фигуралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 11:03, лекция

Краткое описание

Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойынан алады. Оқу жылының басында топқа шар, құрылыс материалдарын, мозайкалар т.б. енгізеді. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші шарды атап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

математика.docx

— 3.89 Мб (Скачать документ)

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР  ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  

 

Қарабаева Нурила Қайратқызы студент 101-01,ОҚПУ

Ғылыми жетекші: Кенжебекова Рабиға Ибрахимқызы- п.ғ.к., доцент

Геометриялық фигуралар  жайындағы мәліметті балалар  алғаш рет ойынан алады. Оқу жылының  басында топқа шар,  құрылыс  материалдарын, мозайкалар т.б. енгізеді. Балалармен ойнай бастаған педагог  геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.

Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы  жастағы топта баланың шар  және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі  болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші шарды атап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға  домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл  барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр. Мен шарты  қолдан-қолға домалаттым. Балалар  қолдарына шар алып дәл осы  әрекетті қайталайды, кейін кімнің шары қандай түсте екенін анықтайды. Қорта келе, қолда қызыл шар  ол домалап жатыр. Балаусада көк  шар домалап жатыр. Мұхаметжанда жасыл шар ол да домалап жатыр  барлық шарлар домалап жатыр.

Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін  зерттеу тәжірибесі болғандықтан әр түрлі өлшемдегі  кубтар ұсынылады. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Кейін екі  түсі өзгеше куб көрсетеді және бұл  не? Оның түсі қандай? Қай куб көп  немесе аз деген сұраулар қояды. Балалар  кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан  кейін оның тұрақты екенін анықтайды. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін  қойып, бірдеңелерді құра бастайды.

Кейін бұл фигураларды  салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді. Балаларға үлгі бойынша бірнеше  шар немесе куб алуды ұсынады.  

 

Шар немесе кубты көрсет (3-4 фигураның арасынан). Дәл сол  түстегі немесе көлемі де сондай шарты  тауып көрсет.

Куб және шарты  айыра  білу жаттығуы берілген белгілер бойынша  заттарды теңестіруге кіреді.

Балалардың білім жиынтығын  тексеру үшін тағы ойын ұйымдастырылады. Оларға тақтамен жұмыс құрады әр тесікке  қажетті өз фигурасын (үшбұрыш, төртбұрыш, шар) орын орнына қою керектігін бір  фигура екінші фигураның орнына шақ  келмейтінін түсіндіреді. (Шар дөңгелек және оның тесігі де дәл солай, қолымен  шеттерін ұстап шыққан педагог баланы заттың формасын сезімталдық қабылдауға үйретеді. Егер бала өзі істеуге  қиналса оған қолмен батыл жүргізуді  көмектесу керек.

Геометриялық  фигураларды  оқытуда балаларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды  болып саналады. Тәрбиеші фигураны көрсетіп оны атайды, кейін балалардан соны қайталауын сұрайды, кейін балалармен бірігіп дәл сондай қимыл жасауға  шақырады. Балалар тәрбиешінің қолына қарап дәл соны қайталайды. Форманың қасиетін шығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, фигураларды  дөңгелеткен бала дөңгелекті домалап, ал тік төртбұрыштың домаламайтындығына көз жеткізеді. Не үшін тік төртбұрыш  домаламайды? өйткені бұрыштары  кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан домаламайды.

Фигура туралы түсінік  құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш т.б.) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.

  

 

 

  

 

Қорыта келе сабақ соңына таман балалар әр түрлі фигуралардың ішінде төртұрышты, үшбұрышты дөңгелекті таба алады.

Мектепке келген балалар  келесі геометриялық  фигураларды  ажыратып, дұрыс атай білуі керек:  үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.  

  

 

 

  

 

Ол заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа  ереже бойынша 30минут бөлінеді. Оқу  жылының басында тәрбиеші баланың  көлем туралы білімінің деңгейін анықтайды. Еге балалар үшбұрыш  пен дөңгелекті, төртбұрыш пен  цилиндрды ажырата алмаса онда ұзын фигуралардың моделі салыстыру қажет  болады.

Балалардың алты-жеті жасында  ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан  балаларға берілген тапсырма да күрделене  түседі. Мысалы геометриялық фигураларды  айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру  арқылы қандай жақсы форма құрастыруға  болады. Тапсырманы орындаған бала қандай фигураларды құрастыру арқылы, қандай  фигура жасап шыққанын айтып  бере алады. Балалармен бұлай жұмыс  жасау арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар  мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын ықыласымен орындайды. Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан  жалауша шығарады, жеті таяқшадан  екі квадрат шығарады., конструкторлармен  ойнай отырып одан қоян немесе тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды мақтап өзгелерге  үлгі етеді. Тапсырманы өзің орындағанда  ғана қызықты болатынын түсіндіре  отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап  етеді.

Әдебиеттер:

1. Леушина A.M. Қарапайым  математикалық түсініктерді қалыптастыру  әдістемесі. - Алматы, 1987.

2.Отбасында және балабақшада  баланы мектепке дайындау бағдарламасы. -Алматы, Шартарап, 2000.

3. Балабақшада 5-7 жастағы  балаларды мектеп алды даярлау  бағдарламасы. Астана-Алматы, 1992. 

 

1.2 Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру 
 
Кіріспе 
 
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны. Пәнді зерттеу әдістері. Басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі. 
 
Балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық негіздері 
 
Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы. Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің кұрылымы. 
 
Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.Н.Блехердін балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесі. 
 
1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселелері жөніндегі педагогнкалық-психологиялық ізденістер (Н.А.Менчинская, Н.НЛежова, 3.С. Пигулевская, Ф.А. Михайлова) 
 
1932-1984 жылдардағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі туралы еңбектер. 1984-1989 жылдардағы оқу мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасының мазмұны және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемссінің ерекшеліктері (Н.Г.Бакет, Я.Ф.Чекмарева, A.M. Леушина). 1984-1990 жыллардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру мазмұңының қалыптасуы. 
 
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы 
 
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны. 
 
Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру 
 
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы. Қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы. 
 
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар). Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар 1-6 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері. 
 
Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету 
 
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері. 
 
2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш келеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру, сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі. 
 
Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі. 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету әдістемесі. 
 
Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі 
 
Есептеу, өлшеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Әр жас топтарында балаларды есептеуге үйретудің міндеттері. Жиын мен пішінді салыстырғанда пайда болатын саннын шығуы. Реттік және сандық есептеу. Есептеудің ережесі. Берілген санды қайта санау(санап aлy). Есептеу, есептеудін заттық сапалық белгілері, не кеңістікте орналасуына қатыссыз болуы. Есептегенде әр анализатордың қатысуы. 
 
Берілген нақты құралмен, сандық құрамның бірліктен тұратынын үйрету әдістемесі. Ауызша санау және арифметикалық есептерді кұрастыру және шығару. Цифрлармен таныстыру, көп, аз, тең ұғымдарының шартты белгілерін үйрету жолдары. Топтарды есептеу. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуге үйрету әдістемесі. 
 
Арифметикалық есептер 
 
Балалардың арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері. Есептермен жұмыс кезіндегі әдістемелік тәсілдер мен жүйелік +, -, >, <, = белгілерді қолдану әдістемесі. 
 
Заттардың көлемі және өлшеу тәсілдері. Өлшемнің көлемі мен сан арасындағы функциональды байланыс. 
 
Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдярын қалыптастыру 
 
Көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік. Көлемнің негізгі қасиеттері; Мектеп жасына дейінгі балалардың заттың көлемін қабылдау ерекшеліктері. Заттардың өлшеміне қарай өсуі. Заттардың көлемін салыстыру мен қабылдауда сөздің ролі. Айналадағы заттардың ұзындығын, биіктігін, енін шартты өлшеуішпен (условный прибор) өлшеуге үйрету әдістемесі. 
 
Мектеп жасына деиінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру мен зерттеу тәсілдерін үйрету жолдары. Заттардың көлемі, өлшеміне қарай өсуі бойынша реттеу тәсілдері. Көзбен өлшеуін үйрету әдістемесі. Заттардың кеңістікте орналасу жағдайына тәуелсіз өлшемін көру қабілетінің ерекшеліктері. 
 
Берілген өлшемнің көмегімен әртүрлі көлемдегі өлшемін өлшеу туралы түсініктері. Санмен өлшем арасындағы байланыстық қызмет. Сұйық және сусымалы денелердің көлемін шартты өлшеуішпен анықтау жолдары. Заттың салмағы (масса) туралы түсінік қалыптастыру әдістемесі.

 

йнайық та, ойлайық.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған әдістемелік  көмекші құрал. 
 
Дайындаған І-санатты тәрбиеші Утепова Алмагүл Джувантурлықызы 
 
Кіріспе 
Ең алдымен таным көзі – сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. 
Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту.Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. 
Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде («Сан және санау,» «Көлем», «Пішін», т.б.) кезектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін 2-ші бөлімінде оқытқан жөн. 
Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының (программалық) құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі. 
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы – сабақ. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады.  
Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. 
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады. 
Сабақ құрылымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.  
Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден – педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады.Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады 
Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады. 
Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т.б. Өзімнің математика бойынша сабақтарымда жұмбақтарды пайдаланамын, өлеңдер, тақпақтар таңдаймын,логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) топтама жасаймын. Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл – ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады. Балаларды ойын үрдісіне оқыта жүріп, ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына ұласуы үшін, ары қарай жұмыстанамын. 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту. 
Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай адам болады. 
А.С. Макаренко 
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. 
Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.  
Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше. 
Санай білуге үйрету тәсілдері. 
Балаларды әрі дұрыс, әрі тез санауға үйретудің алуан түрлі жолдары бар. 
«Қандай сан қалып қойды» 
Ойын сабағында тәрбиеші фланеллограф бетіне сан ретімен карточкаларды қояды. Сонан соң балаларға карточкалардың қалай тұрғандарын есіне сақтап қалуды ескертеді. Олар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір карточканы алып қояды. Балалар көзін ашады да, қай санның жоқ екенін табады. Кім бірінші жоқ санды атайды, сол бала жалауша алады.Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады. 
«Көршілес сандарды тап» 
«Көршілес сандарды тап» атты ойында аталған санның көршілес сандарын атау мақсат етіп қойылады. Ең алдымен балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші шеңбер ортасында тұрып допты бір балаға лақтыра отырып, ойына келген бір санды атайды. Доп ұстаған бала сол саннан кейінгі санды атауы керек. Егер доп ұстаған бала дұрыс жауап бермесе, басқалары хормен жауабын айтады. 
«Ретімен санауға жаттықтыратын ойындар»  
Мақсаты: Реттік есепке жаттықтыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту. Бұл ойынға түрлі-түсті орамалдар пайдаланылады. Балалар сол орамалдарды бастарына тартып сапқа тұрады. «Бірінші, екінші» деп дауыстап санайды. Жүргізуші «қай орамалды әпкенің, қай жерде тұрғанын ойына жаттап алып, шығып кетеді. Осы кезде «орамалды әпкейлер» орын алмасып тұрады, жүргізуші қайтып келіп, қандай өзгеріс болғанын табуы шарт. Қызыл орамал бесінші еді, ол енді екінші болыпты, ал екінші орамал бесінші болыпты». Жүргізуші дұрыс жауап берсе, келесі жүргізушіні өзі тағайындайды. 
Балаларды реттік есепке жаттықтыру, затты сипап білушілік қасиетке дағдыландыру үшін «Өз орныңа тұр» ойынын ойнатуға болады. 2-10-ға дейін түйме тағылған карточка пайдаланылады. Ойыншылар сапқа тұрады, қолдарын артқа қояды, олардың алдында он орындық қойылады. Тәрбиеші бәріне карточка үлестіреді. Балалар қолдарымен түймелерді сипап отырып, санын есептейді. Сонан соң тәрбиеші белгі береді «Есеп сандар! Өз реттік орындарыңа тұрыңдар!». Ойыншылар өз реттік санына сай орындықтардың артына тұрады. Бұл беріліп отырған ойындардың міндеті – балалардың білімін бекітіп, сезімталдық қабілеттерін дамытады. 
 
Дидактикалық ойындар. 
Ойын: Қандай сан қалып қойды? 
Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, сол уақытта бір санды тығып қоямыз. Балалар сынайды, қандай сан қалып қойғанын айтады. 
Ойын: «Көрші санды ата» 
Ойынның шарты: Балаларға мына сандар қойылады(2,1,3,4,5,7,8,5,11,14,18,16,19,20), Балалар сандардың көршісін табу және атау керек, ретімен қойып береді. 
Ойын: «Аз ба, көп пе» 
Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды санайды. Аз ба, көп пе салыстырады. 
Ойын: «Топтастыру» 
Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі. Пішіндердің тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру қажет. 
Ойын: «Кетті, кетті орамал» 
Ойынның шарты: Тәрбиеші: «Кетті, кетті орамал» шеңберді айнала ойынды бастайын, бір баланың қасында келіп орамал тастайын» деп бір балаға орамалды береді. Тәрбиеші сұрағы: Сенің саның неше? Осы саннан бастап тура сана. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Дәл осылай сандарды кері санаймыз. 
Ойын: «Көршіңді тап» 
Ойынның шарты: Ойынды бала арқылы бастайды «ірімшік, ірімшік сен тұр, сен шық!» «Сен шық» деген бала ортаға шығады, көршілерін шақырады. Ойын әрі қарай басқа санамақпен жалғасады: «Бірім – екім, тығыл, бекім. Сен тұр, сен шық». 
Ойын: «Көңіл күйді көрсет» 
Ойынның шарты: Ағашқа балалар дөңгелектерді іле отырып, көңіл күйлерін білдіреді. 
Жақсы көңіл-күй – қызыл түс. 
Орташа көңіл-күй – көк түс. 
 
«Ойнайық та ойлайық» 
(Естиярлар тобы) 
Сабақтың мақсаты: Балаларды реттік және есептік санауға үйретуді жалғастыру, заттарды ұзындығы бойынша салыстыра білуге, заттардың бір – бірінен айырмашылығын таба білуге, екі түрлі заттың ішіндегі бірдей заттарды салыстыруға үйрету, көру қабілетін дамыту. Берілген тапсырманың орындалуын түсініп, өз бетімен орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың барысы:  
-Балалар қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық. 
-Сәламатсыздар ма! 
-Балалар кім айтады бір жылда неше жыл мезгілі бар? 
-4 жыл мезгілі бар. 
-Дұрыс айтасыңдар, олай болса мен қазір сендерге жұмбақ өлең айтамын, сендер қай мезгіл екенін табыңдар? 
Күн ұзарып, 
Қар еріп, 
Су сайларға толады. (көктем) 
 
Күндер ысып, 
Шөп пісіп, 
Ел пішенін орады. (жаз) 
 
Жауып жаңбыр, 
Жер сабыр, 
Шөп, жапырақ солады. (күз) 
 
Суда мұз бар, 
Жерде қар бар, 
Боран борап соғады. (қыс) 
 
-Балалар қазір қай мезгіл? Қане кім айтады? 
-Қыс мезгілі. 
-Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? 
1-бала: Қар жауады. 
2-бала: Адамдар жылы киінеді. 
3-бала: Балалар шанамен ойнайды. 
4-бала: Қармен ойнайды. 
5-бала: Аққала жасаймыз. 
6-бала: Суық жел соғады. 
7-бала: Күн жарқырайды, бірақ жылытпайды. 
8-бала: Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. 
9-бала: Су бетіне мұз қатады. 
10-бала: Ағаштар жапырақсыз болады. 
11-бала: Жаңа жыл мерекесі болады. 
12-бала: Аяз ата келеді. 
Осы кезде есік қағылып топқа аю кіреді. 
-Саламатсыз ба балалар! Саламатсыз ба қонақтар! 
-Балалар бұл не? 
-Аю. 
-Аю қайда тұрады? 
-Орманда. 
-Аю сен осы кезде орманда ұйықтап жатпайтын ба едің? 
-Иә, мен үлкен тапсырмамен келдім. Аяз ата сендерге сәлемдеме беріп жіберді. Міне алағойыңыз. (хат береді) 
-Рахмет саған аю. 
-Сау болыңдар балалар мен енді орманыма барайын. 
-Аяз ата хатта не жазганын білгілерің келе ме? Олай болса хатты ашып көрейік. Хатта былай деп жазыпты: «Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендерге тапсырмалар жібердім. Егерде тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сиқырлы сандық ашылып, ішіндегі сыйлықтарға ие боласыңдар. Сәлеммен Аяз ата.» 
-Балалар қараңдаршы қандай әдемі шырша. Шыршаға нелер ілінген табыңдаршы? 
Айналамда ұшып жүр, 
Ақ мамық қар себелеп. 
Қалт-құлт еткен бейне бір, 
Ақ қанатты көбелек. (аққыраулар) 
-Қане біреуін алып көрелік. Бұл аққырау менің құлағыма былай деп сыбырлайды. Аққырау тақтаға өзінің достарын шақырады.(тақтаға қызыл, көк, сары және ақ түсті аққырау ілінеді) 
-Балалар санайықшы мында неше аққырау бар? 
-Бір, екі, үш, төрт – барлығы төрт аққырау. 
-Көк түсті аққырау нешінші орында тұр? (бірінші) 
-Сары түсті аққырау нешінші орында тұр? (үшінші) 
-Төртінші орындағы аққыраудың түсі қандай? (ақ) 
-Екінші орындағы аққыраудың түсі қандай? (қызыл) 
-Балалар мына аққырау шыршаның пішіндерге жасырынған кішкентай достарын іздеп тап дейді. Қане алдымызға карточкаларымызды алып қарайық. Шыршалар шеңбер мен тіктөртбұрыштың ішіне жасырынған екен. 
-Балалар шеңбер тіктөртбұрыштың қай жағында орналаскан? (сол жағында) 
-Ал тіктөртбұрыш шеңбердің қай жағында орналасқан? (оң жағында) 
-Енді екі пішіннің ішіндегі шыршаларды санап шығайық. 
-Қайсы пішінде көп. Әлде екі пішіндегі шыршалар тең бе? (екі пішіндегі шыршалар бірдей 4-ке тең) 
-Балалар енді алдымызға келесі карточкамызды алып қарайық. Мұнда Аяз ата балабақшадағы ертеңгілікке және ормандағы аңдардың ертеңгілігіне баруы керек. Қай жол қысқа, қай жол ұзын. Ол бұрын қайда жетеді? (Аяз ата балабақшаға тез жетеді, себебі ол жол қысқа, ал орманға баратын жол ұзын) 
-Балалар енді сендерге мынадай тапсырма көк түспен қысқа жолды, жасыл түспен ұзақ жолды сырлаймыз. 
-Жарайсыңдар балалар тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. 
-Балалар мына аққырау сендерді сергіту жаттығуын жасауға шақырып тұр. 
Боран соғар сол жақтан, 
Боран соғар оң жақтан, 
Қар лақтырып ойнасақ 
Су болады қолғаптар. 
-Ал келесі аққырау сендерге жұмбақ жасырады: 
Бойымызға шақ қана, 
Көзі көмір қап-қара. 
Мұрны сәбіз сап-сары, 
Тұрғыздық біз (Аққала)  
-Аққалалар біздерге қонаққа келеміз деп, асығып шелектерін жоғалтып алыпты. Олардың әрқайсысының шелектерін табуға көмектесейік. Балалар көлеміне сәйкес шелектер мен аққалаларды сызықпен қосады. 
-Ал енді бәріміз тақтаға қарайық. Мұнда екі Аққала берілген. Осы екі Аққаланың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?  
-Айырмашылықтарын кім айтады? 
-Шелектері екі түрлі түсті, бірінің қолы сопақ, бірінің қолы домалақ, бірінде сыпыртқы, екіншісінде күрек бар, бірінде түймелер бар, екіншісінде жоқ. (Балалар жауабы) 
-Жарайсыңдар балалар. 
-Енді сандықшаны қалай ашамыз? Бізде кілт жоқ. Мен сендерге геометриялық пішіндерден кілт жасауды ұсынамын.  
-Балалар геометриялық пішіндерден кілт құрастырады. 
-Кілт қандай геометриялық пішіндерден құралған? 
-Дөңгелектен, төртбұрыштан, шаршыдан және үшбұрыштан құралған. 
-Ой балалар шыршада да дәл осындай кілт бар екен, келіңдер сандықты ашып қарайық. Балалар мұнда Аяз атаның сендерді Жаңа жыл мерекесіне шақырыған хаты бар екен. Онда бұлай деп жазылған екен: «Құрметті балалар, сендерді жаңа жыл мерекесіне шақырамын.» 
Сабақты қорытындылау. 
 
«Біз зымыранмен ұшамыз» 
(Ересектер тобы) 
Сабақтың мақсаты: Балаларды он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге, сандардың реттік қатарын жаңылмай айтуға, көп – аз, артық – кем ұғымдарын түсініп айтуға үйрету. Заттардың кеңістікте орналасу бағыты, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. 
Балалардың берілген тапсырмалар арқылы тілін, ақыл – ойларын дамыту. 
Балалардың есепке деген қызығушылығын арттыру, ауызбіршілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілік құрал: Үлестрмелі материалдар, суреттер, геометриялық пішіндер. 
Сабақтың барысы:  
-Қараңдаршы балалар бізге бүгін қонақтар келіпті, қане амандасайық. Балалар сабақты тақпақпен бастайық: 
Кел балалар санайық, 
Есепсіз ешбір жұмыс жоқ. 
Айналаға қарайық, 
Зымыран ұшпас аспанға 
Санмен бұйрық бермесек 
Жасырынбақ ойынын 
Ойнай алмас есепсіз. 
Ендеше, оқып үйренейік, 
Қатар, қатар санауды. 
-Біз математика әлеміне саяхат жасаймыз. Ол жақта бізде көп деген қиындықтармен кездесетін боламыз. Бірақ біз ол қиындықтарды жеңеміз деп ойлаймын. Ал біздер ол жерге немен барамыз? Оны білу үшін біз мына геометриялық пішіндерді құрастырып, сандарды ретімен қояйық. Ал балалар біз не құрастырдық? (зымыран).  
- Балалар біздің зымыран ұшу үшін алдымен қай тетікті басу керек екенін табуымыз керек. Ол үшін біз басқару пултіне отырайық. Балалар сендерге геометриялық пішіндер берілген. Ең үлкен дөңгелекті қолдарыңа алып көрсетіңдер, дөңгелектің түсі қандай? Енді орташа дөңгелекті көрсетіңдер. Бұл дөңгелектің түсі қандай? Енді кішкентай дөңгелекті көрсетіңдер, кішкентаі дөңгелектің түсі қандай? Ал енді барлығы неше геометриялық пішін екен. 
Жұмбақ (төртбұрыш туралы)  
Оң қолымыздың астына сары үшбұрышты қоямыз, ал сол қолымыздың астына қызыл төртбұрышты қоямыз. Бұл пішіндердің айырмашылығы неде? (үшбұрыштың үш бұрышы бар, ал төртбұрыштың төрт бұрышы бар). Балалар 1-10-ға дейін тура санайық.  
Біз ұштық! 
Біз ұшып келеміз. Балалар, біздің саяхатымыз көңілді болуы үшін, мен сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар. 
Басында үлкен қалпағы, бір аяқтап тұрады. (Саңырауқұлақ) 
Екеуі көріп, екеуі тыңдап отыр. (Көз бен құлақ) 
- Балалар сандарға байланысты мақал – мәтелдер білесіндер ме? 
Жетеуі біреуін күтпейді. 
Жетірет піш, бер рет кес. 
- Балалар естеріңе түсіріңдерші, сандарға байланысты кім ертегілер біледі? ("Жеті лақ пен қасқыр", "Үш аю") 
- Міне балалар біздің ғарыш кемеміз «Қызықты қалалар» ғаламшарына келіп тоқтады. Қане орнымыздан тұрып жүрейік. Бұл ғаламшарда әдемі үйлер көп екен. Қане бұларды кім санап береді. (1-10) 
- Балалар мұқият қараңдаршы бұл үйлерде кімдер тұрады екен? (бұл үйде жануарлар тұрады). Қане, санайықшы (1-10). Барлығы қанша үй? (10 үй). Балалар жануарлар неше топқа бөлінеді? (2 топқа). Қане кім маған топтап айтып береді?  
- Балалар бұл жануарлар қай қабатта, қай пәтерде тұратынын анықтайық. (балалар тапсырманы кілемшенің үстінде орындайды және бір бала тақтада көрсетіп, айтып береді).  
- Енді әрі қарай жүрейік. Мына ғаламшарда қызықты үйлер бар екен. Балалар қараңдаршы мына үйлердің бір – бірінен айырмашылығы неде? Кім тақтада айтып көрсетеді? (бір үйде бір терезе, ал қалғандарында екі терезе, үшінші үй басқа үйлерге қарағанда биік, төртінші үйдің шатыры (төбесі) тіктөртбұрыш, ал қалған үйлердің шатыры үшбұрыш.  
- Жарайсыңдар балалар, енді басқа ғаламшарға ұшамыз, басқару пултіне отырайық. (балалар 1-10-ға дейін тура санайды).  
- Міне балалар біз «шытырман» ғаламшарына келдік. Балалар қараңдаршы бұл қандай геометриялық пішіндер? (бұл үшбұрыштар). 
- Қане кім маған үшбұрыштың ішінен көп үшбұрыш тауып береді?  
-Балалар бізге балабақшамызға қайтатын уақыт болды. Балалар естисіңдер ме? Бір дыбыс шығып жатқан сиақты, ол СОС дыбыс белгісі. Біреулер бізден көмек сұрап жатыр. Ол мына көршілес ғаламшарда қатты жел соғып геометриялық пішіндер шашылып қалыпты, оларды орындарына орналастыруымыз керек. Ол үшін алдарыңа ақ қағаз бен фломастерді алыңдар, мені мұқият тыңдаңдар:  
- Қағаздың сол жағының жоғарғы бұрышына төртбұрышты саламыз. Қағаздың оң жағының төменгі бұрышына сопақша саламыз. Ал қағаздың сол жағының төменгі бұрышына тіктөртбұрыш саламыз. Қағаздың оң жағының жоғарғы бұрышына дөңгелек саламыз. Қағаздың ортасына үшбұрыш саламыз. Балалар тапсырманы орындадық, енді біз өз жерімізге оралайық. Ол үшін оң қолымызбен ортаңғы тетікті басып тұрып 10 санынан бастап кері қарай санаймыз. (10,9,8,7,6,5,4,3,2,1)  
- Біз ұштық! Мен сендерге көңілді есеп, жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар:  
Бір көжекке бір көжек, 
Келе қалды қонаққа, 
5 сәбізден бірден жеп 
Тойып алды тамаққа. 
Айтыңдаршы балалар 
Қанша сәбіз барлығы? (10). 
 
Ұлпа жүнін қыздырып, 
Күн шуақта бір күшік 
Отыр еді маңына 
Келді тағы бір күшік. 
Нешеу болды сен сана? (2). 
 
Үстел үстінде төрт алма жатыр, 
Оның біреуін ағам жеп қойды. 
Сонда неше алма қалды? (3). 
- Біз жерге қондық. Бізді жер нанмен күтеді. Балалар сендердің алдында бөлкі бар. Алдымен қағаздың екі жағына бірдей етіп, ортасынан бүктейміз, содан кейін қайшымен қиямыз. Балалар қараңдаршы бөлкі нешеге бөлінді? (2) Жарты бөлкіні алып көрсетіңдер. Балалар бөлкенің бір бөлігі үлкен бе? Әлде 1 бүтін бөлігі үлкен бе? (1 бүтіні үлкен).  
- Жарайсыңдар балалар. Біз қайда бардық? (біз математика әлеміне саяхат жасадық). Біз математика әлеміне немен бардық? (зымыранмен бардық). Саяхатта жүргенде нелер көрдік? (көптеген үйлерді көрдік). Ол үйлерде кімдер тұрады екен? (жануарлар). Балалар сендерге сабақ ұнады ма? (ия). Сабақ мағанда ұнады, сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар, сендерге рахмет айтамын. Орнымыздан тұрайық, қонақтармен қоштасайық. 
Көріскенше күн жақсы, 
Сау сәлемет болыңдар! 
 
«Ойнада, ойлан» 
(Ересектер тобы) 
Сабақтың мақсаты: Балалардың 10 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Балалардың тілін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру. 
Көрнекілік құрал: Суреттер, үлестірмелі материялдар, геометриялық пішіндер, доп. 
Әдіс – тәсілдер: Шаттық шеңбері, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, теңестіру, салыстыру, дамытушы ойындар, сергіту жаттығуы. 
Сабақтың барысы: Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.  
- Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.  
Арайлы таң атты, 
Алтын сәуле таратты. 
Жарқырайды даламыз, 
Қайырлы күн балалар! 
Қайырлы күн қонақтар! 
- Балалар енді орнымызға отырайық.  
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қазір жылдың қыс мезгіл. 
-Балалар қыс айларын кім атап береді? 
-Қыс айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан.  
-Балалар қазір қыс мезгілінің қай айы? 
-Қазір қыс мезгілінің ақпан айы. 
-Балалар қыста қандай өзгерістер болады? 
-Қыста қар жауады, боран соғады, аяз болады, күн суық болады. Адамдар жылы киінеді. 
- Балалар, біз бүгін сабақты әдеттегідей санап, есептеп шығармай саяхатқа барамыз. Бірақ біз өзіміз барсақ көңілсіздеу болады, өзімізбен бірге достарымызды ала кетейік. Ал саяхатқа біз кімді алып кететінімізді сендер қазір жұмбақ шешуін тауып білесіңдер. Жұмбақ: 
Тегіс домалақ. 
Сырты қызарыңқырап, әдемі болып піскен. 
Терезе алдына суытып қойған. 
Бұл қай ертегі кейіпкері? 
- Балалар: Бауырсақ. 
- Балалар ертегі қалай басталады? 
- Балалар: бауырсақ Әжеден қашып, Атадан қашып.... 
Тәрбиеші: Сонымен бауырсақ саяхатқа шықты. (тақтаға сурет іледі (карта))Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктерден өтеді. Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келеді. Орманда оған Қоян кездеседі. 
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе? 
Қоян: Сәлемет пе! Бауырсақ мен сені әрі қарай жібермеймін.  
Бауырсақ: Қоян мені жіберші. 
Қоян: Жарайды, егер сен менің тапсырмамды орындасаң мен сені жіберемін, ал егер орындамасаң жеп қоямын (қоян бауырсаққа хат береді). 
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? (балалар жауабы). Қоян, бауырсақ келіңдер балалармен бірге тапсырманы орындайық (тәрбиеші хатты ашып, оқиды.  
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұруды ұсынады). 
Ауызша есептер: 
1 тапсырма: 1-10-ға дейін тура санау. 
2 тапсырма: 10-нан 1-ге дейін кері санау. 
3 тапсырма: 1-10 бір сан қалдырып санау. 
4 тапсырма:4санының алдында қай сан тұр?(3).  
5-тен кейін қай сан тұр? (6).  
2 мен 4 ортасында қандай сан тұр? (3). 
6 санының көршілері қай сандар? (5 және 7). 
5 тапсырма: 4 қоян мектептен келе жатыр, кенет оларға аралар шабуыл жасайды. 2 қоян қашып әрең құтылды.  
Қанша қоян қаша алмай қалды? 
Балалар: 2 
Тәрбиеші: Оны қалай білдіңдер? 
Балалар: 4-2=2 
6 тапсырма: Шөптің арасынан 8 қоянның құлақтары көрінеді,  
ол жерде қанша қоян жасырынып қалды? 
Балалар: 4 
Тәрбиеші: Қалай білдіңдер? 
Балалар: Өйткені бір қоянның 2 құлағы бар. 
- Жарайсыңдар қоянның тапсырмасын орындадыңдар, қоян саған тапсырманың жауабы ұнады ма? 
Қоян: Өте жақсы ұнады. Бауырсақ мен сені әрі қарай жіберемін. 
Тәрбиеші: Қоян бауырсақты жіберді. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастыруға болады. Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап, домалап келе жатса оның алдынан қасқыр шыға келді.  
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе? 
Қасқыр: Сәлемет пе! Сен менің тапсырмамды орындауың керек, әйтпесе мен сені жеп қоямын. 
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? 
Балалар: Ия. 
Тәрбиеші: Қасқырдың тапсырмасы мынадай. (тақтада тәрбиеші сурет көрсетеді) Мына үйшікте сандар тұрады. Әр қабатта екі көршіден тұрады. Кейбір сандар тығылып қалыпты.  
Қасқыр бірнеше сандарды тауып алды, бірақ қай сан қай жерде тұратынын білмейді. 6 санына тең болатындай етіп, бос торларға сандарды жазың.  
Қасқырдың келесі тапсырмасы мынадай: 
Мына ортада не орналасқан? (дөңгелек) 
Ал мұнда оң жақ жоғарғы бұрышында не орналасқан? (үшбұрыш) 
Ал мұнда сол жақ жоғарғы бұрышында не орналасқан? (трапеция) 
Ал мұнда оң жақ төменгі бұрышында не орналасқан? (тіктөртбұрыш) 
Ал мұнда сол жақ төменгі бұрышында не орналасқан? (төртбұрыш) 
Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайды? (геометриялық пішіндер) 
- Қандай геометриялық пішіндер көріп тұрсыңдар? Бұл жерде қандай пішін артық? Не себепті? 
Балалар: Көлемі, түсі бойынша. 
- Жарайсыңдар! Бауырсаққа қасқырдың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз. 
Сергіту сәті: 
-Ал енді кішкене демалуға болады. 
Тақтада шыршалардың, дөңгелектердің, таяқтардың, шеңбер үстіндегі нүктелердің суреттері болады. 
Қанша жасыл шыршалар, 
Сонша біз иілеміз. (3) 
Қанша дөңгелектер, 
Сонша біздер секіреміз. (6) 
Қанша нүктеге дейін таяқтар, 
Сонша біздер аяқ ұшына тұрамыз. (5) 
Қанша шеңбер үстінде нүктелер, 
Сонша біздер қолымызды көтереміз. (4) 
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған Аю кездеседі. 
Аю: Бауырсақ мен сені жеймін. 
Бауырсақ: Жеме мені Аю. 
Аю: Жарайды, тек бір шартым бар. Егер сен маған заттарды салыстыруға көмектессең сонда мен сені жемеймін. 
-Салыстыруға қандай таңбаларды қолданады? (көп, аз, тең) 
-Бірінші қапшықта қанша үшбұрыштар бар санаңдар? (4) 
-Ал екінші қапшықта қанша дөңгелектер бар? (3) 
-Бұл сандарды жазып алыңдар.Енді тексеріңдер, барлық үшбұрыштарға дөңгелектер жеттіме? Оларды сиқырлы жіппен қосыңдар. 
-Не байқадыңдар? (бір үшбұрыш жіпсіз қалды, ол артық) 
-Дөңгелектерге қарағанда үшбұрыштар қанша көп? (1) 
-Қандай таңба қою керек? (көп) 
-Жарайсыңдар балалар! Бауырсаққа аюдың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Ол риза болып бауырсақты жіберді. 
Бауырсақ домалап, домалап түлкіге кезікті. 
Енді сен меннен кете алмайсың, балалар да саған көмектеспейді. – дейді түлкі бауырсаққа. 
-Көмектесеміз бе балалар? 
Балалар: Ия.  
-Балалар түлкі өзінің бейнесін құрастыруды ұсынады. Қане барлығымыз түлкінің бейнесін құрастырайық. 
- Қандай пішіннен құрастырдың? Түсі қандай? 
- Ал енді түлкі бауырсақты жіберуіне тура келеді. Өйткені бауырсақ барлық тапсырманы дұрыс орындады. Ал оған көмектескен сендерсіңдер балалар. Балалар бүгін сабақта не істедік? Есепті ойландық, шештік, санадық, салыстырдық, олай болса енді өздеріңнің сабақта орындаған жұмыстарыңды бағалаңдар. Егер сабақ сендерге қызықты болған болса, сендерде бәрі дұрыс болса, онда күнді көтеріңдер. Ал егер де бір жері дұрыс болмаса, онда бұлтты көтерің.  
Бүгінгі сабақты көмектескендерің үшін бауырсақ сендерге алғысын білдіреді. Осымен сабағымыз аяқталды.  
Қош сау болыңдар! 
 
Сергіту мен саусақ жаттығулары. 
 
Қолға, алып шарды, 
Үрлеймін мен былай. 
Уф-ф-ф, 
Үрлеймін деп қатты, 
Жарып алдым шарды. 
Пах. 
 
Бойды сергек тік ұста, 
Емін-еркін тыныста. 
Оң қолыңды соз алға, 
Қол ұшына қара да, 
Үшбұрыш сыз ауада, 
Сол қол босқа тұрмасын, 
Шеңбер жасап тынбасын. 
 
Бір саусағым тіпті де, 
Ұстай алмас жіпті де. 
Екі саусақ бірікті, 
Ине қолға ілікті. 
Үш саусағым орайды, 
Жүгіртеді қаламды. 
Өнерлі екен он саусақ, 
Қала салсақ, жол салсақ. 
 
1 дегенде тұрайық, 
2, 3, 4 – алақанды соғайық, 
Оң жаққа бұрылып, 
Сол жаққа бұрылып, 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз жүгіріп алайық. 
5 дегенде асықпай, 
Орнымызды табайық. 
 
Ормандағы аюдың, 
Құлпынайы көп екен. 
Теріп-теріп аламыз, 
Қалтамызға саламыз. 
 
Дөңгеленіп тұрайық, 
Керегені құрайық. 
Уықтар боп иіліп, 
Киіз үйді құрайық. 
 
Қане балалар, тұрамыз, 
Бойымызды жазамыз. 
Балықтарға ұқсап біз, 
Жүзіп-жүзіп аламыз. 
 
Қоюланып қара бұлт, 
Жаңбыр жауды себелеп, 
Жапырақты жамылып, 
Жата қалды көбелек. 
 
Бармақ болып жұмысқа, 
Қырға шықты құмырсқа, 
Тоңып кетіп аяғы, 
Қырға қайтып шығады. 
Ой – ой – ой, 
Әне аю келеді. 
Құмырсқаны көреді. 
Енді қайтып құтылар, 
Илеуіне тығылар. 
 
Апам үшін күнде мен, (әндете) 
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай) 
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай) 
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру) 
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай) 
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай) 
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай) 
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды) 
 
«Қуырмаш» 
Қуыр-қуыр қуырмаш, 
Балаларға бидай шаш. 
Бас бармақ, 
Балан үйрек, 
Ортан терек, 
Шылдыр шүмек, 
Кішкене бөбек. 
Сен тұр – қойыңа бар! 
Сен тұр – жылқыңа бар! 
Сен тұр – ешкіңе бар! 
Сен тұр – сиырыңа бар! 
Сен тұр – түйеңе бар! 
Ал сен алаңдамай, 
Қазан түбін жалап, үйде жат. 
Мына жерде құрт бар, 
Мына жерде май бар. 
Мына жерде қатық бар, 
Қытық, қытық! 
 
Қане, қайсы алақан, 
Біз – кішкентай. (балапан) 
Аралардың нәрі, 
Бау-бақшаның сәні. (гүл) 
Тік, тік, тік пісте, 
Қысы-жазы бір түсте. (шырша) 
Менің тұрақты мекенім, 
Сәнді етіп жүремін. (үй) 
 
Санайық жаңаша, 
Бір, екі, үш! 
Желбіре жалауша, 
Достықта біздің күш. 
 
Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ. 
Оларды атап шақырар, 
Әрқайсысының аты бар. 
Бас бармақ, 
Балаң үйрек, 
Ортан терек, 
Шылдыр шүмек, 
Кішкене бөбек. 
 
Біз гүлдерше өсеміз, 
Жапырағы жайқалған 
Сабақтары салалы, 
Желмен бірге ырғалған. 
 
Тепе-теңдік жолменен, 
Арасында мен келем. 
Бір, екі, үш, төрт, 
Келе жатқан жете алмай, 
Мынау бздің мекен-жай. 
 
 
Санамақтар. 
 
Бессаусақ. 
Ал санайық санамақ, 
Саусақтарға қарап ап, 
Кәне-кәне санайық, 
Санын біліп алайық. 
 
Біреу, 2, 3, 4, 5-еу, 
Қолымда сонда саусағым нешеу? 
 
Мынау, мынау, бас бармақ, 
Санамақ содан басталмақ. 
Мүйіз қалпақ басында, 
Төрт серігі қасында. 
 
Біреу, 2, 3, 4, 5-еу, 
Қолымда сонда саусағым нешеу? 
 
Қутыңдаған сұқ қолым, 
Епетейлі мықты оным. 
Бармақтың басты тірегі, 
Өзінің ісін біледі. 
 
Біреу, 2, 3, 4, 5-еу, 
Қолымда сонда саусағым нешеу? 
 
Мынау, мынау ортаң қол,  
Кішілерге қамқор қол, 
Төртеуінің ағасы, 
Білектің үлкен баласы. 
 
Біреу, 2, 3, 4, 5-еу, 
Қолымда сонда саусағым нешеу? 
 
Бәрін тегіс мақтап бол! 
Деп тұрсың ғой аты жоқ қол! 
Орайласым ортаншым, 
Елгезексің жортасың. 
 
Біреу, 2, 3, 4, 5-еу, 
Қолымда сонда саусағым нешеу? 
 
Саусақтар күшін сынасақ, 
Ойнақы епті шынашақ. 
Еркелеп өскен кенжесі, 
Қамқоршы оған өзгесі. 
 
Қолымда сонда саусағым нешеу, 
біреу, 2, 3, 4, 5-еу.  
(Ж. Сымақов) 
 
Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар. 
 
Жан-жаққа кетті зымырап, 
Мысықтан қорыққан тышқандар: 
Қорапқа кірді біреуі, 
Соңынан кетті екеуі. 
Тығылды сонда нешеуі? 
 
Екі балапан тұр, 
Екі балалапан отыр. 
Шатаспай тез ойлансақ, 
Тура тауып атасақ, 
Тұрғаны бар, отырған – 
Барлығы қанша балапан? 
 
Төменде үш қаз ұшады, 
Үшеуі бұлтты құшады, 
Өзеннен көрдік екеуін. 
Айтқын, қаз нешеу екенін? 
 
Аулада жүр балалар: 
Самат, Арнат, Сашалар, 
Келді және оларға 
Сәуле, Шолпан ойнауға. 
(Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?) 
 
Келеді көп құс ұшып; 
Кептер, аққу, қос шымшық. 
Сауысқан, қарға, торғай да, 
Ұшып жүр осы тоғайда. 
Қанша құс бар қосып шық. 
 
Бір көжекке бір көжек 
Келе қалды қонаққа, 
Бес сәбізден бірден жеп, 
Тойып алды тамаққа. 
Айта қойшы алғырың 
Қанша сәбіз барлығы? 
 
Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі – қайың астынан. 
Біреуі – терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 
 
Қасқыр қақты қақпаны. 
-Ашыңдар тез! – айтқаны. 
Сол-ақ екен, лақтар –  
Титтей-титтей шұнақтар 
Жан-жағына жүгірді, 
Жасырынып үлгерді: 
Бірі – төсек астына, 
Бірі – пештің қасына, 
Бірі – сәкі астына, 
Бірі – астына кереует, 
Бірі – тапқыр керемет 
Отыр күбі түбінде. 
Қанша лақ бар бұл үйде? 
 
Үйшікте мына бір сәулетті 
Тұратын қай мықты әулеті? 
Мен – тышқан-шиқылдақ, 
Мен – қоян-желаяқ, 
Мен – түлкі-керіммін, 
Мен – қасқыр-серімін. 
Бәріміз тұратын көңілді, 
Қажетті сәулетті көр үйді! 
 
Үйге кірді Алдияр, 
Оған қоса Мадияр, 
Кейін келді Айдана, 
Қанша болды бар бала? 
 
Тиін отыр арбада, 
Жаңғақ сатып базарда. 
Түлкі бикеш пысыққа, 
Торғай менен шымшыққа 
Мақтап қойып жаңғағын, 
Салып берді алғанын: 
Жаулығына бірінің, 
Жемсауына бірінің, 
Табанына бірінің. 
 
Тауық шықты көшеге, 
Ерді барлық шөже де. 
Алға кетті 7-еуі, 
Артта қалды 3-еуі. 
Санай алмай барлығын 
Есі шықты тауықтың. 
Сен есепте, балақан, 
Қанша еді балапан? 
 
Әр қолына Нүриден 
Төрт өріктен бердім мен. 
Бала санай білмеді, 
Неше өрік ол жеді? 
 
Ұлпа жүнін қыздырып, 
Күн шуақта бір күшік, 
Отыр еді маңына, 
Келді тағы бір күшік. 
Қанша күшік барлығы?ъ 
 
Алты қонжық орманға 
Бара жатты қорбаңдап. 
Бірі олардың шаршады, 
Әрі қарай бармады. 
Жауабын тез айт, 
Қанша қонжық кетті алда? 
 
5-тен 4-ті алайық, 
Қанша қалды санайық. 
Қарайық та санайық, 
Санайық та табайық. (1) 
 
Беспайда бар 5 іні, 
Естайда бар 2 іні, 
Қоссақ 5 пен 2-ні, 
Қанша болар шешуі? (7) 
 
Шығармақ боп кеше есеп, 
Жиналғанда 5 есек. 
3-і ұйықтап отырды, 
Ынталысы неше есек? (2) 
 
Қазып жүр құмды 5 мысық, 
3-і жатыр күн ыстық. 
Нешеу болды сен сана? (2) 
 
Үстел үстінде төрт алма жатыр, 
Оның біреуін ағам жеп қойды. 
Сонда неше алма қалды? (3) 
 
Келеді көп құс ұшып: 
Кептер, аққу, қос шымшық. 
Сауысқан, қарға, торғай да, 
Ұшып жүр осы тоғайда. 
Қанша құс бар қосып шық. 
 
Дейді Күлтай: 
- Қуыршақтар, 
Ойыншықтар, тұршы қатар: 
Екі аю мен Буратино, - 
Әрі көңілді Чипполино! 
Көжек пенен пілтай да! 
Көмектесіп Күлтайға, 
 
Бәрін, қане қосып шық, 
Нешеу екен ойыншық? 
 
Құралай тақтаға екі 
Үшбұрыш, үш шаршы, 
Тікбұрыш, шеңбер және 
Сопақша салды. Құралай 
Тақтаға қанша төртбұрыш салды? 
 
Математикалық өлеңдер. 
(мәнерлеп оқу) 
 
Жеті ұлы бар бір ұйдің 
Сәл демалып, 
Тыным ал, 
Тақпақ тыңдап, 
Ұғып ал. 
Апта деген ағайдың, 
Жеті бірдей ұлы бар. 
 
Біріншісі – Дүйсенбі, 
Екіншісі – Сейсенбі, 
Үшіншісі – Сәрсенбі, 
Төртіншісі – Бейсенбі, 
Жұма деген – бесінші ұл. 
Алтыншы ұлы ол – Сенбі, 
Жетіншісі-Жексенбі. (Қайрат Жұмағалиев) 
 
Топ, топ, добым. 
Топ, топ, добым домалақ, 
Қайда кеттің домалап. 
Бір, екі деп екі ұрдым, - 
Шатырға сен секірдің. 
Үш, төрт, бес деп үлгердім, 
Ішіне ендің гүлдердің. 
Алты, жеті дегенде, 
Жаттың шоршып еденде. 
Сегіз, тоғыз дегенде, 
Сайға сырғып жөнелдің. 
Топ, топ, добым домалақ. 
Қайда кеттің домалап. (Ғ. Өкеев) 
 
Сандардың айтысы. 
Достар мені «бір», - дейді, 
Қарайды да бүй дейді: 
Мұқтажсың қол, аяққа, 
Ұқсап тұрсың таяққа. 
 
Мен екімін балалар, 
Екі деген баға бар, 
Аз болған соң талабы, 
Үлгіре алмай қалады. 
 
Жаңғалақтың, жалқаудың, 
Алаңғасар аңқаудың, 
Алатыны екілік, 
Басын шайқап өкініп. 
 
Бірім артық екіден, 
Аздығыма өкінем, 
Кедерлі аттай тұсалып, 
Жүр біреулер, «үш» алып. 
 
Достар мені «төрт» дейді, 
Беске бірім жетпейді. 
Бірақ үшке ағамын, 
Жақсысымын бағаның. 
 
Оқуға дос барғанда, 
Риза мені алғанға, 
Қуанады мамасы, 
Төрт алғанда баласы. 
 
Жараспайды бір сарын, 
Өзің тап төрт мысалын, 
Ол үшін түрлі аңдарды, 
Еске түсір малдарды. 
 
Әр қолда саусақ бес-бестен, 
Шықпас тегін ол естен, 
Біліп соның шамасын, 
Мысал ойлап табасың. 
 
Гүлде бес күлте жапырақ, 
Өседі-ау шіркін жарқырап. 
Бесбұрыш алтын жұлдыздар, 
Тағады батыр ұл-қыздар. 
 
Бір мен екі алмаңдар! 
Үшке алданып қалмаңдар! 
Кілең төрттік алғандар, 
Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков) 
 
Үш бала. 
Бір ауылда үш бала, 
Олар – құрдас: үш жаста. 
Бірақ, бірақ олардың, 
Қылықтары үш басқа. 
Біріншісі шыңқ етпе, 
Тиіп кетсе, жылайды. 
Екіншісі бір қоңыр, 
Ақыл айтсаң, тулайды. 
Үшіншісі – елгезек, 
Бәрімізге ұнайды. (Нұрхан Жанаев)

Дата: 31.05.2012

« «Б» дыбысы және әрпімен таныстыру»

«Жетістіктер апталығы»  МКҚК «№17 балабақша» 
 
 
Мектепалды даярлық тобындағы сауат ашу сабағының конспектісі 
 
Саумбаева А.Қ. екінші санатты тәрбиеші 
 
Сабақтың тақырыбы:« «Б» дыбысы және әрпімен таныстыру» 
 
Сабақтың мақсаты:Б дыбысы және әрпімен таныстыру. Құрамында б дыбысы бар сөздерге талдау жасауға үйрету. Б дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын –әрпін таныту. Буыннан сөз, сөзден сөйлем құратуға дағдыландыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Әдіс-ты: түсіндіру, сұрақ –жауап, көрнекілік, жұмбақ, көркем сөз, сөзжұмбақ. 
Көрнекілік-құралдар: текшелер, суреттер, сөзжұмбақ,үлестірмелі материалдар. 
Сабақтың барысы:  
 
Арайлап таң атты 
Алтын сәуле таратты 
Жарқырайды даламыз 
Қайырлы күн, балалар 
Қайырлы күн, қонақтар. 
-Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті.Балалар бүгін ерекше күн болғандықтан , сабағымызда ерекше болмақ. Көңілді отырып сабағымызды бастайық. 
-Балалар , бізде қазір қай ай ? (желтоқсан) 
-Жылдың қай мезгілі? (қыс) 
-Аптаның қай күні (жұма) 
Осы кезде топқа бақа кіріп келеді. 
-Көмектесіңдер, көмектесіңдер мені мыстан әжей қуып келеді. Мен сұлу ханшайым едім, мені мыстан әжей сиқырлап бақаға айналдырып қойды. Менің қайтадан ханшайымға айналғым келеді. 
Соңынан мыстан қуып кіріп келеді. 
-Ә, сен мында кіріп кеттің бе? Сені бәрі бір ханшайымға айналдырмаймын, мәңгіге бақа болып қаласың. 
-Тоқтаңыз әжей, бізге мүмкіндік беріңіз, біз бақаға көмектескіміз келеді. 
-Ә, мен таптым сендерге басым қатып орындай алмаған тапсырмаларды берейін. Осы тапсырмаларды орындасаңдар , мына сыйқырланған ханшайымды қайта қалпына келтіремін. Мен сендерді сыйқырлы айнаммен орманнан бақылап отырамын. Ал бақа әзірше менің қасымда болады. (екеуі шығып кетеді) 
-Ал, балалар бақаға көмектесеміз бе ? 
-Йә ! 
-Жарайды, олай болса мыстан әжейдің бірінші тапсырмасын орындайық. 
Балалар мында сиқырлы сандар берілген, ол сандардың артында сиқырлы сурет жасырынған, біз сол суретті табуымыз керек. Ол үшін мына хатқа салынған есептердің шешуін табуымыз керек. (Балалар есептерді шешіп , жасырынған суреттерді табады)  
-Ал,енді осы суретте не көріп тұрмыз? 
-Бақа көл жағасында отыр. 
-Аспанда бұлыттар бар. 
-Бота жайылып жүр. 
-Балық суда жүзеді. ( осы сияқты балалар бірнеше сөйлем айтады) 
-Балалар, бұлт,бақа,бота,балық деп отырмыз. Осы сөздер қандай дыбыстан басталып отыр? 
-Дұрыс айтасыңдар «Б» дыбысынан. Бүгінгі біздің жаңа дыбысымыз «Б» дыбысы және әрпі екен. Тәрбиеші балаларға «Б» дыбысының дауыссыз екенін, көк текшемен белгіленетінін айтып түсіндіреді және «Б» дыбысының әріп-таңбасын балаларға көрсетеді. 
-Ал,енді балалар біздің келесі тапсырмамыз  
«бота» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Бір оқушы тақтаға шығып орындайды ал қалған оқушылар орнында отырып орындайды. Болған соң тақтадағы тапсырмамен салыстырып тексереді. 
-Балалар жарайсыңдар тапсырманы барлығыңда дұрыс орындадыңдар. Кәне орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап жіберейік.  
Бақа, бақа балпақ,  
Басың неге жалпақ. 
Темір телпек көп киіп , 
Басым содан жалпақ. 
 
Бақа, бақа балпақ,  
Көзің неге тостақ, 
Қарауылды көп қарап. 
Көзім содан тостақ. 
-Біздің келесі тапсырмамыз «Сиқырлы буындар» деп аталады. Бұл тапсырманың шарты мынадай: бірдей суреттердегі буындарды қосып сөз құрап айтамыз. Балалар орындарында отырып орындайды. Болған соң бірнеше бала тақтаға шығып оқып, отырған балалар өздерінің тапсырмаларының дұрыс не бұрыс екендігін тексереді. «Сиқырлы буындардағы сөздер» : БА-ЛА-ПАН, БО-ТА-ҚАН, БАҒ-ДАР-ШАМ, БА-РА-БАН. 
-Жарайсыңдар, балалар! Бізде мыстан әжейдің тағы тапсырмасы бар екен, енді сол тапсырманы орындайық. Бәріміз алдымызға әріптер жазылған карточканы алайық. Осы әріптердің ішінен бүгінгі өткен «Б» дыбысын тауып, нүктелерді қарындашпен қосып шығайық. Болған соң бір бала тақтаға шығып орындап, отырған балалар өздерінің тапсырмаларының дұрыс не бұрыс екендігін тексереді. 
-Енді балалар біздер мыстан әжейдің шеше алмаған сөзжұмбағын шешіп қарайық. Мұнда «Б» дыбысынан басталатын сөздер жасырынған. Оны табу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтардың шешуін сәйкес торкөздерге жазасыңдар. 
-Міне балалар біз мыстан әжейдің барлық тапсырмаларын орындап шықтық. Қалай ойлайсыңдар мыстан әжей өз сөзінде тұрып бақаны қайта ханшайымға айналдырады ма екен? (осы кезде топқа жүгіріп, қуана басып ханшайым кіріп келеді) 
-Ой балалар, жарайсыңдар! Сендерге көп рахмет. Мені мыстан әжейдің сиқырынан құтқардыңдар. (осыдан кейін ханшайым шығып кетеді) 
Сабақты қортындылау.

Информация о работе Геометриялық фигуралар