Тұтынушы қалау теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 17:35, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тұтынушы қалауы теориясы».
Курстық жұмыстың мақсаты – тұтынушының бюджеттік шектеулік жағдайын ескере отырып, оның тауарлар жиынтығын таңдауда максималды пайдалылыққа жетуін қарастыру. Және де курстық жұмыстың ең түпкі мақсаты – тұтынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, бюджеттік, талғамсыздық қисықтарының, «алмастыру» және «табыс» әсерлерінің, шекті пайдалылық теориясының алатын орнын көрсету.

Содержание

Кіріспе
1 Тұтынушы қалауы теориясының теориялық негіздері
1.1 Тұтынушы қалауы теориясының мәні: тұтынушының таңдау еркі және парасаттылығы
1.2 Шекті пайдалылық теориясы
2 Тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау
2.1 Тұтынушы қалауының «сандық» жағынан «реттік» жағына өтуін талдау
2.2 Бюджеттік шектеу және бюджеттік қисығын талдау
2.3 Талғамсыздық қисығын талдау
2.4 ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау
3 Тұтынушы қалау теориясын дамыту жолдары
3.1 «Алмастыру» және «табыс» әсері
3.2 Сапасыз игіліктер: Гиффен парадоксы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұтынушы қалауы теориясы-2014-каз!.doc

— 203.00 Кб (Скачать документ)

 

MRSxy = -∆y/∆x       (1)

 

немесе үзіліссіз жағдай үшін:

 

MRSxy = - dy/dx     (2)

 

Ал енді табыс және алмастыру әсерлерін бірге қарастырайық. Х игілігінің бағасы Р1х-тен Р2х-ке дейін түседі, ал Ү игілігінің бағасы тұрақты (Рү = const) болып қалады деп санайық. Бұл жағдайда екі үрдіс орындалады: индивидтің нақты табысы өседі және бір игілікті екінші игілікпен салыстырмалы алмастыру жүреді.

Сұраныстың артуы қай жағдайда игілік бағасының арзандауымен, ал қай жағдайда тұтынушы табысының өсуімен байланысты екенін анықтайық. Ол үшін Дж. Хикс интерпритациясын қолданамыз. Х игілігінің бағасының арзандауы нәтижесінде тұтынушы тепе-теңдік жағдайы Е0 нүктесінен Е1 нүктесіне ығысты деп алайық.

Табыс әсерін шығару үшін NG1 бюджеттік шектеу қисығына параллель болатын және U1 талғамсыздық қисығын жанап өтетін N1G2  бюджеттік шектеу қисығын сызу керек. U1 талғамсыздық қиысығы мен N1G2 бюджеттік шектеу қисығы жанасқан нүктені E2 деп белгілейік. Талғамсыздық қисығының абцисса осіне Е0Е2 қимасы оның игілік бағасының салыстырмалы өзгеруімен түсіндіріледі және де аламастыру әсері деп аталады.

Алмастыру әсері (substitution effect) – табыс әсерін қоспағанда тұтынушылық жиынтыққа кіретін бір тауардың бағасының өзгеруі негізінде тұтынушы сұранысының құрылымының өзгеруі. R2R1 қимасы болып табылатын Х игілігіне қалған сұраныстың өсуі бір бюджеттік шектеуден екінші бюджеттік шектеуге өткендіктен табыс әсері болып табылады.

Табыс әсері (income effect) – алмастыру әсерін қоспағандағы игілік бағасының өзгеруіне байланысты болатын нақты табыстың өзгеруіне байланысты тұтынушы сұранысына әсері. Қалыпты тауарларды тұтыну кеңейген кезде, алмастыру және табыс әсерлері бір-біріне қосылады.

 

 

 

 

 

Y

                            N2


 

 

 


 E1


U2

E0

 N


 E2


          U1



0         R        G R2   R1     G2                        G1 X

Алмастыру әсері       Табыс әсері

 

10 сурет - Қалыпты тауарлар үшін табыс әсері

 

Біздің тұтынушы өзінің көзқарасы тұрғысынан шектеулі табыс деңгейінде қол жетімді тауар жиынтығын таңдап алды деп есептейік. Бірақ бағалары өзгереді. Егер бір тауарға баға төмендесе, ал қалғандарының бағасы сол қалпы қалғандағы жағдайда не болатынын көрейік.

Жиынтықтың құрамына кіретін тауарлардың бағасы өзгеріссіз қалғандықтан, олар бағасы түсіп қалған жалғыз тауарға қарағанда салыстырмалы қымбат болады. Біздің тұтынушы салыстырмалы қымбат тауарларды салыстырмалы арзан тауарлармен алмастыруға тырысады деп тұжырымдауға болады. Басқаша сөзбен айтқанда, кейбір тауарлардың бағасының салыстырмалы төмендеуі жеке тұтынушы жағынан сол тауарға деген сұраныстың көлемінің ұлғаюына әкеледі. Ендеше, «алмастыру әсері» дегеніміз бағасы жоғары игіліктің орнын бағасы төмен игілік алмастыру салдарынан бағасы төмендеген тауарға деген сұраныс көлемін көрсететін өсім бөлігі.

Нақты табыс дегеніміз – берілген баға деңгейінде атаулы табысқа алуға болатын тауарлар мен қызметтер көлемі. Ал атаулы табыс дегеніміз – тұтынушы алатын тауар мөлшері. Сұраныс көлемінің өзгеруі нақты табыстың көлеміне баға динамикасы әсер етуімен байланысты болуы мүмкін. Ал бұл тек тауар жиынтығындағы бір тауардың бағасы төмендеген кезде ғана болады. Біздің тұтынушының бұрынғыша белгілі тауар жиынтығын сатып алуға мүмкіндігі болады, бірақ ол біраз ақша мөлшерін үнемдейді. Біздің тұтынушы бұл қалған ақша мөлшерін қалай жұмсайды деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жалпылама жауап – тұтынушы қалған ақша мөлшерін «қалыпты» деп аталатын тауардың көп мөлшерін сатып алуға жұмсайды, яғни табыс көлемі ұлғайғанда сұраныс көлемі ұлғаятын тауарлар.

 

3.2 Сапасыз игіліктер: Гиффен парадоксы

 

 

Сұраныс заңында «Гиффен тауарымен» байланысты қызықты ерекшелік бар. Бұл феноменнің мағынасы мынады: белгілі жағдайларға байланысты табыс әсері алмастыру әсерінен артық болып кетеді де, сұраныс көлемі баға көлемінің өсуімен қатар жүреді. Бұл «әсерді» Ұлыбритания және Ирландияның кедей отбасыларының бюджетін бақылау нәтижесінде американ экономисті Роберт Гиффен (1837-1910) ашты деп саналады. Ирландиядағы баға құрылуын зерттеу кезінде Р. Гиффен мынаны байқаған: ирландық кедей отбасылардың негізгі тамағы болып табылатын картоп аз шыққан жылы оған деген сұраныс ерекше жағдайда өзгерді. Біз егер тауарға деген баға Р1-ден Р2-ге дейін өссе, онда сатылып алынатын игілік көлемі Q1-ден Q2-де дейін азаюы керек. Бірақ картоптың аз шығуы оған деген бағаның өсуімен қатар, оған деген сұраныстың да артуына алып келді, яғни Р2 бағасы кезінде көлемі Q1-ден Q3-ке дейін өсті. Бұл сұраныс қисығының D1 жағдайынан D2 жағдайына ығысуына алып келді. Егер N1, N2 нүктелерін жалғасақ, онда картопқа деген бағаның өсуі оған деген сұраныстың өсуімен қатар жүретінін байқауға болады.

 

 

                                                                          

                                                                               D


      


                    Р2                                            N2


 

                    Р1                                 N1


                                                                      D2

 

 

                                                                                            D1

 

                       0              Q2         Q1       Q3                    Q


 

11 сурет - Гиффен парадоксы

           

Осыдан байқағандай, картоп аз шыққан жылы кедей жұмысшы отбасылары үшін ақшаның шекті пайдалылығын артады, сондықтан олар ет және тағы басқа қымбат ұн өнімдерін қолдануды азайтады, өйткені оларға деген баға одан сайын арта түсті; картоп өте арзан тамақ өнімі болғандықтан оны сатып алуға мүмкіндіктері бар, яғни картоп бағасының өсуі оған деген сұранысты да арттырды. Осымен, сапасыз тауар әлдеқайда сапалы тауарларды ығыстырып тастады. Сапасыз тауар болып сұраныс баға өскен кезде артатын және баға түскен кезде азаятын игіліктер табылады. Егер қалыпты тауарлар үшін табыс және алмастыру әсерлері қосындыланса (суммируются), сапасыз тауарлар үшін олар шегеріледі.

 

 

                               Алмастыру әсері                     Табыс әсері

  1. Қалыпты

тауар  


                                                         Жалпы әсер

                                   Алмастыру әсері


  1. Сапасыз  

     тауарлар


                                   Жалпы әсер                            Табыс әсері


Алмастыру әсері                               

3  Гиффен                                   


    тауары


                                                      Табыс әсері


                               Жалпы әсер

 

12 сурет - Алмастыру әсері                    

 

Егер тұтынушының бюджетінде аз орын алатын сапасыз тауарлар болса, онда жағымды алмастыру әсері жағымсыз тауар әсерін жабады. Егер сапасыз тауар тұтынушы бюджетінің көп бөлігін қамтыса (Ирландияда болған картоппен болған жағдай), онда оған деген бағаның төмендеуі кезінде жағымсыз табыс әсері жағымды тауар әсерін жабады және жалпы нәтиже оның бағасының төмендеуіне қарамастан, сұраныстың төмендеуінен көрінеді (Сурет-16). Табыс өсімі әдетте Гиффен тауарына деген сұраныстың азаюымен қатар жүреді. Сондықтан, егер оның бағасы төмендесе, онда оған деген сұраныс та төмендейді. Осыдан, табыс әсері жағымсыз сипатқа ие. Х1Х2 табысының жағымсыз әсері ХХ2 алмастыру әсерінен көп болғандықтан, жалпы нәтиже Х1Х көлемде игілік сұранысының кемуі болып табылады.

Гиффен тауары (Giffen good) – табыс әсері алмастыру әсерінен асып түскен кезде кедей тұтынушылардың бюджетінің үлкен бөлігін қамтитын сұранысы бағаның өзгеру бағытымен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Курстық жұмысты қорытындылай келе, экономикалық жүйе нарықтық жағдайда көрінетін тұтынушы қалауы орындалған кезде жақсы жұмыс істейді және бұл экономиканың басты идеясы болып табылады. Тұтынушы өзіне не керек екендігін өзі біледі. Біздің бұлай ойлауымыздың басты себебі – басқа жағдайда шешілмейтін мәселе пайда болуы мүмкін. Үлкен мөлшердегі авторитетті мамандар және маман-сымақтар онсыз да тұтынушыны өз бюджетін қалай қолдану керектігіне үйретеді.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – тұтынушы қалауы теориясының теориялық негіздері зерделенді. Соның ішінде, тұтынушы қалауы теориясының мәні: тұтынушының таңдау еркі және парасаттылығын анықталып, шекті пайдалылық теориясының мәні толық ашылды және осы бөлімге қойылған міндеттер толығымен орындалды.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде – тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуы талданды. Соның ішінде, тұтынушы қалауының «сандық» жағынан «реттік» жағына өтуі, бюджеттік шектеу және бюджеттік қисығы, талғамсыздық қисығы, ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуы толығымен талданды.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде –тұтынушы қалау теориясын дамыту жолдары анықталды. Соның ішінде, «Алмастыру» және «табыс» әсері және сапасыз игіліктер: Гиффен парадоксына көп көңіл мен зерттеу уақыты бөлінді.

Курстық жұмысты жазған барысында ең басты қиыншылдық: осы тақырыптағы ақпараттың көп болуына қарамастан, сапасының төмендігі, сондықтан да курсттық жұмысты жазған кезде ақпаратты сұрыптау мен оған талдау жасауға көп уақыттың кетуі болып табылады.

Сайып келгенде, курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде қойылған міндеттер мен мақсаттар толық орындалғаны туралы батыл айтуға болады және курстық жұмыстың зерттеу тақырыбы қазіргі таңда өзекті болып табылуын дәлелдегенімді көріп отырсыз. Оған аргумент ретінде осы теориялық қорытындыларды айтуға болады:

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап нарықтық экономикаға бет бұрып келеді. Нарықтық экономика ол экономикалық қатынастардың негізгі екі зандылығының әрекеттестігінен құралады, яғни нарықтық экономика сұраныс пен ұсыныстын бітпейтін өзара әрекеттестігімен сипатталады. Ал нарықтық экономиканы макро деңгейде реттеу тетіктерін жетілдіру туралы айтқанда осы нарықтың екі заңдылығын тыс қалдыру мүмкін емес. Сондықтан да нарықтық экономикада қандай жағдай болмасын реттеу механизмдері осы екі заңдылыққа сүйене отырып іске асырылады. Осының барлығы курстық жұмыстың өзектілігінің негізін ашады. Мынаны ескеру керек, тауардың салыстырмалы бағасы эжоғары болған сайын, оның тұтынылу деңгейі төмен келеді. Белгілі бір тауардың бағасы көтерілген кезде тұтынушы аз мөлшерде сатып алады, бұл дегеніңіз баға теориясының негізін түсіну үшін және антитрестік заңнаманы біздің зерттеуіміз үшін маңызды экономикалық постулат болып саналады.

Сұраным мен ұсыныс негізінде тепе-теңдік бағаны қалыптастыру, сатып алушы тұтынатын игіліктің ең шекті пайдалылығы деген идеяны қамтиды және ол еңбек құны негізінде бағаның құрылу идеясының принципті түрде өзгешеленеді. Кез келген тұтынушы өзінің қаржысын әр түрлі тауарларға жұмсай отырып, барынша жоғары пайда алғысы келеді. Тұтынушының шешіміне экономикалық және субьективті факторолар әсер етеді.

Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтер тұтынушылардың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, пайданы мейлінше арттыру үшін өндіріледі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін фирмалар  тауарларды өндіру туралы шешімді тұтынушылардың сұраныстарын, олардың қандай тауарларды ұнататынын, қандай бағамен сатып алуға дайындығын зерттегеннен кейін ғана қабылдайды. Демек, тұтынушының нарықта қабылдайтын шешімін және оған әсер ететін факторларды зерттеудің практикалық маңызы өте зор.

Осы тақырыпта тұтынушы таңдауы, оның мінез-құлқы теориясының мәні, бюджеттік шектеулік, сапасыз тауарлар қарастырылады. Тұтынушы шешіміне, оның талғамы және баға мен бюджет шектеулігі әсер етеді. Тақырыпта осы факторлар жан жақты қарастырылады. Тұтынушы қалауын зерттеу талғамсыздық қисығының көмегімен жүргізіледі. Тұтынушы шешіміне әсер ететін экономикалық факторларды талдау арқылы оның теңдестік жағдайы анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. А.П. Шеденов Экономикалық теория.  / А.П. Шеденов  Алматы :  2005ж. – 125 б
  2. Ачкасов А.И. Макроэкономикалық теория. / Ачкасов А.И.  Ақмола 1994ж. – 56 б
  3. Вехи экономической мысли. Рынки факторов производства. Т. 3. Под ред. В. М. Гальперина. – СПб.: Экономическая школа.2000. 489 с.
  4. Вехи экономической мысли. Теория потребительского поведения и спроса. Т. 1. Под ред. В. М. Гальперина. – СПб.: экономическая школа. 2000. 380 с.
  5. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов. – 2-е издание, изм. – М.: Норма, 2004. – 576 с.
  6. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Экономика және қаржы / Жалпы редакциясын басқарған э. ғ. д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 – 731 б.
  7. Современная экономика. Лекционный курс. Многоуровневое учебное пособие. – Ростов н/Д: издательство «Феникс», 2000 – 544 с.
  8. Ширинская Е.Б. Жалпы экономикалық теория негіздері. / Ширинская Е.Б. Алматы 1995ж. – 163 б
  9. Экономическая теория: учебное пособие / В. М. Соколинский, В. Е. Корольков (и др.); под ред. А. Г. Грязновой и В. М. Соколинского. – 3-е издание, стер. – М.: КНОРУС, 2007 – 464 с.
  10. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: оқу құралы. – Алматы : «экономика», 2008. – 276 б. 
  11. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001. – 129 б.
  12. Бисенғазиев М. Б., Хамитов А. Ш. Кәсіпкерлік негіздері : Оқулық. Дәрістік курс.-Орал: БҚМУ; 2001.-242б.
  13. Вэриан Х. Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный подход: Учебник для вузов/ Пер. с англ. под ред. Н. Л. Фроловой. – М.: ЮНИТИ, 1997. – 767с.
  14. Долан Э. Дж., Линдсей Д. Микроэкономика / Пер. с англ. В. Лукашевича и др.: Под общ. Ред. Б. Лисовика и В. Лукашевича. С.-Пб.,1994. – 448с.
  15. Жалпы экономикалық теория: оқулық / Ө.Қ.Шеденов – толықт., өңделген, екінші басылымы. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 455 б.

Информация о работе Тұтынушы қалау теориясы