Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 17:35, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тұтынушы қалауы теориясы».
Курстық жұмыстың мақсаты – тұтынушының бюджеттік шектеулік жағдайын ескере отырып, оның тауарлар жиынтығын таңдауда максималды пайдалылыққа жетуін қарастыру. Және де курстық жұмыстың ең түпкі мақсаты – тұтынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, бюджеттік, талғамсыздық қисықтарының, «алмастыру» және «табыс» әсерлерінің, шекті пайдалылық теориясының алатын орнын көрсету.
Кіріспе
1 Тұтынушы қалауы теориясының теориялық негіздері
1.1 Тұтынушы қалауы теориясының мәні: тұтынушының таңдау еркі және парасаттылығы
1.2 Шекті пайдалылық теориясы
2 Тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау
2.1 Тұтынушы қалауының «сандық» жағынан «реттік» жағына өтуін талдау
2.2 Бюджеттік шектеу және бюджеттік қисығын талдау
2.3 Талғамсыздық қисығын талдау
2.4 ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау
3 Тұтынушы қалау теориясын дамыту жолдары
3.1 «Алмастыру» және «табыс» әсері
3.2 Сапасыз игіліктер: Гиффен парадоксы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе |
||
1 |
Тұтынушы қалауы теориясының теориялық негіздері |
|
1.1 |
Тұтынушы қалауы теориясының мәні: тұтынушының таңдау еркі және парасаттылығы |
|
1.2 |
Шекті пайдалылық теориясы |
|
2 |
Тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау |
|
2.1 |
Тұтынушы қалауының «сандық» жағынан «реттік» жағына өтуін талдау |
|
2.2 |
Бюджеттік шектеу және бюджеттік қисығын талдау |
|
2.3 |
Талғамсыздық қисығын талдау |
|
2.4 |
ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау |
|
3 |
Тұтынушы қалау теориясын дамыту жолдары |
|
3.1 |
«Алмастыру» және «табыс» әсері |
|
3.2 |
Сапасыз игіліктер: Гиффен парадоксы |
|
Қорытынды |
||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тұтынушы қалауы теориясы».
Курстық жұмыстың мақсаты – тұтынушының бюджеттік шектеулік жағдайын ескере отырып, оның тауарлар жиынтығын таңдауда максималды пайдалылыққа жетуін қарастыру. Және де курстық жұмыстың ең түпкі мақсаты – тұтынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, бюджеттік, талғамсыздық қисықтарының, «алмастыру» және «табыс» әсерлерінің, шекті пайдалылық теориясының алатын орнын көрсету.
Курстық жұмыстың мақсатынан шығатын міндеттер:
- Тұтынушы қалауы теориясының теориялық негіздерін зерделеу;
- Тұтынушы қалауы теориясының мәні: тұтынушының таңдау еркі және парасаттылығын анықтау;
- Шекті пайдалылық теориясының мәнін ашу;
- Тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау;
- Тұтынушы қалауының «сандық» жағынан «реттік» жағына өтуін талдау;
- Бюджеттік шектеу және бюджеттік қисығын талдау;
- Талғамсыздық қисығын талдау;
- ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау;
- Тұтынушы қалау теориясын дамыту жолдарын анықтау;
- «Алмастыру» және «табыс» әсерін зерделеу;
- Сапасыз игіліктер: Гиффен парадоксын талдау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – тұтынушы қалауы теориясының теориялық негіздері, тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуының талдауы және тұтынушы қалау теориясын дамыту жолдары болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – тұтынушы қалауы теориясы, шекті пайдалылық теориясы, тұтынушы қалауының «сандық» жағынан «реттік» жағына өтуі, бюджеттік шектеу және бюджеттік қисығы, талғамсыздық қисығы, «Алмастыру» және «табыс» әсері, сапасыз игіліктер: Гиффен парадоксы және статистикалық мәліметтер болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі мынада: нарық − бұл тұтынушы мінезқұлқына негізделген экономикалық жүйе болып табылады. Қарапайым тұтынушының нарықтық жағдайда өзінөзі ұстауы, тауарлар арасында таңдау жасаған кезде белгілі бір мотивтерге сүйенуі, оның мінезқұлқын басқаратын қандай да бір заңдылықтың болуболмауы − экономикалық ғылымның тұтынушы таңдауына деген қызығушылығын түсіндіреді. Бұл сұрақтардың бәріне тұтынушы мінезқұлық теориясы жауап береді.
Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде тұтынушы қалауы теориясының теориялық негіздері қарастырылған.
Екінші бөлімде тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуы талданды.
Ал берілген жұмыстың үшінші бөлімі тұтынушы қалау теориясын дамыту жолдарын анықтауға арналған.
1.1 Тұтынушы қалауы теориясының мәні: тұтынушының таңдау еркі және парасаттылығы
Нарыққа шығарылатын үлкен көлемдегі тауарлардың түрлері арасында жалғыз тұтынушы ешқандай роль ойнамайды десе де болады. Орасан зор кәсіпорындар, трансұлттық компаниялар, үлкен энергетикалық жүйелер жұмыс істейтін жерде оның мінезқұлқы экономика үшін маңызды емес. Бірақ тұтынушы кіші мен оның өндіріске ықпалы зор екенін естен шығармау қажет: біріншіден, қоғам тұтынушылардан тұрады, ал екіншіден, олардың әрбіреуі жеке тауарларды қажетті көлемде сатып алуға қатысты абсолютті шешім қабылдайды. Фирмалар өз кезегінде басты үш − не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру деген сұрақты шешкен кезде тұтынушылардың таңдауына баса көңіл аударады. Егер тұтынушылардың көп бөлігі өндіруші өндірген белгілі бір тауар үшін өндірушілердің шығындарын толығымен өтеуге жететіндей ақшаларын беруге дайын болса, онда өндіруші өз шығындарын өтеп, өзі қалаған пайдасын алады. Егер бәрі керісінше болса, онда өндіруші орны толмас шығынға ұшырауы мүмкін. Өндіруші мен тұтынушы арасындағы бұл қарапайым және түсінікті механизм нарықтық экономикада кері байланыс принципі бойынша орындалады.
Экономикалық жүйе нарықтық жағдайда көрінетін тұтынушы қалауы орындалған кезде жақсы жұмыс істейді және бұл экономиканың басты идеясы болып табылады. Тұтынушы өзіне не керек екендігін өзі біледі. Біздің бұлай ойлауымыздың басты себебі – басқа жағдайда шешілмейтін мәселе пайда болуы мүмкін. Үлкен мөлшердегі авторитетті мамандар және маман-сымақтар онсыз да тұтынушыны өз бюджетін қалай қолдану керектігіне үйретеді. Бірақ экономистер ол өзінің бюджетін қалай бөлу керек екендігін білетініне сенімді. Бірақ бұлай ойлау әрқашан дұрыс бола бермейді және тұтынушы өзіне не керектігін әрқашан анық біле бермейді, ендеше не істеу керек? Егер қоғам тобының табысы және отбасындағы адамдар саны бойынша тұтынудың объективті стандартын есептеп шығарса, онда жеке алынған тұтынушының нормадан ауытқуы оның ерекше қажеттілігінің қанағаттандырылғанын немесе оның мұндай ауытқуы мінез-құлқының парасатты емес екенідігін білдіретінін дәл айту қиын.
Бірақ табысты жұмсаудың объективті тәсілмен шешілген үлгісін табу мүмкін емес, өйткені кез-келген норма, егер оны мамандар шығарса да, өндіруші (произвольный) мінезге ие болады.
Экономистер өздерінің ойларында тұтынушы нарықтық жағдайда өзін парасатты ұстайды деп топшылайды. Жалпы мағынадағы өз-өзін парасатты ұстау дегеніміз – шектеулі мүмкіндік жағдайында ең жоғары нәтиже алуға ұмтылу. Сонымен қатар экономистерді тұтынушылардың өзінің жеке мүддесін шектеулі мүмкіндіктер әлемінде іске асыру кезінде өз-өзін ұстауы қызықтырады.
Кез-келген тұтынушы үшін оның табысының көлемі басты шектеуші болып табылады. Тұтынушы қалауы шексіз және сан алуан, ал табысы шектеулі болғандықтан, тұтынушы нарықта үлкен көлемде ұсынылатын тауарлар арасында таңдау жасауға әркез мәжбүрлі. Бұл таңдауды жасаған кезде тұтынушы белгіленген табыс көлемінің шектеулігінде қол жетімді тауарлар жиынтығын сатып алуға ұмтылады деп топшылауға болады.
Экономикалық теория тұтынушы үшін қандай тауар жиынтығы максималды пайда әкелетінін белгілі бір критерий бойынша анықтау мүмкін еместігін пайымдайды. Өйткені әрбір тұтынушы өзіне белгілі бір тауардан максималды пайданы өзінің жеке субъективті шешімі бойынша алады. Субъективті тұрғы мінсіз болмайды, өйткені адамзат өз-өзін әрқашан парасатты ұстай бермейді. Әрине, тұтынушының парасаттылығы туралы түсінік оның экономикалық мінез-құлқын оңайлатады, бірақ тұтынушылардың көп бөлігі шынымен өздерінің шектеулі табысы жағдайында максимум қанағаттанушылыққа ие болғылары келеді.
Нарықта өз-өзін парасатты ұстау – ол ақшасын үнемдеп, сараң болу дегенді білдірмейді. Өзінің барлық ақшасын «миллион розаға» жіберген адамды парасатты емес, ал керісінше, үлкен пайызбен өз ақшасын коммерциялық банкке салған адамды парасатты деп санау дұрыс емес. Егер бұл екі тұтынушы өздерінің іс-қимылын өз көзқарастары тұрғысынан субъективті деп санаса, онда тұтынушы мінез-құлық теориясы бұл екі тұтынушыны парасатты деп табады.
Егер бұл жағдайда «қанағаттану» сөзін «пайдалылық» терминімен алмастырса, онда тұтынушының парасатты мінез-құлқы пайдалылықты ең жоғары шекке жеткізу болып табылады. «Пайдалылық» категориясы экономикалық теорияда өте маңызды роль ойнайды, сондықтан онымен толығырақ танысу керек.
1.2 Шекті пайдалылық теориясы
Адамдар тауарлар мен қызмет көрсетулерді олар тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру көздері бола алатын қасиеттері үшін қолданады. Бұл қасиетті экономистер «пайдалылық» терминімен белгілейді. Пайдалылық теориясы негізі ХІХ ғасырдың Г. Госсен (1810-1859), У. С. Джевонс (1835-1882), К. Менгер (1840-1921), сонымен қатар олардың ізін жалғастырушылар О. Бем-Баверк (1851-1914) және Ф. Фон Визер (1851-1926) сияқты ұлы ғалымдарымен қаланған.
Аталған экономистер «маржинализм» деген атау алған ерекше бағытты құрды. Маржиналисттік тәсілдеменің түпкі мағынасы мынадай: тауар бағасы оны өндіру үшін кеткен шығындармен емес, оның тұтынушыға әкелетін пайдалылық эффектісімен анықталады. Экономиканың жұмыс істеуінің түпкілікті нәтижесінің басымдығын мойындағандықтан, мұндай тәсілдеме дәстүрлі классикалық мектептің (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Д. Милль) түсініктеріне қарама-қайшы болды. Бұл шынымен экономикалық ойлардың дамуындағы орасан зор маңызды роль ойнаған төңкеріс еді. Сондықтан ол «маржиналдық төңкеріс» деген ат алды.
Маржинализмді субъективті-психологиялық теория деп атайды және бұл тектен-тек емес. Экономикалық ғылымның барлық категориялары экономикалық субъектің затқа деген қатынасы, қалауы, күтілімі және түсінігі арқылы анықталуы мүмкін деген тұжырымға маржинализмнің негізін қалаушылар толық сенімді болды. Мұндай ойлар ертеректе экономистерден бұрын да айтылған. Мысалы, У. Шекспирдің барлық әлемге әйгілі «Гамлет» атты шығармасында айтылған: «... заттарды жақсы деп те, жаман деп те бөлуге болмайды, олар тек біздің бағалауымызға байланысты». Бірақ маржиналисттер ғана бұл ойды зор ғылыми бағыттың негізгі өзегі ете алды.
Маржиналисттердің негізгі сипаттағы ойлар барысы келесідегідей еді. Бәрінен бұрын олар кез-келген игілікті тұтыну «өсу сипатына» ие болатынына көңіл аударды. Басқаша айтқанда, тұтынушы «немесе бәрі, немесе ештеңе де емес» (все, или ничего) қағидатын қолданбай, өзінің сол игілікке деген қажеттілігін қанағаттандырмағанша, қолданылатын игіліктің бірлігін ұлғайта береді (мысалы, адам қарны аш кезінде өзін тойдым деп есептемегенше бір, екі және тағы да бутерброд жей береді).
Бұдан үш негізгі қорытынды шығады:
Әрбір қосымша тауар бірлігі тұтынушыға берілген игіліктің «шекті пайдалылығы» деп аталатын қосымша пайдалылық әкеледі (экономикалық теорияда «шекті» және «қосымша» деген сөздер синоним болып келеді, яғни екеуі бір мағына береді). Сонымен, шекті пайдалылық ұғымын маржиналисттер тұтыну көлемінің өсуінен алынған қосымша пайдалылықтың көлемі деп түсінген.
Тұтынылған игіліктің бірлігінің көлемі көп болса, онда бұл игілікті тұтынудан түсетін әрбір келесі бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Басқаша айтқанда, шекті пайдалылық сол игілікті тұтынудан зиян әкеледі немесе ешқандай пайда әкелмейді. Яғни, көкейкесті қажеттілікті аз қанағаттандыратын игіліктің шекті пайдалылығы да аз болады. Осыдан, игіліктің маржиналисттер қалыптастырған шекті пайдалылығы мен жалпы пайдалылық арасындағы кері байланыс шығады. Оның мағынасы мынада: игілік, егер оның бірлігі адам қолында аз мөлшерде болса ғана бағалы және керісінше (бұлақ жанындағы бір стақан суға қарағанда шөлдегі бір стақан су өте зор құндылыққа ие болады). Бұдан, берілген игіліктің құндылығы көкейкесті қажеттілікті аз қанағаттандыратын қолда бар игіліктің соңғы бірлігімен анықталады.
Бір тауардың кейбір бірлік санын тұтына отырып (мысалы, бутерброд), тұтынушы шекті пайдалылықтың азаю мөлшерінен тұратын жалпы пайдалылық алады. Теорияда шекті пайдалылықтың өлшеу бірлігін «ютил» деп атау қабылданған. Егер бутербродтың бірінші тұтынылымы адамға 5, екіншісі – 4, үшіншісі – 2, төртіншісі – 1 ютилға тең пайдалылық әкелетін болса, онда бұл қатардың жалпы пайдалылығы 12 ютилге тең болады (ал шекті пайдалылығы 1 ютилге тең). Әрбір келесі бутербродтан бас тарту жалпы пайдалылықтың азаюына және біруақытта шекті пайдалылқтың өсуіне әкеледі. Мысалы, егер төртінші бутербродтан бас тартар болса, онда жалпы пайдалылық 11-ге, ал шекті пайдалылық 2-ге тең болады, үшінші бутербродтан бас тартар болса онда жалпы пайдалылық 9-ға, ал шекті пайдалылық 4-ке тең болады және т. с. с.
5
Пайдалылық
бірлігі 4
көлемі
3
2