Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 17:35, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тұтынушы қалауы теориясы».
Курстық жұмыстың мақсаты – тұтынушының бюджеттік шектеулік жағдайын ескере отырып, оның тауарлар жиынтығын таңдауда максималды пайдалылыққа жетуін қарастыру. Және де курстық жұмыстың ең түпкі мақсаты – тұтынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, бюджеттік, талғамсыздық қисықтарының, «алмастыру» және «табыс» әсерлерінің, шекті пайдалылық теориясының алатын орнын көрсету.
Кіріспе
1 Тұтынушы қалауы теориясының теориялық негіздері
1.1 Тұтынушы қалауы теориясының мәні: тұтынушының таңдау еркі және парасаттылығы
1.2 Шекті пайдалылық теориясы
2 Тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау
2.1 Тұтынушы қалауының «сандық» жағынан «реттік» жағына өтуін талдау
2.2 Бюджеттік шектеу және бюджеттік қисығын талдау
2.3 Талғамсыздық қисығын талдау
2.4 ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау
3 Тұтынушы қалау теориясын дамыту жолдары
3.1 «Алмастыру» және «табыс» әсері
3.2 Сапасыз игіліктер: Гиффен парадоксы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1
бутерброт саны
0 1 2 3 4 5
1 сурет - Шекті пайдалылық қисығы
Сонымен, маржиналисттер теориясы бойынша пайдалылық – субъективті түсінік болып табылады. Әрине, бір тұтынушы үшін осы немесе басқа тауардың жалпы пайдалылығын дәлдеп есептеу екі талай екенін олар жақсы түсінді. Жалпы пайдалылықты өлшейтін құралдар болған жоқ және болмайды да. Бірақ шекті пайдалылықтың жалпы азаю қағидасы графикте көрсетілген.
2 Тұтынушы қалауының сандық және сапалық жақтарын және ҚР тұтынушы мінез-құлқының қалыптасуын талдау
2.1 Тұтынушы қалауының «сандық» жағынан «реттік» жағына өтуін талдау
Шекті пайдалылық пен жалпы пайдалылықтың азаюын жәй мысалда көрсетуге болады (бұл мысал «тұтынушылық тепе-теңдікті» түсінуге көмектеседі). Тұтынушыға тауарды сатып алуға бөлінген шектеулі ақша соммасы жағдайында тек қана екі тауар арасында таңдау жасау керек болсын делік. Бутерброд – 1 доллар, ал кока-кола – 2 доллар тұрады, ал тұтынушы 10 доллар жұмсай алады деп санайық. Қандай арақатынаста ол бутерброд пен кока-коланы сатып алады? Әрине ол кока-коланы мүлдем ішпестен, 10 бутерброт сатып ала алады. Бірақ өзін-өзі парасатты ұстайтын тұтынушы былай істемейді. Ол бір стақан кока-кола мен 8 бутерброд алып жеуді жөн көреді, өйткені бұл жиынтық оған 9-шы, 10-шы бутербродқа қарағанда көбірек пайдалылық әкеледі. Мүмкін өзінің субъективті әсеріне талдау жасай келе тұтынушы 6 бутербродпен шектеліп, 2 кока-кола сатып алуы ықтимал. Көңіл аударатын бір жайт, тұтынушының мұндай мінез-құлқы жағдайында бутербродтың шекті пайдалылығы өсе береді, ал кока-коланыкі, керісінше, азаяды. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бұл жиынтыққа кіретін тауарлардың жалпы пайдалылығы максималды деңгейге жетеді және арақатынастың келесі өзгерулері жалпы пайдалылықтың тек азаюына әкеледі. Басқаша сөзбен айтқанда, біздің тұтынушы «тұтынушылық тепе-теңдік» нүктесіне жетеді. Тұтынушылық тепе-теңдік – тұтынушы бір тауарды сатып алуға ақшаны аз жұмсау, ал екінші тауарды сатып алуға ақшаны көп жұмсау арқылы белгілі бюджеттік шектеулікте алатын жалпы пайдалылықты ұлғайта алмайтын жағдай.
Шектеулілік және біржақтылық сипатына қарамастан әрбір теория сияқты шекті пайдалылық теориясы да қисынды болып көрінеді. Көбінесе теоретиктерді ойландыратын жағдай – ол пайдалылық категориясының субъективті болып, ешқандай көлемдік өлшемдерге сәйкес келмейтіндігі. Өлшеуге келмейтін нәрселердің теориялық жағдайын дәлелдеу оңай емес. Маржинализмнің негізін қалағандар теорияның дамуы мен фактілердің жиналуы уақыт өте келе бұл принципиалдық қиындықты жеңуге болады дегенге сенді. Бірақ бәрі керісінше болды деуге болады. Фактілердің үлкен көлемі болса да пайдалылықты сандық өлшеу мүмкін емес екендігін итальян экономисті Вильфредо Парето (1848-1923) дәлелдеген. Парето жасаған қорытынды шекті пайдалылық концепциясының бастапқы түріне қарама-қайшы еді. Бұл көптеген экономистерді тұтынушы мінез-құлқын түсіндіретін теориялық түсіндірмесі тәжірибелікпен сәйкес келетін жаңа әдістерді іздестіруге итермеледі.
Бұл болжаулардың мағынасы келесіде. Күнделікті тәжірибеден көріп отырғандай, көптеген тауарлар тұтыну кезінде бір-бірімен байланысты екенін көруге болады: кейбір тауарлар бірін-бірі толықтыру арқылы ғана қолданылады («субститут» - тауарлар), ал кейбірі бірін-бірі алмастыру арқылы қажеттілікті қанағаттандырады («комплементарлы» - тауарлар). Осыдан бөлек тауарды тұтынудан келетін емес, жалпы жиынтықты қолданғаннан келетін пайдалылықты қарастырған жөн. Бұл пайдалылықты көлем жағынан емес, әртүрлі тауар жиынтығын қолданудан келетін тұтынушы қалауын бағалауға мүмкіндік береді. «Кардиналдық» тұрғыдан «ординалдық» тұрғыға өту осыдан.
Бұл бағытқа деген алғашқы қадамдар орыс экономисті Е. Е. Слуцкийдің «К теории сбалансированного бюджета потребителя» атты мақаласында жасалған. Ординалдық тұрғы нақты Рой Аллан (1906-1983) және Джон Р. Хиксаның «Бағалылық теориясын қарастыру» атты еңбегінде ресімделді.
Ординалдық тұрғының, яғни реттік тұрғының негізгі мағынасы келесідей түсіндіріледі. Теория тұтынушы кейбір тауар жиынтығынан түсетін пайдалылықты сандық жағынан өлшейді дегенді емес, ол, яғни тұтынушы кейбір тауарлар жиынтығын оның қажеттілігі жағынан салыстырады дегенді болжайды. Сондықтан тұтынушылар пайдалылық деңгейі жоғары тауарларды көбірек сатып алуды қалайды, ал пайдалылық деңгейі бірдей тауарлар тең бағалы жиынтық болып табылады. Басқаша айтқанда, біздің тұтынушымыз тауар пайдалылығының сандық бағасын туралы ойламайды. Сонымен қатар, тұтынушы берілген тауар басқа тауарларға қарағанда қанша есе пайдалырақ екені туралы да ойланбайды. тұтынушы өзінің субъективті шешімі тұрғысынан бұл тауар басқа тауарларға қарағанда ол үшін пайдалырақ деген шешім қабылдайды. Мінеки, Р. Аллан мен Д. Хикс субъективті пайдалылықты жалпы таңдау логикасына қайта құру арқылытұтынушының практикадағы мінез-құлқы мен теориялық базаны айтарлықтай жақындатты. Бұл мінез-құлықтың заңнамасы пайдалылықты өлшеумен байланысты емес.
2.2 Бюджеттік шектеу және бюджеттік қисығын талдау
«Бюджеттік қисық» және «талғамсыздық қисықтары» концепцияларының құрылуы тұтынушы мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуде алға жасаған үлкен қадамдардың бірі болып табылады. Олардың авторлары болып итальян экономисті В. Парето және ағылшын экономистері Д. Р. Хикс және Ф. Эджуорт (1845-1926) саналады. Ординалдық тұрғыға негізделгендіктен олардың концепциялары тұтынушы мінез-құлқын екі жақты қарастырады: біріншіден, белгілі бюджет шектеулілігінде тұтынушы өзіне не сатып ала алатындығы, екіншіден, тұтынушы өзі үшін тең бағалы болып табылатын тауар жиынтығынан не сатып алғысы келетіндігі.
Бюджеттік қисықтың мағынасын келесі шартты мысалдан түсінуге болады. «Х» тұтынушымыз үшін екі тауар арасында ғана – киім және тағам өнімдері арасында таңдау жасайды делік. Киімге және тағам өнімдерінек деген баға, сонымен қатар «Х» тұтынушымыздың табысы тұрақты, ал киімге деген шартты бірлік – 60 доллорға, ал тамаққа деген шартты бірлік 10 доллорға тең делік. Осыдан, біздің тұтынушымыз «Х» бір айда киімнің он бірлігін алып, ал тағам өнімдерінің ешқандай бірлігін қолданбауы мүмкін, немесе керісінше тағам өнімдерінің алпыс бірлігін қолданып, ешқандай киім сатып алмайды. Осыдан ол тағам өнімдері мен киімді тең үйлесімде сатып ала алады (мысалы, ол 9 киім бірлігі мен 6 тағам өнімдері бірлігін немесе киімнің 2 бірлігі, ал тағам өнімдерінің 48 бірлігі). Бұл нүктелерді график түрінде көрсетсек. Бір сызықтың соңғы нүктелерін қосып «Х» тұтынушының бюджеттік қисығы деп аталатын «аb» сызығын аламыз. Қисықтың әрбір нүктесі «Х» тұтынушының табысы 600 доллор болғанда және ол табысын түгелдей жұмсаған жағдайда киім мен тағам өнімдерінің бағасы өзгермегенде қанша киім мен тағам өнімдерінің бірлігіне ие бола алатынын көрсетеді.
Егер тұтынушының табысы азаятын болса (мысалы, 420 доллорға дейін), онда бюджеттік қисық солға параллельді с қисығына ығысады. Ал егер керісінше тұтынушы бюджеті артса, онда ол оңға қарай ығысатын болады.
Баға деңгейінің өзгеруі бюджеттік қисыққа әртүрлі әсер етуі мүмкін. Егер екі тауардың бағасы біруақытта өсетін болса, онда бюджеттік қисық параллельді солға ығысады немесе бұл жағдай тұтынушы бюджетінің азаюын көрсетеді. Ал егер керісінше екі тауарға деген баға кемитін болса, онда бұл қисық сәйкесінше оңға ығысады немесе бұл тұтынушы бюджетінің ұлғаюын көрсетеді. Екі тауардың бірбіріне қатысты өзгеруі де мүмкін. Киімге деген баға өзгермей, тамақ өнімдерінің бағасы арзандайды деп алайық. Бұл жағдайда «Х» тұтынушымыз киімнің сол бұрынғы тұтыну бірлігімен қатар, тамақ өнімдерінің бірлігін тұтынуын арттыруы мүмкін. Ендеше бюджеттік қисық «ab»дан «ac»ға ығысады (Сурет-5).
а
киім
бірлігі
0
Тағам өнімі бірлігі
2 сурет - Бюджеттік қисық
Талғамсыздық қисығы тұтынушы қалауын айқындауға мүмкіндік береді. Бірақ та екі жағдайды ескермейді: тауардың бағасы және тұтынушының табысы. Талғамсыздық қисықтары тек бір игілікті екіншісімен ауыстыру мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ олар тұтынушы үшін қандай тауар жиынтығы тиімді екенін айқындамайды. Мұндай ақпаратты бізге бюджеттік шектеу береді. Ол берілген суммаға қандай тұтыну жиынтығын сатып алуға болатын мүмкіндіктерді көрсетеді. Егер тұтынушы табысы – І, Х игілігінің бағасы – Рх, Ү игілігінің бағасы – Рү, Х және Ү сәйкесінше сатып алынған игіліктер көлемін құрайды деп алсақ, онда бюджеттік шектеуді былай көрсетуге болады.
І = РхХ + РуУ
немесе
Ү = І/Рү – Рх/Рү*Х
мұндағы – Рх/Рү – абсцисса осіне еңісін өлшейтін шығындар қисығының бұрыштық коэффициенті.
Х = 0 болған жағдайда, Ү = І/Рү болады, яғни тұтынушының барлық табысы Ү игілігіне жұмсалады. Ал егер Ү = 0 болса, онда Х = І/Рх болады, яғни мұнда тұтынушы Рх бағасымен сатып ала-алатын Х игілігінің көлемін көрсетеді.
Ү
1/Рү
-Рх/Рү
І/Рх
3 сурет - Бюджеттік шектеу
Талғамсыздық қисығының бюджеттік шектеумен жанасқан нүктесі тұтынушы тепе-теңдігін білдіреді. Сурет-5-те U1, U2, U3 болатын бірнеше талғамсыздық қисығы көрсетілген. U1 талғамсыздық қисығы бюджеттік сызықты кесіп өтеді, сондықтан ол тұтынушы үшін тиімсіз болып табылады.
Ү
N
U3
M
4 сурет - Тұтынушы тепе-теңдік жағдайы (пайдалылықтың ординалдық теориясында)
Бюджеттік шектеу бойымен жылжи отыра, біз U2 талғамсыздық қисығына жататын және берілген бюджетте тұтынушы қалауы максиалданатын D нүктесін табамыз. U3 талғамсыздық қисығы U1 мен U2 қисықтарына қарағанда жоғарыда жатыр. Бірақ тұтынушының табысы жағдайында ол қол жетімсіз болып табылады.
2.3 Талғамсыздық қисығын талдау
Абсолюттік шаманың көмегімен субъективті пайдалылықты өлшеу сәтсіздікке ұшырағандықтан, біршама ғалымдар қатары абсолютті шаманы салыстырмалы шамамен алмастыруды және тұтынушы мінез-құлқын оның қалауы көмегімен бейнелеуді ұсынды. Мұндай әрекеттер ХІХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап жарты ғасыр бойы жасалынды.
Ординалисттік (реттік) пайдалылықтың зерттемесін жасауға Ф. Эджоурт, В. Парето, Е. Слуцкий, Р. Аллен және Дж. Хикс сияқты ғалымдар өз үлесін қосты. Осы ғалымдар субъективті пайдалылықты абсолюттік (кардиналистік) емес, тұтынушы қалауын немесе қолданылатын игілік рангін көрсететін салыстырмалы шәкілді қолдануды ұсынды. Сонымен қатар тұтынушыға тек екі тұтыну тауары арасында ғана таңдау жасау керек болады. Тұтынушы қалауы барлық игілікке қатысты, бірақ біз екі тауар жиынтығын ғана алып қараймыз.
Z
U2
K R1 R2 L
Y
R1’ R2’
K’
T1 H2
5 сурет - Талғамсыздық қисығы үшөлшемді жазықтықта
Пайдалылық мөлшері игілік көлеміне байланысты болғандықтан, Х игілігінің пайдалылығы U1 қисығымен, ал Y игілігінің пайдалылығы U2 қисығымен берілген. Үшөлшемді жазықтықтағы екі игіліктің жалпы пайдалылығы Z осінде берілген. U1 қисығындағы кез-келген L нүктесі үшін осы нүктеде тұтынушы үшін пайдалылығы бірдей U2 қисығындағы сондай К нүктесі табылуы мүмкін. Жоғарыдағы барлық К0L нүктелерін қосып, біз нүктелердің геометриялық орны болып табылатын КR1R2L қисығын аламыз. Бұл нүктелердің әрбіреуі пайдалылығы бірдей екі игіліктің жиынтығын көрсетеді. КR1R2L қисығының Y0Х жазықтығындағы К’R1’R2’L’ проекциясы бастапқы қисықтың барлық қасиеттерін сақтайды және талғамсыздық қисығы деп аталады. Талғамсыздық қисығы (indifference curve) тұтынушы үшін бірдей пайдалылыққа ие екі экономикалық игіліктің түрлі комбинацияларын көрсетеді.
Х игілігін пепси-кола, ал Y игілігін гамбургер деп алайық. Тұтынушы үшін 3 гамбургер мен 1 пепси-кола алса да (R1’ нүктесі), немесе 1 гамбургер мен 3 пепси-кола алса да (R2’ нүктесі) бәрібір деп санайық (Сурет-10). Талғамсыздық қисығы тұтынушы көзқарасы тұрғысынан пайдалылығы бірдей пепси-кола мен гамбургердің түрлі көптеген құрамдастығын көрсетеді. Талғамсыздық қисығы неғұрлым жоғары және оңға қарай орналасса, онда бұл қисықта көрсетілген екі игілік құрамдастығы соғұрлым көп пайда әкеледі. Талғамсыздық қисығы картасы дегеніміз жазықтықта бірнеше талғамсыздық қисықтарын бейнелейтін жағдай (Сурет-11).
Y
K’
T1 R1’