Сервис қызметіндегі стратегиялық жоспарлау ұғымы мен мағынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 16:41, курсовая работа

Краткое описание

Маркетингті жоспарлау үш сатыдан тұрады: фирма жағдайының сараптамасы мен қоршаған ортаның сараптамасы (жағдайды зерттеу), мақсаттарды айқындау мен оны жүзеге асыру үшін қажетті маркетингтік құралдарды анықтау.
Жоспарлау екі бөлшектен тұрады – стратегиялық жоспарлау мен маркетингті жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау әдетте болашаққа бағытталған, дегенмен оны ұзақмерзімді жоспарлаумен шатастыруға болмайды. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшелігі сол, онда уақыт өлшемі емес, жоспардың мазмұны есепке алынады.

Содержание

Маркетинг жоспары компанияның бірлескен жоспарының бір бөлігі ретінде
Маркетингтік жоспардың құрылымы
Мақсатты жоспарлау
Стратегияны таңдау
Маркетингтік стратегияның ғаламат бағыттары
Нарықтағы үлеске орай жіктелетін маркетингтік стратегиялар
Нарық сұранысына қарай стратегияны таңдау
Маркетингтік шараларды жоспарлау және олардың шығындарын анықтау

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоспарлау.doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның негізгі функцияларын (өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б.) жүзеге асыру нәтижесі ретіндегі максималды пайда түсіру үшін атқаратын шаралар бағдарламасын құру. Сонымен қатар көптеген кәсіпорындар жоспарлауды пайда болатын диспропорцияларға төтеп беру үшін, ресурстарды рационалды және тиімді пайдалану үшін, өндірістік үрдістің бірқалыптылығын қамтамасыз ету үшін, белгісіздік пен басқа да жағымсыз әсерлерді жою үшін пайдаланады.

Жоспарлау принциптері  жоспарлы қызметтің сипаты мен мазмұнын анықтайды. Жоспарлау принциптерін дұрыс ұстану фирманың тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беріп, жоспарлаудың жағымсыз нәтижелерін төмендетеді.

Кәсіпорын қызметін жоспарлау  келесі принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы қажет [12]:

1. нақтылық және өлшемділік;

2. маржиналдық принцип  (шекті өлшемдер);

3. уақытқа бейімделу және үздіксіздік;

4. қол жетерлік және шынайылық;

5. икемділік;

6. кешендік;

7. келісімділік;

8. міндеттілік.

Жоспарлау принциптерін ұстанудан басқа, жоспарлау жүйесін  қалыптастырып, ойдағыдай іске асыру  үшін алдын ала келесі алғышарттар  болуы керек [13]:

1) Кадрлық, басшылықтың нақты анықталған мақсаттар мен басқару принциптеріне негізделген жоспарлау жүйесі шегінде кәсіпорынды басқаруға дайындығын көрсетеді. Өкінішке орай, отандық кәсіпорын басшыларының бірқатары қазіргі жағдайда жоспарлауға көп көңіл бөлмейді. Әдетте олар қиындықтардың алдын алу үшін емес, қиындыққа ұшырағаннан кейін ғана жоспарлау көмегіне сүйенеді. Сонымен қатар іс-шараларды дұрыс, тиімді жоспарлау үшін білікті мамандар-жоспарлаушылар қажет, қазір көптеген кәсіпорындарында ондай мамандардың тапшылығы байқалады.

2) Ұйымдастырушылық. Сервис аясындағы кәсіпорында жоспарлаудың қалыптасқан ұйымдастырушылық механизмі қажет. Сәйкесінше жоспарлық және ұйымдастырушылық пирамиданы құратын басқару органдары мен ұйымдастыру бірліктері бір-бірімен өзара байланыста болуы керек.

Егер сыртқы фактор тұрғысынан жоспарлау нарық жағдайын алдын-ала  біліп отыруды (болжауды) білдірсе, ішкі факторлар тұрғысынан ол кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмыс  атқаруын білдіреді. Сонымен, жоспарлау  кәсіпорынның ұйымдастырушылық тұтастығын білдіреді.

3) Әдістемелік, кәсіпорында  қолданылатын жоспар жүйесі, оларды  әзірлеудің қалыптасқан әдістемелері. Көптеген кәсіпорындар жоспардың  нақты нысандарынан, оларды бекіту  және орындау мерзімдерінен, бақылау  құралдарынан тұратын жоспарлау әдістемелік іс-құжаттарын өз бетінше қарастырады.

4) Ақпараттық, яғни жоспарлы-бақылау  ақпаратты жинау, өңдеу және  ұсынудың тиімді құралдары. Бұл  құралдарға басқарушылық және  қаржылық есеп жүйесі, болжау-талдау  жүйесі, жарнамалық-әлеуметтанушылық қызмет, электронды өңдеу жүйесі және т.б. жатады. Біз анықтағандай, жалпы түрде жоспарлауды жүзеге асырылатын  іс-қимылдардың алдындағы шешім қабылдау үрдісі ретінде анықтауға болады.

Басқару органдарының алдын  ала қандай іс-шаралар, қай жерде, қай уақытта, қалай жүзеге асырылуы керек екені бойынша шешім қабылдау жоспарлау нәтижесі болып табылады. Жоспарлы шешім қабылдау әрқашан ресурстарды қолданумен байланысты. Сондықтан сервис аясындағы кәсіпорын ресурстары  кәсіпорындағы жоспарлау пәні болып табылады.

Ресурстарды жүйелеу  әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ тәжірибеде жоспарлаудың [14] келесі ресурс топтарын бөліп көрсетеді:

1. еңбек ресурстары;

2. өндірістік қорлар;

3. инвестициялар;

4. ақпарат; 

5. уақыт;

6. кәсіпкерлік дарын.

Ресурстарды жоспарлау  мақсаты – оларды қолдануды оңтайландыру. Ресурстарды жоспарлау төмендегілерді қарастырады: ресурстардың шығын деңгейін, қолдану бағыты мен мерзімін, қолдану тәртібін, ресурстардың өнімдегі комбинациясын және т.б. анықтау.

Ұйымдағы жоспарлау  жүйелеу белгілері бойынша қандайда бір түрге жатқызылады. Сервис аясындағы кәсіпорын қызметінде олардың төмендегі негізгі түрлері қолданылады [15]:

Жоспардың жасалу мерзіміне  қарай: ұзақ мерзімді (перспективті), орта мерзімді және қысқа мерзімді (ағымды) жоспарлау.

Ұзақ мерзімді жоспарлау кезеңі 5 жылдан жоғары, 10-15 және 20 жылды қамтуы мүмкін. Бұл жоспар өндірістің ұзақ мерзімді стратегиясын анықтайды: әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-технологиялық дамуы.

Перспективтік жоспарлауды болжаудан ажырата білу керек. Нысаны бойынша олар бір үрдісті білдіреді, бірақ мазмұны жағынан әр түрлі болып келеді. Болжау – объектінің болашақтағы  даму перспективалары мен оның мүмкін болар жағдайы туралы мүмкіндіктік, ғылыми тұрғыда негізделген ойлардан тұратын алдын-ала көре білу үрдісі. Болжау жоспарланатын нысан немесе үрдістің даму баламаларын анықтап, неғұрлым тиімді нысанды таңдауды дәйектеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда болжау перспективалық жоспарлаудың бір кезеңі болып табылады, онсыз перспективтік жоспарлау ғылыми дәлелдеу емес, жай жорамалдау ғана болушы еді.

Орта мерзімді жоспарлау  – 1 жылдан 5 жылға дейінгі кезеңде  жүргізіледі. Кейбір кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау ағымды жоспарлаумен бірге қатар жүреді. Бұл ретте  бір тізбекті бес жылдық жоспар құрылып, оның бірінші жылы қысқа мерзімді жоспарлауға ұқсайды.

Ағымды жоспарлау 1 жылға  дейінгі кезеңді қамтиды, оған жарты  жылдық, тоқсандық, айлық, апталық (онкүндік) және тәуліктік жоспарлау жатады.

Жоспарлы шешімдердің  мазмұнына қарай стратегиялық, тактикалық, жедел-күнтізбелік және бизнес-жоспарлауды бөліп көрсетеді [16].

Стратегиялық жоспарлау, әдетте, ұзақ мерзімге бағытталып,  шаруашылық етуші субъектінің негізгі  даму бағытын анықтайды. Стратегиялық жоспарлау арқылы қызмет түрлерін кеңейту, бизнестің жаңа салаларын іздестіріп, тұтынушылардың қажеттіліктері мен нарықтық сұранысты қанағаттандыру үрдісін ынталандыру, қандай нарықта қызмет ету, қандай өнім шығару немесе қандай қызмет түрлерін атқару, қандай серіктестіктерді таңдау керектігі туралы шешім қабылданады.

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортаның қарқынды өзгеруі жағдайында бәсеке қабілетілігін сақтауды қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау нәтижесінде кәсіпорын перспективалық мақсаттарды анықтап, оларға жету құралдарын белгілейді.

Тактикалық жоспарлау нәтижесінде фирманың экономикалық, әлеуметтік даму жоспары құрастырылады, ол фирманың сәйкес кезеңге арналған өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік қызметінің кешенді бағдарламасын білдіреді.

Кәсіпорынның тактикалық жоспарын әзірлеу алдында өндірістің қол жеткізілген ұйымдастырушылық және техникалық деңгейін бағалау және шаруашылық қызметінің ішкі резервтерін анықтау мақсатындағы оның қызметінің жан-жақты және терең талдауын жүргізу қажет. Тактикалық жоспарлау жасырын мүмкіндіктерді жүзеге асыруға септігін тигізіп, ол өз кезегінде өндіріс көлемін ұлғайтуға, шығынды азайтуға, өнім сапасын жоғарылатуға, еңбек өнімділгінің өсуіне, капиталдық шығынды азайту мүмкіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тактикалық жоспарлау  негізінде кәсіпорынның құрылым бөлімшелері арасындағы қарым-қатынас қалыптастырылып, өндірістегі ғылыми негізделген қатынастар орнатылады, негізгі қызмет түрлері бойынша, бюджет (смета) әзірлеу, сонымен қатар оларды жүзеге асыруды қадағалау жүргізіледі. Тактикалық жоспарлау, әдетте қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңді қамтиды, ал стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдерде тиімдірек. Бірақ, тактикалық жоспарлау үрдісін тиімді жүргізудің жалғыз мүмкіндігі бар – ол негізгі өнім түрлері мен шығындарды, аса маңызды функцияларды жоспарлау болып табылатындығын естен шығармау керек. Жоспарлардың әр түрлі құрылымында «шығын-өндіру-табыс-баға» байланыстылығы сақталу керек. Керісінше жағдайда тактикалық жоспарлауды қолдану тиімді емес, мақсатқа лайық емес болып табылады.

Бизнес - жоспарлау кәсіпорын  дамуының ағымдық және перспективалық жоспарлауын, қызметтің жаңа түрлерін таңдауды негіздеу мақсатында әзірленеді.

Жоспарлау теориясы мен  практикасында осы үрдістің негізгі  және қосымша аспекттерін қамтитын жоспарлаудың басқа түрлері болуы мүмкін.

Кәсіпорынның қызметінде жоспарлаудың әр түрі қолданылады, жиірек олардың комбинациялары қолданылады. Жоспарлаудың қандай түрін қолдану керектігі көптеген факторларға байланысты (мысалы, фирманың ерекшелігіне байланысты факторлар, қоршаған орта факторлары).

Жоспар құру үрдісі немесе тікелей жоспарлау үрдісі мекемелердің болашақтағы мақсаттары мен оларға жету тәсілдері туралы шешім қабылдауды білдіреді. Жоспарлау үрдісі фирманың жалпы қызметінің негізгі кезеңі болып табылады [17].

Жоспарлау үрдісі – жоспар құру операцияларының жай ғана жүйелілігі емес, сонымен қатар бір оқиғаның артынан міндетті түрде басқасы  болады деген ұғымдағы процедура емес. Бұл үрдіс үлкен икемділік пен басқару өнерін талап етеді. Жоспарлауға қатысатын адамдар міндеттерін жай ғана орындамай, шығармашылық тұрғыда жұмыс істейді.

Жопарлау үрдісі бірнеше  кезеңнен тұрады:

1 кезең. Фирма мекеменің  ішкі және сыртқы ортасына  зерттеу жүргізеді. Ұйымдастыру  ортасының негізгі компоненттерін  анықтайды, олардың ішіндегі мекемеге маңызы барларын белгілейді, осы компоненттер туралы ақпаратты бақылап, жинақтау жүргізеді, ортаның келешектегі жағдайына болжау жүргізеді, фирманың нақты жағдайына баға береді.

2 кезең. Фирма өз  қызметінің бағытын тағайындайды: миссиясын, мақсат жиынтығын. Кей кезде мақсатты белгілеу кезеңі ортаны талдаудың алдында өтеді.

3 кезең. Стратегиялық  талдау. Фирма мақсаттарды (қол  жеткізілетін көрсеткіштер), ішкі  және сыртқы орта факторларының  (қол жеткізілетін көрсеткіштерге  кедергі  болатын) зерттеу нәтижесін салыстырады, олардың арасындағы үйлеспеушілікті анықтайды. Стратегиялық талдау әдістері көмегімен стратегияның әр түрлі нысандары қалыптастырылады.

4 кезең. Баламалы стратегияның  бір түрі таңдалып, талқылау жүргізіледі.

5 кезең. Фирма қызметінің  түпкілікті стратегиялық жоспары дайындалады.

6 кезең. Орта мерзімді  жоспарлау. Орта мерзімді жоспар  мен бағдарламалар дайындалады.

7 кезең. Стратегиялық  жоспар мен орта мерзімді жоспарлау  нәтижелері негізінде фирма жылдық жедел жоспар мен жобалар жасайды.

8 кезең. Жоспарланған шешімдерді жүзеге асыру бойынша қызмет. Осы қызметтің қорытындысы болып мекеме қызметінің нақты көрсеткіштері саналады.

9 кезең. Нәтижелерді  бақылау. Бұл кезеңде нақты  қорытындыларды жоспарланған көрсеткіштермен  салыстырады, сонымен қатар мекеменің қажетті бағыттағы жұмысын түзету үшін алғы шарт жасалады. Бақылау кезеңдердің ең соңғысы болғанына қарамастан, оның мәні өте зор, өйткені ол мекемедегі жоспарлау үрдісінің тиімділігін қарастырады.

8 және 9 кезеңдер жоспарлау  үрдісінің тікелей сатысы болмаса да, жаңа жоспар құрудың келесі алғышарттарын айқындайды: мекеме өз жоспарын жүзеге асыруда қандай жұмыс жасады және жоспарлы көрсеткіш пен нақты орындаудың арасындағы алшақтық қандай.

Жалпы алғанда жоспарлау  үрдісі тікелей (стратегияны әзірлеуден бастап, оперативтік жоспарларды анықтау және оны жүзеге асыру мен бақылауға дейін) және кері (орындау нәтижесін есептеуден жоспарды қайта тұжырымдауға дейін) байланыстағы тұйық цикл.

Жоспарлау үрдісінің  нәтижесі жоспарлар жүйесі болып  саналады.

Жоспарлау үрдісі күрделі және әр түрлі болып келеді. Онымен жоспар жүйелерінің кешенді сипаты анықталады, оларды келесі элементтерге бөлуге болады:

1. стратегиялық жоспар, басқаша айтқанда фирманың бас  жоспары (әдетте алдыңғы бес  жылға жасалады). Стратегиялық жоспар мекеменің келешектегі орнын анықтайтын миссияны, жалпы мақсаттарды, стратегиялық іс-қимылын қамтиды. Стратегиялық жоспарға мекеменің ғаламдық бағдарламалары кіреді.

2. Фирманың жалпы жоспарлары, стратегиялық жоспардың жалғасы  ретінде құралған және мекеменің басты міндеттерін анықтайды. Осы жоспарлардың негізін даму жоспары құрайды, ол фирманың жаңа қызметін құру үшін қажетті іс-шаралар жиынтығын қосады. Көбінесе даму жоспары бизнес-жоспар түрінде жасалады.

3. Мекемелердің оперативтік  жоспарлары: ағымды қызметтегі «шаруашылық жоспарлар» немесе «табыс жоспарлары» деп аталатын жалпы фирмалық жоспар, олар 1 жылға есептеледі. Ағымды қызметтегі жоспарлар көмегімен тауарлар мен қызметтер өндіріліп, нарыққа шығарылады; бөлімшелердің ағымдық жоспарлары, оның ішінде бюджеттік, ағымды қызметтің жалпы фирмалық жоспарларды толықтырады.

4. Жоспарлау үрдісінің  нәтижесі жоспардан басқа бағдарламалар  (немесе жоспар-бағдарлама) және  жобалар болып келеді.

Бағдарламалар мекеменің  экономикалық өміріндегі ең басты аспекттерінің дамуын анықтайды. Ол технологияны жетілдіру бағдарламасы, сапаны бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, қорлардың қозғалысын есепке алу бағдарламасы және т.б. болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды  ескере отырып, келесілерді атап өтуге  болады: туристік кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін жоспарлауға ерекше көңіл аудару керек.

Информация о работе Сервис қызметіндегі стратегиялық жоспарлау ұғымы мен мағынасы