Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін, жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау. Осының негізінде курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................2
Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы..........................................................4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні...........................................4
1.2. Лизингтің түрлері...............................................................5
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар.....................16
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы..................................................................................22
Қорытынды.............................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovaya.doc

— 218.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде біздің еліміздің кәсіпорындары көбінесе моральді және физикалық тозған негізгі қорларды пайдалануда. Оларды жаңарту қажеттілігі өте жоғары. Бірақ та Республикамызда әр түрлі салада керекті әртүрлі негізгі қорларды шығаратын өндіріс жоқтың қасы. Мамандардың есептеуі бойынша агроөнеркәсіпке керекті 1500 машина түрінің 11-і ғана шығарылады.

Қазіргі кезде ең күрделі  мәселелердің бірі агроөнеркәсіпке  керекті құрал-жабдықты алу үшін конкурстық негізде лизинг беруші компанияны іздеп табу.

Қазақстан Республикасындағы  лизингтің дамуын тежеп отырған факторларына келсек, оларды былайша көрсетуге болады.

1994 жылы лизингтік инфрақұрылымды кең көлемде дамытатын жыл болды. Бұл көптеген нормативтік актілерде көрсетілген лизингтік қатынастың субъектілеріне берілген жеңілдіктің негізі болды деп есептеуге болады. Осындай құжаттардың бірі № 206 1994 жылғы 12 желтоқсандағы «Шетел инвестициясы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңы болып табылады. Онда отандық лизингтің нарыққа мемлекеттен қолдау және экономикалық жағдай жасайтындығы көрсетілген. Бірақ осыған қарамастан қазіргі кезде лизингтің дамуына келесідей факторлар әсер етуде:

- Шетелде «лизинг»  деген термин 3 жылдан жоғары қаржы арендалық қатынастарға қолданылады. Біздің елімізде ұзақ мерзімді инвестицияға әлі жағдай жасамаған. Банктердің ұзақ мерзімді несиелеудегі тәуекелді жабатын салық заңнамасын жасау керек.

- Лизингтік нарықтың  инфрақұрылымының дамымауы.

- Лизингтік компанияларда  жоғары дәрежелі мамандардың  жетіспеушілігі.

- Кепіл жүйесінің дамымауы. Тәуекелден құтылу үшін 100% залог лизингте (мысалы, сақтандыру).

Қазіргі таңда лизингке, оның ішіне қаржылық лизингке қосқанда Қазақстанда көп сұраныс жоқ, бірақ та осымен көптеген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.

Лизингтік бизнесті ұстап  отырған факторларға еліміздегі заңның жеткіліксіздігін айтуға болады, «Қаржылық лизинг» туралы заң, салық және кеден кодекстері көптеген өзгерістерді талап етеді. Қазақстан әлі 1986 жылы шыққан «Қаржы лизингі» туралы халықаралық конвенцияға қосылған жоқ. Нарыққа тәуекел үлкен қаржыландыру мерзімі өте қысқа, алғашқы салымның деңгейі жоғары, ресурстардың құны жоғары. Тәжірибе көрсеткендей лизингтік операция егерде бизнес-жоспарды жақсы жасағанда ғана екі жаққа тиімді болады.

Сол секілді лизингтік  қызметті дамытудың бір жолы лизингтік  іс-шараларды сақтандыру болып табылады.

Лизингтік іс-шараларда  сақтандыруды айта отырып келесілерді  көрсете кеткім келеді. Сақтандыру ерікті түрде жасалады, ал егерде келісімшартта басқаша көрсетілсе, онда екі жақ оны өздері қарастырады.

Лизингтік келісімшартта келесі тәуекелдерді сақтандыру мүмкін: мүліктік тәуекел, қаржылық тәуекел, саяси тәуекел, азаматтық және профессионалдық жауапкершіліктердегі тәуекел, жұмысшылардың  өмірі мен денсаулығының тәуекелі, акционерлер тәуекелі, интелектуалды меншік объектісімен байланысты тәуекел.

Жоғарыда аталған тәуекелдерді сақтандыруды барлық сақтандыру компаниялары құқылы. Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі осы сақтандыру компаниялары мен ІІ деңгейлі банктердің бақылаушысы  болғандықтан, олар Ұлттық банкке, лизингтік операция жайында есеп беріп отырулары керек.

Жоғарыда айтылып жатқан проблемаларды шешпей лизингтік  компанияларды, дәлірек айтсақ, лизинг нарығының дамуы мүмкін емес.

Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясында негізгі қорды  жаңалау және елімізде өндіріс секторын дамыту мақсаты қойылғаны белгілі. Әсіресе, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге ниет білдіріп отырған қазіргі кезеңде оның маңызы зор. Шағын және орта бизнес саласында аталмыш міндетті жүзеге асырудың ең тиімді тетігі лизинг болып табылады. Қазақстанда лизингті дамытуға қолайлы жағдайлар толық жасалған. Ал бұл өз кезегінде әділетті бәсекелестікті дамытуға түрткі болумен бірге лизингтік қызметтердің сапасын арттыруға да жол ашып отыр.

Бүгінгі таңда қосалқы  құн салығынан босатылатын импорттық негізгі құралдар тізіміне қатысты проблема айрықша өзекті болмақ. Тізімге жуырда қол қойылады деп күтілуде. Оған мұнай-газ саласы, азық-түлік өнеркәсібі, баспахана ісі және т. б. салалардағы өндірістік жабдықтар қамтылған.

Қазір елімізде 20-ға жуық лизинг компаниясы жұмыс істейді. Олардың 8-і отандық коммерциялық банктердің салалық компаниялары болып табылады. Қазақстанда лизинг саласын дамыту жөніндегі жоба сарапшыларының бағалауынша 2006 жылы елімізде лизингтік қызмет түрлерінің көлемі шамамен 190 млн. долларды құрады. Соңғы уақыттарда заңнамаларға лизинг процедурасын жеңілдетуге, соның ішінде проценттік сыйақыларды анағұрлым төмендетуге салық жеңілдіктері аясын кеңейтуге бағытталған өзгерістер енгізілген.

1.07.2007 ж. ҚР-да 51 лизингтік компания тіркелген. Оның ішінде, ірісі – 19 компания. 2007 жылы 4 лизинг компаниясы тіркеуден өтті, 1компания тіркеу қызметін аяқтады. Сонымен қатар 9 лизингтік компаниялар өз қызметін түрлі себептерге байланысты уақытша тоқтатты.

2006 ж. 1899 лизингтік келісімдерден лизенгке 437,4 млн. АҚШ долл – на  мүлік берілді. IFC-тің (International Financial Corporation) бағалауы бойынша ҚР-ның лизинг нарығы 2007 ж. 600-700 млн. АҚШ долл. құрауы керек.

Қазақстан экономикасының қуатын одан әрі күшейту үшін елімізде халықаралық лизингті дамыту керек, бұл дегеніміз өз алдына бір өзекті мәселе.

Қазақстанда лизингтің  даму жолы біздің көзқарасымызша келесідей 3 негізгі бағытқа байланысты.

  1. Экономиканың барлық саласындағы моральді және физикалық тозған негізгі құралдарды тез, әрі түбірімен ауыстыру.
  2. Инфляция деңгейін төмендетумен қоса, инвестициялық белсенділікті арттыру.
  3. Мемлекеттік қолдау және ынталандыру арқылы Ұлттық экономикадағы шағын және орташа бизнесті дамыту.

Шаруашылық кешендегі инвестиция жоғарылату – ол лизингтік іс-шараны тезірек дамыту болып табылады. Оны жүргізу механизмі тек ғана бос қаражатқа тірелмей, сонымен қатар дамып келе жатқан шағын және орта бизнеске де арқа арту керек.

Сонымен елімізде лизингтің  бизнестің дамуы Қазақстанда инвестицияны белсендірудің және негізгі құрал-жабдықтарды ауыстырудың бірден-бір жолы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Лизинг еліміздің экономикасының маңызды тетігі ретінде қалыптасып келе жатыр. Инвестиция тартуда ел экономикасын көтеруде, ел экономикасын өмірге қажетті салаларына капитал әкелуде, шағын бизнеске нақты қолдау көрсетуде коммерциялық банктер мен лизингтік фирмаларға ұзақ және орта мерзімділік табыс әкелуде көптеген рөл атқарды деген болжаулар бар. Сонымен жоғарыдағыларға қарап лизингтің Қазақстанда дамуына көптеген мүмкіндіктер бар.

Лизингтің дамуының әлемдік  тәжірибесін зерттеу, оның теориялық  негіздерін, сондай-ақ, Қазақстандағы лизингтік бизнестің даму жай-күйін, проблемалары мен перспективаларын қарастыру мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Экономикалық және заң әдебиеттерінде лизинг ұғымына бірдей түсінік берілмейді. Қазіргі кезде оның жүзден астам анықтамасы бар. Оның мәні мен пайда болуы туралы да болжамдар көп. Сол сияқты лизинг ұғымын түсіндіру тұжырымдамалары әрбір елде әр түрлі. Сондықтан да Қазақстанда да осы құбылыстың өзіндік түсінігі ұсынылғаны жөн. Бұл ел экономикасы алдында тұрған ерекшеліктер мен иіндеттерді ескергені абзал.
  2. Лизингтің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарға келгенде батыстық стандартты талдамай көшіріп ала салуға болмайды. Оны ел ерекшелігіне орайластырған жөн.
  3. Жалпы Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:

  I кезең (1989-1992 ж. ж.). Республикамыздағы лизингтік бизнесінің туындауы. Бұл кезеңде бірінші рет елімізде лизингтік компаниялар құрылды. Лизингтік фирмалар мен кейбір коммерциялық банктер лизингтік операцияларды жеке түрде және аздаған көлемдерде жүзеге асырды.

II кезең (1992-1994 ж. ж.). Ішкі нарықтағы жұмыссыз экономикалық жағдайларға байланысты лизингтік бизнестің үдеуінің төмендеуі.

III кезең (1995-1997 ж. ж.). Елде лизингтік бизнестің қайта бас көтеріп, қалыптасуға бет алу, мемлекеттің лизингтік бизнеске қолдау көрсету кезеңі.

IV кезең (1998-2005 ж. ж.). Лизингтік бизнестің дамып, қалыптасып, өрлеу кезеңі. Осы кезеңде көптеген лизингтік компаниялар жұмыс істеп, нормативтік құқықтық база жасалды.

Осының негізінде Қазақстанда  лизингті ұйымдастырудың төрт негізгі  бағыты шығады:

  • мемлекеттік лизинг немесе толықтай мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын лизинг;
  • коммуналдық (муниципалдық) лизинг немесе жергілікті бюджеттен қаржылыландырылатын лизинг;
  • коммерциялық лизинг, мұны толықтай коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар өз қаражаты және заем қаражаты есебінен жүзеге асырады;
  • аралас лизинг немесе мемлекет пен коммерциялық құрылымдардың үлестік қатысуы арқылы жүзеге асырылатын лизинг. Мұндайда мемлекеттік және жергілікті органдар – Үкімет, министрліктер мен ведомствалар, әкімшіліктер кепіл ретінде әрекет етеді немесе лизингтік мәмленің белгілі бір бөлігін бюджеттен қаржыландырады.

Қорытынды лизингті несиеге  арзан айырбас еместігін айта кетуге болады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, лизингтік бизнесті дамытуда кешенді бағдарлама жетіспеуге болады деуге болады. Оның құрамында келесідей элементтер болуы мүмкін:

  • Құрамында мамандарды дайындайтын, көрсетілетін қызметтерді жариялайтын ақпарат болатын лизингтік нарықтың инфрақұрылымын дамыту;
  • Лизингтік келісімшартты несиелеуде банктермен кең көлемде жеңілдіктер берілсе (3 жылдан жоғары).
  • Кепіл жүйесін дамыту.
  • Қазіргі кезде қолға алынған мәселелермен қоса (халықаралық лизнгтік келісімшарттарда валюталық бақылаудың болмауы) лизинг шегіндегі шетел инвестиция тартуды қадағалау.

Осындай бағдарлама коммерциялық банктердің қысқа мерзімді тәуекелі жоғары операциялармен қызмет істегенше, ұзақ мерзімді экономикагы қаржыландырудан тұрақты пайда алуға итермелейтін болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңы. //Егемен Қазақстан 12/VII-2000
  2. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях» от 28 декабря 1994 года (с изменениями)
  3. Программа развития лизинга в РК на 2006-2007 годы
  4. Абраимов Р. Развитие финансового лизинга в РК: реальность и перспективы //Аль-Пари 2006 г. № 4-5
  5. Айманова Л., Оралбаева Ж. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы //Аль-Пари 2006 г. № 4
  6. Комаров В. Реальная помощь реальному сектору //Развитие лизинговых отношений //Риск 1999 г. № 2-3
  7. Лизинг: Эффективные возможности инвестирования и реструктуризации производства //Бизнес 2006 г. № 3-4
  8. Сагадиев К. Лизинг в Казахстане: проблемы и перспективы развития. Азия-ЭЖ //1998 г. № 13
  9. Менсен Т., Цыганов А. Страхование лизинговых сделок в сфере малого бизнеса //Финансы 2005 г. № 13
  10. Сайденов А. «Операция лизинг» //газета «Казахстанская правда» № 209-210 от 28.09.2006 г. Стр. 6
  11. Национальное статистическое агенство РК.
  12. Национальный банк РК http://WWW.nationalbank.kz
  13. Тлеужанов Е., Киреева К. Лизинг – форма инвестиционного финансирования //Аль-Пари 2005 г. №4
  14. Газман В. Д. «Лизинг: теория, практика, коментарии» 1997 г.



Информация о работе Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары