Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа
Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін, жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау. Осының негізінде курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.
Кіріспе .......................................................................................2
Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы..........................................................4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні...........................................4
1.2. Лизингтің түрлері...............................................................5
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар.....................16
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы..................................................................................22
Қорытынды.............................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................30
Оны шаруашылық іс-тәжірибесінде қолданудың нәтижесінде қол жеткізуге болатын лизингілік мәмленің тиімділігі мыналарда: лизинг алған кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жақсартады, инвестициялық процесті жандандырады, шағын және орта бизнестің бәсекеге жарамдылығын арттырады.
Қаржылық лизинг – банк лизингке алушының тапсырысы бойынша сатып алған жабдықты немесе техниканы клиентке жалға беру, ал жал мерзімі аяқталған кезде сол мүлікке меншік құқығы да клиентке беріледі.
- лизинг өндіріс құралдары
қоры нарықтың заманымызға
- лизинг лизингке алушының таза табысын сақтай отырып және оның тиімділігін кемітпей, негізгі құралдарын көбейтуге мүмкіндік береді.
- лизинг негізгі борыш
сомасын өтеу жөнінен лизингке
алушыға белгілі бір кезеңге
жеңілдік жасайды. Бұл орйда
ерекше айта кететін мәселе
– Қазақстан нарығындағы
- лизинг шарты бойынша
лизингке алушы барлық
Лизнгтік келісімшарттың мерзімі біткенде лизинг алушының мыналарға мүмкіндігі бар болады:
Лизинг алушы мүлікті иеленумен байланысты, мысалы, оның сапа жағынан тозуымен, өндірілген өнімге деген сұраныстың өзгеруіне қарай пайдалылықтың кемуімен, құрал-жабдықтың сынуымен, құрал-жабдықтың бос тұрып қалуы және жөндеуден өтуі салдарынан туындайтын тікелей және жанама өнімсіз шығынның тартуымен байланысты қатерлерден оперативті лизингтің көмегімен қашып құтылуға ұмтылады. Сол себепті де лизинг алушы оперативті лизингті мына жағдайларда қолайлы деп санайды:
Оперативті лизингтің осы айтылған ерекшеліктері оның ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс салу, ақпаратты электрондық өңдеуден өткізу секілді салаларда қолдануын белгілеп берді.
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар
Leaseurope еуропа лизинг компаниялары ассоциациясының деректері бойынша, қауымдастыққа мүше 25 елдің лизингтік операцияларының жалпы көлемі 1994 жылы 85,3 млрд. ЭКЮ болған. Бұл жыл соңғы жылдардағы құлдырау кезеңдеріне қарағанда өрлеу, лизингтік қызметтің жандану кезеңінің басы болды.
1994 жылы Еуропа Одағының 12 елінің өнеркәсіптік өндірісі 5,2%-ке өсті. Сондықтан экономикалық белсенділіктің артуы сол сәтінде-ақ лизингтік операциялардың 7 процентке өсуіне әсер етті.
Leaseurope мүше елдердің лизингтік операцияларының басым бөлігін жылжымалы мүліктермен операциялар құрайды. Алайда соңғы 9 жылдағы статистика жылжымайтын мүлікпен лизингтік операциялардың үлесі жыл өткен сайын қарқыны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бір қызығы, бұл үрдіс экономика көтерілген кезде де, сол сияқты құлдырау кезінде де сақталған. Дегенмен жекелеген елдердің лизингтік операцияларының көлемі әр түрлі. Сондай-ақ лизингтік қызмет туралы заңның болуы мен болмауы арасындағы байланыстың лизингтік операциялардың көлеміне әсер етуі жөнінде бір байлам жоқ. Мысалы, Германияда лизингтік қызмет арнайы заңмен реттеледі, ал жалпы инвестиция көлеміндегі лизингтің үлесі орташа деңгейде – 1994 жылы 15,8% болды. Жалпы Германия Еуропа мемлекеттерінің арасында лизингтік операциялар көлемі жөнінен көшбасшы болып табылады. Ал лизингтікке арналған заңдары бар Франция мен Португалияда лизингтік операциялардың көлемі айтарлықтау емес.
Жалпы ұлттық инвестициялардағы лизингтің үлес салмағы бойынша екі негізгі ел – Ирландия (46%) және Англия (35,8%) көшбасшы болуда. Бұл ретте Англиядағы лизингтік операциялардың номиналдық сомасы немістердікінен қалыса қоймайды (18,853 млрд. ЭКЮ). Ирландияда бұл көрсеткіш аз – 1,05 млрд. ЭКЮ. Үшінші топқа Шығыс елдерін жатқызуға болады. Оларда бір таңқаларлығы лизингтік операциялар енді енді дамып келеді. Абсолютті көлемі мен үлес салмағы төмен, бірақ өсу үрдісі байқалады. Бұлардың қатарына Чехия қосылмайды. Былтыр олврдың лизингтік операцияларының жалпы көлемі 817 млн. еуроға жетті. Бұл Норвегия мен Германиядан анағұрлым көп.
а) АҚШ-та лизинг ХХ ғасырдың 50-жылдарында пайда болған. АҚШ-тың үлесіне лизинг бойынша жеткілілетін тауар айналымының жартысына жуығы келеді. 1986 жылы АҚШ-қа лизинг бойынша 85 млрд. долларға жабдық жеткізілді (елдегі жабдыққа инвестицияның 28%).
АҚШ-та лизигтің жылдам дамуының бір себебі салық жеңілдіктері болып табылады: жеделдетілген амортизация және инвестициялық салық жеңілдігі (жаңа инвестиция құнының 10%-не дейін салық сомасы шегерілді). Мысалы, жабдық сатып алу бойынша шығыстар – 100 000 доллар, инвестициялық жеңілдік – 10%, 100 000 доллар салық сомасы шегеріледі. Бірақ салықтық жеңілдіктер алу құқығы шарт АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Ішкі кірістер басқармасының жалдау үшін белгілеген ережелеріне сәйкес келгенде ғана ұсынылды. Ол ережелер мынадай:
1994 жылға дейін фирмалар
оның құнын өз баланстарында
көрсетпей-ақ жабдықты жалға
- мәміле соңында еншік құқығы жалдаушыға өтеді;
- лизингтік мәміле
жабдықты мәміле соңында
- мәміле мерзімі пайдалы қызмет ету мерзімінен көп немесе 75%-не тең;
- лизингтік төлемдердің ағымдағы құны (сақтандыруға, басқаруға, салыққа төлеместен) жабдықтың қалыпты нарықтық бағасынан артық немесе 90%-не тең.
Егер мәміле осы талаптардың тіпті болмағанда біреуін қанағаттандырса, онда мүлік жалдаушының балансында пассивте корреспонденттелетін борыштық міндеттеме («Қаржылық лизинг бойынша міндеттеме») ретінде есепке алынады. Егер мәміле жоғарыда көрсетілген талаптардың ешқайсысын да қанағаттандырмаса, онда мүлік жалдаушының балансына қосымша ретінде есепке алынады.
1986 жылдан бастап лизинг үшін жағдай салық негізінде өзгерді, өйткені үкімет мұның астарынан «басқа мемлекеттердің игілігіне субсидияны» байқады («Салық жеңілдіктерінің экспорты»). Инфляция шапшып тұрған 60-70 жылдары енгізілген салық жеңілдіктері 80 жылдардағы экономика тұрақтанғандағы кезеңде күрделі қаржы салымын ынталандырушы тиімді құрал бола алмады. АҚШ-тағы салық реформасы салықтық инвестициялық жеңілдікті және амортизация саласын өзгертуді жою арқылы салық жеңілдіктердің қолжетімділігін қысқартты. Салық реформасы лизингтің экономикалық пайдасын едәуір төмендетті, әйтсе де оның дамуы тоқтамады.
Мұның мәні лизингтік мәмлелерді өтеу жай несиелерді өтеуге қарағанда сонда да икемді болды. АҚШ-та көптеген лизингтік компаниялар басқа кредиторларға қарағанда жабдықты жақсы біледі. Өйткені лизингтік компанияның кредит беруге мүмкіндігі мәміле мерзімі өткеннен кейін жабдық сата алу мүмкіндігіне байланысты, сондықтан да компаниялар барынша құнды және тиімді жабдықтың лизингіне мүдделі. Мұндай жағдайда олар осындай барлық тәуекелді қарсылықсыз алады. Бірқатар салық жеңілдіктері әйтсе де сақталады.
Соңғы уақытта қайтармалы
лизингтің (мұнай танкерлері, теміржол
контейнерлері, компьютерлер, ұшақтар),
жедел лизингтің (көлік, баспа жабдығы)
маңызы артуда. Әсіресе авиацияда
ерекше жеңілдіктің болмауына қарамаст
б) Ұлыбританияда 1970 жылдан кейін елеулі дамыды, яғни салық жеңілдіктерін енгізгеннен кейін дамыды. Компаниялар жылына салық салынатын пайдадан 100% инвестицияны шеге алды. Бұл жеңілдіктер табысы жоғары компаниялардың қолжетімі болды, алайда жанама түрде жалдаушыларға да қолжетімді болды. Сондықтан, ол инвестицияны жыл басында жасаған болса, онда оған осы жеңілдіктерден пайда алу үшін біршама уақыт күтуге тура келді. Бірақ ол жабдықты лизингтік компанияға сатып, кейіннен оны жалға алса (лизингтік компанияда қаржылық жыл ертерек болу шартымен), онда жанама пайдалар тезірек алынды. Сондықтан лизингтік компаниялар қаржылық жылының соңына әртүлі аяқталатын филиалдар ашады. Салықтық инвестициялық жеңілдік өтеусіз, ол жалдау төлемдеріне салық арқылы кері қайтады, дегенмен ол мүлік құнының 52%-не тең болатын прцентсіз несие ұсынады, бұл жалдаушы үшін лизинг құнынан көрінеді.
1984 жылы үкімет корпорациялық салықтың 1986 жылдың сәуіріне қарай 52%-тен 35%-ке дейін төмендетілетінін, ал бірінші жылдағы 100 проценттік жеңілдік 25 проценттік регрессивті (writing down) жеңілдікпен ауыстырылатынын (25% - бірінші жылы, 25% қалдық - екінші жылы және т. б.). Өзгерістер біртіндеп жүрді.
Өйткені корпорациялық салық біртіндеп қысқарды, ал өзгерістер лизингтің дамуында бірден көрінбеді. Салық жеңілдіктерінің бір бөлігі сақталды. Бұл электронды өнеркәсіп саласындағы лизинг үшін өте пайдалы. Сонымен бір жыл ішінде жалдау төлемдеріне салық салынбайды. Енді мұны анығырақ түсіну үшін төмендегі кестеге назар аударайық.
1-кесте. Ұлыбританиядағы
лизингке салынатын салық
Қаржылық жыл |
Салық ставкасы, % |
Бірінші жылдағы жеңілдік, % |
1983/84 ж. дейін |
50 |
100 |
1983/84 |
50 |
100 |
1985/86 |
45 |
75 |
1986/87 жылдан 2006 жылға дейін |
40 |
50 |
35 |
25 |
Кейіннен лизинг көлемі инвестицияның көлемі қанша болатынына, табыс деңгейі төмен компаниялардың қанша және компаниялардың қаншалықты лизингті өз инвестицияларын қаржыландыру үшін пайдалануын жалғастыратынына байланысты болады.
в) Франция. Лизинг мұнда кеңінен таралған, әсіресе оның «креди-бай» деген түрі танымал. 1967 жылдың сәуірінде бірінші француз компаниясы «Локафранс» құрылды. Қазіргі кезде Францияда ұшақтар мен тікұшақтар, кемелер мен баржалар, көтеру-көлік жабдықтары, контейнерлер, есептеу техникалары, медицина жабдықтары, полиграфия, ірі өнеркәсіп жабдықтары лизингтері дамыған.
Франциядағы лизингті «BNP/Bail» тобының мысалымен қарастырып көрейік. Оған «Natio Equipment», «Natio Location», «Natio Energie», «Locafinance», «Natiofail», «Natiocredifail» компаниялары кіреді. Францияда жылжымалы мүлікпен лизинг 1960 жылы басталған, ал «Лизинг туралы» заң 1966 жылы қабылданған. Заң жалдаушыға қайта сату кезінде жабдыққа құқықты беруге салықты (ол беру сәтінде жабдық құнынан есептеледі), құқықты үшінші тұлғаға беру салығын, қосылған құнға салықты (беру балансы мен бағасы бойынша құнның айырмасына) енгізді. «Natio Equipment» жалдаушыға талдау құқығын ұсынады.
2-кесте. Лизингтегі
амортизация мерзімі мен
№ |
Амортизация мерзімі |
Келісімшарттың ең төменгі ұзақтығы |
1 |
3 жыл |
3 жыл |
2 |
4 жыл |
3 жыл |
3 |
5 жыл |
4 жыл |
4 |
6-7 жыл |
5 жыл |
5 |
8 жыл |
6 жыл |
6 |
10 жыл |
7 жыл |
Информация о работе Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары