Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін, жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау. Осының негізінде курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................2
Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы..........................................................4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні...........................................4
1.2. Лизингтің түрлері...............................................................5
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар.....................16
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы..................................................................................22
Қорытынды.............................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovaya.doc

— 218.00 Кб (Скачать документ)

 

  1. Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы бойынша лизинг келесідей түрлерге бөлінеді:

                -Мүлікке, табысқа, ҚҚС, әр түрлі  ағымдарға, жеделдетілген амортизация  және тағы басқаларға салық  салу бойынша жеңілдіктерді қолдану;

                -Жеңілдіктерді пайдаланусыз.

Лизинг операцияларының  техникасы a және б тізбегінде төменде көрсетілген.

Кейде лизингтік компанияның  лизинг операцияларын жүзеге асыру  үшін қаражаты жетпей қалған жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизиннгке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.

 

 

 

 

 

А.

1) құрал-жабдыққа тапсырыс  беру;

2) құрал-жабдық үшін  төлем;

3) құрал-жабдықты жеткізу;

4) лизингтік төлемдер.

 

Б.

  1. Банк пен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі;
  2. Лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді;
  3. Лабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады.
  4. Лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады;
  5. Жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды;
  6. Лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді;
  7. Лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

 

Мұндағы лизингтік  төлемдердің жалпы сомасының  есебі төмендегідей формуламен есептеледі:

 

ЛТ=АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС

 

Мұндағы,

ЛТ – лизингтік  төлемдердің жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы  амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлем;

КТ – лизингтік  келісімшарт бойынша мүлікті  бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ – көрсеткен  қызмет үшін қосымша төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің  көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

 

Амортизациялық  аударымдар (АА) сомасының формуласы:

 

                                       БҚ * На

                              АА = ¾¾¾¾         

                                           100

Мұндағы,

БҚ – мүліктің баланстық құны;

На  - амортизациялау нормасы (%);

 

Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:

 

                                 НР * НС

                        НТ = ¾¾¾¾¾          

                                    100

 

Мұндағы,

НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;

НС – несие үшін сыйақы мөлшері.

Несие ресурс (НР) шамасының анықталу формасы:

 

                                                        Қб -  Қа

                                   НР = ¾¾¾¾¾

                                                     2

 

Мұндағы,

Қб  - мүліктің жыл басындағы құны;

Қа  - мүліктің жыл аяғындағы құны.

 

Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:

 

                                              НР *  Кс 

                                 КТ = ¾¾¾¾¾       

                                                 100

Мұндағы,

Кс  - комиссиондық сыйақы мөлшері.

 

Банктің қосымша  көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

 

                      ҚТ = Ші + Шқ  + Шж + Шб             

 

Мұндағы,

Ші – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;   

Шқ  – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;

Шб басқа да шығыстар.

 

Лизингтік операцияның  негізгі элементтері:

  • келісім-шарт объектісі;
  • келісім-шарт субъектісі;
  • лизингтік келісім-шарттың мерзімі (лизинг кезеңі);
  • Лизингтік төлемдер;
  • Лизинг бойынша көрсететін қызметтер.

 

Лизинг объектілері. Өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез-келген түрі лизингтік келісім-шарттың объектісі бола алады.

Лизинг субъектілеріне келісім-шарт объектісіне тікелей қатысы бар тараптар жатады. Бұл арада оларды тікелей қатысушыларға және жанама қатысушыларға бөлеміз.

Лизингтің келісім-шарттың  тікелей қатысушыларына мыналар жатады:

                - лизинг формасы және компаниясы (лизинг беруші немесе жалға беруші);

                - өндірістік (өнеркәсіптік), сауда,  көлік кәсіпорындары мен халық  (лизинг алушылар немесе жалға  берушілер);

Лизингтік келісім-шарттың  жанама қатысушыларына мыналар жатады:

                - келісім-шарттың кепілдігі ретінде алға шығатын әрі лизинг берушілерді несиелейтін және инвестициялық банктер;

                -  сақтандыру компаниялары;

                -  брокерлік және өзге де  делдалдық фирмалар.

 

Лизингтік келісім-шарттың  мерзімі. Лизингтік келісім-шарттың әрекет ету мерзімін лизинг кезеңі деп ұғуға болады.

 

Лизингтік төлемдер. Лизингтік операцияның жобасында ең күрделі сәтке лизинг берушінің тиесілі лизингтік төлемдердің (жалдаудың ақысын) сомасын анықтау жатады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді лизингтің төлемінің сомасы тауар нарығының конъюктурасымен анықталады. Ұзақ мерзімді лизингте лизингілік төлемдердің есеп айырысу негізіне әдістемелік тұрғыдан негізделген есеп айырысу жатады.

 

Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер. Лизинг әр түрлі қызмет көрсетулермен сипатталынады. Бұл қызмет түрлерін лизинг беруші ұсынады.

 

Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым  несиелдерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

                - Лизингтің көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Ол бұлай: лизингтік келісім-шарт жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);

                - Лизинг 100 пайызға дейін несиелеуді  ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа  мерзім ішінде өзінің меншікті  капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

                - Кәсіпорынға мүлікті несиеге  сатып алғаннан, лизинг бойынша  алған қолайлы, себебі, бұл жерде  ол мүлік кепіл ретінде болады.

                - Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

                - Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

             -  жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлануынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

            -   ұйымдастырудың күрделілігі;

            -  лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескерген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның  орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

  Лизингтік контракт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмлелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.

Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т. б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

Іс жүзінде кез келген лизингтік  контракт мынадай элементтерді қамтуға  тиіс:

  1. Объектісі.
  2. Жабдықтау мерзімі.
  3. Лизингке алу мерзімі.
  4. Лизингке берушінің меншікті құқы.
  5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
  6. Құрал-жабдықты пайдалану.
  7. Күту, жөндеу және жаңарту.
  8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.
  9. Сақтандыру.
  10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
  11. Төлемді кешіктіргені үшін пеня.
  12. Сатып алу мүмкіндігі.
  13. Келісімшартты бұзу шарты.
  14. Құрал-жабдықты қайтару.
  15. Салықтар, баждар.
  16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
  17. Тараптардың қосымша құқықтары.
  18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
  19. Кешіктіру шарты (контракт кепілдеме алуына байланысты күшіне мінеді және т. б.)
  20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы, баланс).
  21. Тараптардың қолдары.
  22. Тараптардың орналасқан жері.
  23. Қосымша (материалдардың және т. б. сипаты).
  24. Қалдық құнын кепілдеу.
  25. Банктердің кепілдемесі.

Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:

  1. аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және «Қазконтракт» корпорациялардың жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
  2. екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
  3. жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
  4. лизингтік халықаралық формалар – экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

Келесі қадамы ретінде  лизинг қызметіне байланысты қабылданған  заңдар, айталық: «Қаржы лизингі туралы»  ҚР заңының (5. 07. 2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.

Лизинг берушілерге  лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді  беру арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асыруға тиіс.

Қаржы лизингі үлкен  күрделі қаржы жұмсалымын талап  ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса  отырып жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Коммерциялық  банктердің лизингтік операциялары

 

2.1. Коммерциялық  банк лизингтік оперцияларын  талдау

Қазақстан банктері игере бастаған несиелік қатынастардың жаңа формаларының біріне лизинг жатады. Бұл операция әлемдік іс-тәжірибеде кеңінен тараған.

Лизинг феномені 80-жылдардың  басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік (аренда) ретінде емес кепілдік пен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқа да қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.

Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірістік қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізгендіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.

Лизингілік бизнес кәсіпкерлік  қызметінің айрықша саласы. Оны өзінің мүмкіндігіне қарай қолданатын болса, ол өндірісті техникалық жағынан  қайта жарақтандырудың, қазақстандық экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта  құрудың, нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты импульсіне айналуы мүмкін.

Информация о работе Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары