Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін, жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау. Осының негізінде курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
лизинг ұғымының түсінігін айқындау;
лизингтің даму тарихын, зерттелу үрдісі мен түрлерін сипаттау;
әлемдік және Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету;
Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуы мен болашағына зер салу.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................2
Негізгі бөлім
1.Лизингтің пайда болуы..........................................................4
1.1.Лизингтің экономикалық мәні...........................................4
1.2. Лизингтің түрлері...............................................................5
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......14
2.1. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау..14
2.2.Дамыған елдердегі лизингтік операциялар.....................16
3. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы..................................................................................22
Қорытынды.............................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

kursovaya.doc

— 218.00 Кб (Скачать документ)

 

Қалдық құны бастапқы құнның 1%-нен 7%-ке дейін болады. Жалдау төлемдері айына, үш айда, алты айда, бір жылда бір рет енгізіледі. Олар сызықтық, регрессивті болуы мүмкін.

Жылжымайтын мүлік лизингі 1966 жылғы заңмен анықталады. 1967 жылы Францияда өнеркәсіп және сауда  саласында жылжымайтын мүлікпен операциялар жөніндегі қоғам құрылды (СИКОМИ). СИКОМИ акционерлік қоғам нысанында, капиталы 10 млн. франктен кем емес болуы тиіс. Ол қоғам құрылған сәтте толық енгізілуі тиіс. СИКОМИ лизингтік компанияларға елеулі салық жеңілдіктерін ұсынады: пайданың 85%-не салықтан босату, жедел амортизация және т. б.

Әдетте жылжымайтын  мүлік лизинг келісімі15-20 жылға созылады. Оның объектілері: жер, құрылыс, әрлеу  жұмыстары, жолдар, жабдық болады. Ақы  негізінен тікелей регрессивті  немесе аралас тәсілмен төленеді.  «BNP»-мен қатар басқа банктер мынадай компанияларды құрды: «Креди Лионэ» - «Смебай», «Сосьете Женераль» - «Софинбай».

г) Германияда қазіргі кезде көптеген лизингтік компаниялар қызмет етеді, олардың 57-сі неміс лизинг қауымдастығына кіреді. Белгіленген нормаларға сәйкес жасалған келісімшарттар бірқатар салықтық жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Лизинг саласынадағы ірі компанияларға «Митфинанц Гмхб»  және «Гефа – лизинг Гмхб» компанияларын  жатқызуға болады. «Митфинанц Гмхб»-тың 1962 жылы негізі қаланған. Бұл компанияның жарғылық капиталы 1млн. марк болған. Қазіргі кезде оның 6 еншілес компаниясы бар. «Гефа – лизинг Гмхб» компаниясын 1968 жылы «Гефа» тобы құрған.

д) Австрияда лизинг затының қызмет етуінің экономикалық мақсатына сәйкес орташа жалдау мерзімі 2 жылдан 15 жылға дейін. Сатып алуға немесе мерзімін ұзартуға опционға жол берілмейді, келісімшарттың қолдану мерзімі өткеннен кейін жалдаушы қалған пайдалану кезеңіне лизинг затын жалдауға жаңа келісімшарт жасай алады немесе сатып алу туралы келіссөздер жүргізеді.

Германиядағы секілді  Австрияда лизингтің дамуына  заңның қабылдануы негіз қалады. Австрияда  лизингтің дамып келе жатқанына 30 жылдай уақыт өтті. Лизингке тіпті балалар бақшасы мен мектептер беріледі. 1984 жылғы заң бойынша салықтық жеңілдіктерді пайдалану үшін лизинг жөніндегі шарттың мерзімі жабдықты пайдаланудың жалпы мерзімінің 40-90%-нен аспауы және лизинг объектісі жеке бірлік болуы тиіс.

Жетекші лизингтік компанияларының  бірі «Райфайзен лизинг» болып табылады.

е) Италияда бірінші лизингтік компания 1963 жылы пайда болды. 2006 жылғы мәліметтер бойынша Италия лизинг қауымдастығында 50-ден аса компания бар.

Италияндық ірі лизингтік  компания (топ) «Локафит» лизингке жұмыс  құрал-саймандарын, жер өңдеу машиналарын, ауыл шаруашылық машиналарын, кеңсе жабдықтарын, компьютерлер, жылжымайтын мүлік, көлік береді.

Құрылтайшылардың бірі «Банк Насиональ де Лаворо» болып  табылады. Топ Германияда, Францияда, АҚШ-та, Испанияда, Қытайда бірлескен  кәсіпорындар құрған.

ж) Жапонияда ірі лизингтік компаниясы «Gentury Leasing System» болып есептелінеді. Ол 1969 жылы құрылған. Оның төленген капиталы 1,6 млн. доллар. Оның Гонконгта, Сингапурде, Ұлыбританияда филиалдары бар. Акционерлері: бір коммерциялық банк, бір сауда және екі сақтандыру компаниялары.

з) Швецияда лизинг 1960 жылдары дами бастады. Негізінен оларды шағын және орта компаниялар пайдаланды. Өйткені банк несиелері бойынша көптеген қамтамасыз етулерді талап етті. Ал лизинг жағдайды жеңілдетті, өйткені кредитор жабдықтың иесі болып табылады. Бастапқыда қайталама сатып алу туралы келісім жасалады, соған сәйкес жүргізуші егер клиент лизинг бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, жабдықты қайтадан сатып алуға міндеттеме қабылдайды. Бәсекенің өсуіне орай лизингтік компаниялар арасында бұл міндеттемелер (қайтадан сатып алу бойынша) барған сайын аз кездесетін болды. Негізгі жалдау мерзімі әдетте 3-5 жыл, ерекше жағдайларда 9 жыл.

Енді жоғарыда аталған  мәліметтер түсінірек болу үшін Еуропа елдері бойынша төменде келтіріліп отырған статистикалық деректерге назар аударайық.

Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдеріндегі лизингтік  қызметті қорыта келе мынадай тұжырымдар жасауға болады:

  • лизингтік операциялармен негізінен коммерциялық банктер емес, мамандандырылған компаниялар айналысады;
  • лизингтік қызметтің дамыған нарығы экономиканың өндірістік секторын дамытады, бұл ретте ол стратегиялық маңызды салалардың дамуын жылдамдату үшін жағдай жасайды, капиталдың өндірістік салаға келуін ынталандырады;
  • лизингтік қатынастарды дамытуға бағытталғын белгілі бір салық жеңілдіктерінің болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Лизингтің  Қазақстандағы даму жолдары мен  болашағы

 

Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары  мен болашағын қарастырмас бұрын, осы лизингтік бизнестің біздің елімізде дамуын 4 кезеңге бөліп көсетуге болады:

I кезең (1989-1992 ж. ж.). Республикамыздағы лизингтік бизнесінің туындауы. Бұл кезеңде бірінші рет елімізде лизингтік компаниялар құрылды. Лизингтік фирмалар мен кейбір коммерциялық банктер лизингтік операцияларды жеке түрде және аздаған көлемдерде жүзеге асырды.

II кезең (1992-1994 ж. ж.). Ішкі нарықтағы жұмыссыз экономикалық жағдайларға байланысты лизингтік бизнестің үдеуінің төмендеуі.

III кезең (1995-1997 ж. ж.). Елде лизингтік бизнестің қайта бас көтеріп, қалыптасуға бет алу, мемлекеттің лизингтік бизнеске қолдау көрсету кезеңі.

IV кезең (1998-2005 ж. ж.). Лизингтік бизнестің дамып, қалыптасып, өрлеу кезеңі. Осы кезеңде көптеген лизингтік компаниялар жұмыс істеп, нормативтік құқықтық база жасалды.

ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан мен Ресейде, бұл екі сала 1989 жылдың ІІ жартысынан бастап ішкі нарықтық лизингтік талапты қалыптастыру бірге басталды. Бұл елдерде шетелдегілердей лизингтің ұйымдастыру нысандарынан қазіргі кезде, қаржылық лизингтік компаниялар мен коммерциялық банктер жарты жыл бұрынғы, арнайы банктер пайда болардан бұрын ғана, лизингтік операциялар жүргізе бастады және олардың бұл саладағы бизнесі белсенді дамыды. 1990 жылдың қаңтарынан лизингтік операция жүргізілді.

1992-1994 жылдары Қазақстанда лизингтік бизнеске ең қолайсыз кезең болды. Ішкі экономикалық жағдай бұл кезеңде жаңа құрылған лизингтік компанияларға көптеген кедергілер көрсетті. Көптеген арнайы лизингтік компаниялардың өз істерін тоқтатуға немесе басқа салаларға кетуіне 1992 жылдың 6 қаңтарынан бағалардың жаппай либерализациялануы, инфляцияның, банктің проценттік ставкаларының жоғарылауы себеп болды.

Бірақта бұл этапта жеке экспортты-импортты операцияларды лизинг негізінде жүргізу жалғаса берді.

Экспортты лизингті операцияларға Ұлттық әуе компанияның АН-2 самолетіне Қытай, БАӘ, Гвини-Бисау, Шри-Ланка елдерімен жасаған лизингтік операцияларын қарастыруға болады. Бұл операциялар 1993-1994 жылдары жасалған болатын. Сонымен қоса, «Астана-Мотерс» компаниясы лизингтік негізінде ешқандай да банктік кепілсіз Қазақстан Республикасы территорясына Nissan, Toyota сияқты автокөліктер, құрылғылар мен қосалқы бөлшектер әкеле бастады.

Қазақстандағы лизингтік  бизнестің дамуының 3 кезеңінде (1995-1997ж.ж.) осы саладағы нормативтік-методикалық базаны дамытуға жол ашылды; лизингті ынталандыру мен мемлекеттік қолдау; жаңа лизингтік фирмалар құрылды, дәлірек айтсақ аймақты лизингтік компания (АЛК) «Азия-лизинг» (1995 ж. сәуір), «Кең дала» АҚ (1995 ж. қараша), «Агро-лизинг» (1995 ж. желтоқсан) банктерде қайтадан лизингтік шаралар жасауға қызығушылықтар туды.

1994 жылы 10 қазанда мемлекеттің  қатысуымен «Азия-лизинг» ұлттық  лизингтік компаниясын құру туралы  Үкімет қаулы шығарды.

Компанияларға келесідей  қызметтер жүктеледі:

  • Республиканың экономикалық қажеттілігіне сәйке машина-техникалық импортпен қамтамасыз ету;
  • Өндіріске капитал салумен өнеркәсіптің мүмкіндігін кеңейту арқылы инвестицияның өсуін ұстап тұру;
  • Өндірістік салаға масштабты инвестиция тарту мақсатында халықаралық лизингті қолдану.

Бірақ та көптеген өзгерістерге байланысты 1995 жылдың сәуірінде «Азия-лизинг» мемлекеттің қатысуынсыз аймақты компания болып тіркелінді. Ол кең көлемде лизингтік қызмет көрсететін болды. Лизинг бойынша өндірістің өңдеу саласына құрылғылар, кіші-өндірістер және тағы басқа капитал сыйымды салалардың проектілерін қарастырды. Лизинг бойынша заңды тұлғаларға автотехника, оргтехника берді.

АЛК « Азия-лизинг»  арқылы жүзеге асырған проектілердің  бірі – «Казкоммерцбанк» кепілдігі  арқылы Қазақстан-Корея проектісі  «DAEWOO-ALEM» компаниясының 400 мың 8 көлемінде лизингке транспорт алды.

Сонымен Қазақстанда  лизингтің дамуы түрлі арна бойынша  келе жатыр:

  1. Коммерциялық банктердің лизингті операциялары;
  2. Қайтадан құрылып жатқан лизингтік фирмалар;
  3. Республикадағы отандық шетел мемлекетімен қоса және шетелдік лизингтік компаниялардың – халықаралық – экспорттық, импорттық, компенсациялық нысанында лизингтің дамуы.

«Қосымша мемлекеттің  ауылды және агроөнеркәсіпті комплексін 1996-1997 ж. қолдау» туралы Қазақстан  Республикасының Президентінің 20 желтоқсанындағы жарлығынан кейін, Қазақстанға лизингті енгізу және оны жасаудағы нормативті-методика туралы нақты жұмыстар жүргізіле бастады.

Қазіргі кезең Қазақстанда  лизингті ұйымдастыруда тұжырымдамалық жоспарда негізінен 4 бағыт орындалды:

  1. Мемлекеттік лизинг, дәлірек айтқанда, толығымен мемлекет қызметінен негізделген лизинг;
  2. Муниципалды лизинг, жергілікті бюджет қаржысынан қаржыландырады;
  3. Коммерциялық лизинг, банктердің немесе лизингтік компанияның өз қаржысынан немесе қарызға алған қаржысынан қаржыландырады;
  4. Аралас лизинг, бұл жерде коммерциялық құрылымдар мен мемлекет екеуі аралас жұмыс істейді.

Соңғы жылдары банктердің экономиканың нақты секторына және шағын бизнесті несиелеуді белсенділеу  үшін мемлекет көптеген шаралар қолданды. Бұл жерде үлкен үлесті коммерциялық лизингті қолдану алады. Соның арқасында өнеркәсіптер материалды көмек, негізгі құралдарын қайта жөндеуден өткізуге мүмкіндік алды.

Бірақта кейбір екінші деңгейлі банктерде қаржылық лизингте өздерінің  белсенділіктерін көрсетпеуде. Оны төмендегілермен түсіндіруге болады:

  1. Банктер өздерінің несие саясатын ескере отырып көпжоспарлы іс-шаралар жүргізеді. Сол себепті, көбінесе қаржы лизингін ескермейді.
  2. Кейбір банктер өндірісті қаржыландырудан басқа операциялардан пайда табуды жақтайды.

Экономикалық жалпы жағдай, еліміздегі лизингтік бизнестің дамуына  үлкен әсер етеді. Нарықтық экономикаға  өту экономиканың құлдырауына әкеліп соқтырды. Олардың бәрі технико-экономикалық қатынастардың үзілуіне қаржы-несие  саясатын жүргізудегі бағыттың бұзылуына әсер етті. КСРО-ның құлауы тауар алмастыруды қайта қарастыруға әкелді. Бұл өз кезегінде өндірістің құлдырауына әкеп соқтырды.

Сонымен, Қазақстандағы лизингтік бизнестің дамуына жалпы экономиканың мәселесі және т. б. объективті, субъективті жағдайлар әсер етеді.

Осы факторлардың кейбір лизингтік бизнестің дамуына  кедергі болса, ал енді бір факторлар  оның дамуына жол береді.

Қазақстандағы лизингтің  дамуына жасалған анализ көрсеткендей 1992-1994 жылдар лизинг дамуындағы қаралы жылдар болса, 1995-1997 жылдар мемлекеттік және аралас лизингтің ұйымдастыруы коммерциялық негіздегі транспорттық лизинг нәтижесінде бұл мерзім лизинг дамуына үлкен үлес қосты. Әсіресе, лизингтік операциялар 2002 жылдан бері қарай қарқынды дамып келеді.

Бірақ та лизингтің тез  дамуына, әсіресе коммерциялық лизингтің дамуына көптеген шешілмеген мәселелер кедергі жасады және жасауда. Солардың ішінде келесідей жалпы экономикалық және салалық мәселелерді көрсетуге болады:

  1. Машиналар мен құрылғылардың бағаларының өсуі және өсу нәтижесінде машина жасау және басқа салалар арасындағы барлық диспериттердің туындауы.
  2. Машиналар мен құрылғылардың лизингтік қаржыландыруда ішкі және сыртқы инвестицияларды іздеу және тарту.
  3. Лизингтік негізде жіберілетін машиналар мен құрылғыларды іздеу.
  4. Экономикадағы төлемтәртібі. Соңғы жылдардағы несиелер бойынша қайтарымдардың болмауы.
  5. Лизингтік бизнесті реттейтін заңдық-нормативтік базаның төмендеуі.

Коммерциялық лизингтің  дамуын тежейтін тағы бір мәселе, ол банктік несиенің ставкасының жоғарылығы мен мерзімінің қысқалығы. Олардың деңгейі инфляция және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасына байланысты болады. Осындай жағдайларда Қазақстан банктері лизингтік операцияларға қатысуына ешқандай қызығушылық танытпайды.

Қарыз қайтару мерзімі шетелдерде қысқа мерзім (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-6-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары) болып бөлінеді.

Ал ТМД елдеріне көбінесе қысқа мерзімі (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-3 жыл) және ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары) несие мерзімі болып келеді. Шетелдерде қысқа мерзімді несиелерден гөрі, ұзақ немесе орта мерзімді несиеден көп қолданылады, ал біздің елде керісінше 1 жылға дейінгі несиелер, барлық несиелердің 70% үлесін алады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары және оларды дамыту бағыттары