Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, ұлттық ойлау жүйесі мен парасат әлеміне Шәкәрім Құдайбердіұлы қосқан елеулі үлес кеңестік дәуірде тарихи санадан аластатылды. Сондықтан халқымыздың қоғамдық өміріндегі Шәкәрім шығармашылығының жеткен деңгейі мүлдем ғылыми айналыстан шығарылуы рухани вакумға айналып, табиғи дамудың сабақтастығына зор нұқсан келтірді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Дикош.docx

— 76.51 Кб (Скачать документ)

    «Сүйтіп соқыр  кісіше сандалып жүргенде пайғамбар  дегендер шығып, барлықтың бәрін жаратқан ие бар,өлген соң бір түрлі тіршілік бар, осы өмірде қылған ісіңе қарай ол өмірде де өлшеусіз бақ,қиын азап бар, мұны бізге сол жаратушы ие білдіреді дейді. Сіздерге ұқтыруға бұйырды деген. Ол кездегі адамның бір қатары бұған нанып ерсе де, бір қатары нан алмай бұрынғы қалып алып қалған әдетінен шыға алмаған.

    Енді біліп  жаратқан ие де жоқ, өлген соң өмір де жоқ деген жолдың  түбінде осы барлық әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мәлім болды. Ескі заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі  төрт нәрсе деп білген. Онысы -от, су, топырақ, ауа.»

    «Жоғарғы айтылған барлықтың бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп біліп жаратқан ие жоқ деген жол әлдеқашан айтылып келе жатса да, әсіресе 17-18-19-жүз жылдардың аяқ шеніне шейін Европа ішіне көбірек жайылды».

    «Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұрған - жаратылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сөз,ол жаратылыс жолы осы жаралғандардың өзінен бөлек нәрсе емес. Осыдан бөлінбейтін заң барлықтың бәрі сол заңнан еріксіз жаралып жатыр». Контекстен анық байқалатын барлық лексикалық тұлғасыныңм авторлық баяндаудағы бір мағыналық реңкі атомды білдіреді. Яғни мұнан біз бұл сөз жасамның әмбебаптығына куә боламыз. Пікіріміз дәлелді болу үшін Шәкәрімнің өзіне сілтеме жасап,ойымызды бекіте түсуге тырысалық.

    «...Сүйтіп жанған, шіріген денелерден шыққан иіс, жалындар да бір жола жоғалмай, қайта айналып осы барлықтың ішінде бар болып жүреді.

    Жанменің айтқанымдай  баста бар болса, тұрған денесі орын болуға  жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп, барлықтың ішінде бар болып жүреді» - дейді ол. Данагөй ойының қуаттылығы сондай, қарапайым ауызекі тілдік қолданыстағы сөзді алуан түрлі комбинациялық тіркес арқылы терминдік деңгенге жеткізген шығармашылық шеберлігін байқаймыз. Маман зерттеушілер «Үш аныққа» мынадай баға береді: «Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан  соң  жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіпқой философиялық алғашқы туындысы  болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы  қатпарлары мол. Бастығы материализм және идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы – үшінші анықты ұсынды: «Еңбекпен, өнерпенен // Өнер ойға тоқылса, // Жайнар көңіл, қайнар өмір // Ар ілімі оқылса»[25]. Ар ілімі, анық лексикалық тұлғасы дәл осы семантикалық мағынасында бұрын-соңды тілдік қолданысқа түспеген Шәкәрімнің сөздік қорымызға енгізген философиялық төлтума термині. Оның лексиконынан дала ойшылдарының дәстүрлі дүниетаным, қарым, қабілеті жалғастығының ұшқыны байқалатыны сөзсіз. Өйткені ол өзіне дейінгі даналық ойдың жемісі, сол дәуірдегі қазақ қоғамының жетістігін сабақтастықпен дамытқан ірі тлға.

    Шәкәрім Құдайбердіұлы  өз дәуірінде «Үш анық», «Мұсылмандық  шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм  хандар шежіресі» атты еңбектері  арқылы оқырман қауымға философ,  теолог, тарихшы ретінде танылды.  Дүниенің жаратылысы мен оны  танудағы ғылымның дамуы, жан  мен тән, ақыл мен ұждан туралы  зерттеушінің ізденістері әлбетте,  ана тілінде бұл саладағы соны  ұғымды білдіретін атауларды  қалыптастыруға себеп болды. Бұған  Шәкәрімнің тумысынан зерек жаратылуымен  қатар қаймағы бұзылмаған ұлттық  әдеп-ғұрып пен халықтық тәлім-тәрбиеден  жастайынан уағызданып, сусындап  өсуінің зор әсері болғаны  шүбәсіз. Сондай-ақ ол өскен  ортада тағдырдың тартқан үлкен  сыйы – ұлы Абайдың ұстаздық  тағлымы . Шәкәрімнің өзі кейінірек  былай деп жазады: «Әкеміздің  бір шешесінен туған  Ибраһим  мырза, қазақ ішінде Абай деп  атайды, сол кісі мұсылманша һәм  орысша ғылымға жүйрік һәм  Алланың берген ақылы да бұл  қазақтан бөлек дана кісі еді,  ержеткен соң сол кісіден тағлым  алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның  сәулесін сездім»[26]. Шығармашылық бағыт-бағдар айқындап алуына үлгі-өнеге көрсеткен Абай өсиетін Шәкәрім шын ықылас бейілімен орындауға бар күш-жігерін аямай жұмсады. Отыз жасына дейін ол араб, парсы, түрік, шағатай, орыс тілдерін терең меңгеріп алады. Ұдайы Абай ағасымен жүздесіп, шығармашылық өнерінің қыр-сыры мен мол тәжірибесінен үйреніп, бойына сіңіріп өскен талант иесінің дүниетанымы мен ой өрісіне бұл ерекше ықпал етті. Абыз ақын өзінің оқуға қолы, баруға аяғы жетпеген елдерге білім іздетуге шәкіртіне ақыл-кеңес беруі – оған деген шын көңілінен сенім артқанының белгісі еді. Орайлы сәтте Шәкәрім естелігінің ойталқыға салар тұсын қайталап көңіл сүзгісінен өткізіп, білім іздеп алыс сапар шеккен жанның қазақ сөзін байытуға қаншалықты үлес қосқанын ойша шамалап қана қоймай, тілдік қолданыстағы сөзжасам, терминжасам саласына сіңірген сүбелі еңбегін жақынырақ тани түсуімізге септігін тигізеді.

    «...Мен: «Абай  аға, қай жерден білім іздеуім  керек?» - дегенде, Абай: «Ертедегі  грек ғалымдарының білімін Стамбұлдан  табасың, ертедегі араб білімін  Мекке, Мединадан табасың, Мысырдағы  Александр салдырған кітапханадан  көп ғалымдардың шығармаларымен  танысасың, - осы төрт жерге жіберемін» - деді. Абаймен уағдам 40 жасымда  орындалмай қалды. Себебі, Абай  өте жақсы көретін менің ағам  Шәке қайтыс болды. Абай Шәкенің  зиратын өзі басында отырып  салдырып, қырқын бергізді. Шәке 1901 жылы қайтыс болды. Одан бұрын  1892 жылы Оспан қайтыс болды. 1904 жылы жайлауда Мағауия қайтыс  болды. Мағаштың қазасы Абайға  қатты батты: Абай терең ойдан  айықпай, ауыр қайғыға оранды, қасынан шықпай күзетуде болдым. Елдің басты адамдары жиналып,  Мағауияның қырқын беруге дайындалдық.  Ақыры берік, қайратқа жеңгізіп, Абай көпке қарап, маған қолымен  нұсқап: «Мына Шәкәрім бақытсыз  екен. Бұған білім іздетем деп  мен де үмітте болып едім. Оо  үмітім орындалмады. Мұның бақытсыздығына  үш туысқанның қаза табуы тап  келді»[27], - деді кейіп.

    Мен: «Абай аға,  Сізге берген сертімді қайткен  күнде орындаймын! – дедім...»  Шынында, «Сөз – Құдайдан шыққан  бу» деп Шәкәрімнің бейнелеп  айтқанындай, сөз – адамның  қасиетті, киелі құралы. Адамға сөйлеуді, сөз саптауды басқа мақұлықтардан  ерекшелеп Құдай берді. Дананың  өзі өлсе де, сөзі өлмеуі сонан  екен. Демек, сөзді тұтынушы орынды  жұмсап, жауапкершілікпен қолдануы  ләзім. Міне, сөз қадірін түсінген  Шәкәрім сертіне жетіп, Абай  қазасынан бір жарым жылдан  соң Меккеге барып қажы атанып, жол-жөнекей әрі-бері Стамбұлға  соғып, 13 күннен 26 күн аялдап, тарихи-шежірелік,  ғылыми-танымдық көптеген кітаптарды  ақтарып, арабтың, түріктің оқымысты  ғұламаларымен ой жарыстырып, пікір  бөлісіп, сұхбаттасып, екі арада  дәнекер болар достық байланыс  орнатып, почта арқылы қыруар  іргелі еңбектерді елге жіберіп,  сана-зердесінде сілкініс жасап,  рухани қанаттанып, қуаттанып қайтады.  Бұл рухани сапар Шәкәрімнің  былайғы дүниетаным көзқарасына  пәрменді әсер етіп, шығармашылық  бағыт-бағдарын айқындауына ықпалы  айтарлықтай күшті болды. Дүниенің  жаратылу құпиясының ақиқатына  жетуге деген оның ынта-ықыласы  мен ізденісі Шығыстың, Еуропаның,  орыстың бұл жөнінде жазылған  еңбектерімен тынбай танысып, түйген тұжырымды пікірлерін салыстыра зерделеп, ұзақ зерттеуі нәтижесінде көңіл түпкіріне ұялаған сырын ортаға салуды ұйғарды. Сондықтан Шәкәрім өз дәуірінің озық ойлы оқымыстысы ретінде қазақтың дүниетаным әлеміне сүбелі үлес қосты, соған орай ана тілінің ғылыми бейнелеу мүмкіндігі  мен қолданыс аясының  шеңбері кеңи түсуіне елеулі қызмет етті. Әсіресе, қоршаған сыртқы дүниені танып білудегі ата-бабан жалғасып келген діл мен діни түсініктерді  адамзаттың ғылыми жетістіктерімен салыстыра  талдап, ой қорыту нәтижесінде діни теологиялық, қоғамдық-әлеуметтік, психологиялық, философиялық  сөйлесу қатары түзілді. Мысалы, діни-теологиялық, философиялық еңбектерінде жан, тән,нұр, жаралыс, жаратушы, ие, құдай, тәңір, алла, пайғамбар, шариғат, дұға, кәпір, мұсылмандық шарты, мүрит, пір, әулие, сопы, бақсы, бал ашу, сарын, шоқыну, ғибадат, құлшылық, аят, хадис, дозақ, бейіс, періште, күнә, талақ, тәпсір, арам, иман, жар, шын, жын, құран, тәурат, інжіл, зат, затшылдық, анық, танық, рух, сезім, ерік, құн, әділет, хақиқат, талап, ақыл, сана, ой, құдірет, кие, мән, мейірім, ынсап, пейіл, ниет, рақым, қанағат, абырой, ұят, сабыр, парыз, ындын, құмарлық, бақ, ұждан, ақ жол, солу, сөну, теріс, ақырет, шәйтан, адасу, күншіл, мәңгүр, қиянат, мансап, философ, психолог, спиритизм, гипноз, телепатия, фахризм, магнитизм, лунатизм, позитивизм, ұйқыда кезу, түскер, көз тигізу, тұқымдастық, жан шақырып сөйлесу сияқты сөздер мен сөз тіркестерін жоғарыда айтылған ыңғайда мағыналық  жаңа  реңкте жұмсағанын аңғарамыз. Бұл ұғымдар мен атауларды бейнелеуде Шәкәрім өзіне ғана тән шығармашылық түрлі ізденіске баруына тура келді. Ең бастысы ол қазақ тілінің ішкі мүмкіншілігін сарқа пайдаланудың нәтижесінде әлгі аталған жаратылыстану саласындағы алатын сөзжасамның негізін қалады. Сондай-ақ, тілімізде бұрыннан тұтынылып келген сөздер мен сөз тіркестерін мақсатты түрде терминдік мәнде жұмсалудың алғышарты жасалды.

    Шәкәрімнің ой  қатпарының тереңдігі сөздің  полисемантикалық мағынасын құлпыртып,  мағыналық реңктерін стильдік  қызметі арқылы соны ұғымды  айқындап беруге қиыстыра білуі  - шығармашылық жетістіктің нәтижесі. Мәсе–ен, дүние, жар, нұр, көңіл, адасу, шын, жоқтық, т.б.сөздердің полисемантикалық мағынасын сәтті қолдану  арқылы Шәкәрім адам дүниетанымына назар аудартып, жаратылыстың ақиқат сырын ашады. Қаламгердің түрлі синтаксистік комбинациялармен сөйлем конструкциясын түзіп, бір сөздің түрлі семантикалық реңктерін жаңғыртып, жаңа мағыналық ұғымд айқындауға жұмсауы үлкен шеберлік. Мысалға жүгінелік: Ойың бұзылмаған, көңіл! Қиянат қылмаған, көңіл! Анық шын бұл маған, көңіл; Балалықты ұрлаған көңіл! Асығыс зырлаған көңіл! Боялып, сырланған көңіл! Тереңге зымыраған көңіл! Дұрыс деп тыңдаған көңіл! Ауыспай тұрмаған көңіл! Не болар бұрмаған көңіл! Ой тырнаған көңіл! Тынып ап тынбаған көңіл! Хақиқатқа көңіл сенді; Бозторғай шырлаған көңіл! Бұлбұлдай жырлаған көңіл! ымдаған көңіл! Мойын ұсынбаған көңіл! ұнаған көңіл! көңіл жұмсақ; Көңіл өлген, көңіл алған; Көңілге толып қан селі, т.б. Осы сөз тіркестерінен көңіл лексикалық тұлғасының контексте адамның мінез-құлық, жан дүниесіндегі өзгерістердің алуан-алуан райы мен нәзік иірімдерін тап басып, сезім түйсігіне әсерлі қабілетін аша түседі. Демек, бұл арада ойшыл-суреткер көңіл лексиконын философиялық , психологиялық категория деңгейіне көтеріп, терминдік мәнде қолданып отыр.

    Құран, Тәураттағы  діни-теологиялық және философ  ғалымдарының дүниенің жаратылуы  хақындағы сюжетін зердесіне  тоқып, игерген ойшыл ақын өмірдің  көз алдына өтіп жатқан ақиқат  ағымын адам бойындағы құбылыспен  егіздеп, яки макрокосмос пен  микрокоспосты қатар қойып, бір-біріне  шендестіре отырып, оқырман көкейіне  өзінің тұжырымын аңғартады. Ақынның  даналық ой түйіндерін өлеңдерінде  өмірдің өзіндей антитеза Мысалы: Жан беріп жарық, жылы нұрдан, // Күн атам жерді буаз  қылған, // Өсімдік туған осыдан, // Жетіліп, өсіп, толғанда дән, // Құрт болған дәнде неше мың сан, // Жаралай шықтық біз сонан... Жанымыз күннен келген Бірі нұр беріп, бірі – тамақ, // Өсірген күтіп, әлпештеп-ақ, // Бұзады бірақ қайтадан. Ер жетем, толам, қайта солам, // Әрі анам бұл жер, әрі молам, // болса, барады аман, // Қиянат істі қылмаған. Бұл мысалдардағы автордың ой қорытындысы метафоралық антитеза арқылы өмірдегі қарама-қарсылық атаулының бір-бірін толықтырып тұратын дамудың диалектикалық негізгі қағидасы екенін сипаттаған. Көріктеудің бұл тәсілі арқылы макрокосма-күнді микрокосма-атаға, жерді анаға кейіптеп, дәл осылай қарама-қарсы екі күштің арасындағы нұр мен топырақ,судың үндестігінен жер-ананы буаз қылып, үшінші өсімдікті туғызу, одан жетіліп, өскен дәннен  неше мың сан құрт болғанын, осы құрт-тіршіліктің жаратушылық құдіреті дәннен  жарып адамзатты шығаруы табиғи өте әдемі паралель жасалып, теологиялық, философиялық шығармаларға тән стильдік пішінде баяндалған. Мұндағы ойшылдың басты ұсынған идеялық танымы жанның күннен келген нұрдан, тәннің топырақ пенен судан  екенін дәлелдеу және бұл ұғымдар контексте жеке-жеке теософиялық һәм философиялық мағына үстеп тұр. Яғни дүниенің жаратылу тегі туралы ол өзінің көзқарас позициясын қазақ халқының стихиясы өлең сөзге әдейі аударып, санаға жеңіл ұялатуды мақсат еткен. Бұл ретте Шәкәрім өзінің алдындағы ұстазы Абайды үлгі тұтқан. Абайдың ...Күн – күйеу, Жер – қалыңдық сағынысты, // Құмары екеуінің сондай күшті... // Күн күйеуін Жер көксеп ала қыстай, // Біреуіне біреуі қосылыспай. // Көңіл Күн лебіне тойғаннан соң, // Жер толықсып, түрленер тоты құстай... – деген өлең жолдары жоғарыдағы жыр шумағына көркемдік-идеялық жағынан егіздің сыңарындай ұқсас болғанмен тұтастай қайталау емес, Шәкәрімде философиялық категория нақтыланып, дамытыла түскендігін көреміз. Дәл осы пікір пайымын терңдетіп, «Жан менен дене һәм көңіл» деген туындысында Шәкәрім поэзия тілімен обьектісін көркем айшықтап, философиялық құбылысты адам болмысының табиғатымен шендестіріп, психологиялық талдау жасап, түсіндіреді. Ақын қоршаған дүниені танып білудегі өзінің ғылыми тұжырымын оқырманның қабылдауына қарапайым мысалдармен таратып, тарқатып, қисындатады. Басында жан мен дене екі басқа, // Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасақа. // Дене сауыт сықылды жанның орны, // Оған да күту керек бұзылмасқа...Жан мен дене – қосылған ерлі-қатын, // Екеуінен туады көңіліміз... Әкесі жан, шешесі дене болып, // Көңіліміз сол себептен екіталай...Дене жеңсе, түпсізге қызымызға, // Жан билесе, жаманнан қалмақ аман... Өлмес жанға өзгермес орын керек, // Сондай іске ұмтылсақ, шаттанады. // Жан құмары – істемек, біліп алмақ, // Бөгет бола береді дене, салмақ...Балалар жас күнінде тым елгезек, // Әрнемеге жүгіріп қғар дедік. // Ол кезінде жан күшті, дене нашар, // Осыдан-ақ сөзімді ұқсаң керек...Анық қара: жан – өзің, дене – киім, // Мақтан, бояу – денеге берген сыйың. // Жанға мұндай алдауың азық емес, // Оған пайда не қылдың жалғыз тиын? Біздің көбірек мысалға жүгінуіміз контекстегі сөздің идеяны ап-анық айқындауға қызмет етіп, адекватты терминдік жүк арқалағандығына назар аударту. Шәкәрімнің бұл еңбегі өзіне дейінгі Шығыстың, Батыстың даналық мектебінің дәстүрін жалғастырып, өлеңмен жазылған жан мен тән һәм көңілдің табиғатын, даму эволюциясын сипаттаған, анықтама берген теология, философия, психология ғылымдарына қатысты ғылыми трактат деуге болады. Оның поэзия жанрында көбірек қалам тербеуінің екінші себебі, біздіңше, арнайы терминдік қатардың тұрақтап, қалыптаспағандығын ескеріп, және идеясын образбен әсерлі айшықтаудан туған. Жоғарыдағы мысалдарда әрбір сөздік бірлік белгілі философиялық ой-тұжырымды тиянақтауға қызмет етіп, соны семалық оттенкте жұмсалып тұр. Бұл жағынан лексикалық тұлғаға жан бітіріп, белгілі тілдік ұғымды беру мақсатында мағынасын ауыстырып, құбылта тұтыну Шәкәрім шығармашылығының негізгі ерекшелігі.

    Шәкәрім жинақтарында  текстологиялық жағынан өзгеріссіз  жарияланған «Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар өмір,

Ар білімі оқылса», - деген өлең жолдарындағы ар білімі сөздік тіркесін

ғалым Мекентас Мырзахметов ар ілімі[28] деп қолданады. Шындығында, контекст бойынша логикалық жағынан ілім ұғымында, яки орыс тіліндегі учения сөзінің баламасын білдіріп тұр. Бұл лексикалық тұлға Абайдың сөздік қорында бір рет ұшырасып, Қайғы шығар ілімнен, // Ыза шығар білімнен. // Қайғы мен ыза қысқан соң, // Зар шығады тілімнен деген өлең жолында келіп, білім, оқу мағынасында стильдік қызметте жұмсалады. Шәкәрімде білім, ілім, ғылым сөздері терминдік мәнге ие болып, жеке-жеке мағына үстеп, дербестеле бастағандығын, бүгінгі қазақ тіліндегі нормасына жақындай түскенігін байқаймыз...

   Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері қарастырылды. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдеби тілінің нормалануы мен дамуына және рухани-діни, қоғамдық-философиялық лексикалық қолданыстың әдеби тілде орнығуына  қосқан шығармашылық үлесі мен орны айқындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Сыздықова Р. ХVIII-XIX ғғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1984, 9-бет.
  2. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі (Монография) – Алматы, «Санат», 1995. – 13-14-беттер.
  3. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. Орынбор, 1911.
  4. Вамбери Герман. «Культурное движение среди русских мусульман». СПб,. 1912 // А.Мектеп-тегі. Исмаил Гаспринский. Түркі жұртының ұлы тұлғасы. Түркістан, 2002. - № 14(404). – көкек.
  5. Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы (Избранное). – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. – 283-бет.
  6. Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы (Избранное). – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. – 284-бет.
  7. Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұранғы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1993. – 104-105-беттер.
  8. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі (Монография). – Алматы, «Санат», 1995. – 186-бет.
  9. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі (Монография). – Алматы, «Санат», 1995. – 187-бет.
  10. Құран Кәрим қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. Фүссилат 53; Жасия 4; Зарят 21; Тарық 5-7.
  11. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі (Монография). – Алматы, «Санат», 1995. – 189-190-беттер.
  12. Қондыбаев С. Қазақ мифологиясына кіріспе. – Алматы: «Зерде», 1999. – 21-бет.
  13. Ғарифолла Есім. Ниет // Қазақ әдебиеті. – 2002. - №35. – 30 тамыз.
  14. Керім Ш. Қазақ жұмбағы – Алматы, «Санат», 1999. – 68-бет.
  15. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 96-бет.
  16. Мечковская Н.Б. Язык и религия. – Москва: Агенство «ФАИР», 1998, - С. 7-9.
  17. Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы: Рауан, 1993. – 15-бет.
  18. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 3-том. – Алматы, Қазақ ССр-інің «Ғылым» баспасы, 1978. – 240-бет.
  19. Энциклопедия «Ислам» / Бас редактор Р.Нұрғалмиев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. – 41-бет.
  20. Қайым Мұқаметханов. Шәкәрім. Бес арыс: Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. Құраст. Д.Әшімханов. – Алматы. Жалын, 1992.
  21. Исаұлы Мұхиддин. Аллаһ сөзі бас әріппен жазылады // Қазақ әдебиеті. – 2002. - №4. – 25 қаңтар.
  22. Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. – Алматы: Қазақстан, Мерей Ақиық, 1998. – 7-бет.
  23. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы/Құраст. Ж.Алтаев, Т. Ғабитов, А.Қасабеков және т.б. – Алматы, Жеті жарғы, 1998, 70-бет.
  24. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-том. – Алматы:Ғылым, 1983, 145-бет.
  25. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы/Құраст. Ж.Алтаев, Т. Ғабитов, А.Қасабеков және т.б. – Алматы, Жеті жарғы, 1998, 203-бет.
  26. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995.-367-бет.
  27. Сапаралы Б. Құнанбай қажы. – Алматы: Ер-Дәулет, 1995. – 256-бет.
  28. Ынсап, әділет, мейірім... немесе Шәкәрімнің «Үш анығы» туралы. – Алматы, «Әлем» альманағы, 1990. – 18-бет.

Информация о работе Жұмыстың жалпы сипаттамасы