Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, ұлттық ойлау жүйесі мен парасат әлеміне Шәкәрім Құдайбердіұлы қосқан елеулі үлес кеңестік дәуірде тарихи санадан аластатылды. Сондықтан халқымыздың қоғамдық өміріндегі Шәкәрім шығармашылығының жеткен деңгейі мүлдем ғылыми айналыстан шығарылуы рухани вакумға айналып, табиғи дамудың сабақтастығына зор нұқсан келтірді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Дикош.docx

— 76.51 Кб (Скачать документ)
  1. «Шәкәрім шығармашылығындағы рухани-мәдени және

қоғамдық философиялық лексиканың қолданыс ерекшелігі» атты таруда аталған лексикалық атаулардың тілде орнығуына себеп болған тарихи-әлеуметтік алғышарттар, жаңа сөзжасам мен қолданыстардың жасалу жолдары, оның  семантикалық мағыналық реңктері мен қазақ әдеби тілінде қалыптасып, дамуына негіз болуы айқындалып, талданады.

    1. Рухани-діни ұғымдарды білдіретін атаулар.

        Жер бетіндегі  адамдар мен адам топтарын туабіткен сан алуан әртүрлі белгілеріне қарай ажыратады. Бұлардың бірсыпырасы адамның о бастан жаратылысынан бойына қанымен дарыған: адамдардың өз ықтиярынан тыс, еркіне бағынбайтын  туа біткен бұл белгілер – мыналар, мысалы, жынысы, нәсілі, мінез-құлқы қабілеті. Басқа белгілері әлеуметтік жағдайға орай қалыптасқан, мысалы, азаматтығы, білімі, мамандығы, әлеуметтік және меншіктік мәртебесі, діни наным-сенімі... Осы аталған өлшемнің ішінде адамның әлеуметтік өмірінде айырықша орын алатын үш белгісі бар: тілі, этникалық белгісі (ұлты) мен конфессиялық-діни сенімі. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оны кейде ауыстырып айта  береді (әсіресе тілдік белгісі немесе діни сеніміне сүйеніп, ұлтын анықтау жиі кездеседі). Бұл белгілерін халықтың ділі мен мәдениетінің ерекшелігіне тән ең басты факторлардың санатына жатқызады[16]. Шындығында, адамның рухани болмысының қалыптасуында тіл мен діннің атқаратын қызметі өте зор. Ежелгі дәуірден бұл екі қоғамдық сананың пішіні бір-біріне әсер етіп, бір-бірін дамытып, сол арқылы адам табиғаты мен рухани мәдениетінің баюына, қанат жайып өркендеуіне, сол арқылы өнердің, этиканың, құқықтың, философияның, ғылымның тууына себеп болды. Қазақ халқы да жер бетіндегі басқа алықтар сияқты дүниетанымы мен діни наным-сенімінің ұзақ уақыт эволюциялық даму жолын басынан кешірді. Әлбетте, ол қоғамдық санадағы эволюциялық өсіп-өркендеуінің із-бедері сол халықтың тілінде, діни ұстанымында, таным-түсінігінде, мінез-құлқында сақталатыны күмәнсіз. Міне, осы әлеуметтік таным-түйсік жинақталып келіп, қазақтың жалпы халық ретіндегі мінез-құлқы мен қабілет-қарымын, діл табиғатының бейнесін айқындап, көрсетеді. Біз Шәкәрім шығармаларынан халқымыздың қоғамдық санасының пішіндері – тіл мен дінінің белгілі уақыт пен кеңістік аралығындағы табиғи бейнесін анық көретіндігіміз осыдан. Сондай-ақ, Шәкәрім тілінен діни лексиканың қат-қабатын аңғартатын қолданыс түрлерінен қазақ халқының басынан кешкен ғұмыр тарихын, қоғамдық ойлау жүйесін, ежелден қалыптасқан наным-сенім, таным-түсінігін байқаймыз. Мысалы, бақсы, сарын, сарнау, жын, тұл, тұлдау, құлшылық, құлдану, тас суретке шоқыну, отқа шоқыну, топан су, жәдігөй, лама, тәңір, құдай, алла, жаратқан ие, будда, зардуштке, т.т. сөз бен сөз тіркестері осының айғағы. Осы сөздер мен сөз тіркестерін Шәкәрім терминдік мәнде жұмсап, семантикалық мағынасын тереңдеткенін байқау қиын емес. Мәселен, бақсы, сарын, сарнау, жын сөздерінің астарында бағы тәнірлік сенімнің идеологиясы үн қатады немесе құлшылық, құлдану басыбайлы тәуелді, айтқанға жүріп, айдағанға көнетін тірі робот құлдық дәуірдің сілемімен бірге одан да зор өз ықтияр, еркімен рухани кіріптар, көзсіз берілген идеологиялық ықпалдың жемісі деген ұғымды білдіреді. Сол арқылы қазақ халқының қоғамдық санасының даму деңгейін пайымдауға толық мүмкіндігіміз бар. Өйткені ол қоғамдық өмірдің дамуына тікелей әсер ететін қоғамдық жүйеге, билік иелеріне, сыртқы, ішікі факторларға байлаулы екені аян. Мәселен, Ресейде ХХ ғасырдың басында билік басына қарулы төңкеріспен коммунистердің келуі діңге деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Бұл әрине, қоғамдық сананың құрамдас бір бөлігі жеке адамның ішкі сенім күшіне нұқсан келтіргені рас. Осыған орай адамгершілік, әдеп, тәрбие де ауытқулар болады. Сөз жоқ, бұл идеологиялық бағыттың тілге, соның ішінде тілтану ғылымына кері әсері болғанын жасыра алмаймыз.

    Ұлттық Ғылым  академиясының акдемигі Әбдуәли  Қайдаровтың бұған орай пікірі  мынадай: «Дінге қарсы кезінде  құдайсыздардың сұрапыл шабуылы  болып, мұсылман халықтарының (оның  ішінде қазақтар да бар) тілдерінен  жүздеген, мыңдаған діни терминдер  аз жылдың ішінде-ақ  ұрпақ  жадынан тез шыға бастады. Сөздіктерде беріле қалса, «көне», «діни» деген таңба басылды. Діни терминдердің мазмұнын, моральдық, діни , қашықтатып жібердік. Енді, міне, халықтың дінмен қайта қауышуына, мектеп-медреселердің ашылып, діни ғылымның қайта уағыздалуына байланысты мыңдаған діни терминдерді жұртшылық білгісі келеді. Мәселен, әділ деген сөздің мағынасы («справедливость») көпшілікке белгілі. Ал оның діни терең мазмұнын (Алланың бойына ғана тән әділдіктің ең биік өлшемі, ең жоғары адал қасиеті екенін) енді арнайы сөздіктер арқылы елге түсіндіру керек, мәселен, иман, ғазауат, күпір, ынсап, инабат, мұджахит, мәуліт, мұрит, қалима, жәннет, жаһаннам, Қадір түні, бес парыз сияқты діни сөздер мен тіркестері өз мазмұнымен сөз қорына қайта оралып, өз орнын табу керек.

    Демек, «көнерген» (тарихи, ескі, мағынасы күңгірт, пассив) сөздер де тіл байлығының бір көзі»[17], - деген қорытынды жасайды тіл білімпазы. Бұл қағидалы пікірді бізде толық құптай отырып, жоғарыда академик келтірген мысалдардағ,ы діни терминдер Шәкәрім шығармашылығында бір жақты дінді жалаң баяндап, құр уағыздау, соқыр сенімнен ада екендігі, дүниетаным тұрғысынан өз алдына дербес ғылым деңгейінде зерттеп және поэтикалық жағынан да ол көркемдік эстетикалық биік талғаммен бейнелеудің шыңына жеткізгенін атап айтқымыз келеді. Мысалы: «Ескі иманды отқа өртеп, // Асыл иман алған күн»; «Дозақ оты жалындаса, // Оны Жанар нұры деп білсем»; «Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек»; «Жанымен сүйді әділет, ардың жолын, // Сондықтан ол иесі терең ойдың»; «Жеті көк жерден оңай басқыш болып, // Ғарышқа қол жетеді қармаласа»; т.т.

    Кеңес дәуіріндегі  атейстік көзқарастың халықтың  діни танымы мен сауатына тигізген  зияны шаш етектен. Ол үрдіс  қоғамдық ғылымдардың бәріне  бірдей тән еді. Мәселен, қзақ  тілінің түсіндірме сөздігінде  «дінге» мынадай анықтама берілді:

    «ДІН ар. зат. Құдайға құлшылық етіп, соқыр сенімге бас идіруші идеологиялық қондырманың бір түрі»[18]. «Ораза, намаз тоқтықта», «Дін - апиын» деген атейстік насихаттың жан-жақты жойқын шабуылы нәтижесінде дінтану біржола әлсіреген еді. Оның зардабы айдың, күннің аманында адамдардың жандүниесі азуына, рухани дағдарысқа түсуге әкеліп соқты. Қазақ айтатын «Құдайлан қорықпағаннан – қорық» деген даналық қағиданың кері келді. Демек, діннің де адамдардың имандылығын жоғалтып алмауына, ішкі жандүниесін кірлетіп алмауына тигізер шапағаты ерекше бөлек сезілгені сөзсіз. Бәлкім, жер бетіндегі діни ілімдерді зерттеу проблемасының тууы да осындай себептерге байланысты десек қателесе қоймаспыз. Арнайы әдебиетте бұл мәселеге төмендегідей сипаттама беріліпті:

    «ДІН ІЛІМІ – (теология – грек. құдай туралы ілім) – барлық діндердің басты қағидаларын жүйеге келтіріп, негізгі дәлелді етіп көрсетуге бағытталған діни теориялардың жиынтығы. Құдайға, табиғаттан тыс құбылыстарға, жанның өлмейтіндігіне, о дүниеге сенуге негізделген»[19].

     Бұл ретте  Шәкәрім белгілі діни ілімдермен  әбден таныс болғандығын және  оның кемшілік санаған тұстарына  өзінің сыни көзқарасын ашық  білдірген. Автордың назар аударар  уәжді шарттары бүгінгі ғылымның  ақиқат жетістіктерімен тұп-тура, дәлме-дәл келіп отыруы озық  ойлы даралығының белгісі. Оның: «Пайғамбар Мұса жолықса, // Сөйлесіп көңілім орнықса: // «Адасты жібермей, - дер едім, - // Тәуратты қайта толықта!»Дәуітті көрсем, ән салып,// Қуанар едім қарсы алып: // «Ақында қалды иманың, // Тағы үйрет, - дер ем, - /бір барып». «Зардуштке айтсам кезі кеп: // «Үйреттің ақыл нұр ғой деп. // Ұға алмай отқа шоқынып , // Бұзылды елің боғын жеп». «Будданың ұстап білегін, // Айырылмай бірге жүремін: // «Жәдігөй, бақсы, ламаға, // Шоқынды елің, білемін». «Айсаны көрсем егер халқың дінінен». «Мұхаметті көре алсам, // Сөз айтып, жауап бере алсам: // «Адасты молда, - дер едім, - // Құранды үйрет , келе алса». Бұл күнде дұрыс иман жоқ, // Шатақ дін нәпсі тыәған жоқ. // Ақылы саудың ойына, // Адамшы діндер сыйған жоқ. Анықты ешкім тапқан жоқ, // Іздемей қарап жатқан жоқ. // Әлімді залым қылатын, // Шатақ діндей қақпан жоқ. Ақыл да безді олардан, // Із қарап жүр сонардан. // Байқамай көбі адасты, // Көңілге бірақ сол арман. Көрмеді сынап дүние ісін, // Білмеді құдірет киесін. // Денеге жанды жеңгізіп, // Таба алмай қойды Иесін. Затшылдық көзін байлады, // адастырып айдады. // Жан билемей, тән билеп, // Ақылдың соры қайнады. Ғылым деп уды жегізді, // Денесіз зат жоқ дегізді. // Дәлелсіз пәнмен перделеп, // Тапқызбай қойды негізді»; «Тәңірінің – таза,болып бақ сен де кірсіз, //Әлің келсе, менен қаш, Иең – мінсіз»; «Молдалардан дін сұрасаң, // Сандырақтап, сандалар. // Пәншілермен бас құрасаң, // Жан, құдай жоқ, - дер тұра-ақ»; «Жанға көнсем, жан иесі - // Тәңіріге де көнгенім»; «Әділет пен мейірім, нысап - // Құлшылығым Тәңіріме. // Қиянатқа жанды жұмсап, // Жанбан отқа шырқырап»; т.т. мәтіннен суреткер-ойшылдың тіліміздегі қаншама рухани-діни ұғымның лексикалық мағыналық ажарын, Терминдік мәнін ашып, табиғи жан бітіргеніне тәнті боламыз. «Өлең – сөздің патшасы» арқылы зерде елегінен өткізіп, тұжырымдаған қуатты ой түйіндерінен Шәкәрімнің теологиялық ілімнің үлкен білгірі екендігі тайға таңба басқандай ап-анық сезіліп тұрады. Дінтанушы-оқымыстының «Сіз бояулы дін тұтасыз, // Мақтаның мен пайда үшін. // Сусыным деп у жұтасыз, // Кетпегейсіз бір құлап. Таза ақылмен таппаған дін, // Шын дінемес – жындылық. // Қармалаған бір соқырсың. // Өлген ой мен көз, құлақ»; «Хақиқатты дәл көруге, // Жан көретін көз керек. // Бас көзімен сенделуге, // Бізге рұқсат жоқ, шырақ; «Таза діннің шын негізін, // Ұстаған бір бенде жоқ. // Дүние толған көп шатақ дін, // Бәрі бірдей шатпырық. Дін тазасын діннен ізде, // Дін шатағын сынға сал. // Анық айна өзіңізде, // Айда ақылды қаттырақ. Шала дін де, пән де таппас, //Дін тазасын ой табар. // Еркін ақыл тіпті адаспас, // КЕзсе кірсіз жарқырап. Шынды таптым, қайғы басты, // Шын сырымды айтайын. // Дін де, пән де қатты адасты, // Дау сабасты барқырап»; «Пән жамылған әлімдер, // Дін жамылған зәлімдер, //Бере берсең, бәрін жер, // Сол жалмауыз паңнан без»; «Шолақ ойлы, дәлелсіз шолтаңдаған, // Фанатик діншілсің ғой дер-ақ маған», - деуі әлгі пікірімізді айғақтай түседі.Бұл – қажы Шәкәрімнің дінді жалаң, жаттанды, тоты құстай тақылдап, ойсыз қайталау емес, өзегін аралап, тамырын қуалап, тарата игергендігінің нақты мысалы.

    Шәкәрім творчествосын  зерттеушілердің бірі Қайым Мұқаметханов: «Шәкәрім дін мәселесіне көзқарасында  фанатик емес, ол схоластик дінді  тіпті мойындамаған, діни соқыр  сенімнен мүлдем аулақ, сыншыл  еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда, «ноқтасыз ойдың», «сау ақылдың»  адамы», «Шәкәрімнің философиялық  ой жүйесінен материалистік бағыт-бағдар  байқалады деп білеміз... Әдебиет,  өнер жағын былай қойғанда, дүние  жүзіне атты әйгілі философтардың  біразын оқып, білгені анық байқалады.  Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында  пессимистік философиясы бүкіл  Европаға кең тарап, етек алған,  неміс философы Шопенгауэрді (1788-1860) Шәкәрімнің оқығанын көреміз.  Оқып қана қоймаған, оның пессимистік  философиясын сынап, өзінің батыл  ой-пікірін айтқан.

   - Шопенгауэрдің дүние  дозақ, дүниеде тыныш өмір сүруге  болмайды

дегені дұрыс емес, - дей  келіп: - Дүние дозақ емес, бейіс, бейісті дозақ етіп отырған –  адам баласының, үстем таптың зорлығы, өзімшілдік күш-қаруы, адам бір бауырдай болып, өнер білмімен, таза еңбекпен табиғаттың байлығынан пайдаланып отырса, дүние  бейіс болуында сөз жоқ. Мұны сезбей Шопенгауэр адасқан, - дейді»[20], - деп пікір түйеді.

     Қазақ елінің тәуелсіздік алуымен бұрынғы атейстік көзқарас күрт өзгеріп, имандылыққа бет бұрдық. Қалың бұқараның діни сенімі мен қалауына еркіндік пен ерік берілді. Дін мәдениетін көтеретін рухани ғибадат орындар мен білім ошақтары, арнайы басылымдар мен дінтанушы, теолог мамандар күн санап көбейе бастады. Діни дүниетанымға байланысты термин сөздердің емлелік жазылу тәртібіне де көңіл бөлініп, теологиялық көзқарас тұрғысынан ұсыныс пікірлер жарық көре бастады. Философ, тәфсиртанушы Мұхиддин Исаұлы «Қазақ әдебиеті» газетінде ана тіліндегі анықтамалық сөздіктерде «Алла» сөзін емлелік қате әліптеп жүргендігіміз туралы мәселе көтеріп, дұрысы «Аллаһ» деп бас әріппен жазылуы шарт екендігін ескертті. «Алла сөзі Ұлы Жаратушының өзіне тән аты болғандықтан бас әріппен жазылады. Және соңында да «һ» әрпі бар. «һ» әрпінің жеке өзі «Аллаһ» деген мағынаны білдіретін Жаратқанның есімі»[21], - дейді дінтанушы ғалым пікірі. Егер тәфсиртанушының уәжіне сүйенсек, бұған дейін қате жазып келген Жаратқан Иенің атын міндетті түрде түзетуіміз шарт сияқты. Әрине,  бұл пікірді қолдай қою қиын. Қазақ әлімсақтан Алланы [Аллаһты] – Алла, Алда, [Аллаберген, Алдаберген  деген кісі аты жиі кездеседі], молланы – молда деп қазақ тілінің үндесдытік заңына сәйкес әдеби нұсқасы нормаланса, және қалыптасқан тарихи дағды болса, оған түзету жасау біздіңше, ағаттық деп білеміз. Ең бастысы Аллаға сенім болса, Жаратқан Иенің атын ана тіліндегі дыбыстық жүйесінің заңдылығына орай ғасыындарлар бойы орнығып, қалыптасқан атауын өзгертіп, араб тіліндегі нұсқасын сол күйінде қайталау шарт емес деген ойдамыз. «Мұсылмандық  шарты»атты кітабында Шәкәрім былай деп жазады: «Алла тағала барша адам баласына бір Алла тағаланың барлығын, бірлігін һәм өзін Жаратқан Иесі екенін біліп иман келтіріп, құлшылық қылсын деп жаратқан. Аятта: «жын менен адамдарды құлшылық қылсын деп жараттым!» - деген.Солайша құлшылық үшін жаралғанды. Оқығандарыңыз кітаптан,оқымағандарыңыз молдалардан есітіп білген шығарсыздар...Бұл кітап әрбір қазақ оқуға оңай болып әрі оларға пайда, әрі өзіме сауап болар ма екен деп Алла тағаланың рахметінен үміт еттім. Амин»[22].  Дінтанушы, философ, қажы Шәкәрім халықтық тілдің қалыбымен Алла тағала, молда деп жазса, ана тілін де, дінді де бір кісідей игерген және исламды басқа діндермен салыстыра зерделеген оны Жаратқан Иенің атын дұрыс таңбаламады  деп қалай күнә тағамыз. Әрине бұл өрескел қисынсыздық болар еді. Сондықтан қазақ тілінің сингармонизм заңына сүйеніп, артикуляциялық дыбысталуына сәйкес айту мен жазу әдеби тілдің нормасына сай келеді деген пікірдеміз.

    2.2.Қоғамдық-философиялық категориялар мен ұғымдарға қатысты атаулар.

    ХХ  ғасырдың басындағы Дала ойшылдарының арасында шоқтығы биік тұлғалардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өйткені оның шығармаларындағы таным көзқарасын білдіретін ғылыми тұжырымдары мен ой қорытындыларын бейнелейтін қолданыстардан философиялық категория деңгейіне котерілген терминдік сөз  жасамды бірден аңғаруға болады. Ойшыл қаламгер дің бұл атап айтарлық ерекшелігі - ғылыми зерттеу еңбектерімен қатар поэтикалық шығармаларына да тән қасиет. Әрине поэтикалық шығармаларындағы да Әрине поэтикалық шығармаларындағы даналық күрделі ойды стильдік бояу, образды коркемдік бейнелеу арқылы параллель жасау деп те түсінуге болар. Алайда табиғаты терең ойланып,қисындау машығы бөлек жанның ақындық тіл кестесіне мұның әсері болмауы әсте мүмкін еместігі аян. Дегенмен бұл жөнінде Шәкәрімнің ақындық толғаныстарына кеңірек тоқталып, ғылыми талдау жасауды  кейінге қалтыра тұрып, оның «Үш анық»аталатын философиялық трактатына көңіл аударып көрсек.Мәселен,  «Адам хақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен кореді...Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс-ұждан» («Әлем»альманах.А.,  18-бет). Осы сөйлемдердегі ерекшеленген тіркестер ана тіліндегі философиялық ойды білдіретін қалыптасқан әдеби нормаға сәйкес оралымдар болмаса да, кез келген қазақтың түсінуі мен ұғымына жақын екені аян. Бұл авторлық ізденістен туған ілкі тәжірибенің белгісі, әлі философиялық терминология өз алдына толық дараланып, дербестеніп бөлініп шығатындай тілдік сұраныстың болмауы - жазба дәстүрдің әбден орнығып, ол лексикалық тұлғаларды тұтынуға қажетті әдебиеттердің тым аздығы себебінен деген жөн сияқты. Кейбір жеке тұрғанда мағынасын ажырату өте қиын, сөз тіркесі арқылы жасалған терминдік ұғымды контекст ішінде тұтас оқығанда ғана семантикалық жағынан білдіретін ұғымын аңғаруға болады. Мысалы: «Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жаңдылардан бастап адамдарға шейін бәрі һәм нәсілдерінің жаксылақта болып,өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны - «барлык таласы»  дейді». Бүгінгі оқырманға жоғарыдағы сөйлемдердің көтерген философиялық жүгін шамамен аңғаруға болғанмен, стильдік ескілігі және сонымен бірге бұл саладағы терминдік сөз жасамның қалыптаса қоймағандығы мәтіндегі қолданыстан анық корінеді. Шәкәрімнің «барлық таласы» Спиноза Бенедиктің ілімі бойынша «барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол – субстанция (түпнегіз)»[23]- дегеніне де келеді. Сондай-ақ, кәзіргі философиялық пайымдау бойынша ғылыми ортада қалыптасқан материя ұғымын да береді.

    «Герберт Спенсер  күн сайын білінуі қиындаған  сырлар туралы қанша дау айтысып, ой жүргізсең соншалық ашық (форма) нұсқада адамнан үстін бір нәрсені барлыққа келтіруші, бұрыннан бар, тіпті жоғалмайтын бір қуаттың барлығы аңғарылады дейді». Материяға берілген сөздіктегі анықтама: «Адам санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүретін объективтік шындық,  дүниенің түп негізі»[24] - делінген.  Демек, мұнан ойды бейнелейтін лексикалық тұлғаның даму эволюциясын кореміз. Оған сөз болып отырған еңбектен материя ұғымындағы барлық лексикалық бірлігі сөйлем ішіндегі синтаксистік байланыс арқылы түрлі позицияда жұмсалып әлгі айтқанымызға көз жеткізе түседі. Тағы да мысалға жүгінелік.

Информация о работе Жұмыстың жалпы сипаттамасы