Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, ұлттық ойлау жүйесі мен парасат әлеміне Шәкәрім Құдайбердіұлы қосқан елеулі үлес кеңестік дәуірде тарихи санадан аластатылды. Сондықтан халқымыздың қоғамдық өміріндегі Шәкәрім шығармашылығының жеткен деңгейі мүлдем ғылыми айналыстан шығарылуы рухани вакумға айналып, табиғи дамудың сабақтастығына зор нұқсан келтірді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Дикош.docx

— 76.51 Кб (Скачать документ)
  1. Шәкәрімнің поэтикалық сөз кестесіндегі лексикалық қолданы

шеберлігі;

  1. Шәкәрімнің ғылыми-танымдық шығармашылығындағы терминжаса

мен стильдік тезге салу үрдісі.

    Зерттеу объектісін  бұл таңдауымыздың себебі ақын, ойшыл, аудармашы әрі заманында  мерзімді баспасөз беттерінде  өзінің азаматтық үнін қосқан  көп қырлы таланттың ұлттық  әдеби тілдің нормалану процесінде  тигізген ықпалы мен үлесін  айқындаудан туып отыр. Ол өмір  сүрген кезең – екі ғасыр  тоғысындағы Ресей патшалағынына  кіріптар қазақ халқының саяси-әлеуметтік  тұрмыс-тіршілігінің сапалық жаңа  өзгерісті қажет еткен тарихи  дәуірге тап келді. Бұл қалыптасқан   қоғамдық-әлеуметтік ахуал ой  ойлаған барша қазақ зиялыларын  толғантқаны даусыз. Қоғам өміріндегі  күрт өзгерістер соны ұғымдарды  туғызды, ал ол өз кезегінде  ана тілінің сөздік қорынан  көрініс тапты. «Шәкәрім мұрасының  стильдік-жанрлық өрісінің кең  екендігі, оның тілдік-көркемдік  тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді»[9] - деген филология ғылымдарының докторы Рәбиға Сыздықованың пікірі біздің көздеген мақсатты ойымызды дәл береді. Сондықтан Шәкәрім шығармашылығындағы ана тілін байытқан үлгі-қалыптар мен әдіс-тәсілдерді ғылыми зерттеп игерудің қазақ әдеби тілін дамытуда орны ерекше.

    Ойшыл өзінің  айтпақ идеясын халық даналығының  үлгі жүйесімен астастырып, ішкі  тұтастығын үндестіріп бейнелеуі  дәстүр сабақтастығын жалғастырудың  қарапайым мысалы.

    Шәкәрім ойшылдағы  адамның дене мүшелерінің өзін  ғибрат етіп, оқырман санасына  даналық ұлағат берерлік қуаты,  әсері күшті етіп бейнелейді:

Хақиқатты дәл көруге,

Жан көретін көз  керек.

Бас көзімен сенделуге,

Біз рұқсат жоқ, шырақ

    Бұл ретте Шәкәрім  қасиетті Құран Кәрімдегі «Адам  баласының өзінде ғибрат бар»[10], - деген қағидамен іштей үндестігін аңғартады. Немесе «Соқыр білмес жарық пен қараңғыны, // Көңіл көзі сынасын, болса міні»  деген жолдарда ақын көңіл көзі, яки ақылы, санасы арқылы зерделеуді мегзеп отыр.

    «Екі құлақ тарс бітіп, // Шел басыпты көзімді. // Иіс білер мұрын жоқ, // Жалған деме сөзімді», - деген поэтикалық жолдарда Шәкәрім адамның сезім мүшелерін бейнелейтін сөздерді сыртқы дүниені танудағы қызметін кең мағынасында күшейтіп қолдану арқылы стильдік жүк артып жұмсайды. Автордың салыстырмалы түрде ұсынған уәжі шындығында оқырманын ойға қалдырады. Сонымен қатар адамның биологиялық, физиологиялық дене мүшелерінің атқаратын функциясымен қоғамдық-әлеуметтік қызметін шендестіре суреткердің паралель жасауы – бұл да шығармашылық тапқырлық. Филология ғылымдарының докторы Рәбиға Сыздықова «Соны образдар жасау Абай жандандырған тәсілдердің бірі – мағына жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіру екенін» айта келіп, бұл амал Шәкәрімде де кеңінен қолданылғанын көрсетеді:

«Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр,

Ыза қысып, тісімді байлаулымын –

деген өлең жолдарындағы улы жүрек, долы тіл, тіс байлау деген тіркестер мағыналары жуыспайтын сөздерден жасалған: улы болатын тамақ, ішімдік, дәрі сияқты нақты заттар, ал жүрек сөзіне тіркескенде, улы компоненті мағынасын ауыстырып, «әділетсіздік көрген, ызаға толы» деген ұғымға ие болып тұр, долы тіл де сондай: долы болатын нақты адам болса керек (долы қатын деген сияқты), ал адамның өзі емес, тілін долы деп бейнелегенде және, тісімді байлаулымын дегенінде тағы  да жанаспайтын сөздердің тіркесуінен жаңа ұшқын – тың экспрессия пайда болып тұр.

    Тағы бір өлеңінде  Шәкәрім:

Қайсыбірі қайғы айтып,

Үміттің үйін құлатты –

дейді. Үй – нақты зат атауы, үміт – дерексіз есім. Деректі, дерексіз есім атаулары тіркеспеуге тиісті, ақын осы «заңсыз тіркес» арқылы жаңа ассоциация туғызып тұр, оның үстіне осы үйді құлатып, бұл тың образды одан сайын күшейткен. Бұрынғы «үміт үзілу» деген образды үміттің үйін құлатты деп жаңаша ұсынуы – Абай үлгісі»[11]. Жоғарыда келтірген көңіл көзі сөз тіркесі де дерексіз, деректі есім атауларының тіркесуінен жасалған. Көңіл -  абстракты дерексіз ұғым, ал көз – деректі нақты дене мүшесі. Ындыны таза, таза ақыл, ойға тоқу, көңілі соқыр, соқыр ойлы, үміт шамы, таза хақиқат, т.б.

    Абайдың ақындық  қуатын танытатын идеялық-пішіндік, бейнелегіш-көріктеу әдіс-тәсілдерінен  үйреніп, жетік игергендігін аңғартатын  Шәкәрімнің шығармашылық тіл  кестесінде жиі кездесетін тұстар  аз емес. Мысалы: «Тілінде бал, ішінде у, // Көз байлағыш көп жәду», «Ындыны таза ешкім жоқ, // Сыртында май, ішінде оқ. // Түп қарыны толған боқ, // Жасырып жүр мұнысын», - деген сөйлемдердегі бал, у, жәду, май, оқ сөздерінің мағыналық құбылуы көркем образ жасауға лингвостилистикалық қызмет атқарып тұр. Шәкәрім лексиконында жұмсалған жәду сөзі тілдік қолданыста сирек қолданылатын архаизм. Бұл түркі халықтарының ежелгі мифіндегі қасиетті жада [яда] тасының атынан  жасалған туынды есім. «Оның көмегімен ауа райын өзгертуге болады деген сенім болған, яғни тасты арбау арқылы жаңбыр мен қар жауғызуға, дауыл-боран туғызуға болады екен»[12]. Шәкәрімде жәду сөзі арбаушы, көзбояушы, сиқыршы, гипнозист деген мағынада. «Жәдігөй, бақсы, ламага, // Шоқынды елің, білемін», - дегенде жәдігөй алдыңғы жәду сөзінің синонимі қатарында жұмсалған. Қазіргі әдеби тілде жәдігөй лексикалық тұлғасы жоғарыдағы мағынасында жұмсалып, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» енгенмен, Шәкәрім қолданған жәду сөзі ғылыми анықтамалық еңбектерде мүлдем тіркелмеген. Сондықтан бұл жәду архаизмін біздіңше, мағыналық жағынан жаңғыртып, дербестеп гипноз терминінің төлтума баламасы орнына қолдануға әбден болады деп білеміз.

    Шәкәрім шығармаларының  тілдік, стильдік ерекшелігінен  өзімен қатарлас өмір сүрген  қазақтың көрнекті суреткер қаламгерлерінің  тақырыптық-идеялық, пішіндік-жанрлық  жаңалықтарына еліктегендік байқалады.  Әсіресе, патша өкіметінің жүргізіп  отырған саясатын, билік жүйесін,  қоғамдық ойдың даму желісін  реалды шындық тұрғысынан сынап-мінеуге  мемлекеттік цензуралық тәртіптің  шектен тыс қаталдығы мен қырағылығынан  бүркемелеп, емеурін, ишара, тұспалмен астарлап, аллегориялық тілмен пернелеп жеткізу әдебиетте кең өріс алды. Сондықтан қазақ ақын-жазушылары ұлы Абайдан бастау алатын мысал жанрына айырықша көңіл бөлді. Бұл үрдіске Шәкәрім де қал-қадірінше ат салысты. Оның «Бояулы суыр», «Қаншыр мен бөдене», «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене», т.б. өлеңдері мысал жанрына жазылған. Шәкәрім де қазақ мінезіндегі енжарлық пен бейқамдықты, ала ауыздық пен күншілдікті елдің береке-бірлігінен айырар рухани-әлеуметтік кесел деп түсіндірді. Оның төмендегі өлең  құрылысы мен ұйқасынан, интонациясы мен ырғағынан Ахмет Байтұрсынұлының мотивін айқын ажыратуға болады: «Жалқау тірі болғанмен өлгенге есеп, // Білімнің кеселі жоқ мұнан кесек. //Білімсіз, әрекетсіз еріншекті, // Күнәкер де болмаспыз өлі деск. // Пайдасыз құмарлық та, мақтан-дағы, // Ерте бойға жуытпа сақтан-дағы. // Үйір қылып алған соң құтылу жоқ, // Бейне түлкі боласың қақпандағы». Енді Ахметтің «Қырық мысл» кітабындағы «Есек пен үкі» өлеңін оқып көрелік:

«Болады ақылсыздың мысалы есек,

Ғылымсыз надан адам соқырға  есеп.

Қалпынан есек асып, ат болмайды,

Қойса да қорасына асыл төсеп.

Алтынды аяғыңа басқанменен,

Болмайды асыл азып, балшық кесек». Мұндағы есек сол дәуірдегі 

отаршылдық езгіден титықтап, айтқанына көніп, айдағанына жүрген қазақ халқының кейпін, үкі билеп-төстеген империяның образдық бейнесі. Ахмет есек бейнесі арқылы санасы қалың ұйқыдағы қазақтың намысына тиіп, рухын оятуды мақсат етеді. Тапа тал түсте көрмегенімен қоймай ақылсыз есекке жол көрсеткен үкінің қиянаты арқылы өткір тілмен әжуалайды.

    Шәкәрімде түр-түсті  білдіретін сын есімнен болатын  сөз тіркесін сыртқы дүниенің  қатпар-қатпар сын-сипатын танып-білу  үшін табиғи бояудың философиялық  көтерген жүгінің сан-сапа реңктерін  адам көңіл-күйінің психологиялық  нәзік қылып шертіп, сезіміне  әсер ететіндей ойнатып жеткізеді.  Сөзіміз дәлелді болу үшін  мысалмен дәйектесек: «Егер Құдай  барлығына анық болса, // Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес», - деген сөйлемнің бағыныңқы компонентінде антитеза әдісі арқылы ақ жүрек сөз тіркесін сұм залалкес синтаксистік жолмен жасалған ұғымға қарсы қойып, философиялық мағынасын Шәкәрім суреткерлік шеберлікпен екшеп шығарып отыр. Айнала джүниенің сиқыры мен құпия сырын білуге ұқмтылдырып, оқырман санасын тәрбиелеген ойшыл жан «Тәңірі жол – ақ жүрек», - деп, ақ жүрек сөз тіркесінен  жасалған теологиялық, философиялық терминдік категория ретінде періштедей адалдық  ұғымында қолданады. Сондықтан Шәкәрімді жүйелі оқығанда ақ жүрек сөз тіркесінен жасалған терминдік қолданыстың семантикалық мағынасын контексте айқын айыруға болады: «Ақ жүрекке кез келсең, // Өзге түкке қайырылма»;  «Айнымайтын ақ жүрек пен // Таза ақылды адамның // Таппасы жоқ бұл өмірде»; «Ақ жүрек пен Таза ақыл, // Қылсаң Адал еңбек, // Бәрінен де сол мақұл – Артқыға жол бермек»; «Мен – ақ жүрек» дегендерді, // Терісінсойды да берді, // Еті – қасқыр, көзім көрді, // Дедім мен: «Астапыралда!». Осы ретте: ақ жүрек, ақ ниет, қара ниет, ақ пейіл, қара пейіл, ақ нұр, ақ өлім, ақ іс, т.т. түр-түсті білдіретін сын есімнің бірігуінен жасалған күрделі лексикалық единицаның қазақ тіліндегі теологиялық, философиялық, психологиялық ғылыми терминологияның орнығып, қалыптасуына Шәкәрімнің шығармашылық сіңірген еңбегі өте зор. Өйткені осы аталған ғылым салаларының бүгінгі терминологиялық лексикасы қатарынан әлгі айтылған қолданыстар актив жұмсалады. Бұл орайда Шәкәрім тіліндегі лексикалық, стильдік семантикасы дәл бүгінгі таңдағы әдеби тілдік қорымызда да сол қалпында өзгеріссіз енді днуге толық құқымыз бар. Философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Есім жоғарыда келтірілген лексикалық тұлғаға философиялық мынадай анықтама береді: «Ниет – субстанция болса, қылық пен пиғыл оның акциденциялары (көріністер). Қылық көбінесе әйел-заты болмысына қатысты айтылса, пиғыл әйелге ле еркекке де ортақ ниеттің көрінісі. Пиғыл адамшылық кеңістігінде жағымсыздау мәнде қолданылады, оның астарында зұлымдықтың салқыны сезіледі...

    Ниет тәнге  емес, адамның жанына қатысты  мәселе. Нәпсі болса ниетті бұзушы, ниетті қорғаушы – иман. Сондықтан  да ниет әуел бастан ізгілік  жолы. Бірақ, жалған ғұмыр –  қара ниет, бұзық ниет, жалған  ниет, жауыз ниет сияқтыларды  дүниеге әкелді»[13], - деп пайымдайды. Ғалым пікірінен шығатын қорытынды ниет, қылық, пиғыл, жан, тән, ізгілік, зұлымдық, нәпсі, иман, т.т. философиялық ұғымдарды білдіретін термин сөздер. Шәкәрім философ ғалымның пікірін  сол дәуірде поэтикалық тілмен шегедей қағып, бекіткен: «Мейір, Ынсап, Әділет, // Шыдам, Шыншыл, Харакет, // Түп қазығы – Ақ ниет», - дейді ол. Осындағы мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл, харакет [қарекет], ақ ниет сөздері теология, философия, психология ғылымдарына ортақ терминдік лексика. Шәкәрімнің: «Философ сөзін оқыдым, // Талайын ойға тоқыдым, // Кітабын да көргемін, // Әулие мен сопының», - деуі өз заманының даналық ойын терең зерделеген, керегін «ойына тоқыған» философ, теолог, психолог екендігінен мәлімет береді. Тағы да мысалға жүгінелік: «Ақ ниетім бұрын жоқ, // Жүрегімде нұрым жоқ»; «Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың // Алданбайсың артынан ере берсең»; «Разат, сұхбат іздесең, // Ақ жолыңнан айырылма», «Жүректің ақ нұры сөнді»; «Тағдырдың жазған ақ өлім, // Құтылып онан кеттің бе?»; «Ақ ісіңе адам жоқ, // Адамнан тіпті шошыма!», т.т. Жоғарыда айтқан ақ жүрек, ақ жол, ақ ниет, ақ пейіл, ақ нұр, ақ өлім, ақ іс, таза ақыл, шатақ дін дегендері сияқты жүрек, ниет, пейіл, нұр, өлім, іс, ақыл сөздерінің эпитеттерін Шәкәрім сан құбылтып отырады. Мысалы, жарық нұр Жар нұры, нұр желі, бейілің қара, қара ниет, таза ниет, жаман ниет, қара жүрек, адасқан дін, сау ақыл, теріс жол, т.т.

    Шәкәрім тіліндегі  даналық ой түйіндерін танытатын  шеберлік қырының бірі – ауызша  таралған халықтық даналық ғибраттың  моделін сәтті игеруі. Мыслы: «...Қуаты, күші жоқ, сырты бар, іші жоқ. // Артына қам жылып, ұмтылған кісі жоқ. // Көретін көзі жоқ, ұғатын сөзі жоқ, // Қазақтың бұл күнде аты бар, өзі жоқ. // Түзелер кезі жоқ, түзетер тегі жоқ, // Жер жүзі халқының қазақтан езі жоқ » (Түрік қырғыз-қызық һәм хандар шежіресі. 1991,   69). Осы өлең шумағынан жоқ сөзінің үнемі қайталануы арқылы поэтикалық көріктеудің эпифора амалын қолданып, керекті қасиеттің бәрі жоқ екендігін термелеп, жұмбақтап келіп, автор оның шешуін де өзі баяндап, қазақ та ғана «жоқ» дегенде тыңдарманның сезіміне әдейі әсер ететін эмоциялық бояумен экспрессиялық қызметін күшейте түсу үшін пайдаланды. Бұл ел аузындағы «жеті жоқ» деген жұмбақты тіркесті еске салады:

Көкте тіреу жоқ,

Тауда тамыр жоқ,

Жылқыда өт жоқ,

Құста сүт жоқ,

Тілде буын жоқ,

Ойдың түбі жоқ,

Ғылымның шегі жоқ.

    «Бұл жұмбақ  қиыннан қиысқан ой-қиялдың, терең  көркемдік ассоциацияның жемісі»[14]. Шәкәрімнің ауыз әдебиетінің қайнарынан қанып ішкендігінің осы тақылеттес белгілерінің шығармашылық өнерінің өн бойынан, соның ішінде тілді тұтыну ерекшелігінен аяқ басқан сайын кездестіреміз. Филология ғылымдарының докторы, профессор М.СЕрғалиев «Абай өлеңдерінде поэзиясы синтаксисінің кейбір мәселелері» деген зерттеуінде: «Абай өлеңдерінде болымсыз тұлғалар арқылы болымдыны беру нәтижесінде автордың ойы сезімге дәл тиіп, әсерлі шығып отырады. Болымсыз тұлғалардың өзі әр түрлі тәсілмен болымдыны танытады»[15], - дейді. Бұл пікір біздіңше, Шәкәрім тілінің ерекшелігіне де қатысты айтуға болады.

    Жеке сөздердің  орфографиялық ала-құла әліптелуі  мен бір ізге түсірілмеуі практикалық  жағынан тіл мәдениетін көтеруге  кері әсерін тигізді. Араб қаріпті  қазақ жазуының жетілмеуінен  бір сөздің түрліше лексикалық  тұлғалануына себеп болды. Міне, бұл ерекшелік Шәкәрім шығармаларының  тілінен де кездеседі. Әлбетте,  кей жағдайда суреткер шеберлігі  осы варианттылықтың өзін семантикалық  дербес мағына үстеп, стильдік  қызметте жұмсап, образды ашу,  дыбыстық ішкі үндестік үшін  де пайдаланылады. Мысалы, «Тыным жоқ айланған, // Сөтке, жұма, жыл мен ай», «Өзгермейтін нәрсе жоқ, // Айланған соң арбадай», «Үйретсем иман адамға, // Әлімге, мейлі наданға, // Қолы жүйрік, көзі өткір, // Көңілі соқыр шабанға», «Адасып әлім шатылды, // Ол шатасқан шаңнан без», «Адамның ең асылы - // Қиянатсыз ақ бейіл», «Жатында қанды емізген, // Ауызсыз қорек жегізген», «Айсаны көрсем егер мен: // «Ен, дер едім, - қайта сен. //Сені Құдай деді де, // Айырылды халқың дінінен», «Ғайсадай жан беретін таңның желі, // Қайғымды желге ұшырып, тірілт мені!», «Өлімнің шын түбі - бейіс», «Айтса да қандай ғалым зат, // Дәлелсіз болса, бәрі - оғат», «Сайтан деген - қиянат», «Сайтанмен ойнас жүрегі, // Пайда мен мақтан – тілегі, // Арамға батса білегі, // Жақсыға қайтып қосылар?», «Және аятта: «Өлшеусіз ысырап қылған кісілер шайтанның туысқаны. Шайтан Алла тағалаға кәпір болған»,- деген» («Мұсылмандық шарты. 1993,   29»), «Табамыз деп ойға алды // Жаратқанның киесін» (1988,   26), «Жаралыстан ғибрат алсаң, // Болар едің ойқұмар» (1988,   265), т.т. Жоғарыдағы айланған сөзінің әдеби нұсқасы айланған, алайда тілімізде екеуі де қолданыла береді. Шәкәрім аспандағы айдың қасиетімен шендестіріп, варианттылықтың өзін образ жасау үшін жұмсағандығын көреміз. Жатын сөз тұлғасының медициналық, биологиялық, философиялық термин ретінде әдеби тілімізде орныққан лексика-грамматикалық пішіні жатыр зат есім. Жатын лексикалық бірлігі соңғы жылдары жатын бөлме деген сөз тіркесінде арнайы ұйықтайтын бөлме ұғымын білдіріп, өз алдына дербес мағына үстегендігін, яки Шәкәрім қолданылған нұсқасы әдеби тіліміздің кәдесіне жарағандығының белгісі. Әлім сөзінің ғалымның семантикалық мағыналық реңкінде тұтынған. Бұл арадағы әлемнің мағынасы ғалымнан төмен, ғалымсымақ дегенді меңзейді. Айса, Ғайса, Иса варианттылығы тілімізде жеке-жеке семантикалық дербестеніп қазақ антропонимикалық лексиканың қатарынан орын алды. Ақ бейіл – ақ пейіл, бейіс –бейіш, оғат – ағат, сайтан – шайтан лексикалық тұлғаларын да поэтикалық дыбыс үндестігі, ұйқас үшін стильдік қызмет орнына жұмсалғандығын байқаймыз. Демек, Шәкәрім – жазба мәдениеттің осал тұсы – алфавит, емле мәселесінің дұрыс жолға қойылмаған ХХ-шы ғасырдың басындағы өтпелі дәуірде тілдегі лексикалық ала-құлалықты шығармашылық шеберлікпен ілгері дамытып, көркемдік құнарын байытып, әдемі пайдалана білген суреткер.

Информация о работе Жұмыстың жалпы сипаттамасы