Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, ұлттық ойлау жүйесі мен парасат әлеміне Шәкәрім Құдайбердіұлы қосқан елеулі үлес кеңестік дәуірде тарихи санадан аластатылды. Сондықтан халқымыздың қоғамдық өміріндегі Шәкәрім шығармашылығының жеткен деңгейі мүлдем ғылыми айналыстан шығарылуы рухани вакумға айналып, табиғи дамудың сабақтастығына зор нұқсан келтірді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс Дикош.docx

— 76.51 Кб (Скачать документ)

Жұмыстың жалпы  сипаттамасы

   Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, ұлттық ойлау жүйесі мен парасат әлеміне Шәкәрім Құдайбердіұлы қосқан елеулі үлес кеңестік дәуірде тарихи санадан аластатылды. Сондықтан халқымыздың қоғамдық өміріндегі Шәкәрім шығармашылығының жеткен деңгейі мүлдем ғылыми айналыстан шығарылуы рухани вакумға айналып, табиғи дамудың  сабақтастығына зор нұқсан келтірді. Еліміздің егемендікке жетіп, өз билігі өзіне тиюі – рухани мұрасын түгендеп, ұлттық дүниетанымына қайта үңілуіне, осыған орай Шәкәрім шығармашылығының тілдік ерекшелігін ғылыми зерделеу қажеттігі туындайды. Бұл ретте ұлы ақын, үлкен ойшыл, ағартушы-ғалымның діни-теологиялық, қоғамдық-философиялық тақырыпқа жиі қалам тербеуі, соған сәйкес аталған салада соны ұғымды бейнелейтін лексикалық топтың қалыптасуына ықпал етті. Ал бұл атаулар өз кезіндегі қазақ әдеби тілінің қанатын жайып, өсіп-өркендеуінің бір арнасы – лексикология екені аян. Сондықтан Шәкәрім шығармашылығының тілдік ерекшелігін зерттеу – қазақ әдеби тілінің нормалануы мен ғылыми атаулардың жүйеленуі және қалыптасуына қосқан оның сүбелі  үлесін жан-жақты тани түсуге жол ашып, терминтаным саласындағы рөлін айқындауға көмектеседі.

    «Шәкәрім Құдайбердіұлы  шығармашылығындағы рухани-діни  және қоғамдық-философиялық лексиканың  қолданысы» атты курстық тақырып осы айтылған мәселелерге арналып, ХХ-шы ғасырдың басындағы жазба дәстүрдің бұқаралық сипат алуымен қатар уақыттың сұранысынан туып, әлеуметтің қажетін өтеген танымдық еңбектерінің тілдік тұрғыдан алғаш талданып, саралануының ғылым үшін мән-маңызы өте зор. Сол арқылы бұған дейін қазақ тіл білімі ғылымы саласындағы қалыптасқан теориялық тұжырымдар мен қағидаларға, көзқарастар мен үрдістерге жаңаша үңіліп, тың өзгерістер енгізуге, өзіне тән ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

    Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы төлтума рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканың өз тұсындағы және өзінен кейінгі қолданылу ерекшеліктерін салыстыра айқындау. Аталған лексикалық атаулардың қазақ әдеби тілінің сол дәуірдегі әлеуметтік қызметіне сәйкес ұғым-түсінігін бейнелеудегі маңыздылығы мен мәнін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу, творчестволық тұлғаның шетел сөздері мен тілдік ортаға орай қазақ тілінің ішкі ресурсын сәтті пайдалану шеберлігі мен тәжірибесін сипаттап беру. Осыдан келіп төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілінің жазба дәстүрде орнығуы мен қалыптасуына Шәкәрім Құдайбердіұлының қосқан шығармашылық үлесі;
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы төлтума рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканың сапалық деңгейін анықтау;
  • Рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканы жүйелеу және семантика-стилистикалық сипаттама беру;
  • Қазақ тіліне Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары арқылы тұңғыш рет соны рухани-дәни және қоғамдық-философиялық ұғым-түсінікті білдіретін сөздердің енуі және тілдік қолданыста орнығып, әдеби нормалану процесін талдау;
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексикасын этимологиялық, генетикалық құрамын талдап, анықтау.

    Зерттеудің  нысанына Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы қазақ әдеби тілінің құрамдас бір бөлігі рухани-діни және қоғамдық-философиялық ұғым-түсініктерді білдіретін лексиканы саралап, семантикалық мағыналық реңктерін талдау, жүйелеп, зерттеу мәселелері жатады.

    Зерттеудің  дерек көздері. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары./Өлеңдер, дастандар, қара сөздер/(1988); Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық. (1990); Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. (1991); Шәкәрім Құдайбердіұлы. Мұсылмандық шарты. (1993); Шәкәрім. Иманым. (2000); «Айқап», «Абай», «Таң» журналдары мен «Қазақ», «Сарыарқа» газеттеріндегі жарияланымдарын пайдаландық.

    Зерттеудің әдістері.  Ғылыми жұмыста тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы әдіс, сипаттама әдісі, жинақтау, қорыту әдісі қолданылды. Жасалған тұжырымдар теориялық жағынан негізделіп, нақты мысалдармен дәйектелді.

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын тілдік тұрғыдан арнайы зерттеу нысаны етіп қарастыру, оның қазақ әдеби тілінің ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі аралықтағы  қоғамдық өмірдің саяси-құрылымдық, әлеуметтік-экономикалық жағынан күрт өзгерістер бар.

 

    Зерттеу  жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Курстық жұмыста талданған Шәкәрім Құдайбердіұлының тілдік лексикалық қолданыстары кейінгі жылдары баспа бетінде жарық көрген Шығармалары./Өлеңдер, дастандар, қара сөздер/(1988); Үш анық. (1990); Түрік-қырғыз һәм хандар шежіресі. (1991); Мұсылмандық шарты. (1993); Иманым. (2000) кітаптарынан алынғандығын және мысалдардан соң жақша ішінде деректік басылған жылы мен беті көрсетілгендігін ескертеміз.

 

Курстық жұмыстың негізгі мазмұны

 

    Жұмыстың кіріспесінде  курстық жұмыстың тақырыбының  маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, теориялық  және методологиялық негізі, мақсаты  мен міндеттері, зерттелу деңгейі,  практикалық мәні туралы мағлұматтар  берілген.

    Зерттеу жұмысының  1 тарауы «Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ жазба әдеби тіліндегі орны» деп аталады. Онда ойшыл қаламгер шығармалары тілінің қазақ жазба әдеби тіліне қосқан үлесі мен орны өз дәуіріндегі тілдің даму сипаты деңгейімен салыстырыла пайымдалады.

    1.1 Шәкәрімнің тіл тазалығына қосқан үлесі. Тіл білімі саласында әдеби тіл деген ұғымға байланысты алуан түрлі көзқарас пікірлер айтылып келді. Әдеби тілдің тарихына қатысты да бірсыпыра еңбектер жазылды. Оның  бәріне бірдей тоқталып жатпай, Р.Сыздықованың әдеби тілдің басты белгілерін айқындау принципіне көңіл аударып көрелік: «Әдеби тілдің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы, бұл – бір. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуға тиіс. Бұл – екінші меже. Әр нәрсенің, әр құбылыстың заты  / мән-мәнісі, табиғаты / салыстыру арқылы таныла түседі. Әдеби тілді тану үшін оған қарама-қарсысына қойылатын құбылыс – ауызекі сөйлеу тілі. Бұл – тілді әдеби деп тануға қажет үшінші шарт. Әдеби тіл – қоғамның қолдану практикасында сыңнан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт. Бұл - төртінші сипаты. Осы белгілерді нысанаға алып қарасақ, қазақтың тіліне «әдеби» деген атрибут-сапаны ұлттық дәуірге дейін де беруге болатын мотивтер бар»[1].

    Әлбетте, белгілі ғылымның әдеби тіл хақындағы қағидалы пікірімен толық келісеміз. Және ол ұдайы бұл мәселеге байланысты қайта-қайта оралып, ғылыми ізденіс барысындағы көзқарас ой-тұжырымын тереңдетіп, нақты уәжді дәйекпен өз байламын дәлелдеп отырады. Оқымыстының Абайдың тіл ерекшелігін танып-білудегі зерттеу еңбектерінің мән-маңызы ғылым үшін өте зор. Бұл әсіресе Шәкәрім сынды көп қырлы талант иесінің шығармашылық ерекшелігін, тілдік жаңашылдық сипатын айқындап, лингвистикалық жағынан талдап, саралауда аса қажет фактор. Осы ретте профессор Р.Сыздықованың мына пікірі де тақырыбымызға сәйкес назар аудартады:

    «Абайға дейінгі қазақтың мәдениет көгіндегі және бір тіл өмір сүріп келді. Ол орта азиялық және Еділ бойы мен Кавказды мекендеген бірсыпыра түркі халықтарының да жазба дүниесіне қызмет етіп келген «түркі» деп аталған дәстүрлі жазба тіл еді. ХVI ғасырдың соңында жасап өткен, қазақтың тарақ таңбалы жалайыр руынан шыққан тарихшы ғұламасы Қадырғали бидің «Жами ат-тауарих» атты шығармасы да осы тілде, яғни қазақтың ескі жазба әдеби тіл дәстүрінде дүниеге келген. Бұл дәстүрді ХVI-ХVIII ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандарының Ресей әкімшілігімен, Орта Азия хандықтарымен араларында болған хат-хабарларда және өзге де жазба қатынастарда пайдаланған»[2], - дейді зерттеуші. Соңғы жылдардағы түркітану ғылымына қосылған есімнің бірі – Исмайлбей Гаспринский. Кеңес дәуірінде мақсатты түрде қасақана тарихи санадан өшірілген бұл есімнің қазақ халқының мәдени-рухани өмірінде де орны айрықша екендігін енді біле бастадық. Өз заманында үлкен ойшыл ақын Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы «Алдында өткен, тәрбиесін көрген Абайдан соңғы ұстазым – «Тәржіман» газетінің иесі Ысмағұлбек Гаспринский десем бек дұрыс. Анықтық үшін сол кісінің газетін оқып, бек көп пайдаландым. Алла тағала екі дүниеде мақсатына жеткізсін. Әумин!»[3], - деуінде гәп бар. Өйткені 1883-1918 жылдар аралығында патшалы Ресей империясының қол астына қараған барша түркі халқы зиялыларының қоғамдық-саяси дүниетаным көзқарасын оятып, ағартушылық миссиясын атқарған пәрменді құрал «Тәржіман» газеті «Тілде, істе, пікірде бірлік!» ұранын көтеріп, түркі халықтарына «ортақ әдеби тілде» жарық көріп тұрды. «Венгрдің ғылыми әлемге мәшһүр шығыстанушысы Герман Вамбери өз тұсында бұл идеяға саяси әділ баға бере келіп, былай деп жазып еді: «Реформаторлар мен пуристер өздеріне жалпыға түсінікті тілді таңдауы керек болды. Қырымда Исмаил әпенді Гаспринский тілі (яғни осман) мен татар халықтарына бірден ұғымды тілде шығып тұрған газет арқылы бұған негіз қалады. Бұл әдеби тіл басқа да татар газеттері мен жас буын өкілдері тарапынан қызу қолдау тапты. Сөйтіп аз-маз диалектілік ерекшеліктеріне қарамастан бұл тіл «жалпыға бірдей ортақ әдеби тіл» деген атқа ие болды. Мұны пайдаланған Еділ, Жайық, Әмудария бойындағы және Шығыс Түркістанды мекендейтін түркілер Босфор жағалауы мен Адриат теңізі аралығындағылармен қиналмай еркін сөйлесіп кетеді, яғни ортақ әдеби тілге ұмтылудың негізінде саяси зор мән жатыр, оның себебі этникалық тар шеңберден шығып, түркі нәсілдес халықтардың біртұтастығын сақтауға жол ашу еді»[4]. Өз дәуірінде түркі тілінде шығып тұрған баспа өнімдерін назарынан тыс қалдырмаған Шәкәрімнің «Тәржіман» газетін қалт жібермей, үзбей оқып тұруы заңды болатын. Өйткені ХХ-шы ғасырдың таңы атқан 1905-07 жылдардағы орыс буржуазиялық революциясына дейінгі аралықта түркі тілдес халықтар тілінде жарық көрген жалғыз мерзімді баспасөз құралы «Тәржіман» газеті екендігі мәлім. Сондықтан бұл басылым патшалы Ресейге қараған түркі жұртының мәдени ағаруына ықпал етіп, қоғамдық-әлеуметтік дүниетаным көкжиегінің кеңуіне рухани бағыт-бағдар болғани ақылшы, саяси сауатын ашуға дәріс берген жетекшілік тарихи қызмет атқарды. Шәкәрім «Тәржіман» газетінің, әсілі, ХХ ғасырдың басында ерекше дамыған Қазан татарларының тілдік мәдени ықпалына түсіп кетпей, шығармашылық тезге салып, талғампаздықпен керегіне жаратып, өзіне дейінгі жалпыхалықтық тілдің мәйегімен суарылған Абай дәстүрін жалғастырды. Мұны біздің баса айтуымыздың себебі ХХ ғасырдың басында Ресей патшалығына қараған түркі зиялыларының ұстанған коғамдық-саяси бағытында ислам дінін қағида тұтып, идеялық Темірқазық ілім ретінде құралдану белең алды. Қоғамдық өмірдің саяси-рухани дамуына, ұлттық мемлекеттік құрылыстың жаңа жүйесін түзуге ислам дінінің канондарын идеялық басшылыққа алуды қолдаушылар қазақ зиялыларының арасында да болды. Бұл ағымды жақтап, мемлекеттік билікке араластырудың ислам дінінің біріктірушілік, ұйымдастырушылық қабілеті мен әлеуметтік проблемалық мәселелерді шешуде мейілінше әділ екендігін алға тартып, насихаттау өріс жайды. Ресей патшалығына қараған мұсылман дініндегі халықтардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өміріндегі барша мәселе Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясында талқыланып заң шығаратын жоғарғы орган – Мемлекеттік Думаның қарауына ұсынылатын. Сондай-ақ, патша өкіметіне қараған халықтардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өмірінде діни наным-сенімі ерекшерөл атқарды. Мұсылман дініндегі халықтардың өкілдеріне мемлекеттік саяси көзқарастың өгейси қарау фактілері жиі кездесті.Империяныңтбұлай қанатының астындағы халық өкілдеріне алалап қарауы, саяси-әлеуметтік, демократиялық жеңілдіктерді шектеуі, әлбетте, үнемі қарсы жақтың ашу-ызасын туғызып отырды. ХХ ғасыр басындағы Ресей мұсылмандарының жәй-күйі қандай дәрежеде болғандығын 1914 жылы шілде айында Петербургте өткен «Мұсылман сиезі» туралы жазған Әлихан Бөкейханның мақаласынан танысуға болады. «Қазақ» газетінің 1914 жылғы бірнеше санында жарияланған бұл мақалада «Мұсылман сиезінде» қаралған басты мәселенің бірі «рухани мекемелерде хаттану мәдениеті татар тілінде жазылсын» деген бапқа қазақ елінен депутат болып қатысқан Жаһаншаһ Сейдалин мен Әлихан Бөкейхан қарсы уәж айтып, мәжіліс қорытындысында ұзақ пікірталастан соң «татар-түрік» тілі деп түзету енгізіледі. Аталған мақалада: «Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып қалың отырған іргелі ел жоқ. Біздің тілді біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз қайдан білсін, біз кітап жазып, журнал, газета шығара бастағанымыз осы 3-4 жылдың ғана арасында. Анық түрік атты халық тілі біздің қазақта»[5], - дей келіп, қазақ тілінің жат тілдердің Мыржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы поэзиясынан, «Ер Тарғын» жырынан үлгілер келтіреді. Өз ойын түйіндей келіп, Әлихан былай дейді:

    «Осылардай ақыны  бар, бір жерде тізе қосып  отырған 5 миллион қазақтың тілі  қалай жоқ болады.

    Біздің қазақ  осы тілін тастап татарға мінгескені  адасқандық болар, біз – қазақ  татар тіліне шорқақпыз, татар  тілі деген тіл тағы біреу  емес; Кафказ, Қырым ауылындағы татарды  Қазан татарымен сөйлестіре, бірін  бірі ұға ма, жұртқа ыңғайлы  болу үшін рухани мекеме қағазы  һәр облыста һәр жұрттың өз  тілімен жазылсын дедік Жиһаншаһ  екеуміз.  ...Түбінде біздің қазақ  тілі, бізбен тіл тұқымы бір,  өзге мұсылмнды байытпаса, біз  бірімізге қоңсы қонбаймыз гой!  Ғұмыр жүзінде біздің қазақ  тілі өз бәйгесін алар: Абай, Ахмет,  Мір Яғқұп, Шаһкерім, Тарғыннан  һәм өзгелерден бұл көрініп  тұр ғой!»[6]. Халқымыздың аяулы перзенті Әлихан Бөкейханның көрегендігін уақыт дәлелдеді. Мыңдаған жылдар бойы құнары үзілмей әрбір толқын ұрпақтың рухани қажетіне жараған жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасып, дамыған қазақ әдеби тіліне Шәкәрімнің де қосқан үлесін сол дәуірде білімпаз жанның сөзіне дәйек тірек етуі тектен тек емес. Әйтпесе ана тілінің саф тазалығына атүсті қарап, шеттен енген кірме сөзге еліктеп, тілін шұбарлаған қазақта да ақындар аз болған жоқ. Тіл мәдениеті, алфавит мәселесі, түзу емле жөнінде түркі халықтары арасында  үлкен дауға айналған полемиканың да бұл қызып тұрған шағытұғын. Бұл туралы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде ұлт зиялыларының арасында айтыс туғызғаны да белгілі. Алайда қазақ үшін татар тілін үлгі тұтпақ болған күштерге Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған қазақ білімпаздары ғылыми байламмен жан-жақты талдау жасай отырып, бұл қисынның еш аылға қонбайтын әрекет екенін дәлелдеп берді. Осыған орай Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ғабдолғазиз Мұсағалиев (Муси), Ғұмар Қараш, т.б. татардың мерзімді баспасөзі «Шора» журналы мен «Уақыт» газеті бетінде де өздерінің пікір пайымдауларын бүкпесіз мақала ғып ашық жазды. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы «Шора» журналында жарияланған мақаласында былай деді: «Қырық мысал», «Маса» турасында айтатыным – олар халық үшін жазылған нәрсе, халық айтуынша жазылған. Өз тілімізден шығарып, емле түзегенше халықтың айту ауанынан шықпаймыз. Басқаларда даяр емле бар ғой, соны алайық деп қисық емлеменен тілімізді қисайтпаймыз. Тіл дің ауанына қарамай, хәріптің, емленің ауанына бұрып, тілдің көркін бұзған, әдеби тілмен жазамыз деп жат тілмен жазып, өз тілінен айырылған басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аздырғанымызды мақұл көрмейміз. «Уақыт» пен «Шора» - ны оқынғанда қолымызға лұғат кітабын алып отырып  оқимыз. Ойлаймын, арабша оқымағандардың бәрі де солай оқитын шығар деп, «Уақыт» пен «Шорада» басынан аяғына шейін арабша сөз аз ба? Соларды лұғаттан іздеп отырып оқығанда, бастан-аяқ оқып шығуға уақыт керек. Егерде нағыз түркі тілімен жазылса, арабша оқымаған адамдарға да лұғатсыз оқуға болар еді, оқығанда уақытта көп кетпес еді.

    Біздің қазақтың  ісі жаңа басталып келеді. Не  болары белгісіз. Қазақ я құрып  жоқ болар, я өз тілімен де  өзгелердей тіршілік етер. 20-ншы  ғасырға шейін түріктің тілін  аздырмай асыл қалпында алып  келген, тіл турасындағы абырой  мен алғыс қазаққа тиісті»[7], - деп ақиқатқа жүгінуді өткір тілмен бетке басты. Сөйтіп дауыл күнгі өрттей лапылдаған татар мен қазаққа ортақ әдеби тіл, ортақ емле деген негізсіз қисын, қызыл сөзге төрелік айтып тыйған, бет алды лағып білгіштік танытқандардың бетін қайырған Ахмет Байтұрсынұлының даулы пікірі еді.

    Қазіргі таңда  Қазақстан – дербес мемлекет  қатарында әлемдік қауымдастық  таныған іргелі еылыми-техникалық  прогрестің қарыштап, көз ілеспес  жылдамдықпен  дамыған әлемдік  ғаламдастыру процесінде ұлттық  тілдердің жұтылып, жоғалып кетпеуі  кімді де болса толғандарып,  алаңдатса керек. Міне, бұл ретте  ұлттық тілтаным тарихымызды  зерделеудің, дүниенің төрт бұрышына  есік-тереземіз ашылып, демократия  салтанат құрған заман сырттан  енген нөпір тың ұғымдарды  бейнелейтін төлтума сөзжасам, терминжасам  тәжірибемізді пысықтап, кәдемізге  жарату күнтәртібіндегі ең маңызды  мәселе. Осы  орайда Абай дәстүрін  ілгері апарған Шәкәрімнің ойшылдық тілдік нәрі мен әрінің қыр-сырын танып білудің мәні зор. Абай тілі туралы іргелі еңбектердің авторы филология ғылымының докторы Рәбиға Сыздықованың Шәкәрімге қатысты «...суреткердің тіл көркемдігін көрсетуде оның әсемдік әлемін танытатын көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдарды пайдалану тәсілдерін, алдындағы үлгілерін, қайнар көзін, әрі қарай ұласуын танып-таныту дегендей мәселе қырларын (аспектілерін) нысанаға алу қажет болмақ»[8], - деген пікірін толық құптаймыз. Өйткені кәрімнің интеллектуалдық биік өресі мен білімі, шығармашылық ұдайы ізденісі мен табиғи таланты қазақ әдеби тілінің соны сапалық деңгейге көтерілуіне ықпал етті.

   1.2. Шәкәрім  шығармашылығының тілдік, стильдік  ерекшеліктері.

   Дала ойшылының  көп қырлылығын жан-жақты танытатын  тілдік қолданысын арнайы зерттеудің  ғылыми мәні өте зор. Өйткені  шығармашылық тұлғаның интеллектуалдық  қуат күші мен деңгей дәрежесі  – тілінің құдіретімен айқындалары  аян. Ал сол автордың ой-түйіндері   оқырман қауымға әсерлі жеткізудің  шеберлігін танып, білуде тілдің  жұмсалу өрісінің сыр-сипатынан  анық аңғарылады. Осыған орай  Шәкәрім шығармашылығындағы тілдік  қолданыс ерекшелігін талдау  арқылы, оның поэтикалық және  ақпараттық қызметтерін де талдауға  мүмкіндік туды. Себебі суреткер  философиялық, даналық ойларын, діни-теологиялық  наным-сенімдерін, шежірелік, тарихи  көзқарас тұжырымдарын, қоғамдық-әлеуметтік, тәрбиелік-моральдық толғаныстарын  көркем қара сөзбен де, поэтикалық  өлең сөзбен де қатар өрген.  Сондықтан ол екі жанрда бірдей  өнікті еңбек еткен. Бұл ретте  Шәкәрім шығармашылық өнерінің  тілдік қолданыс ерекшелігін  екі түрлі бағытта қарастырғанды  жөн көрдік.

Информация о работе Жұмыстың жалпы сипаттамасы