Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 16:40, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М.Дулатұлы шығармаларының тақырып аясы өте кең. Онда қазақ халқының өткені мен бүгінін және болашағының сан алуан әлеуметтік және экономикалық мәселелері барынша молынан қамтылады. Десек те, біз оның шығармаларындағы азатшылдық рухын, оның қазақ халқының санасын оятудағы жойқын күшін барынша ашып көрсетуді қарастыру. М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағының өзегінде оның халқына деген ұлы махаббатынан туған рух үні – ұранды да, дабылды даусы жатыр. Ол – ұлт теңдігі, ұлт дербестігі, өзгеге кіріптар болмай, тәуелсіз өмір сүру мәселесі.
Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін, заман-ай.
Қайырмасы:
Бай қайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды-көпті аямай барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?
Милләтіңнің жолына жаныңды сал, заман-ай». [21. 12].
Сондай-ақ, бұл кезеңде ақынның
«Жаңа тілек», «Намыс құрбанына»,
«Қайда едің?», «Тұңғыш құрбан»
Уақытша үкімет тұсында М.Дулатов
азаттыққа қол жеткізген қазақ
елінің одан әрі не істеу керектігі
жөнінде жазылған мақалалары «Қазақ»,
«Сарыарқа» газеттері мен «Абай»
журналында жиі жарияланып тұрды. Әсіресе,
облыстарда съезд шақыру, облыстық
және жалпы қазақ съезін шақыру туралы
өзінің бірнеше мақаласын арнады.
Мәселен, «Қазақ» газетінің 1917 жылғы
№238 санында жарияланған «Қазақ
съезі» деген мақаласында «Әр
жұрт бұл күнде өз қамын ойлап
жатыр, әркім өз аты бәйгеден келуіне,
өзі шыққан тауы биік болуына жанталасып
қызмет етіп жатыр. Біз де солардан
қалмайық. Уақыт өткізбелік. Өкініп
жүрмелік. Қазіргі бір күн бұрынғы
жүз жылдан қымбат. Оян, жұрт, талпын
жұрт, қамдан жұрт!» деп алаш азаматтарының
намысын қайрайды. Сонымен бірге
тұңғыш съезд Торғай облысының съезі
болғанын айтып, оның қысқаша қаулысын
ұсынады. Съезд қаулысында мемлекеттің
демократиялық болуы
А. Байтұрсынов пен М.Дулатов
шығарып отырған «Қазақ» газеті
Ақпан төңкерісінен кейін жалпы
Алаш қозғалысымен бірге уақытша
үкімет жағында болып, Қазан төңкерісінің
идеяларын қабылдай қойған жоқ. Газет
1918 жылдың наурызында жабылып қалды.
Кейінірек Кеңес үкіметі алаш
қайраткерлеріне кешірім
1922-1926 жылдары Орынбордағы қазақтың
халыққа білім беру
Қорытынды
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
алғашқы ширегі, негізгі бөлімде
талдау жасағанымыздай, қат-қабат тарихи
оқиғаларға толы болғаны белгілі. Феодалдық
қоғамдағы қатынастардың
Ғасыр тоғысындағы ұлт үшін алмағайып кезеңде тарих ана ұлт үшін басын бәйгеге тіккен бір топ кемеңгерлерді шығарды. Көш басында Абай, Ыбырай, Шоқан тұрды. Олар туған халқын оқу мен білімге шақырды, кәсіпті үйренуге үндеді. Демократиялық қозғалыс біртіндеп ұлт-азаттық күресіне ұласа бастады. Бұл кезеңде А. Байтұрсыновтың, М. Дулатұлының,
Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың қазақ
халқын күреске шақырған азаттық
рухындағы өлеңдері, мақалалары, серкесөздері,
тағы да басқа көркем дүниелері «Айқап»,
«Қазақ» газет-журналдарына халықтың
жанайқайы ретінде жиі
Ұлтты азаттық рухында тәрбиелеуде сөз жоқ, М. Дулатұлының орны айырықша.
Біріншіден, ол ірі ақын. «Оян, қазақтың » бір өзі тұтас дәуірдің әдеби-көркем, әрі тарихи шежіресі іспетті. Онда қазақ тарихының өткені мен бүгіні, болашағы мен тарихы дәлдікпен суреттеледі.
Екіншіден, ол аса талантты журналист, серкесөздің шынайы шебері. Оның мерзімді баспасөзде жарияланған материалдарындағы көтерілген әлеуметтік-экономикалық мәселелер және оларды шешу жолындағы аса құнды ұсыныстары, тіпті күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ десе де болады.
Үшіншіден, ол – көрнекті жазушы. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиеті топырағындағы тұңғыш романы екені белгілі. Сондай-ақ, оның көркем әңгімелері мен «Балқия» атты пьесасы дәуір шындығын шынайы бейнелейді.
Төртіншіден, ол – үлкен тарихшы. Әсіресе, оның көптеген мақалаларында ел мен жердің тарихына батыл барлау жасалады. Мәселен, «Қазақ тарихы» нақ осындай дүние.
Бесіншіден, ол – ғалым, тілші, математик. Ол жазған оқу құралдары кезінде көпшілік көп тұтынатын, көп оқитын кітаптар болды.
Бір сөзбен айтсақ, М. Дулатұлы энциклопедиялық білімі бар данышпан азамат болды. Оның шығармаларының әдеби-тарихи маңыздылығы сол нақты деректер мен дәлелдерге құрылуы. Әрине, мақалаларында нақты жағдайларға байланысты нақты дәлелдер көптеп келтірілсе, көркем туындыларында мұның бәрі бейнелі беріледі. Сол кезеңнің тұтас суретін жасайды.
Құладын ұшса қияғы күйетін, құлан
жортса тұяғы тозатын шетсіз-шексіз
туған жерін, байтақ өлкесін жанындай
сүйіп, көзінің қарашығындай қорғап,
тағдырдың талай тауқыметтеріне
төзе жүріп, алдағы атар ақ таңнан бір
сәт те үміт үзбеген, жалынды жырлары
мына күнге шаршап-шалдығып, азып-тоза
жаздап жеткен Міржақып Дулатұлының
шығармаларының әдебиетімізден алатын
орны ерекше. Байтақ жарық дүниенің
өзіндей дархан ғажайып тұлғаларының
бірегейі бола білген қаламгердің өмір
жолы мәңгілікке астасып, ғасырлардан-ғасырларға
аттап, сан ұрпақтың елдік мектебіне
тұтас бір ұлттың рухани болмысының
алтын арқауына айналды. Қазақ даласы
кемел азаматтарға ешқашан
Ақ алмастай асылдардың бірі, болған
Жахаңның әзіз есімін әспеттеп, қымбат
мұрасын үкілеп ұстап, қадір-қасиетін
өзіміз тану, өзгеге таныту, ардақтау,
қастерлеу-біздің баршамыздың елдік,
әрқайсымыздың перзенттік парызымыз.
Халқы үшін жанын пида еткен азаматтарымызға
«халық жауы», «ұлтшыл» деген жантүршігерлік
айып тағылып, атын кітапқа жазбақ тұрмақ,
ауызға алмақтың өзі мұң болып, кейінгі
ұрпаққа құбыжық көрсетіп келген
халық даналарының жаладан
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы 1988 жылдың 28 желтоқсанында аса көрнекті қазақ қаламгерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың және Жүсіпбек Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби қызметтері жөніндегі тарихи шындықты қалпына келтіру қажет деген ұйғарымға келді. Көп ұзамай Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде де осындай шешім қабылданды. Ол оңайлыққа түскен жоқ. Халық сөзін сөйлеп, халық мүддесі жолында неге де пейіл бола алатын азаматтар толысып, халық болашағы жолындағы қасиетті парызды өз мойындарына ала бастағанының арқасында жүзеге асты. Міне содан бері аз уақытта қиянат шеккен көптеген азаматтардың қымбат мұрасы халықтың қолына қайта тиді. Бес арысымыздың да кітаптары жарық көрді.
Әдебиет майданына Ахмет Байтұрсыновпен бірге шығып, дел-сал жатқан далаға «Оян, қазақ!» деп ұран салған азамат ақын Міржақып Дулатовтың өмірі мен өнері кейінгі ұрпақ үшін тауысылмас тағылым, жаңылмас нысана болмақшы.
1914 жылы Мәскеуде жарық көрген
«Восточные сборник в честь
А.М. Веселовского» деген
Ақынның елім деп егілген жан даусы кең даланы шарлап, миллиондаған жүректерге жетіп, құрандай жатталған еді.
Әділетсіздік пен
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары