Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 16:40, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М.Дулатұлы шығармаларының тақырып аясы өте кең. Онда қазақ халқының өткені мен бүгінін және болашағының сан алуан әлеуметтік және экономикалық мәселелері барынша молынан қамтылады. Десек те, біз оның шығармаларындағы азатшылдық рухын, оның қазақ халқының санасын оятудағы жойқын күшін барынша ашып көрсетуді қарастыру. М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағының өзегінде оның халқына деген ұлы махаббатынан туған рух үні – ұранды да, дабылды даусы жатыр. Ол – ұлт теңдігі, ұлт дербестігі, өзгеге кіріптар болмай, тәуелсіз өмір сүру мәселесі.
Мұжықтың кетті бәрі қаласына...
Қазағым, жерің қайда атамекен,
Қазақ, қазақ болғалы мекен еткен?
Хазір де бәріңізді қуып шығып,
Орныңа қала салып, «хохол» жеткен»
немесе:
«Мінекей, келді мұжық көшкен бұлттай,
Қазақтың қояр емес жерін құртпай.
Келді де, егін салып байып кетті,
Жалқау ма бұлар, тәңір-ай, біздің жұртты-ай»-деген шумақтарын алуға болады.
«Азамат» атты 1913 жылы шыққан өлеңдер жинағы көлемі жағынан шағындау болғанымен, автордың бұрынғыдан ақындық өнерге едәуір төселе түскенін аңғартады. «Оян, қазақтағы» ашық үгіт, нақыл-насихат, тәтпіштеп ұғындыру сарыны енді сыршыл сезімге, терең ойға қарай көбірек ойысып, шынайы поэзиялық өріске қарай бет алғаны байқалады. [14. 4]. Ақынның «Таза бұлақ», «Жұт», «Шағым», «Мұң», «Арманым», «Сырым», «Қажыған көңіл», «Қиял», «Таң», «Қайтер едің» тәрізді өлеңдерінде ел қамын жеген ердің жүрегінде қайнап жатқан сезім ұшқындары еріксіз тәнті етеді. Лирикалық қаһарманның жан қайғысы, ел қайғысынан туындайды. «Жүректен қашан шығар қадалған оқ?» деп қиналса да, үмітін үзбейді, әділдіктің із салмай қоймайтынына сенеді. «Шағымда» мынадай жолдар бар:
«Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,-
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш».
«Алаш» деп бұл арада қазақты айтып отырғанын түсіндіріп жатудың қажеті бола қоймас. «Алаш» партиясы революциядан кейін құрылған ғой. Мұнда насихат, назым кезікпейді. Бұл келтірілген жолдар азаттық лирика лебінен туған десек орынды. Кейде ұрып, керіге сөйлеп тұрғанмен бірер кісіге емес, тұтас бұқара елге арналған үндеу.
Азамат ақынның қуғын-сүргін көре бастаған кездегі көңіл-күйі де өлең кестесіне өрілген. Ол налу дегенді білмейді, жүнжімейді, қапаланбайды. «Ғазиз басым құтыла алмай жаладан, Жаудың қолы босамай тұр жағадан» деп «Мұң» деген өлеңінде ауыр халін аңғартқанымен, салмақ көңілінде сәуле бар оқушыға түседі. «Қайтер едің?» деген сұрақ қойып, жауабын іздеуге шақырады. [14.14]. Ақынның осы жинақтағы «Сырым» атты өлеңі айырықша назар аударады. Мұнда ақын өзінің жан сырын жайып салады. Ұлт болашағы үшін мал мен басты бәйгеге тігіп, алдағы істің жоспарын құрып, жұмыс істеп жүргенін, қазақтың озық ойлы зиялыларымен қанаттас болып «Кім үшін тусам, сол үшін өлу борышым» деп, мұның өзін құдайдың өзі міндет қылып қосқанын баяндайды. Енді өлеңінің өзіне құлақ түрейік.
«Құрып жүрміз алдағы істің планын,
Біле алмаймын не нәтиже шығарын.
Малды байлап, басты тігіп бәйгеге,
Мәсіләктің құлы болмақ құмарым.
Көздеген оқ, сермеген қылыш болса да,
Тәуекел деп қасқайып көзді жұмармын.
Кім үшін тусам, сол үшін өлу борышым,
Міндет қылып қосқаны маған құдайдың».
«Жастарға», «Я, Алла», «Айқапқа» атты өлеңдерінде Дулатов әлі ұйқысы ашыла қоймаған қазақты «тұр-тұрдың» астына ала отырып, ескі мақсатқа жетудің жаңа бір соқпағын іздегендей ыңғай білдіреді. Осы бағдарда «Айқап» журналына айтқан мадақтауы көңіл аударарлық. Журнал арқасында қазақ даласы айдынында әлде бір қозғау, толқын бардай сезіледі. Қазақтан шыққан жүйріктер баршылық екен. Олардың шабысын, қимылын осы «Айқап» журналынан көрдік дейді.
Бұл кезеңде Міржақып өз шығармашылығын
өлең мен проза жанрында қатар
дамытады. Әсіресе, «Айқап» журналына
үзбей жазып тұратын. Міржақып Дулатов
Ахмет Байтұрсыновпен бірге ел санасын
оятудың бірден-бір жолы көпшіліктің
пікіріне бағыт беріп отыратын баспасөз
мәселесін шығару болды. Олар баспасөздің
әкімшілік орындарынан
Қазақтың ішкі өміріндегі зорлық-зомбылық, әділетсіздік, парақорлық, жікшілдік сияқты жағымсыз құбылыстар М. Дулатовтың қаламының ұшында болды. Осы газетте 1915 жылдың 15 наурызда «Дауқұмар» (№112), 1917 жылдың 19 мамырда «Жүзіқаралар» №230, 234 атты өткір фельетондары ел ішінде үлкен сілкініс туғызды. Міржақып көтерген мәселелердің ішінде ең ауқымдысы да, көрнектісі де отарлау мәселесі, қазақ жеріне қоныстандырылған келімсектер мен жергілікті халық арасындағы қарым-қатынас болғаны мәлім. Бұл екі тақырыптың екеуі де патшалық ресми орындар тарапынан тікелей қудалау шараларын тудырып отырды.
М. Дулатовтың қазақ қоғамына қатысты проблемалық мақалалары сол кезде шығып тұрған «Уақыт» газеті мен «Айқап» журналында үздіксіз жарияланып тұрды. Мәселен, 1908 жылы «Уақыт» газетінің 383-ші нөмірінде жарияланған «Ибраһим ибн Құнанбаев» деген мақаласында Абайға «Ұлы ақын» деген баға бере отырып, былай деп жазады, «Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлтжанды, елін, жерін сүйген кісі еді. Марқұмның өлеңдері көп болса да, басылғандары жоққа тән еді. Обалы шығармаларын біліп, жарыққа шығаруға қайрат етпеген кісілердің басында тұр». [16.31].
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, «Қазақ» газеті көтерген ұлттық деңгейдегі басты мәселелер мыналар: ұлттың саяси еркі мен жерін өз қолына түгел алып болып, енді қазақтың өз жеріне, атамекеніне өзін сыйғызбай ығыстыра бастаған ақ патшаның зорлығы, өз басына, келер ұрпағына төнген қатерді сезбей, қанша жұлқынса да оянбай, өлім ұйқысында жатқан қазағы; қазақ қоғамын темір құрсаудай қысып, бойын жаздырмайтын ортағасырлық мешеулік; бірін-біріне айдап салып, билей беру мақсатында патша берген болар-болмас болыстық билікке таласып, барын салып, шашылып, шапқылаумен ел бүлдірген пысықайлар; ел қатарлы өз мүддесін өзінің қорғауына жол бермеген надандық пен саяси құқықсыздық, тағы тағылар. Бұлардың бәрі дерлік М. Дулатов мақалаларында да айтылды. Мысалы, оның 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Жер аудару», «Қазақ жайлы», «Шәкірттер жайынан», «Земство һәм қазақ», «Сот ісі», «Мектеп-медреселер мәселесі», тағы басқа материалдарында ұлт өмірі, ел тынысы жан-жақты бейнеленген. Ол бізге М. Дулатов түбегейлі өзгерістер қарсаңындағы ел өмірінің барлық саласы жайында мақалалар жазып, шынайылық деңгейі, ғылыми құндылығы жоғары дерек қалдырған жорналшы деп айтуға мүмкіндік береді.
М. Дулатұлының газет бетінде
ерекше көңіл бөлген күрделі мәселелерінің
бірі – қазақ тарихы мәселесі. Хан
Абылай, Абай, Ш.Уәлиханов, Ғ.Тоқаев, Г.Потанин,
И.Гаспринский және Ә.Диваевтар сияқты
тарихи тұлғалардың өмірі мен
қызметтері туралы зерттеу жұмыстарын
жазумен қатар, М.Дулатов «Қазақ»
газетінің алғашқы бірнеше
Екіншіден, «Қазақтың тарихы М.Дулатұлы шығармалары жинағына алғаш рет еніп отыр. Жинақты құрастырушылардың айтуынша, біздің 2000 жылы, «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген «Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1908)» атты монографиялық еңбегімізде «Қазақтың тарихын» жазған «Түрік баласының» М.Дулатұлының бүркеншік аты екендігі деректанулық тұрғыдан дәлелденуі, оларға аталған еңбекті жинаққа енгізуге мүмкіндік берген.
Үшіншіден, М. Дулатұлының қазақ
тарихына қатысты жазған еңбектерінің
теориялық-методологиялық деңгейінің
жоғары еңбектер екендігін мойындауымыз
керек. Мысалы, оның «Бір халық өзінің
тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын
жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға
ыңғайлы болып тұрады»-деуі немесе
«Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен
жақсы-жаман қандай уақиға бар болса,
оның бәрі өткендегі бір істің
нәтижесінен туған болады»-
1905 жылдардағы революция күшпен
басылып, ел ішін реакцияның
қара түтіні қайта торлаған
кезде әрбір қадамы санаулы
болған саяси сенімсіз жігіт
М. Дулатов басқа қоғамдық
Міне, қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман дүниеге осылай келеді. Бұл шығарма қазақ топырағында алғашқы өлең жинағынан да тосын жаңалық болып көрінеді. Халықтың өз өмірінен алынып, өз тілінде қара сөзбен жазылған бұл сияқты оқиғалы шығарма бұрын болған емес-ті. Сондықтан да, оның оқырман қауымға тигізген әсері тіпті, ересен болды. [17. 214].
М.Дулатовтың 1915 жылы Орынборда жарық көрген «Терме» жинағы да ақынның азаттық рухын шегелей түседі. Оның алғы сөзінде автор «Бұл өлеңдер мұнан алты-жеті жыл бұрын қазақша газет-журнал жоқ кезде жазылған еді. Сондықтан көбінесе оқып жүрген жастарға арналып оларды ояту, білім-ғылымға шақыру, халықты надандықтан құтқаруға үндеп, сол рухта жазылған, бұрынғы күйінен артық өзгертпедім» деп жазады. [20.34]. Жинаққа алғаш енген «Жас қазақтар, қайдасың?» деген өлеңінің мазмұны – жастарға арналған ұран: жасқанбай, батыл қимылдап халыққа қызмет етіңдер. Бұл жолға басты тәуекелге тігіп, қуғын-сүргінге пейіл болып түскенде ғана жеңіске жетесің, соған әзір болып шығыңдар деген батыл үгіт айтылады. Ал, «Елім-ай» атты өлеңінде ақынның туған елімен тікелей тілдесіп, оның қайғылы тағдыры үшін зар төге, жан ашуындай таусыла айтқан қасірет сөзі десек болады.
«Қандай едің, қара кейін қайрылып,
Қандай едің, тұрсың одан айырылып.
Мүгедек боп қос қанатың майырылып,
Өксіп жылап, өгей ұлша, елім-ай!
Мұны құр бос өлең десең, өзің біл,
Жұрт болмаймын, өлем десең, өзің біл.
Не болса да көнем десең, өзің біл,
Босағада жүрген құлша, елім-ай!»-деп күйзеледі. [20.14].
М.Дулатовтың Ақпан төңкерісінен Қазан
төңкерісіне дейінгі аралықтағы
шығармаларында азаттық рухы бұрынғыдан
да айқынырақ естіледі. Қазақ зиялылары
мұның ішінде М.Дулатов та бар, Ақпан
төңкерісі нәтижесінде ақ патшаның
тақтан құлағанын, Ресейде жаңа үкімет
орнағанын зор қуанышпен
«Кез болған соң кер заман, біздің баққа,
Жау жарағын асынып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап жас ұлан, қарап жатпа, заман-ай.
Қайырмасы:
Азаматы алаштың,
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.
Ел бастайтын, қайдасың көсемдерім!
Сөз бастайтын, қайдасың, шешендерім!
Тәуекелге бел байлап баста топты,
Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары