Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 16:40, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М.Дулатұлы шығармаларының тақырып аясы өте кең. Онда қазақ халқының өткені мен бүгінін және болашағының сан алуан әлеуметтік және экономикалық мәселелері барынша молынан қамтылады. Десек те, біз оның шығармаларындағы азатшылдық рухын, оның қазақ халқының санасын оятудағы жойқын күшін барынша ашып көрсетуді қарастыру. М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағының өзегінде оның халқына деген ұлы махаббатынан туған рух үні – ұранды да, дабылды даусы жатыр. Ол – ұлт теңдігі, ұлт дербестігі, өзгеге кіріптар болмай, тәуелсіз өмір сүру мәселесі.
-жер мәселесі;
-ұлт мәселесі;
-отаншылдық мәселесі;
-еңбексүйгіштік мәселесі;
-тіл мәселесі;
-оқу-тәрбие мәселесі,
-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет мәселесі;
-дін мәселесі;
-өркениет (прогресс) мәселесі басты орын алады.
«Жер мәселесі» деп аталатын
(1911 жыл) мақаласында: «Ішкі Россияда
бұлттай қаптап көшіп келе жатқан
мұжық алдағыға көз салуды үйреніс
қылмаған қазақ халқын да ойға қалдырды»,
- дейді де, - мұның себебі не? Халықтың
өсіп, жердің өспеуі, һәм тозуы –
қазақ жері патша мүлкі саналып,
сол себепті миллиондаған жерсіз
мұжықты үкіметтің қазақ жеріне
қондыруы. Бұл «тілеусіз қонақтар»
келе бастағаннан бері жер тарылып,
атамекеннен ірге қозғалып, қазақтың
шаруасының күйзелуі, 15-20 жылдан бері бұл
көшпелі мұжықтардың келіп
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтармен
бірігіп жазған «Алаштың азаматына»
(1916 жыл), А. Байтұрсынов, М. Тұнғаншин, С.
Қадырбаевтармен бірігіп жазған
«Торғай һәм Ырғыз уезінің
халқына» (1916 жыл) деген мақалаларында
бірінші жаһан соғысының өртіне
шалдыққан Ресейдің қол астындағы
мұсылман халықтарынан, оның ішінде қазақтардан
да майданның қара жұмысына адам алу
туралы патша жарлығымен байланысты
толқыған бұқара халықтың арандап, қырғынға
ұшырап қалмауын ойлап шырылдаған перзенттік
үні, сабырға, төзімділікке шақырады. Алғашқысында
бұл жарлыққа көнгенде – шаруаға
кемшілік те келер, барған жігіт бейнетке
де, қазаға да ұшырар, бірақ елдің
іргесі бұзылмас. Ал көнбегенде көретін
ауырлық – қазақ шын қарсылық
қылатын болса, ел-елге отряд шығады.
Елдің берекесі кетеді, бас пен
малға әлегі бірдей тиеді, елдің
іргесі бұзылады... Военное положение
иғлан етілген жерде түймедей
жазыққа, түйедей жаза болады...»
деп, таразының екі басын
Ал келер жылы жазылған «Оян, қазақ!»
атты мақаласында: «Жауыз үкіметтің
жауыздығы мен былтырғы 25 июнь жарлығынан
қазақ халқы қан жылады, бәрімізден
артығырақ қырғыз бауырларымыз қырғынға
ұшырады» деп, өзінің тәркілеуден жасырып,
аман алып қалған мың дана «Оян, қазақ!»
кітабынан түсетін 500 сом шамалы
ақшаны көп пұл болмаса да, ел-жұрт,
жер-су, мал-мүлкінен айырылған, бір
тілім нанға зар болып тұрған
сорлыларға аз да болса қорек болар
еді»,-деп соларға көмекке
«Алты миллион халықпыз» деп
өзге жұртты санымызбен қорқытатынымыз
қайда?! Мал мүліктен айырылып, ашаршылықта
қалған 81 мың босқын ағайынға бөлсек,
кісі басына 8 тиыннан келеді екен...көп
түкірсе көл болғаны қайсы?!-
Бұл бөлу дұрыс па, адал ма қазақ-қырғыздың зиянынан қара шекпеннің зияны он есе артық па? Оны қоя тұрып, бұл арада жүз сомның бір үйге ешнәрсеге жетпейтінін айтып өтеміз. Міне, жұрт, бейшара босқын бауырларының өздерінен алып отырған жәрдемі-әлгі, қазынадан алып отырғаны – мынау деп ашынған Алаш азаматы ащы ақиқатты ашып айту арқылы ел намысын оятуға ұмтылады. [10.5]
Ақын қай тақырыпты қозғаса да, қандай мәселе көтерсе де оның арқауы бостандық пен еркіндік, азаттық рухы жатады. Бұл рух ұлтқа деген сүйіспеншіліктен, махаббаттан қуат алып жалындай түседі.
2.2. Қаламгер шығармашылығындағы азаттық рухы
М. Дулатов шығармаларындағы азатшылдық рухы туралы сөз қозғағанда, сөз жоқ, ең алдымен ойға оның жедел де өткір жанр – поэзиясы оралады. Қазақтың бұрын-соңғы ақындарының бәрі де әдебиет әлеміне өлеңмен енгенін жоққа шығаруға болмайды. Міржақыптың да атақ-абыройы алғашқыдан-ақ поэзиясы арқылы асқақтады. Оның бірінші кітабы «Оян, қазақ!» ұлттық сананы да, патшалық билікті де дүр сілкіндірді. Қалың қазақ ауыр әлеуметтік жағдайын жақсартуға ұмтылыс жасаса, патша үкіметі оларды бодандық бұғауынан босатпауға жанталасты. Дәл осы орайда «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген қағиданы берік ұстанған ұлт зиялыларының бір топ жарық шоғыры ұлттың қамын жеп, өз шығармаларына азаттық рухын арқау етті. Жоғарыдағы тарауларда атап өткеніміздей олардың бірегейі – Міржақып Дулатов болды.
Міржақып Дулатовтың әдеби творчествосы
екі үлкен ерекшелігімен көзге
түседі. Біріншісі – оның шығармаларының
сол кездегі ұлт-азаттық
«Оян, қазақты» біржағы саяси трактат, тарих оқушылығы ма дерсің. Тек сауаты жоқ қалың қазақтың жаттап алуына қолайлы болсын деп өлеңмен жазылған. Автор сөзін «халық үшін» әсіресе, ХХ ғасыр жастарына арнап отырғанын жасырмайды. [12.139].
Көкірегінің көзі бар, қаламының сөзі бар М. Дулатовтың әмбебап азамат ретінде қалыптасуына ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының ауыр әлеуметтік жағдайы, ел бірлігінің шайқалуы, Қазақ еліне капиталистік қатынастардың дендеп ене бастауы, Ресейдегі 1904-1905 жылдардағы революциялық дүмпу, ұлттың болашағына деген жанашырлық, тағы да басқа көптеген жағдайлар айырықша ықпал жасағаны белгілі. Ол қысқа мерзім ішінде өзінің білім-парасатымен, ақындық алғырлығымен, жазушылық терең пайымымен, саяси көрегендігімен, қазақ тарихын жетік білгендігімен, ең бастысы милләтшілдігімен, ұлтжандылығымен, көрнекті ақын-жазушы атануымен бірге аса ірі саясаткерге, қоғам және мемлекет қайраткеріне айналды.
Қараңғы қазақ халқын қалың ұйқысынан қалай ояту керек?
Оянған халық одан әрі не істеу керек?
Ұлт азаттығы жолындағы күресте кім ұраншы болмақ?
ХХ ғасыр басындағы ұлтжанды қазақ оқығандарын нақ осы мәселелер толғандырғаны рас. Олар ел азаттығы жолындағы күресте өздерінің құрбан болатындарын да жақсы білді.
Ахмет Байтұрсынов қалың ұйқыдағы қазақ қауымын «Маса» болып шағып, намысын қайрай бастады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров:
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам»-деп жастардың жігерін жаныды.
Мағжан Жұмабаев ел тәуелсіздігінің елдік пен ерліктің өлмес дастаны «Батыр Баянды» жазды.
Міржақып Дулатов болса «Оян, қазақ!» деп бар дауысымен, зор ақындық шабытымен жар салды. Халықты жақсы күндерге, жарқын болашаққа үндеді. Иә, олар аз емес еді. «Алашым» деп , «Қазағым» деп «Алаш» партиясын құрды. Әрбір шығармасында азаттық рухы атой салды. Олардың бәрі ақ патшаның алмас қылышынан аман қалғанымен, «Қызыл империя» - Кеңес үкіметінің қанды қылышынан құтыла алмады. Қазақ зиялыларының трагедиясы тарихымызға ұлт трагедиясы болып енді.
М. Дулатов шығармаларындағы азаттық рухты терең тануымыз үшін оның дерек-дәлелдерін сол шығармалардың өзінен іздеген жөн. Сондықтан оның туындыларында пайда болған уақыт ерекшеліктеріне сай бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруымызға болады. Оларды шартты түрде былайша бөлген дұрыс тәрізді.
Бірінші кезең – 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейінгі, яғни Ресей отаршылдығына қарсы ел үшін, жер үшін күрес кезеңі.
Екінші кезең – Ақпан
Үшінші кезең – Қазан
М. Дулатовтың көп қырлы, көп жанрлы,
тұтас дәуірге әлеуметтік-
«Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,
Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.
Шамаңды қадари-хал көрсетсеңші,
Байғұс-ау оянсаңшы қарап жатпай», -деп өзін-өзі оятудан бастайды да, халыққа қызметінен пайда бермейтін, оқуға, білуге талпынбайтын жігіттің несі жігіт деген ой тастайды.
Өлеңді:
«Адасып қараңғыда сорлы қазақ,
Ай тумай, күн һәм шықпай, тұр таң атпай.
Сөндірмей жанған өртті көрген адам,
Қалайша тұру мүмкін жанға батпай»,-деп аяқтайды.
Өлеңде дін, милләт (ұлт) үшін мал да, жан да құрбан деген ой тастайды. Ол бұл ойын 1907 жылы Санкт-Петербург қаласынан шыққан «Серке» газетінің бірінші нөмірінде жарияланған «Жастарға» деген өлеңінде одан әрі дамыта түседі.
«Найзаменен түртсе де,
Жатырсың, қазақ, оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны,
Бердің бізге, ой, Алла-ай!»-деп, Міржақып Дулатов сол «қалың ұйқыдағы» қазағын оятуды басты мақсат етіп қойғанын тағы да қайталайды.
«Халыққа, жастар басшы бол!
Қараңғыда жетектеп
Терең судан өтер ме
Мың қойды серке бастамай»,-деп жастарға сенім артады. [13.14]. Бұл өлең тек жастарға ғана емес, жаңадан шыққан «Серке» газетіне де арналған сияқты. Яғни, қазақ халқының азаттық алып, бостандыққа жету жолындағы күресінде қазақ зиялылары, былайша айтсақ «ұлт серкелері» көшбасшы болуға тиіс. «Серке» газетінің таратылып үлгермей тәркіленген екінші нөміріндегі «Біздің мақсатымыз» деген мақаласында «Қазағым менің, елім менің!» ең алдымен қазақ халқы Россияға тәуелді халық, оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады»-деп, одан әрі патша шенеуніктерінің кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алып, ойына не келсе, соны істеп жатқаны; дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан ғұрпымызға тиісіп, діни кітаптарды тұтқынға алғанын; мыңдаған мұжықтарды қазақ даласына жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әпергенін ашына жазды. Патша үкіметінің жарлығымен құрылған дала соттарының шешімдері бойынша жанымен, тәнімен, туған халқына берілген азаматтардың асылып, атылып кеткендеріне, қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміздің шалғай жерлерде жүргеніне немесе түрмеде отырғанына күйзеледі. Бұл ақынның 1906 жылы жазылған, «Оян, қазақ!» жинағына енгізілген «Қазақ жерлері» деген өлеңі де, азаттық рухын асқақтатып, ақынның қалыптасқан саяси күрескер екендігін дәлелдейді. Бұған мысал ретінде:
«Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз:
Қазыналық,-деді,-жердің һәммәсін да
Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз,
Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары