Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 12:41, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы қай уақытта да таланттарға бай екендігін өткен тарих дәлелдейді. Қазақтың бүгінгі дәуірінің әдебиет әлемінде сан шоғыр сол талантты тұлғаларының ішінде жазушы, қарымды қаламгер Сәкен Жүнісовтің орны ерекше. Сәкен Жүнісов деген уақытта ең алдыменен, есімізге «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері», «Аманай мен Заманай», «Өлара» сынды» туындылары оралары сөзсіз. «Сәкен Жүнісов – ұлттық прозамыздың, драматургиямыздың байрағын желбіретіп, оқырманына сүбелі шығармалар берген қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гылыми жоба.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Романда Ақан образына жанама алынған Сұлтанмұрат, Шәкей, Әлібек, Ожымбай, Жайық қарт, Әліпқали балуан, Саққұлақ би, Мөңке бала сияқты бейнелер бар. Сұлтанмұрат Ақан әндерін әсем шырқайтын әйгілі күміс көмей әнші шәкірт болса, Шөкей он саусағына ойнақ салдыра күмбірлете күй шертетін домбырашы, ұстазы серіге ұқсас әсемдікті сезінетін сергек жігіт. Ақанды Ұрқия сұлумен жалғастырып, олардың қызулы қызығына ортақтаса білген адал дос, арман қуған асыл жан. Ал Әлібек батыр жақсыны қадірлей білетін, өнерді, серілік салтты сүйетін, ел ішінде аты, атағы бар, күшті, намысшыл адам.

Шығармадағы Жайық қарт – Құлагер трагедиясы кезінде Ақанға болысып, адуын топтан тұлпардың құнын сұраған халық өкілі. Бірақ, Сібірге екі рет айдалып келген осы әлеует көрсетер адам өткір ой, шешен тілмен тіліп түсе алмай жатады. Халықтық ыза-кек, ащы шындық, табиғи қуатты ырғақпен оқтай атылса ғой.

Бір ерекше тұлға – Саққұлақ би. Ол – Сағынай асындағы шұбар төстердің қаскөйлігіне қарсы аяқасты бұрқ еткен Жайық қарт – ел ішіндегі дау-шардың ебеп-себебін бажайлай білетін, әділ төрелігін тура айта білетін адал жүрек би. Сол жаратылысымен, сол мінезімен беделді. Көпті көрген көне көз, кәрі Саққұлақ би Ақанның ақындығын да, әншілігін де, серілігін де, азаматтығын да тани білген.

Романда дараланбай қалған, өрнегі келіспей жатқан бейне жоқ. «Абай жолындағы» Жұманды еске түсіретін Су Құсайын, Ақтоқтыны сүйетін жалтақ мінез Жалмұқан, «оның әні де, тұқым жұрағаты да енді мен көз жұмғанша бұл ауылдың жауы» деп сазаратын Сүтемген образдары да ойдағыдай. Ешкімге пайда-залалы жоқ қоңырқай жаратылысты Қорамса бейнесінен де жасандылық табу қиын. Оның әйелі, Ақанның шешесі Жаңыл бойынан біз Абайдың абзал анасы Ұлжанға ұқсастық көргендейміз. Жаңыл – жайдары мінез, жомарт пейіл, сабырлы, сөзге ұста жан. Әр жерде тілін безеп шешенситін Нұртаза тәрізділердің бас терісін аузына қаптап кете береді.

Романда фольклорлық дәстүрде бейнеленген қу тілді, жалғыз аяқ жарлы Су Құсайын тамаша жарасқан траги-комедиялық образ болып шыққан. Су Құсайынның характері осы тәрізді образ қазақ топырағына баяғы бір мал баққан көне заманнан бермен қарай бауыр басып, ұлт бойына етене сіңген типтік бейне екенін аңғару қиын емес. Автордың ұтқаны – әрбір қылығы кісі көңілін қытықтап күлкі шақырып тұратын осы бір тумысынан берекесіз траги-комедиялық бейнені шынайы бере білгендігінде.

Жазушы ояздың әйелі Анна Ивановна образын да оңтайлы ортаға алып көрсете білген. Автор оқыған, мәдениетті орыс әйелінің көзімен қазақ қоғамын, ақын-әншілерінің жайын жіті көріп, өзінше түйін түйеді. Әсіресе, Ақан сері бойындағы асылды танып, ол туралы жылы лебіз білдіруін, қазақ халқына араша түсуін қаламгер нанымды бейнелеген.

Романның композициясы Сырымбет саласында, Қаратал қойнында, Ереймен баурайында деген бөлімдері бір оралымға үйлеседі. Көшкен ауыл, көгілдір аспан, айлы түн, ойын-той, палуан күрес, әзіл-күлкі, алтыбақан, табиғат аясында сырласу, Ақан әндері мен жырларының шығарылуы – бәрі де өз қалауын тапқан. Шығарманың басындағы Ақан сері сұлу қыз, жүйрік ат, сергек ортаны аңсайтын ақиық. Ақан сері үшін дәуір зұлымдығы, топ тоғышарлығы аз соққы болып тимегендігін жазушы үлкен тебіреніспен жеткізген. Сол арқылы Ақан сері ел аузындағы қоғам тартысын, заман зәбірін, сергек сезінген қайраткер, күрескер тұлға дәрежесіне көтерілген. Бұл арада Сәкен Жүнісовтің уәждемесі (мотивировка) мығым, иланымды. Шығарманың басты идеясы – «мыңмен жалғыз алысқан» Ақан серінің заман соққысынан жеңілгенімен, оның рухы жеңіліс таппайтындығында. Оның өнері өлмейді, халқымызбен бірге жасай береді. Оның өнері, өмірі  – өміршең деп ой түйдіреді авторлық позиция.

Сәкен Жүнісов Ақан өміріне қатысты барлық оқиғаларды сол қалпында натуралистік тұрғыдан суреттеп қана беруден бойын аулақ салған. Яғни, тиісті көл-көсір материалдың ығында қалмай, оларға осы заманғы суреткер көзімен қарай отырып талдау, жинақтау жасауды көздейді. Ақан өміріне байланысты негізгі мен өткінші шындықтардың ара салмағын ажырата отырып көркем шындыққа айналдырған.

Қорыта келгенде, автор «Ақан сері» романында тұтас бір дәуір – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бастапқы кезінің қат-қабат шындығы мен Ақан серінің тәлкекке толы тағдырын таза реалистік дәрежеде бейнелеген. Жазушының «Ақан сері» романында кейіпкер бейнесін сол заман шындығымен бірлікте алып, жан-жақты суреттегенінің куәсі боламыз.

ІІІ бөлім. Қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылатын шығарма

ІІІ.1. «Заманай мен Аманай» повесіндегі ұлт тарихы мен адам тағдыры

 

Этникалық қарымы, шығарма құрылымының күрделілігімен «Жапандағы жалғыз үй» романында-ақ елең еткізген Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманайда» не өткен ғасыр, не бүгінгі дәуір емес, қазан төңкерісі кезеңінен қазіргі таңға дейінгі ұзақ мерзім (шамамен 50 жыл) аралығына әлеуметтік, көркемдік, философиялық  барлау жасайды. Жазушы Сәкен Жүнісовтің ешбір қаламгерге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Осы ерекшелік прозаиктің «Заманай мен Аманай» повесінен анық танылады. Бұл повесті қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылатын шығарма деп бағалауымызға толық хақымыз бар.

Жазушы Сәкен Жүнісов прозасының стилі ерекше құрылымға негізделген. Жазушының тілі жатық, баршаға ұғынықты, белгілі бір оқиғаны түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жандандыра отырып, оқырман көкейіне асқан көркемділікпен жеткізе білетін суреткер. Қандай оқиға болмасын, пейзаж, портрет, суретті сюжет болсын, соны үнмен, жаңа пафоспен жырлай біледі. Шығарма сюжетін қызыл сөздің құдіретімен шимайламайды, нақтылы оқиғалармен көмкереді. «Сәкен Жүнісов – аз да жазбайтын, көл-көсір  көп те кітап шығара бермейтін, әйтсе де бірер кесек туындылары әдеби қауым, қалың жұртшылық ерекше мән беретіндей белгілі көрнекті жазушы. Кейбір повесть, әңгімелері еңселі асулардың етегіндей шымыр да шамбал қыр-жоталарды елестететіндей. «Заманай мен Аманай» повесі қаламгер есімін тағы да шырқай көтеретін жаңа бір көркемдік ізденіс мәні» [14, 255-б.].

«Заманай мен Аманайда» оқиғаның әлеуметтік-психологиялық дәлелдемесі, характер болмысы, сюжет мазмұны мүлде өзгеше. Сюжет өрнегін жұмбақтай бастап, оқырман ықыласы мен ынтасын баурап алтын қасиет С. Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй»,  «Ажар мен ажал»,  «Ақан сері» т.б этникалық  дүниелерінде де жиі ұшырасады.

Жазушы үшін басты мақсат – бас кейіпкер Балзия тағдыр талқысын тартқан бір қауым елдің туған жерден кету адамын көркемдік тұрғыдан ашу, дәлелдеу. Төсек тартып жатқан өлмелі күйеуананың алыста қатерлі сапарға бір бас көтергенінде артық күшін жиып, үн-түнсіз аттануын ұғынсақ та, қатерлі асығыс шеруге итермелеген қандай күш? Әжесін сүйгенмен, анасы – Әлиманы, қамкөңіл ауылдастарын, тіпті өзі іштей естіне алатын жанашыр дос, мүгедек томар – Омарды қалай қиып кетпек? Аманайды жаяу-жалпы, белгісіз мұнарға жетелген балалық қиял, арман оты, әжесі айтатын ел аңызындағы ғажайып сырдың ұшығын табуға деген ынтызарлық. Бұл аңыз психологоиялық дәйектеме ғана емес, символдық қызмет атқарады.

Повесте сонау отызыншы жылдар ойранында оңайлықпен билеп-төстеуге көнбеген қазақтардың қайсарлықпен арғы бетке асып кетуі сөз болады. Сонымен қатар, бұл туындыда солақай саясаттың, апалаң-топалаң алмағайып заманында сайда саны, құмда ізі қалмай, шашырап, қашқаны қашып, қашпағаны итжеккенге айдалып, оққа ұшып, шақшадай басы шарадай болған халқымыздың мұңды трагедиясы бар. Повесть деп аталғанмен романға бергісіз – «Заманай мен Аманай» ұлтымыздың өткені мен кеткеніне, бүгініне терең бойлап, оның түрлі-түрлі катаклизмге толы өміріне терең үңілген зерделі шығарма.

«Повесте әлденеше тақырып, сан қилы сарындар бар. Соның ең бастысы – туған жер, Отан тақырыбы. Шығармада орын алатын түрлі-сырлы махаббат бар. Ол - әке мен баланың, әже мен немеренің махаббаты, ол – аңыздағы қайғылы махаббат, ол - өмірдегі шерменде махаббат. Бірақ осынау аққайнар сезімдердің ең ұлысы – кіндік кесті туған ел, атамекен деген өлшеу шегі жоқ, рахатынан азабы мол, терең қайшылықты, әрі ар туындай ардақты махаббат. Сөз осы мәселелердің дұрыс қойылып, нанымды шешілуінде» [15, 234-б.], – деп профессор Бақытжан Майтанов шығарманың негізгі тақырыбы мен рухын анықтап береді.

Сәкен Жүнісовтің бұл повесінің ерекшелігі – ол шығарманы шытырман оқыс оқиғаларға құруға шебер, сөйтіп оқушыны еліктіріп, қызықтырып әкетеді. Оқиға тамыры ұжымдастыру кезінде жат жерге мал-мүлкімен қашқан бай ауылдың қоңыр жүдеу тірлігін бейнелеуден өрбиді. Қыбыр еткен тірі жаны жоқ ауылдың басындағы хал оқырманның көз алдынан көлбеп өтетін осы бір сұрғылтым суретпен астарланады. Құла түзде тірлік белгісі жоқ неткен ауыл. Басындағы базары тарқап, келмеске кетіп, іргесі сөгіліп, еңсесі басылып, рухы мүжіліп қалған осы бейшара ауылдың бейнесінде, ұжымдастыру мен аштықтан, репрессиядан, жаңа заманның асыра сілтеуінен есі шығып, қаны қарайып, мәңгіріп қалған сол кездегі қоғам көрінісі жатыр. Ал шарқ ұрып көмек сұраған Әлима бейнесінде – не істерін білмей, басын тауға да, тасқа да соғып жүрген, шарасыз қамкөңіл қазақ елінің бейнесін символмен тұспалдаған. Осы оқиға барысында заман сырын ашады. Шын мәнінде повесть сарынының қайнар бастауы осы жұмбақ деталь екендігіне оқиғаның одан әрі тез, әрі шиеленісті өрбуі дәлел бола алады.

Ғасыр басындағы аталмыш нәубет жүгін сол кездегі аға буын арқалағанмен, оның зілді сызы бүгінге де жеткен. Сондықтан тұтас үш ұрпақты  қамтыған – ата, бала, немере үштігі шығарманың лейтмотиві іспетті. Мұндағы түйін: індет тек бір буынға ғана залалын тигізіп, қаһарын төккен жоқ, оның алды-артындағы ұрпақтарды да қоса жаралады. Бірақ, жайрата алмады. Тек бүгін бір буынды тұншықтырып, тумысын бөлектеуге тырысты. Сол кеткен есе мен есепті түгендеу авторлық позиция арқылы берілген.

Автордың көркемдік ізденісінің көрінісі «Сәукеле» жайлы аңыздан көрінеді. Автор шығармасына үш түрлі кезең куәгері – Сәукелені символдық астармен берген. Алғашқы Сәукеле ел аузындағы аңызбен көрінеді. Сәкен Жүнісовтің алған сол жұмбақ аңыз-деталі повестегі топас зұлымдық пен кіршіксіз арудың, жақсылықтың арасындағы тартыстың, шиеленістің лейтмотиві. Оған қарсы бас көтерген қайсарлық тұрпатында ғана емес, екі түрлі ниеттегі жандардың психологиялық ішкі тайталасы түрінде де айқындалады. Қаламгер «Сәукеле» әңгімесіндегі қылышынан қан тамған қаһарлы хан Мидың бейнесінде қызыл империяны мегзегендей. Қолынан айрылған Ғизат пен Гүлсана тәтей қызының жиынтық образына – отызыншы жылдар ойранынан запы шеккен, қолы жоқ Ғизаттай қолынан келер солақай саясаттың идеологиясымен тастай ғып, маталып, қабат-қабат шандалып тасталған, солып, жел үрлесе жығылатындай өспей қалған, әлсіз тәтей қыз Гүлсанадай шарасыз қазақ елінің бейнесін топтастырған. Сәкен Жүнісов өмір шындығын өз тұрғысынан бейнелейді, сараптап салмақтайды. «Сәукеле» әңгімесі сол бір шындыққа, қатал да әділ шарт-талапқа берілген мейлінше лайықты жауап тәрізді. Балзия кемпірдің немересіне айтқан аңызы жазушы шығармашылығының сапалық белгілерін байытып, көркемдік реңк үстемелеп тұрғандай. Автордың кейіпкерлерінің алдынан мұнартып көрсетіп отыратын Сәукелесі – әжесінің жұмбақтай салған сөзінің одан ары қызығып, жұмбақ «Сәукелеге» жеткенше тағат таппай келе жатқан Аманайға жарқын болашаққа, ата мекеніне ашылатын қақпа тәрізді ой түйдіреді. Ал қаламгердің Сәукеле тауына байланысты үшінші желісі бұдан  табаны елу жыл бұрын өткен қызық өмірдің тұрмыс-тауқыметіне құрылған.

Сәкен Жүнісов отызыншы жылдар ойранын, тоталитарлық жүйе салған кісен-шынжырын бырт-шырт үзіп, ақыры оңтайға келмеген соң шекара асып, шетке жылыстап кеткендегі мақсат – жан сауғалау емес, ішкі қарсылық пен сыртқы күрестің соңғы әрі үлкен үлгісі – нар тәуекелге бару еді деп түйеді. Оған екінің бірінің батылы жете бермеген. Жүрегінің түгі барларының өзі оңай соқпасын, опа таппасын аңдағанмен, азапты болса да, азат жолын таңдаған қазақтардың типтік бейнесін Сәлімгерей образына жинақтап бере білген. Бөгдесініп өзектен теппесе де, жат жұрттың жарылқай қоймасы аян болса да, бастапқы райынан қайтпағандықтары көрінеді. Ондағысы – бір күндік болса да бостандық!

Коллизиясын (қақтығыс) құрап тұрған желінің өзі де Балзияның әкесі Сәлімгерейге байланысты желі. Повестің оқиғасын қоюлатып, ішкі драматизмін күшейтіп, соның нәтижесінде бүкіл шығарманың еңсесін биіктетіп тұрған осы желі. Сәлімгерей – мыңғырған малы бар, бір ауыл арқа тұтатын қазақтың байы, бірақ жаратылысында ақылды, өжет, кесек тұлға. Оның өктемдік, озбырлық атаулыға жаны қас. Ол қара басының қамын күйттейтін пенде емес. Елдің, ауылдың, ағайынның қамын ойлайтын зерделі ардагер азамат. Сәлімгерей образы төл әдебиетімізде оқшау көзге түсетін дара тұлға деуге болады.

«Әлі-ақ көп ұзамай келемін. Елді жайғастырып көңілін аулаймын. Заман түзелсе, қайтар жолда барардан гөрі, тезірек асығам ғой, қама жеме» деп қызының маңдайынан иіскеп, табалдырықтан аттай бере қайта бұрылды» [16, 196-б.] - деп, төңкеріс заманының осынау қатал шындығын жазушы аз ғана сөзбен, шебер өрнектеп оқушының көз алдына әкеледі.

Тау аспақшы болған бір қауым елді шекараға да жеткізбестен алып келуі, аяқ астынан Сәлімгерей байдың оққа ұшуы, сол бір мезеттегі көріністер соншама дәл нанымды өрнектелген. Жазушы өзінің идеялық позициясын айқындап, қаһармандар тұлғасын саралай түсу үшін Балзияның әкесінің трагедиялы өлімін ұтымды пайдаланған. Әкесінің мезгілсіз қазасына күйінген, намыс буған, сүйгені Атымтайдан, оның кер заманынан түңілген Балзия амалын асырып, елін қайта көтеріп, арғы бетке өтеді.

Жазушы жеті атадан бері келе жатқан қадірлі ер-тоқымды өзенге лақтыру, іші алтын-күміске толы сары сандықты суға кетіру эпизодтары арқылы жат жерге, бөтен  елге ат басын бұрған бір қауым ел ырыс, құт-берекесін туған жерінде қалдырып кетті деген астарлы символды тұспалдайды.

С.Жүнісовтің диалог пен пейзажды беруде де суреткерлік өзіндік көркемдік тәсілі бар. Диалогты жазушы кейіпкерлердің характерін белгілі бір жағдайға байланысты туындайтын мінез ерекшелігімен образын дараландыру мақсатында тиімді пайдаланады. Диалог арқылы суреткер заман тынысын білдіреді. Ал пейзаж беруде жазушының назар аударатын бір ерекшелігі – дала көріністерін қаһарман басындағы халмен, көңіл-күймен шендестіре береді. Айталық, туған жерін, ата мекенін қия алмай, ащы тағдырына күйініп, «алдым – тұман, артым – өрт» деп онсыз да өзектері өртеніп келе жатқан ызалы топтың ауыр халін табиғаттың бет қаратпай қақаған боранымен, психологиялық параллелизм тәсілімен байланыстыра, астарлай жеткізеді.

Алдарынан соғып тұрған алай-түлей боран – ол жат жұрттың сынға толы алдарынан күтіп тұрған жадау тірліктің боранымен ұштастыра, өзара байланыстыру тәсілін қолданады. Атамекенін тастап, шекарадан аспақшы болып келе жатқан топтың әрекетін құптамағандай табиғат-ана да: «Ертеңгі күні өкініп жүрмеңдер деп тоқтату айтқандай қабағын түйіп ашуланған сыңай білдірді» деп түсіндіреді Ал керісінше, арада елу жыл уақыт өткенде өлмелі кемпір мен жас баланы аяғандай, табиғат-ана ақ батасын беріп қуанғандай, жадыраған риза көңілімен емеурін танытқандай, – деп автор әдемі қиюластырып әсерлі бедерлейді. Осы аласапыран қуғын-сүргін үстінде мұз әңгекке түсіп кеткен Меруерт қыз қуғынға ұшыраған қарапайым халықтың жиынтық бейнесі.

Информация о работе Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық