Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 12:41, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы қай уақытта да таланттарға бай екендігін өткен тарих дәлелдейді. Қазақтың бүгінгі дәуірінің әдебиет әлемінде сан шоғыр сол талантты тұлғаларының ішінде жазушы, қарымды қаламгер Сәкен Жүнісовтің орны ерекше. Сәкен Жүнісов деген уақытта ең алдыменен, есімізге «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері», «Аманай мен Заманай», «Өлара» сынды» туындылары оралары сөзсіз. «Сәкен Жүнісов – ұлттық прозамыздың, драматургиямыздың байрағын желбіретіп, оқырманына сүбелі шығармалар берген қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гылыми жоба.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Әкелі-балалы екі адамның бейнесі және өмір жолдары шығармада параллельді түрде және бір-біріне қарама-қарсы антитеза формасында беріледі. Қос қаһарман, яғни, екі өмір, алуан тағдыр, олардың ұқсастығы мен айырмасы, міне, авторды қызықтыратын жайлар осылар. Жазушы Қарасай өмірін еске алғызу арқылы өткенге шегіністер жасаса, ал қазіргі Халелдің өмірін нақты іс-әрекет үстінде көрсетеді.

Жазушының баяндауы пейзаждық көріністі ғана көздемейді, шығарманың ішкі логикасымен қабысады. Пейзаж – тың игеру науқаны келген дала психологиясымен астасып кетеді. Баяндау стилінің өзінен лирикалық леп еседі. Автор талай жылдар тусырып тыныш жатқан қазақ жері тың игерудің жалаң дақпырты келген кезде, өздерінің тыныштығын бұзып, мазасын алған тың игерушілерге әдейі ашуланғандай болып, оларға қарсы қарлы жылан боп бас көтеріп, айбат шегіп, аппақ қардан боран көтереді.

Қорыта келгенде, Сәкен романы – тың игеруге байланысты мәселелерді тәптіштеп баяндай бермей, адам психологиясына, өз кейіпкерлерін жан-жақты суреттеп, даралауға күш салған шығарма. Жазушы тың игеру дала келбетін ғана өзгертіп қоймай, адамдар психологиясына да үлкен өзгерістер әкелгендігін ашып көрсеткен. Тың игеру науқаны тек жалғыз үйді ғана күйретіп кеткен жоқ, бүкіл қазақ жеріне ғана емес, елге, ұлттық психологияға, ұлттық танымға, рухани өміріне де боразда ізін қалдырды дейді авторлық позиция.

Әдебиет – заман шындығын суреттейтін құрал, замана жаршысы дейтін болсақ, сол қоғамның белді тұлғалары мен бейнелері өз заманына қызмет етеді және алдағы күнге өнеге болады. Қазақ әдебиеті тарихында С.Жүнісов прозасы – замана бейнесі мен адам тағдырын жасаушы шебер суреткер ретінде осы талаптар үрдісіне толық жауап береді. Осы орайда жазушының ең бір үлкен қыры – гуманистік идея мен ұлттық ұлылықты қатар ұстауында жатыр. Сондықтан жазушы шығармаларының  эстетикалық мұраты – кейіпкердің жан-дүниесін ашу, психологиясы мен болмыс-пішінін әдеби дәлдікпен беру және ұлттық сананы кейіпкер тұлғасы арқылы таныту болды. Сол себепті Сәкен Жүнісов шығармашылығы адамтанудың көркем шежіресі деңгейіне көтерілген туындылар деуге толық негіз бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.2. «Ақан сері» романындағы тарихи және көркемдік шешім

 

«Жапандағы жалғыз үй» романынан кейін Сәкен Жүнісов тарихи тақырыпқа барып, бүкіл Арқаны жырға бөлеп, елінің еркесі, алты алаштың серісі атанған, «мыңмен жалғыз алысқан» Ақан серінің өмірі жайлы «Ақан сері» романын жазды. Кезінде ақын Мағжан Жұмабаевты еліктірген, Ақан өмірінің жұмбақ сыры жазушы Сәкен Жүнісовті де еріксіз қызықтырған.

Ақан сынды жұмбақ адамның бейнесін қара сөзбен сомдау арқылы Сәкен Жүнісов қазақ әдебиетіне кемелді, кең ауқымды, терең тамырлы туындыны дүниеге алып келді. Жазушы күрделі дәуірдің өнеріне ел қанық, әрі қалың қазақтың мақтанышына айналған Ақан сері сияқты кемеңгер тұлғаны әр қырынан алып сомдап, ол өмір сүрген заманның қайшылықты, күрделі шындығын ашып көрсетеді. Ақан өмірі көркем прозадағы әлі де тың жатқан кенеулі де кесек тақырып. Бірлі-жарым әңгімелердегі Ақан бейнесімен шектелуге болмайды. Ақан өміріне кең ауқымды, кең планды роман жанрының мүмкіндігін пайдалан отырып, суреткерлік зерделі жасау кезектегі міндеттердің бірі еді.

Біз жазушы Сәкен Жүнісовтің Ақан сері романын осы тұрғыдан бағалауға тиіспіз. Жазушының роман сияқты алымды да щшалымды жанр мүмкінідігіне сүйеніп, Ақанның тұлғалы, тұтас образын жасауды көздеуі әбден құптарлық.

Біз бұл жерде Сәкен Жүнісов жалпы осы образды тұңғыш мүсіндеуші десек, қателескен болар едік. Ақан серінің поэтикалық және драмалық образы әлдеқашан сәтті жаслаған болатын. Ілияс Жансүгіров пен Ғабит Мүсіреповтің қаламынан шыққан Ақан образы да идеялық-эстетикалық күшімен кім-кімді де сүйсінтпей қоймайды.

Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» (1971) дилогиясы – бүкіл Арқаны жырға бөлеп, елінің еркесі, алты алаштың серісі атанған, Ақан серінің өмірі жайында жазылған. «Ақан сері» дилогиясында өмір шындығын көркемдік пайымдау басты мақсатқа айналған. Жазушы еңбегіне баға берген бір тұсында белгілі сыншы С.Әшімбаевтың мынадай ой-тұжырымдары кездеседі. «Әрбір жазушы үшін кейіпкерлер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мұраттың бірі болуға тиіс» [8, 34-б].

«Кез-келген кездейсоқ биографиялық ұсақ-түйектерді жиып-теріп көрсетудің керегі аз. Бүгінгі күн оқушыларына ақын өмірінің ең бір есте қаларлық тәрбие берерлік бағалы құбылыстарын, адам баласының прогресшіл тарихы үшін аса маңызды жайларын саралап, талғап суреттеп беру керек» – [9, 448-б.] – деген екен М.Әуезов. Яғни М.Әуезов айтқандай, С.Жүнісов Ақан өмірінің үлгі боларлық сәттерін көрсете білді. Әуезов Абайды бір жағынан өнер адамы –  ақын, компазитор ретінде көрсетсе, С.Жүнісов «Ақан сері» романында осы дәстүрді жалғастырды.

С.Жүнісовтің «Ақан сері» романы Ақандай әйгілі өнер иесінің өмірін суреттеу арқылы, ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ сахарасындағы замана тынысын, дәуір келбетін жасауға ұмтылды. Автор өз кейіпкерін әр түрлі драмалық оқиғаларға батыл араластырып, өмір шындығын кең түрде бейнелей алатын образдар жүйесін жасады, Россияда орын тепкен орыс капитализмі элементтерінің қазақ сахарасына кіре бастауын бейнеледі, сол арқылы сол кездегі халық тұрмысын, елдің жай-күйін, беймезгіл заманның сорақылықтарын, өнер иесіне деген озбырлығын көркем тілмен суреттеп берді.

Ақан басына түскен бірінші кітаптағы Қаратал қойнауы, Сырымбет саласындағы, Ереймен баурайындағы үш соққы, патша тұяғының қазақ даласындағы сапары, ел әкімдерінің момын жұртқа билік жүргізудегі жанталасқан әрекеттері, қалың бұқараның біртін-біртін ояна бастауы, сахараға кең жайылған әділетсіздік, барымта – бәрі де автордың көркем тілі арқылы оқырман жүрегіне берік ұялаған. Міне, осындай кең көлемді суреттері арқылы, «Ақан сері» романы шын мәніндегі тарихи роман жанрының жүгін көтеріп тұр.

60-80 жылдар прозасындағы  өнер адамдарының өмірінен жазылған  романдардың ішінде С.Жүнісов «Ақан сері» дилогиясын – тарихи роман жанрына жатқызамыз. Алып отырған тақырыбы, негізгі мақсат – идеясы ұқсас болып келеді. Сәкен Жүнісов өз романында XIX ғасырда өмір сүрген тарихи адам – өнер иесі Ақан серінің өмірін арқау етіп алып, әр түрлі ұлттық характерлер, образдар жүйесін жасады, осы образдар арқылы беймезгіл замандағы қоғам мен өнер иесінің қатысына үңілді, өмір шындығын бейнелеп, сол тұстағы қат-қабат оқиғаларды таңдап-екшеп ала білді, сөйтіп, сол   дәуірден замана тынысын, дәуір келбетін лайықты көрсетуге ұмтылып, әлеуметтік өмірдің бар болмыс-бітімін жасады.

Сәкен Жүнісовтің «Ақан Сері» романындағы өмір шындығы мен көркемдік шешімнің қаншалықты бір-бірімен үндесіп, үйлесім тапқандығын осы жұмысымызда қолда бар деректерге сүйене отырып дәлелдеуге тырыстық. Негізігі басшылыққа алынғаны – Жаңғара Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» және «Шымырлап бойға жайылған»  деп аталатын зерттеу еңбектері. Ең алдымен, шығарманы талдамас бұрын тарихи және көркемдік  шешім дегеніміз не және олардың ара қатынасы қандай екені туралы айта кетейік. Көркемдік шындық – өмір шындығының жазушының ой елегінен, шығармашылық көрігінен өтіп, қорытылып, әдеби  көркемшығармалардағы баяндалған, суретке айналған қалпы. Көркем шындық өмірдегі шындықты кең толғып түсіну, терең сезіну, оған жазушы өз қатынасын білдіру арқылы туады.

        Тарихи  шындық – өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі. Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың, халық  өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннін сипаты танылады. Алайда, әдеби шығармалардағы тарихи шындық  –  көркемдік бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, көркемді  шындық. Тарихи шығармаларда өмірде болған  уақиғалармен қатар ойдан шығарылған жайлар аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге көркем қиялдан тұған кейіпкерлер араласып жүреді. Мәселе шындап келгенде оқиғаның, кейіпкердің өмірде болған не емес.

Шығарманың барлық мазмұны, оқиғалары, кейіпкерлері ой көрігінен өтіп, жиынтықталып, өзгеше бейнелілік сипат алып шығатындығында. Әрине,  тарихи шығармада  айтылмақ оқиғаның өзегі негізінен өмірде болған уақиғалардың аясында алынбақ. Сондықтан жазушы маңызды тарихи жайларды, көптеген нақтылы деректерді анық білу қажет. Ол қанша  көркем суреттеулерге барса да, тарихи шындықты аттап өтіп, бұрмалауға хақысы жоқ. Өткен дәуір қалай суреттелмесін, бәрібір сол кездің болмысын білдіруі керек. Шындыққа сай нанымды шығуы тиіс. Бұл үшін тарихи  дерек  көздеріне  сүйену шарт. Сонда ғана бұрынғы қоғам өмірі, халық тұрмысы өз қалпында сенімді бейнеленбек.

         Ақанның әр әрекетінен бас кейіпкердің күресі, өз дәуіріне деген ызалы наразылығы, қоғамман қатынасы айқын көрінеді. Романның қамтитын уақиғалары да, дәуірі де кең. Аталмыш романда ревалюцияға дейінгі қазақ қоғамы, қазақ еңбекшілерінің әлеуметтік теңсіздігі, беймезгіл заманда дүниеге келіп, туған халқының әсем әнімен тәтті күйін сыйлап, оның эстетикалық мәдениетінің өсуіне барынша қызмет еткен Ақан серінің өмірі кеңінен суреттеліп, оқырманға сол кезеңнің табиғи шындығын беруге елеулі маңызы бары айқындалады. Романдағы бас кейіпкер бейнесі – түнек заманның озбыр күштерінен зорлық көріп, жапа шеккен көптеген қазақ өнерпаздарының кешегі хәлін жиынтық бейнеде бере алып тұр.

Өнер адамдарына байланысты жазылған көркем туындылардың ішінде С.Жүнісов романы ерекше орынға ие. Жазушы күрделі дәуірдің өнеріне ел қанық, әрі қалың қазақтың мақтанышына айналған Ақан сері сияқты кемеңгер тұлғаны әр қырынан алып, сомдап, ал өмір сүрген заманның қайшылықты, күрделі шындығын  ашып көрсетеді.

Ақан өмір сүрген орта бірімен бірі аңдасқан, алтыбақан, алауыздық үйленген, атақ, даңқ, мансап үшін туған әкесінде сатып кетердей жауыздыққа баратын, бақтыластық жайлаған небір сұрқия сұмдықтардың ұйқысы болған еді. С.Жүнісов  рушылдық кесапатты шенеуде Ақанның аузына небір өткір сөз салып, мысқыл, сықақ уытты өте сәтті жұмсай білген. Шығарманың негізгі идеясының ашылар тұсы да осыда жатқан белгілі. Әйтпесе данышпан Абай айтқандай, «Мыңмен жалғыз алысқан» көкірегі ояу, зерделі азаматтың ұрпақтан-ұрпаққа аңыз боп тараған бейнесін ойлағандағыдай сомдалап шығару оңай іс емес екендігі түсінікті. Жазушы болса, бұл шартты абыройлы орындаған.

Құдіретті әнші, алғыр ақын, айтыс сөзде дұшпанын қырғи тілімен қиып түсетін, жамандық атаулыны өшпестей таңбалай білетін, тек ақыл, жүрек қалауымен ғана өмір кешуді аңсаған, достыққа, шапағатқа жүрегі ашық Ақан, шынында, ортасынан бойы биік тұрған парасат иесі. Өнер мен дарынды керек етпейтін мансапқор, дүниеқоңыз, айнымалы, азғын әкімдер үшін Ақан істері елден шыққан ерсілік болып көрінсе, қарапайым, момын халыққа оның әні мен сөзі майдай жағады. Бірақ ол заманда шындық, әдәлдік деген «қос жетім» ешкімнен төрелік сұрап бара алмайтын еді, халық бұқарасының алып күші тізгіндеулі, матаулы болатын.

Ақан серінің әндерінде өмірге құштарлық, махаббат әңкәрлігі мен улы өкініш, шерлі сарындар қатар өріліп отыратыны да осыдан болса керек. Роман бойында Ақанның өмірінде із қалдырған үлкен істер, мінез дараланып көрінерліктей шытырмандар аз айтылмайды. Соның бәрінде де Ақанның асыл бейнесі, ірі адамдық бітімі елес беріп отырады. «Сырымбет», «Үш тоты», «Құлагер» сынды әндер тарихы романның үш бөліміндегі оқиғалардың, байланыстардың астарын ашуға көмектеседі.

С.Жүнісов осы роман-дилогиясында әдебиетте бұрыннан бар мифология тәсілін орнымен шебер пайдалынады. Жазушы «Ақан серісін»  жазу үстінде үнемі осы алтын тамырдан нәр алумен болады. Сағынайдың асында Батыраш жендеттерінің қолынан мертігіп, өлгелі жатқан Құлагер көз алдынан  бүкіл өткенін, иесімен болған жақсы күндері елестетіп өтеді. «Жылқы баласына бұдан асқан дос жоқ. Ендеше енді не болды? Шекесін соққы қайдан тиді. Мүмкін найзағай түскен шығар... Бірақ бүгін аспан шайдай ашық емес пе еді? Не де болса, адам емес. Екі айғыр таласса – ортасына шыбын-шіркей боп түсіп, көкке қарғыған болат тұяқтай қоймықпай басын ажалға тігіп айыратын адам баласы тап мұндай қатігездікті жасамайды. Зұлымдық адам балсының қолынан келмейді. Ол тек мейірімділікке жаратылған» [10, 295-б.]. 

Жалпы, жылқы баласына адамша ойлау тән қылық секілді. Құлагер ақырғы демі біткенше өзіне жасалған қастандықты адамнан көрмейді. Сол үшіне де оның қасірет-күйініші екі есе артады, Құлагердің монологы әсерлі сезім тереңдігімен қуатты.

Кейде Ақан туралы пікірді Құлагердің ойы арқылы көрсете, керісінше, Ақанның Құлагерге деген көз қарасынан оның өзінің бүкіл бітім болмысының,  не оның төңіректеген өзге жұрттың  бет-бейнесін, қимыл-әрекетін айқын ашады. Құлагердің үстіне Ақтоқтының өзі тіккен әдемі жамылғыны әкеп жабуы суреті аясында талай көрініс сыйып тұр. Қолынан аса қымбат сәнді жабу шыққан Ақтоқтының мерейлі нұрлы жүзі де оны шаттана қабылдап тұрған Ақан серіде, тіпті Құлагердің керілген әсем бейнесі мен мінез ерекшеліктері де көңілге қонымды.

Романдағы тар заманда тағдыр талқысына түскен: Ақтоқты, Ұрқия, Қадиша, Ақбота арулар мен Жаңыл, Ырысты, Дәмелі аналар өз кескіндерімен дараланған. Шығармада қызғылықты тұлғалар қатары бар. Ақанның арманда айырылған ғашығы – Ақтоқты, сүйген жары – Ұрқия, серілік дәуірінің серігі – Қадиша дара пішінді, дала гүліндей көрікті, жанды бейнелер. Ал Ақанның анасы – Жаңыл тұлғасы жазушының соны табыстарының бірі десе болады. Ақылды, әдепті, алғыр ана Жаңыл Ақанның қамқоры ғана емес, оның мерейі үстем болуын бәрінен де жоғапы санайтын жүрегі жылы, ойы нұрлы жан. Қазақ жуаны Сүлейменнің, оның әйелі мен қызының мінез ерекшелігі аз айтылса да, айнымай сурет боп түскен. Роман көлеміндегі елеулі тұлғалар легінде  адуын мінез, адал жанды Әлібек батыр, паңдығы нойыстықпен ұштасып жатқан Нұрмағамбет, даланың тежеусіз өскен бәлеқор байы – Батыраш, ойы терең, би-лігі кемел, сөзі сараман Саққұлақ би бейнелерін атау керек. Орыс адамдарынан ояз бастығының әйелі Анна Ивановна бірсыпыра дараланып елестейді.

Шығарманың басындағы Ақан сері сұлу қыз, жүйрік ат, сергек ортаны аңсайтын ақын. Ақан сері үшін дәуір зұлымдығы, топ тоғышарлығы  аз соққы болып тимегендігін жазушы үлкен тебіреніспен жеткізген. Сол арқылы Ақан сері қоғаш тартысын замана зәбірін сергек сезінген қайраткер, күрескер тұлға дәрежесіне көтерілген.

Информация о работе Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық