Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 12:41, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы қай уақытта да таланттарға бай екендігін өткен тарих дәлелдейді. Қазақтың бүгінгі дәуірінің әдебиет әлемінде сан шоғыр сол талантты тұлғаларының ішінде жазушы, қарымды қаламгер Сәкен Жүнісовтің орны ерекше. Сәкен Жүнісов деген уақытта ең алдыменен, есімізге «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері», «Аманай мен Заманай», «Өлара» сынды» туындылары оралары сөзсіз. «Сәкен Жүнісов – ұлттық прозамыздың, драматургиямыздың байрағын желбіретіп, оқырманына сүбелі шығармалар берген қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гылыми жоба.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Замандас бейнесі – қоғамдық-саяси, эстетикалық-философиялық, тарихи категория, сол себептен де ол үнемі өзгерісте, заманмен бірге ілгері қадам басып, жаңарып, толысуда, биіктен-биікке көтерілу дәрежесінде болады. Арғы тарихи кезеңдерді сөз етпегеннің өзінде, бір ғана кеңестік дәуірдің түрлі бел-белестерінде-ақ замандас образының идеалы, үлгісі болған әдеби образдар тобы ылғи жаңа сапада толыға түсті.

Сол арқылы әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің шығармалары әдеби даму заңдылықтарының өсу эволюциясын дәлелдеп берді. Суреткер алдына бүгінгі күн міндеті ретінде қойылып отырған заманымыздың ұлылығына сәйкес замандас бейнесін жасаудағы шеберлікті арттыра түсу проблемасының арғы төркіні жиырмасыншы-отызыншы жылдармен сабақтасады. Демек, бұл саладағы дәстүр бастамасы жаңа кеңестік реализм әдебиетінің қалыптасу дәуірінде-ақ бой көрсеткен болатын. Осы тұста қоғамдық өмірмен ілгері қадам басқан жаңа тұрпатты кейіпкерлер бейнесін сипаттауда озықтық көрсеткен жазушыларымыздың бірі – Сәкен Жүнісов.

Сәкен Жүнісовтің «Ақ қасқырлар қамаған қызыл керуен» атты повесі – тарихи-революциялық шығарма. Онда жазушы өмір құбылыстарын тарих тұрғысынан алып қарап, Қазақстанда болған азамат соғысы оқиғаларын, Кеңес өкіметін нығайту жолындағы қиындықтарды суреттейді. Повесть кейіпкерлері, қарапайым адамдар өз ұлтының өзгешелік ерекшеліктерін, жақсы қасиеттерін бойына жинаған ұлттық характер ретінде көрінеді.

 «С.Жүнісов прозасында адам тағдыры мен заман бейнесінің көрінісі жазушының шығармашылық өсу жолындағы алғашқы туындыларынан да анық байқалады. Әсіресе, алғашқы әңгімелерінде («Бір шофердің әңгімесі») өмірлік нақты характерлер сомдаудан гөрі, автордың идеясы кейіпкердің характерінен туындап, сонымен табиғи өріліп отыраты көзге түседі» [1, 235-б].

Бұдан біртіндеп ширығып, жазушының өсе қалыптасқан қаламгерлік беталысының дерегі болған «8 нөмірлі көйлек», «Айып», «Байқа, фото», «Ауладағы әңгіме», «Он алтыншы қатар» т.б. әңгімелері куә бола алады. «Әжем, емші және дәрігер» повесі балалықпен ерте қоштасып, мерзімінен ерте есейіп еңбекке араласқан бала мен соғыс өртінен шарпылған замандастарының мұңдылау романтикалы тіршілік-әрекетін, оларға жаны аши қарайтын аналық мейірді шынайы суреттей білуімен өзіне тартады.

Повесте автор баланың дүниетанымын, ой-өрісін, психологиясын нанымды жеткізеді. Соғыс кезіндегі ауыл тұрмысын суреттеу арқылы ауылдың қарапайым жандарының қарекеттерін бедерлі бейнелейді.  Жазушы кейіпкерлері тағдыр тауқыметіне, тұрмыс қиындығына қарамастан, төзімділік пен қайсарлылық танытады.

Автор олардың жан-дүниесіндегі өзгерістерді психологиялық тұрғыдан дәлелдеуге ұмтылады. Осы шығармалардан жазушының сатылап өсу (эволюциясы) деңгейі айқын аңғарылады. Олар адамды үлкен мақсатқа жетелеген рухани күшті жинақтап суреттей алуымен бағаланады. Қорыта айтқанда, қаламгердің әдеби шығармада замандас бейнесін кестелеу шеберлігі, ең алдымен заман мен адам қатынасын айқындаудан басталып, жеке тұлғаның бар болмысын әдеби-көркемдік мәнде суреттеуге байланысты айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. С.Жүнісов прозасындағы заман бейнесі мен адам тағдырының идеялық нысанасы

ІІ.1. «Жапандағы жалғыз үй» романының әлеуметтік сипаты

 

Қазақ әдебиетінің тарихында  қалам қарымының өлшеусіз байлығымен көзге көрініп, қазақ әдебиеті тарихында алар орнын шығармашылығындағы нәзік лиризммен, ұлы романтизммен, эпикалық кең тынысымен бағындыра білген Сәкен Жүнісовтің еңбегі зор. Ол замана сазының көшімен өз кезеңінде халықтың өмір жолы мен дәуір келбеті, адам тағдырын шығармашылығына арқау ете отырып, терең философиялық оймен, психологиялық әсермен жазылған көркем шығармаларды дүниеге әкелді.

Сәкен Жүнісов шығармашылығының басты арқауы – заман адамдарының шыншыл да нақты бейнесі. Жазушы шығармаларының өзегі де осы көркем бейнелерден өрбиді. Әр жазушының оқырман жүрегінен орын алуы – олардың туындыларындағы кейіпкерлер әлемінің айнадай таза, шыныдай мөлдір, шыншыл, жаны мен ары таза, әлеуметтің әдемі де жағымды жандарын немесе қоғамға зиян әкелер тоғышар мінезді кертартпа кесірлерді бір арнаға тоғыстыруы, әдеби өмірге әкелуіне байланысты. Сөйтіп әрбір кейіпкердің жан-жүйесін, ішкі сезімін, дүниетанымын тамыршыдай тап басып танып, көз алдыңа кесек, сом тұлғаны елестетеді.

Сәкен Жүнісовтің үлкен прозаға бет алуы «Жапандағы жалғыз үй» романынан басталады. Бұл – тақырыптық жағынан да, жанрлық өркені жөнінен де өз заманының елеулі шығармасы. Қазақ прозасы мен драматургиясында қайталанбас із қалдырған Сәкен Жүнісовтің шығармашылығы туған елінің тағдырымен тамырласа бірге өрілген еді деуге болады.

Тыңға шабуылдың ұлы эпопеясын көркем әдебиетімізде алғашқылардың бірі болып суреттеу бақытына ие болған Сәкен Жүнісовтің шығармасына арқау еткен шындығы қандай шындық еді? «Сол бір тың игеру науқаны елдің берекесін қашырды. Жыртылмаған жер қалмады. Небір қасиетті орындар егіннің астында рәсуә болды. Ауылдарда ұрлық көбейді. Құлпы жоқ үйлерді түгел көшіріп әкеткен оқиғалар аз болмады. Ел бұзылды. Маскүнемдік етек алды. Қазақ әйелдері аузына арақ ала бастады» [7.] - деп жазады жазушы «Жапандағы жалғыз тіл» деген мақаласында. Сол кездегі саясат екпінінің тың тепкіні салдарынан қазақ мектептері жабылып, мал бағып, түтін түтетіп отырған қазақ ауылдары амалсыздан жан-жаққа бытырап көше бастады.

«Қағынан жеріген құландай» ерте көктемде үдере көшкен қазақ ауылдарының қам-қарекеті жазушының қабырғасын қайыстырып, мұңын үдетеді, жанын жүдетеді. Осының бәрі солақай саясаттан туындап отырған жай екенін сол кездің өзінде-ақ ол айқын сезініпті, сезіп қана қоймай, өзінің төл туындысы арқылы жанайқайын білдіріпті. Жазушы сол бір шындықты шымырлатып тұрып, байыптылықпен асықпай әрі поэзиялық мөлдірлікпен суреттеп берген.

Автор романда үлкен әлеуметтік мәселе көтерген. Шығарма фоны көтерілген тың десек, тың жерде еңбек дүбірінің басталуымен бірге қалай ойрандалғанын көреміз. Романның «Жапандағы жалғыз үй» аталуының сыры да осында. Жалғыз үйдің ұзақ жылдар бойы қауымнан тыс, көпшіліктен бөлек өткізген өмірі, сауда-саттықпен тұрмыс құрған кәсібі бір жылдың ішінде шайқалып, түте-түтесі шығады. Сәкен Жүнісов шығармасын бірден тың игеру науқанынан бастамайды. Кейіпкерлерінің сонау колхоздастыру кезіндегі тартысқа толы өмірін роман сюжетіне арқау етіп алады да, олардың мінез ерекшеліктерін ашу үшін лирикалық шегіністерге жүгінеді.

«Жапандағы жалғыз үй» романы – қазақ даласын дүр сілкінткен оқиға – тың және тыңайған жерлерді игеру науқанының себеп-салдарын өзінше суреттеген туынды. Өзінше дейтініміз, бұл роман тың айыруға Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен шұбырып келе жатқан жүздеген мың келімсектердің іс-әрекетін тікелей суреттемейді. Осы оқиға уақыт дауылындай жапан далада жалғыз қалға бір үйді қаңбақ құрлы көрмей ұшырып әкетеді. Қақтығыс иелері – ескілік пен жаңалықтың жаршысындай. Бұл тұрғыда ең алдымен көзге түсетін бейне – Қарасай (Қарабет). Бұл – романдағы ең белді, ең толық образ. Қарасай – сол Кеңестік қоғам үшін көзге шыққан сүйелдей көрінетін жеке меншікшіл жан. Бір табын жылқы, басқа да малы жетіп артылады. Асырап алған Дикаға, өз белінен шыққан балаларына дейін сол малын бақытып қойған. Оңаша өмірдің осы қуысынан жаңа уақыт екпіні Қарасай ошағын төңкеріп тастайды.

Халел, Дика, бұдан бұрын боранда адасып өлген Жәлелдің әйелі Ақбала жапырайған жалғыз үйден қашып құтылады. Қыл аяғы бәйбішесі Жәмішке дейін Қарасайдан безеді. Ол да Қарасайға өкпесін кешіргісі жоқ. Агафья Япишкина дейтүн мәтүшкесімен суық жүрісін сезіп қояды. Ақыр аяғында Қарасай Остап Бендердің кебін киеді. Бар малынан айырылады, асыл заттарын тығып қойған көмбесінен қазып алған Япишкина зым-зия жоғалады.

Жаңа заман ысырып, қайнаған өмірден аласталған жапандағы жалғыз үй жер бетінде қасқырдың апаны секілді. Заман ағымынан оңаша қалған бұл үйдің тіршілік күйбеңі де бөлек, ол үйде тұрып жатқан жандар да бір бөлек, мінездері де әр қилы. Ел өмірінің әрбір бұрылыс, қалтарысында арамдық найзасын халық ризығының  сүбесіне бір-бір сұғып алып отыратын Қарасай енді сауда-саттық әрекетінде. Оның бар пиғылы, тілегі, бар үміті қора түкпіріндегі темір сандықшаның  ішінде. Қаттап салған бүктеулі қыруар ақша арам жолдың әр тарабынан жиналған харам дүние. Қорасы толған мал, сандығы толған ақша – міне, жапандағы жалғыз үйдің сиқы осындай еді. Шығарманың соңында не болды ақыры?

«Сары жезбен айқұш-ұйқыш белдеулеген тақпақтай қолсандық арыста ұшып барады. Өмір бойы жинаған бар дүние-мүкәммал бірге кетті. Тоқпақтай қол сандықтың ішінде жүздеген қара кетіп барады. Желіні бұтына сыймай, шатқаяқтап қалған мама сиырлар ыңыранып барады. Бәрі-бәрі кетті». Автор тың игеруге келгеннің бәрі шетінен патриот емес, тыңға өткен өмірін жасырып, өз пайдасын көздеп келген Япишкина тәрізді адамдар да аз емес екенін шынайы бедерлеген. Сол Япишкина Қарасайдың қолсандығын емес, жүрегін суырып әкеткендей көрінеді.

Қол сандық деталь қызметін атқарғанымен, символдық астарға бой ұрады. Ұрлап алып, қашып кеткен адам – жай ұры емес, тың игеруші. Автор сол кездегі қазақ елінің құтын қашырып, ырысын ұрлаушы – тың игеру науқаны деген астарлы философиялық әлеуметтік ойға жетелейді. «Мен тыңға көрінген адамның келгеніне қарсы болдым. Ресейден 20%  қана тәуір адамдар келгені, қалғандары кешегі ұры-қарылар екенін де әр жерде айтып жүрдім», – деген автор өз ойын, өз пікірін шығармасына өзек қылып салып береді. Қарасай осы үйде жалғыз тіршілік еткенге дейінгі өмірін де жұлқысып, тістесіп өткізді. Шеңгеліне іліккенді өлтіргенше бүріп, қарсы келгеннің көзін құртқанша тыным таппады. Мұны біз Күргерейдің әңгімелерінен көреміз. Ұзақ жылдар бойы ауыртпалық арқалап, өмірдің ащысын татып, жардан да, баладан да тұл қалған Райхан –  бір кездегі Қарасай жазған жалған арыздың құрбаны. Бірақ заман Қарасайдікі емес. Оның ниеті, қылығы, бүкіл әрекеті жаңа заманның жаңа заңына – әділ заңына қиғаш келеді.

Қарасай – таланған малы, бүлінген шабындығы үшін ашынған Қарсай есімді қаймана қазақ. Ол трактор дәл үйінің түбіне кеп, іргесін қопарып тастағанша, орнынан тапжылмайды. Төбесінен асыра мылтық атып жатса да, сескенбейді. Ол ұры тіс секілді, өзін жанға батырмай оп-оңай жұлып тастауға болмайтынын біледі. Бұл жерде ол – құрбандық өкілі. Осы оқуы жоқ қарапайым қазақ шаруасына есепсіз-қисапсыз жыртылып қалған жер, телегей теңіз дала қансырап жатқан жаралы адам бейнесінде шалынады. «Қайран дала, шөбің жұпар емес пе, мұрын жарады. Тіршілікке қуат беретін асыл нәр ғой бұл... Әттең, не керек, осы тіршіліктің бәрі асты-үстіне келіп, қара топыраққа айналғалы тұрған жоқ па?» - дейді Қарасай өз үйінің іргесінен түскелі келе жатқан трактор шоғырларына қамыға қарап тұрып. Енді тағы бірде: «Байқаймысың, заман өзгеріп барады. Мына целина келмей жатып, өрісімізді тарылта бастады». Ол «Заманың түлкі болса ...» деген принципке сүйенеді. Мал өрісі тарыла бастағанын көірп, оны ақшаға айналдыруды ойлайды. Бұдан қазақ даласының тағдырына әсерін тигізген тың көтерудің қалай болса, солай жүргізілгенін, ел байлығы – жерге қамқорлықтың болмағанын, мал жайылымының тарылып кеткендігін көріп, соның бәріне белін бекем буып отырған неден болса да тайынбайтын күшті характер иесін танимыз.

Роман оқиғасы Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңнен басталады да, тың өмірмен шектеледі. Бір кітаптан тұратын романға өмірдің белді-белді кезеңін, тәркілеу, ұжымдастыру, Ұлы Отан соғысы, тың өмірі – осының бәрін сыйдыру деген егер жазушылық шеберлік, тапқырлық болмаса, құрғақ хрониканың ауқымынан аспаған болар еді. Автор бұл арада шегініске барған.

Автор табиғаттың толқуын, күз аспанының көшпелі сабалақ бұлтының құйқылжуын сол кездегі әлеуметтік жағдаймен, табиғат көріністерімен шебер шендестіре білген. Жайшылықтағы табиғат көрінісі психологиялық көрініске айналып, автордың әлеуметтік талдауға құлаш ұрып,  қазақ халқының тарихында өзінің қанды ізін салып кеткен сол бір «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» кезеңінің шындығынан сыр толғағысы келгендігін байқатады жоғарыдағы үзінді.

Автор шеберлігінің өзі, кейіпкері Жәлелдің өмірінің соңғы сәтінің куәсі болған «Жапандағы жалғыз ағаштың» баяндауын беруі шығарманың бір ерекшелігін – лиризмнің өріс алуын байқатады. Автор өзекті ойын жекелеген әсерлі деталь, штрихтар төңірегінде, бір ғана көрініс айналасында «Жалғыз ағаштың әңгімесі» арқылы ашуға көбірек ұмтылады. Жазушы өзі суреттеп отырған жағдаятты бір жақты құрғақ баяндап кетпей, нанымды детальмен – жалғыз ағаштың көзімен, қамқор жүрегімен салмақты ой түюге тырысады. Трагедиялық жағдайды суреткерлікпен оқырманның көз алдына елестетіп, әсерлі жеткізеді. Шығармада шынайы көркемдік шешімдер таба білген. Автор шығармасының сюжеттік арқауын босатпай, өмірлік мәні бар мәселені қозғаған шымыр дүние жасай білген.

Сәкен Жүнісов – талғампаз жазушы. Ол оқиға біткенді тізбелеп, баяндап беруді мақсат тұтпайды. Қаламгер таңдаған деталь да, әрекет те, ситуация да іріктелген, типтік құбылыстарды терең ашуға көмектеседі. Жазушы жансыз нәрсені сөйлету, жыртқыштардың тіршілігін суреттеу арқылы шығармаға романтикалық, символикалық бояу береді. Романның осы тұстары қызық әрі дәлдікпен жазылған. Көп жылдар бойы туған жердің жүзін көрмей, ұзақ, әрі қиын жолдан оралған Райханның халін автор кейіпкерінің көз алдына бұрынғы адамдарды елестетіп, соларды сөйлету арқылы лирикалық шегініспен ашады.

Жазушы өзінің өзекті ойын қасқыр апаны мен Жапандағы жалғыз үйдің ойрандалуын психологиялық параллелизм арқылы қатарластыра астастыра бейнелеген. Автор дала суретін, табиғат стихиясын бар тынысымен, романтикасымен беруге күш жұмсайды. Романның негізгі объектісі – қазақтың көсіле жатқан байтақ тың даласы болғандықтан оның бар құбылыс, бар өзгерісімен көрсету тап осы шығарма үшін аса қажетті нәрсе.

Романның алғашқы беттерінде: ақ бас жыландай ысқырып соққан алақұйын боранда дала, енді бірде, шуаққа маужырап, бусанған көктем даласына ауысады. Айлы түні де, жауынды күні де – бәрі-бәрі оқиға желісінің екінші компонентіндей толықтырып, шығарма сюжетімен қоян-қолтық жымдасып жатады. Дала көрінісі  әшейін суреттеу үшін алынбаған, әрқайсысында астарлы сыр бар, болашақ оқиғаның мықты суыртпағы, тартылған желінің берік қазығы.

Портрет, характер жасауда тіл көркемдігінің берер әрі мол. Осы романда қанша адам болса, сол адамдардың өзіндік бет-пішіні, сыр-сипаты, жүріс-тұрысы, мінездегі ерекшеліктері тайға таңба басқандай десек, артық болмас еді.

Бетіндегі тотияйын араластырғандай талаулараған жалпақ қалдың үстінде күзгі боз шөптей қуарып, қылау тартқан үш тал қылы бар Қарасай, батпандай ауыр жылдар жүгі самайдағы шашқа түскен, кесек тұлғалы Райхан, анда-санда тамақ ішуге тұрғаны болмаса, бөлмеге лық толған қою будың ішінде диірменнің әуенімен бірге, ыңылдап әнге салып, қас қарайғанша ырғаңдап отыратын сары Тоқаш, көсе Дика, ақмаралдай көрікті Ақбөпе, шопыр Оспан, Халел, Агашка Япишкина, Дерягин бәрі де бір-біріне ұқсамайтын өз ерекшелігімен дараланған жандар. Роман кейіпкерлерінің ұмытылмастай, есте қалып қоятын әсері де осы портрет бояуының дәлдігінде.

Информация о работе Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық