Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:13, реферат
Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.
Ауыз әдебиеті де – даму үстіндегі категория. Өзінің бастауын ескі замандардағы халықтың тұрмыс-тіршілігінен алған ауыз әдебиеті күні бүгінге дейін халықпен бірге жасасып келеді. «Жаңа дәуірдегі фольклор» аталған үшінші бөлімде қазақ фольклорының ХУ111-Х1Х және ХХ ғасырлардағы дамуы жеке- жеке тарауларда қарастырылған. Ауыз әдебиетінің халықпен бірге жасай беретіндігін бүгінгі фольклордағы жаңаша сыпаттағы өлең, жұмбақ, мақал-мәтел, әңгіме жанрларын талдай отырып, дәлелдейді.
«Қазақ әдебиеті тарихының» екінші томы ежелгі дәуір мен орта ғасырлар әдебиетіне арналған. Шын мәніндегі «қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәуірлерден басталатындығын» айта келіп, «зерттеудің негізгі мақсаты – сақтар, ғұндар дәуіріндегі ерлік дастандары және Түрік қағанаты тұсында жазылған қаһармандық жырлар мен қазақтың батырлық жырлары сан ғасырлар бойы бір сәтке де үзілмей, жалғасып келе жатқан байланыс бар екенін мазмұн, форма, стиль, көріктеу құралдары тұрғысынан ашып көрсету; ислам дәуірі әдебиетіндегі гуманистік идеялар мен эстетикалық, дидактикалық ой-пікірлер бертін келе қазақ жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік дәстүр жалғастығынтапқанын, әрі жаңа тарихи жағдайда этикалық-дидактикалық мазмұндағы поэзия одан әрі дами түскенін нақты деректер негізінде дәлелдеп көрсету» (Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 2-том. Алматы, 2006, 12-бет) -деп, айқындаған.
Қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуіріне арналған екінші том бұдан үш мыңдай жыл бұрын Қара теңіз бен Азов теңізінің аралығындағы ұлан-ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген сақтар туралы грек тарихшысы Геродоттың жазбаларындағы деректерден басталған. Геродоттың еңбектеріндегі біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын өмір сүрген «тарихта есімі сақталған тұңғыш түрік патшасы» Тарғытай, бейбіт жатқан елді шапқан парсы елінің патшасы Кирдің басын кесіп, адам қанына толы меске салып жазалаған Тұмар ханым (еуропаша Томирис), шапқыншылығын қоймаған парсы елінің тағы бір патшасы Дарийді алдап, қалың құмның ішіне адастырып, шөлден қырған Шырақ батыр батыр туралы бізге жеткен деректерді, дастандарды әңгімелеуден басталған.
«Түркі дәуіріне дейінгі әдеби жәдігерліктер» бөлімінде «Алып Ер Тоңға», «Шу», «Аттила», «Көк бөрі», «Ергенекон» «Хуастуанифт» дастандарының тарихи құндылықтарына басты назарды аударады. Бұлардың алғашқы екеуін сақтардың қаһармандық дастаны, соңғыларын ғұндардың батырлық жырлары атаған.
«Түркі дәуіріндегі әдебиетте» «Күлтегін», «Тоныкөк», «Оғызнама» т. б. жырлар талданылған. Әл-Фарабидің, Қорқыттың, Ж. Баласағұнның, М. Қашқаридің, Қ. А. Иассауидің, С. Бақырғанидың, А. Йгүнекийдің өмір жолдары мен шығармашылықтары таныстырылады.
«Қазақ әдебиеті
тарихының» 4-ші томы Х111-ХУ111 ғасырлардағы
дәуіріне арналған. «Алтын Орда дәуірі
әдебиеті» және «Қазақ хандығы тұсындағы
әдебиет» аталған бөлімдердің
ХУ ғасырда қазақ хандығының іргесі қаланып, қазақ деген халықтың тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Міне, осы кезден бастап қазақ халқының дербес ұлттық, мемлекеттік тарихы басталады. Кітаптың екінші бөлімінде Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқаралардың жыраулық поэзиясы көшпелі тұрмыс тудырған ерекше бір өнер құбылысы ретінде зерттелінеді.
Бұл әдебиет тарихының тағы бір жаңалығы – мұнда қазақтың шешендік өнері жайлы тараулардың берілуі. Бұрындары түрлі себептермен онша зерттелінбей келе жатқан, зерттелінсе де әдебиет тарихындағы өзіне лайықты құрметті орнын ала алмай келе жатқан қазақтың шешендік өнері жайлы осы кітапта «Шешендер шығармашылығы» (М. Жармұхамедұлы) туралы шолу мақаламен бірге Төле, Қазыбек, Әйтеке, Ақтайлақ билермен қатар Сырым, Бөлтірік шешендердің өнерпаздық қырлары хақындағы тараулардың орын алуы да – құптарлық.
Кеңес өкіметі жылдарында би-шешендер феодализм заманының билеушілері, мүддесін қорғаушылары, жыршылары танылып, шығармашылықтары идеялық жағынан халыққа жат саналып келсе, олардың әдеби мұралары тәуелсіздік тұсында ғана жан-жақты зерттеліне бастады. Өмір шындығын шынайы бейнелеп, халықтың мұңын жырлап, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ деп, қара қылды қақ жарып, бетің бар, жүзің бар демей, ақихатты ту еткен осы бір теңдесі жоқ синкретті өнердің көп томдық әдебиет тарихынан орын алуы болған әділетсіздіктерді қалпына келтіру де болмақ.
Х1Х ғасырдың бірінші жарымындағы дәуірге арналған «Қазақ әдебиеті тарихы» 4-ші томының басты өзгешелігі деп, мұнда бұрындары аттары аталып, поэзиясы сөз болып жүргенімен де әдебиет қайраткері ретінде шығармашылықтары арнайы зерттеу нысанына айналып, әдебиет тарихындағы өзіне лайықты орнын ала алмай келе жатқан Көтеш, Қобылан, Шал, Жанақ, Абыл, Түбек, Сабырбай, Ұлбике сияқты сөз дүлділдерінің арнайы тарауларда қарастырылуы дер едік. А. Егеубаев жазған «Х1Х ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінде» осы кез әдебиетінің өзіндік сыр-сыйпаты ашыла түскен.
Бесінші томның басындағы «Х1Х ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті» тақырбындағы негізгі тарауды да А. Егеубаев жазыпты. Шоқанды, Ыбырайды, Абайды берген дәуірдің әдебиеті бізге біршама таныс. Ағартушы демократтық бағытпен бірге осы кездерде сал-серілер поэзиясы, діни ағартушылық ағым да қатар дамыды. «Тарихта» Ақан Қорамсаұлы, Біржан Қожағұлұлы секілді сал-серілердің, Ақмолла Мұхамедиярұлы, Мұсабек Байзақұлы, Шәді Жәңгірұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы сияқты діни ағартушылардың шығармашылықтары да жеке тарауларда сөз болады. Сондай-ақ Мұрат Мөңкеұлының, Базар Оңдасұлы Өтемісовтің, Шәңгерей Бөкеевтің, Ақтан Керейұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Нұржан Наушабайұлының, Әсет Найманбаевтың өнерпаздық жолдары да кеңінен қарастырылған.
«Қазақ әдебиеті тарихының» алтыншы томы ХХ ғасырдың басындағы әдебиетке арналған. Кеңестік кезеңде сұрқылтай саясаттың салдарынан зерттелінбей, зерттелінсе де шет-пұшпақтап, теріс бағаланып келген осы бір бұрқ-сарқ қайнаған заман әдебиетінің жеке томда қарастырылуының өзі біраз нәрсені байқатқан. Бұл кітаптың негізгі мәселелері «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», «Абайдың әдеби мектебі», «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған поэзия» тарауларында көтерілген. Ә. Бөкейхан, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы, С. Торайғырұлы, С. Дөнентайұлы, М. Дулатұлы, Ғ. Қараш, М. Сералин, М. Ж. Көпейұлы, Ж. Тілепбергенов, Б. Күлеев, Т. Жомартбаев, С. Көбеев, Н. Орманбетұлыларының шығармашылықтары арнайы сөз болған.
«Қазақ әдебиеті тарихының» жетінші, сегізінші, тоғызыншы томдары кеңестік кезеңдегі әдебиетке арналған. Қазақ кеңес әдебиетінің 20-30-жылдары 7-ші томда, Отан соғысы және соғыстан кейінгі дәуірі 8-ші томда, соңғы (1956-1990) кезеңі 9-шы томда қарастырылған. Жалпы редакциясын басқарып, негізгі «20-30 жылдар әдебиетін шолуға кіріспе», «20-30 жылдардағы халық поэзиясының дамуы», «20-шы жылдардағы проза» (7-ші том), «Кіріспе», «Проза», «Әдеби сын», «Сәбит Мұқанов» (8-ші том), «1960-1980 жылдардағы қазақ әдебиеті» (9-шы том) тарауларын жазған – ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Серік Қирабаев.
Бұл үш томда да дәуір әдебиетін неғұрлым толығырақ қамтуды шолулық мақалалар жүзеге асырған. 8-ші және 9-шы томдарда «Қытай және Моңғолия қазақтарының әдебиеті» мен «Әдеби байланыстарға», 9-шы томда «Орыс тілді қазақ әдебиетіне» орын берілуі осы кезеңдегі қазақ әдебиетінің даму өрісін неғұрлым ауқымды қамту, әлемдік әдеби өмір контексінде көрсету мақсатында өзін ақтап тұр.
Қазақ кеңес әдебиетіне
арналған томдарда осы кез әдебиеті
жайлы мол мағлұматтар
Оныншы том «Қазақ әдебиетінің тарихы. Тәуелсіздік кезеңі» (1991-2001) аталады. Егемендік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетінің даму жолдарына сараптама жасалынған бұл кітаптың жазылуына Ш. Елеукенов жетекшілік жасаған. Әлі айқындала қоймаған көркемдік-идеялық мәселелері баршылық жаңа дәуірдің әдебиеті жайлы «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» деген негізгі және әр саланың, жанрдың жай-күйін нақтылы саралаған тараулардан мол мағлұматтар алуға болады. Мұнда портреттік мақалалар жоқ; қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің елеулі шығармалары негізгі шолуда және жанрлық жүйемен түзілген тарауларда лайықты бағасын алған.
Он томдық «Қазақ
әдебиетінің тарихы»
Түйіп айтар болсақ, он томдық академиялық «Қазақ әдебиетінің тарихы» сан ғасырлық қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми тұрғыдан жүйелеген, әдеби мұраны бүгінгі күн биігінен қайта саралап, бағалаған, ұлттық әдебиетімізді әлемдік әдебиет контексінде қарастырып, әдеби-эстетикалық деңгейіміз қаншалықты деген сияқты сан сауалдарға ғылыми тұрғыдан жауап берген, өткеннің әдеби мұрасын игеру жолындағы ізденістерді қорытындылаған, бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының өресін байқатқан іргелі еңбек болып қала бермек.
Әдебиет тарихын қай кезден бастау - әдебиет тарихын жасауда ең алдымен, шешілуі тиіс негізгі мәселе. Осы мәселенің қалай шешілуі әдебиет тарихының ғылыми сапасын анықтайтын негізгі өлшемдердің бірінен саналады. Сонымен бірге әдебиетінің тарихы неғұрлым тереңде жатқан халық ұлттық тамырлары да тереңде, рухани қазынасы да бай, ұлттық, қоғамдық сана-сезімі де дамыған өркениетті ел саналады. Сол себепті ұлттық әдебиеттің ғасырлардың қойнауында шаң басып жатқан бастауларын анықтап, сілемдерін аршып, халықтың рухани игілігіне айналдырудың ғылыми да, практикалық та маңызы зор.
Бұл мәселеге келгенде,
күні бүгінге шейін түпкілікті шешімін
таппай келе жатқан түйінді мәселелер
баршылық. Соның ең бастысы –
түркі халықтары әдебиет
Белгілі бір әдебиет
өкілінің қандай ұлт әдебиетіне жататындығын
анықтауда қай жерде
Орыс әдебиетінің
тарихын зерттеушілер оны ертедегі
Киев Русінің құрылған кезінен, яғни
Х1 ғасырдағы жылнама, шежіре, шіркеулік
жазбалар, уағыздар секілді хатқа
түсіп, сақталынып қалған жазбалардан
бастап жүр (Қараңыз: В. В. Кусков, Н. И. Прокофьев.
История древнерусской
Ал орысша шыққан
шетел әдебиетінің тарихтары
көбіне Ертедегі Шығыс әдебиетінен
бастау алып жүр. Атап айтқанда, ертедегі
Шумер мен Вавилон
Қазіргі түркітану
түркі халықтарының тарихына, мәдениетіне
қатысты тың жаңалықтармен
Қазақ әдебиетінің
тарихын қай кезден бастау керектігін
анықтау жолындағы