Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:13, реферат
Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.
ХХ ғасырдың бірінші жарымындағы қазақ әдебиетінің аса ірі өкілі, социалистік реализм әдебиетінің ту ұстаушыларының бірі С. Мұқанов қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу істеріне аса қомақты үлес қосты. Жазушының әдебиет тарихына қатысты зерттеулерін іштей жіктесек, ХУ111-Х1Х ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып келеді. Сәбит қазақ әдебиетінің тарихын ХУ111 ғасырдан бастап зерттеген. Оның себебін осыған дейінгі ақындардың аттары жөнді сақталмағандығымен, «белгілі дәуірде жасаған ақын бар, ол ақынның белгілі шығармасы бар ғасыр қазақ әдебиетінің тарихында ХУ111 ғасыр» болғандығымен түсіндіреді. Сонан соң бұл дәуірдің әдебиетін «қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресін сипаттайтын әдебиет» деп анықтаған.
С. Мұқановтың «ХУ111-Х1Х
ғасырдағы қазақ әдебиеті туралы»
көлемді зерттеуі алдымен, «Халық мұғалімі»
(1941, №6-12) журналында жарияланды. Автор
осы кездің әдебиетін 1) ұлт бостандығы
үшін күресудің әдебиетке әсері,
2) «Зар заман» әдебиеті, 3) ақын және айтыстар,
4) шығыс әдебиетінің әсері, 5) просветительдік
әдебиет деп, жіктеп қарастыруды
жоспарлаған. Кейін кітап болып
шыққанда, біраз өзгерістер байқалады.
Алдымен, кітап «Қазақтың ХУ111-Х1Х
ғасырдағы әдебиетінің
Кітаптың «Бостандық
күресі» тарауында Бұхар
Сәбит Мұқановтың қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың, ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың өмірін, шығармашылығын зерттеп, іргелі зерттеулер жазғаны белгілі. Бұл еңбектер қазақ әдебиетінің тарихына қосылған сүбелі үлес болып, өзінің ғылыми құндылығын күні бүгінге дейін жойған жоқ.
Қазақ әдебиетінің тарихын жасауда күні кешегі тәуелсіздік алғанға дейін «ақтаңдақ» болып, шешімін таппай келген кезең – ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті болатын. Міне, осы бір саяси күрмеуі күрделі тақырыпқа алғаш рет жол салып, ғылыми тұрғыдан ерлік жасаған С. Мұқанов болды. Оның 1932 жылы шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне» «1 бөлім. Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі» деген қосымша ат берілуі автордың кеңестік кезеңге арнап та жеке кітап жазбақ болғанын аңғартады. Кітап негізгі екі бөлімнен тұрады. «Ұлт деген не?», «Ұлтшылдық неден шығады?», «Қазақтың ұлтшыл оқығандары», «Ұлтшылдықтың өркендеуі», «Алашорда» тараулары құрайтын бірінші бөлім түгелдей ұлт, ұлтшылдық мәселелерін сол кездің идеологиялық ауқымы аясында түсіндіруге арналған. «Ұлтшыл-байшыл дәуірдің ақын-жазушылары аталған екінші бөлімде алашорда әдебиетінің көрнекті өкілдері А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, О. Қарашұлының, М. Жұмабаевтың, С. Торайғыровтың, С. Дөнентаевтың, Б. Күлеевтің, М. Әуезовтің, Ж. Аймауытовтың шығармашылықтары жеке-жеке қарастырылады.
Таптық күрестің
барынша күшейіп тұрған отызыншы
жылдардың бас кезінде жарық
көрген «ХХ ғасырдағы қазақ
Сәбит алашордашыл
ақын-жазушыларды идеялық
М. Баталов пен
М. Сильченко 1933 жылы шыққан «Очерки
по казахскому фольклору и казахской
литературе» деген кітабында
қазақ әдебиетінің тарихын
Е. Ысмайылов қазақ әдебиетін 1) қазақтың фольклоры, 2) ХУ111-Х1Х ғасырдағы қазақ әдебиеті, 3) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті жүйесінде қарастыруды ұсынды (Е. Ысмайылов. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау туралы. «Социалистік Қазақстан», 03.09.1938).
Соғысқа дейінгі дәуірдегі әдебиеттің тарихына, оны дәуірлеуге қатысты ізденістер мектепке арналған оқулықтар жазу, хрестоматиялар құрастыру барысында да жүріп жатты. І. Жансүгіров пен Ғ. Мүсіреповтің «Көркем әдебиет жинағы» (орта мектептің 6-оқу жылы үшін, 1933), М. Жолдыбаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаевтың «Х1Х ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралы» (7-жыл оқу үшін, 1933), С. Сейфуллин мен Ө. Тұрманжановтың «Көркем әдебиет» (5-оқу жылы үшін, 1934), Е. Ысмайылов пен Т. Ақшолақовтың «Әдебиет хрестоматиясы» (1939) секілді оқулық, оқу құралдарында әдебиеттің тарихын дәуірлерге бөліп, ұсына бастады.
Соғысқа дейінгі
дәуірде қазақ әдебиетінің
Қажым Жұмалиев он сегізінші-он тоғызыншы ғасырлардағы қазақ әдебиетінен диссертация қорғап (1941), қазақ әдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан, яғни ХУ111 ғасырдан бастауды ұсынды. Бұқарға дейінгі қазақ әдебиетінің барлығы – ауыз әдебиеті; «ХУ111 ғасырдың екінші жартысы, Х1Х ғасырдың бас кезінен бері қарай тарихта бірінші рет аты мәлім, шығармалары да өзінің атымен сақталған ақын – Бұқар жырау. Біз қазақ әдебиетінің, жазба әдебиетінің тарихының басы Бұқар жырау дейміз» мазмұндағы осы концепциясын «Қазақ әдебиеті» (1941), «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948), «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» (2 томдық. 1 том, 1958; 2 том, 1960) сияқты іргелі еңбектерінде жалғастыра түсті.
Осы мәселеге орай, профессор Бейсенбай Кенжебаев арнайы мақала жазып, қазақ әдебиетінің тарихын төмендегіше дәуірлеуді ұсынды:
«Бірінші – қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Яғни, ХУ111 ғасырдың ақырына дейінгі әдебиет.
Екінші – Х1Х ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет.
Үшінші – Х1Х ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.
Төртінші –ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы әдебиет.
Бесінші – Кеңес әдебиеті»
(Б. Кенжебаев.
Қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған «Әдеби мұра және оны зерттеу» (1959) атты ғылыми-теориялық конференция қазақ әдебиетінің тарихын, оның елеулі өкілдерін зерттеуде айтарлықтай оқиға болды. Десек те орталық мәселе қазақ әдебиетінің тарихын қай кезден бастаймыз дегенде, бұрынғы таптаурын пікір тағы да басым түсті. Қазақ әдебиеттанушыларының төрт көзі түгел жиналған осы бір алқалы жиында Бейсекең бұрынғы пікірін тереңдете түсіп, одан да арыға кетіп, қазақ әдебиетінің тарихын У11-У111 ғасырлардан бастау керек деген ұсынысты ортаға салды. Қазақ әдебиетінің тарихын бұлайша дәуірлеу бір жағынан, сол кездегі идеологиялық канондарға сыя бермейтін болса, екінші жағынан, бұған қазақ әдебиеттануының, оның әдебиетші ғалымдарының өресі жете бермейтін; ең соңында мұндай концепцияны қабылдауға қазақ әдебиеттанушылары дайын емес-тұғын. Конференцияның барысында әдебиетіміздің өткен тарихы жайлы құнды пікірлер білдірген М. Әуезовтің өзі де жиынды қорытқан сөзінде Б. Кенжебаевтың ұсынысын қабылдамай, Қ. Жұмалиевтің пікіріне қолдау білдірді.
Әдебиеттің тарихы қай кезден басталады, оны қалай дәуірлеу керек деген мәселе төңірегіндегі пікірталас алпысыншы, жетпісінші жылдардың әдеби сынында, әдебиеттану ғылымындағы орталық мәселенің бірі болды. Белгілі ғалым Б. Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихының көне дәуірін зерттеу жолындағы ізденістерін жалғастыра берді. Ежелгі әдебиетті зерттеу мәселелеріне арналған бірсыпыра мақалалар жазылып, «Көне әдебиет туралы» (1967), «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы» (1967), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973) сиқты кітаптар шықты. Бұларда қазақ әдебиетінің тарихы жаңаша көзқараспен мүлдем басқаша пайымдалды.
Ғалымның қазақ әдебиетінің тарихына қатысты айтып келген пікірлері алпысыншы жылдардың соңынан жетпісінші жылдарға қарай тұтас бір ғылыми концепцияға айналды. Бұл концепция бойынша, «Әдебиет тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның бейнесі, көрінісі, сүрлеуі, ол қай кезде болсын халық тарихының ізімен жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы тарихының ізімен жасалуы тиіс» (Б. Кенжебаев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973, 3-бет). Бұл концепция бойынша, қазақ әдебиетінің тарихы төмендегіше дәуірленеді:
«1. Бұрынғы әдебиет (У-ХУ ғасырлар). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті, көбінше, сол замандардағы түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХУ-ХУ111 ғасыр), қазақтың өзіндік әдебиеті.
3. Қазақтың Х1Х ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.
4. Қазақтың ХХ ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы) әдебиеті.
5. Қазақ халқының
Ұлы Октябрь социалистік
Б. Кенжебаевтың бұл ғылыми концепциясы өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бейсекең алғашында жалғыз болса, кейін қарасы көбейіп, тұтас бір ғылыми мектепке айналды. Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Т. Қожакеев, Р. Бердібай, Т. Кәкішев, Ә. Оспанұлы сияқты белгілі ғалымдар қазақ әдебиетінің тарихын тереңдете зерттеуді қолдап қана қоймай, өздері де рухани мұраны игере түсу істерінде айтарлықтай үлес қосты. Ә. Қоңыратбаевтың «Ескі түрік поэзиясы және қазіргі халық фольклоры» (1971), Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1967), М. Мағауиннің «ХУ-ХУ111 ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары» (1965), «Қобыз сарыны» (1968), «Алдаспан» (1972), М. Жолдасбековтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» (оқулық-хрестоматия, 1967), «Көне түркі ескерткіштері және олардың қазақ әдебиетіне қатысы» (1969), Қ. Сыдықовтың құрастыруымен «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985), Н. Келімбетовтің «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (жоғары оқу орындарына арналған оқулық, 1986), М. Қараевтың «Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдеріндегі көркемдік әдіс мәселесі» (1986), А. Қыраубаеваның «Ежелгі әдебиет» (1999), «Махаббатнама» (1983), «Ғасырлар мұрасы» (1989), А. Егеубайдың «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» (1999) сияқты еңбектерде қазақ әдебиетінің тарихы көне замандарға қарай тереңдей түсті. Р. Нұрғали, У. Қалижан, А. Еспембетов сияқты дарынды ғалымдар Б. Кенжебаевтың ғылыми мектебінен өтіп, ғылыми бағытын жалғастырды. Сондықтан да олардың қазақ әдебиетінің тарихын тереңдете зерттеген ғылыми ізденістері жемісті болып, әдебиет тарихының көкжиегін кеңейте, ұлттық әдебиеттану ғылымын байыта түскен еңбектер өмірге келді.
Тәуелсіздік алғаннан
кейін Б. Кенжебаевтың әдебиет тарихын
зерттеу, дәуірлеу мәселесіндегі ғылыми
концепциясы түпкілікті мойындалып,
әдебиет тарихын зерттеу
Әдебиеттану ғылымының ең басты міндеті – әдебиеттің бар-жоғын түгендеп, жеткен жетістіктері мен жетпей жатқан жерлерін саралап, халықтың рухани қажеттілігін өтеу жолында оқырманға ғылыми негізді жол сілтеп отыру. Десек те бұл міндетті атқару оңай шаруа емес. Оқырманның әдебиет мұхитының ішінен жол тауып жүруіне, іздегенін тауып алуына көмектесетін бірден бір көмекші әдебиеттану болғандықтан да бүкіл әдебиетті тарихи тұрғыдан ғылыми жүйеге түсіріп, дәуірлеудің маңызы зор. Әдебиеттану ғылымы дамыған сайын оның әдебиет тарихы да тереңдей түсіп, оны ғылыми негізді кезеңдерге бөліп қарастыруталабы да күшейе түседі. Алдымен, әдебиет тарихын қалай жасау керек мәселесі көтеріліп, талқыланып, енді сол айтылған пікірлерді жинақтап, түркі халықтары әдебиетінің толыққанды ортақ тарихын жасау күн тәртібінде тұр.
Әдебиеттің ғылыми негізді академиялық тарихын жасау жөніндегі алғашқы тәжірибелер қырқыншы жылдардан бастап көріне бастады. Ұлттық әдебиеттің тұтастай тарихын жазуға дайындық әлі жетіспейтін. Әдебиеттің терең тамырларын зерттей түсуге, оларды ғылыми тұрғыдан саралауға таптық ілімге негізделген кеңестік әдебиеттану мүмкіндік бермеді. Соған қарамастан, қырқыншы жылдардың соңына қарай көп томдық қазақ әдебиетінің тарихы жазыла бастады да, оның ауыз әдебиетіне арналған алғашқы томы М. Әуезовтің редакциясымен 1948-жылы жарық көрді. Келесі (1949) жылы Қ. Жұмалиевтің басшылығымен «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» деген атпен екінші томы шықты.
Сол кездің идеологиялық талаптарына сай, маркстік-лениндік ілім әдіснамасы негізінде жазылып, әдебиеттің көптеген жекелеген өкілдері, тұтас әдеби ағымдар, әдеби дәуірлер енбей қалғанына қарамастан, бұл екі кітап та елуінші жылдарға қарай қайта өріс алған «ұлтшылдыққа» қарсы күрес науқанының қырына ұшырап, ресми билік тарапынан қатты сынға ұшырады. Сыналғанда, ғылыми жағының жетіспеушілік жақтарынан емес, әдеби үдеріске, жекелеген қаламгерлердің шығармашылықтарына баға бергенде, «саяси қырағылықтың» өз дәрежесінде болмауы кемшілік болып тағылды.