Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:13, реферат

Краткое описание

Әдебиет – халықтың рухани қазынасының алтын қоймасы. Сол қойманы сақтай білген, сол қазынаны рухани қажетіне қарай орынды жарата білген халықтың ғана ұлт ретінде, халық ретінде болашағы бар. Сондықтан да сол әдебиетті төкпей-шашпай, жүйелеп, зерттеп, қай жерде не бар, ол бізге несімен қымбат деген сауалдарға уақтылы жауап беріп отыру барлық уақытта да күн тәртібінен түспейді.
Әдебиеттің өткені мен бүгінгісін замана талабына сай саралап, бұл мәселені шешіп отыратын – әдебиеттану ғылымы. Соның ішінде бар әдебиетке иелік жасап, шашау шығармай жинап, рет-ретімен жүйеге түсіріп, қай нәрсенің қай жерде, қандай қасиеті бар екендігін қапысыз саралап, дәуір тынысына орай оқырманның рухани қажеттілігін қанағаттандыруға қалтқысыз қызмет етуге тиіс – әдебиеттің тарихы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дандай Ыскак енбеги.docx

— 114.94 Кб (Скачать документ)

3). Салыстырмалы-тарихи  метод әдебиетті өзіне дейінгі,  сол дәуірдегі басқа да қаламгерлермен, әдебиеттермен салыстыра отырып, зерттейді. Бұл әдісті қолданғанда,  салыстыруға болатын, болмайтын  жағдайларды айыра білу қажет.

4). Әлеуметтік (социологиялық)  әдіс әдебиеттің қоғамдық қырларына,  идеялық жақтарына көбірек мән  береді.  Мұнда көркем әдебиеттің басты мақсаты қоғамдық өмірдің толыққанды бейнесін жасау, өмірді жақсартуға көмектесе алатын идея ұсыну санап, соларды анықтауға күш салады.

5). Формальдық тәсіл  көркем шығарманы белгілі бір  формадағы өнер туындысы деп  қарап, әдебиеттану ғылымының  басты мақсаты көркемдік дамудағы  формалық жаңалықтарды анықтау  деп біледі. Формальдық метод  кейіннен структурализмге, ол  өз кезегінде  жүйелі (системно)- структурализмге  ұласты.

6). Тарихи-функциональды  метод. Әдебиетті қоғамда атқаратын  үгіт-насихатшылық, тәрбиешілік, эстетикалық,  ұйымдастырушылық секілді қызметтеріне  қарай қарастырады.

7). Тарихи-генетика  көркем шығарманың туу негіздерін, себептерін зерттейді.

8). Тарихи-теориялық  тәсіл әдебиетке теориялық жағынан  келіп, сол дәуірде тарихи қалыптасқан  көркем формалардың тарихи санада  көрініс табуы, дамуы зерделенеді.

9). Мифология әдебиетті  бір елден екінші елге ауысқан  аңыздардың, ортақ сюжеттердің  жаңа ортада басқа ұлттық формада көрінісі санайды.

Әдебиетті, оның тарихын  зерттеу әдістері мұнымен шектеліп қалмайды. Көркем әдебиетті қоғамдық өмір туғызған тұтас бір өнер туындысы ретінде емес, оны бір жақты  ғана зерттейтін семиотика, структурализм, математикалық, т. б.  әдістер толып жатыр. Әрине, бұлардың барлығын да жоққа шығаруға болмайды. Орынды пайдалана білсе,  көркем әдебиеттің сан қырларын аша түсуге септігін тигізері анық. Бірақ та негізгі зерттеу әдісі ретінде қолдануға келгенде, мүмкіндіктері шектеулі.

Өмір қаншалықты күрделі болса, оның көркем бейнесін жасайтын әдебиет те сан қырлы. Қоғамды, табиғатты қаншама ғылым салалары зерттесе, солар көрініс табатын  бір ғана әдебиетті танып білудің, талдаудың да соншалықты талдау амалдарын  қажет еткен қиындықты алдан  шығады. Демек, көркем әдебиетті бір  ғана амалмен, тіпті әдебиеттану  ғылымының тәсілдерімен зерттеумен шектеліп қалуға болмайды екен.

Ғалым ғылыми ізденістер барысында өзіне оңтайлы, өзі  көркем шығарманың маңызды жағы санап  отырған тұстарын ашып көрсетуге  көмектесетін әдістерді ғана қолданады. Ол жеткіліксіз болса, қашан алға қойған мақсатына жеткенше, қажетіне қарай, келесісіне көшіп, қатарынан  бірнеше тәсілдерді қолдануы мүмкін.  Бұлардың ішінде біреуі негізгі де қалғандары көмекші. Тіпті, тұтас бір дәуір бейнеленген көркем туындының көркемдік қасиеттерін ашып көрсету үшін бір ғана әдебиеттану ғылымының әдіс-амалдары жеткіліксіздік танытып, ондай кездерде басқа да қоғамдық ғылымдардың жетістіктері мен зерттеу тәсілдерін пайдалану да – жиі кездесетін жәйт. Сондықтан да соңғы кездердің әдеби зерттеулерінде кешенді талдауды көбірек қолдануға ұмтылыс бар.

х    х    х

Сонымен, түркі халықтарының ортақ әдебиет тарихын жасау  жайлы ойларымыздың негізгі түйіндері  төмендегіше:

1). Түркі халықтарының  ортақ әдебиет тарихын жасау  мәселесі – ғылыми жағынан  да, саяси-әлеуметтік жағынан да  күн тәртібінде тұрған, пісіп  жетілген қажеттілік.

2). Ортақ әдебиет  тарихын жасау ісіне осы саланың  білікті түркілік ғалымдарымен  бірге, әлемдік әйгілі түркітанушылар  да қатысып, оны жазудың терминдік,   әдістемелік негіздерін бірлесе отырып шешу керек.

3) Әдебиет тарихын  қай кездерден бастау мәселесінде  кейінгі кездерде анықталған  біздің жыл санауымыздан бұрынғы  көне қытай жазбаларындағы түркілік  деректерге, осыған қатысты басқа  да жаңалықтарға назар аударыңқыраған  жөн. Соңғы зерттеулер түркі  халықтары әдебиетінің  тарихы біздің жыл санауымыздан бұрынғы Х ғасырдан бастау алатындығын дәлелдеп отыр.

4). Әдебиет тарихын  дәуірлеу – әдеби өмірде түбірлі  өзгерістер туып, көркемдік дамуға  сапалық жаңалықтар әкелген кезеңнің  межесін хронологиялық тұрғыдан  анықтау деген сөз.  Әдебиеттің жүріп өткен жолдарын дәуірлегенде, тарихи-хронологиялық ұстаным мен идеялық-көркемдік, яғни әдеби даму тұрғысынан жіктеуді қатар қолдана білу  оңтайлылық  танытады.

5). Түркілік ортақ  әдебиетке түркі халықтарының  әрқайсысы тарих сахнасына жеке  мемлекет, ұлт болып шыққанға  дейінгі дәуір жатады. Мысалы, қазақ,  өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ  халықтарының төл әдебиет тарихтары  шамамен ХУ ғасырдан, түрік, әзербайжан, шуваш әдебиеттері одан әрігіректен  бастау алады.

6). Түркі халықтарының  ортақ әдебиет тарихы әдеби  фактілердің тарихи тізбесі емес, әдебиеттану, қоғамдық ғылымдардың  соңғы жетістіктеріне сүйеніп,  тарихи-теориялық тұрғыдан жазылған  ғылыми еңбек болуы керек.

7). Ортақ әдебиет  тарихын жазу барысында түркі  халықтарының өзіндік даму тарихы, мәдениеті еуропалық таным, ғылым  стандарттарына көп реттерде  сия бермейтіндігі ескеріліп,  сөз өнерінің өзгеге ұқсамайтын  ұлттық, ұлыстық көркемдік сыпатын  ашуға басты назар аударылғаны  жөн.

8). Әдеби дәуірлердің  сыпаттамасында  оған әсер еткен ішкі, сыртқы факторларды анықтай отырып, әдеби өмірдің негізгі көркемдік даму бағыттарын аша түсуге ұмтылу керек.

9). Негізгі мәселе  әдебиет тарихы болғандықтан  да белгілі бір дәуірдің әдебиеті, болмаса сол әдебиеттің көрнекті  өкілдері әдеби дамуға қаншалықты  үлес қосты деген сауалға жауаптар  ғылыми негізді болғаны дұрыс.


Информация о работе Әдебиет тарихынзерттегенде мәселені