Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2015 в 16:26, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес.

Содержание

І. Кіріспе....................................................................................................................3-5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік
стереотиптер арқылы анықтау..............................................................................6-16
2.2 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» концептісі................... ..............................17-23
2.3 Ғабит Мүсіреповтің шығармаларындағы «Ана» тақырыбы......................24-27
2.4 Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты............................................................................................28-35
ІІІ. Қорытынды......................................................................................................36-38
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................39

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык дайын жумыс.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)
  • Ойбай, қайнағаның үйіндегі шешей-ау, бұдан артық не болар деп отырсың!.. Осы қаланың бәрі көріпті. «Бұзау атаң» үйінің баласы да, «Шикіл» шалдың қатыны да, үлкен баласы да, «Төрттен астам» үйінің келіні де, «Таза жіп» үйіндегі солбыр да, сәтсіз күн үйіндегі «Шаппа» да көріпті. (Ғ.Мүсірепов. Таңдамалы. 1-т. 82 б.)

...Одан соң әйелдердің  бір қасиеті, жұрт алдында шалабы  шайқала бастаған адамды жүндей  түтеді. Бұрын біреуі оп-орынсыз-ақ «Төре жігіт», «Жалқы жігіт», «Ауылнай», «Тентегім», «Ортаншым», қайнаға деп, атын атамай «сыйлап» жүрсе, оның мысы шыққан минутта-ақ атын атап, атына атақ қосып жібереді. Сиыры құрысын, өлмесе өрем қапсын, керек болса ауылнайдың өзі асырап аоар, енді ол қораның маңына барма деп, «әлгіні» үйден шығармай қойдым... (Ғ.Мүсірепов.Таңдамалы. 1-т.102,103 б.)

Күйеуінің туыстарына ат қоюға шебер қазақтың бұрынғы келіндері қандай жағдай болса да, олардың өз аттарын тікелей атамай, өзге жанама аттармен шебер ауыстырып, қиыннан жол тауып отырғаны аталған мысалдардан айқын көрінеді. Мысалы, «Төрттен астам» - Бесбай, «Жүзден жиырмасы кем» - Сексен, «Бұзау атаң» - Танабай,  «Сәтсіз күн» - Сейсенбай, «Шаппа» - Балта, «Шикіл» - Сарыбай есімді қайыната, қайнаға екенін қазаққа тән тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен хабары бар әрбір адам оңай шеше алады.

Манадан ешкімді кездестіре алмай тұрған әйел, асығыс болса да, аз кідіріп, қарай қалған Байшегірге алыстан айқайлап:

– Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем  ауылының жігіттері қайда жатады екен? Білсеңіз, жөн сілтеп жіберіңізші, – деді.

Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен ауылының жігіттері екенін аңғармай қалған Байшегір:

– Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім... Пайғамбардың ауылы болса да, атын аташы! – деді.

Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір қаранып алды да:

– Тәңірі деген, жүзге жиырмасы жетпесе сексен болмайтын ба еді!... Сексен ауылының жігіттерін сұраймын, – деді енді турасынан тартып.

  • Е, Сексен ауылының жігіттері ме? Ана баракта, арғы шеткісі... – деп Байшегір иегімен нұсқап еді (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Үлкен адамның атын атау келін үшін анайылық, көргенсіздік деген халқымыздың «ат тергеу» салтын ізеттілік, әдеп-иба, көргенділік пен тектіліктің биік көрінісі, ғажап үлгісі санаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ғ.Мүсірепов Горький сияқты оқиғаға тікелей араласып,кесімін айтып,өз сезімі білдіре бермейді - романтикалық тұлғалар туған өлкенің арынды да ағынды, отты да оршіл тірлігімен біте қайнасып, көтеріңкі рух, қайсар мінез байқатады. Кәдуілгі қазақ даласында өскен Қапия, Нағима, Ақлима аналардың өздері де, сөздері де өткір, өктем. Жыртқыш аң, долы табиғат, жауызда, батыр да ана журегінің алдында бас иеді. Өрнек-бояу ойнату, символды құлпырту ана туралы әңгімелерде анық байқалады.

Ақлима, Қапия, Нагима, Наталья бейнесі ел рухының асқақтыгын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді. «Горькийдің жазу әдісін ұғынам деп талаптанғанымда...ең негізгі сапасы-күшті адам екен деген қорытындыға келдім»-деп жазды сол жылдары ана туралы әңгімелердің авторы. 

 Ғ.Мүсірепов әңгімелеріңің басым  көпшілігіне қомпозициялық сұмдылық, бейнелі тіл, әсерілі сюжет тән. Сан түрлі характер өз тілі, өз табиғатымен оқырманға ұмытылмас әсер қалдырып жатады. Жазушы шығармаларының өміршең сыры осы көркемдігі мен өмірлік мазмұнында, ақыл-ой кеңістігі мен әлеуметтік шеңберінде. Әлем сөз өнерінде үлкен орын алатын ананың ардақты бейнесін туған әдебиетте ерекше бір тебіреніспен қастерлеудің өзі жаңалық еді. Ана тұлғасы Ғ.Мүсірепов әңгімесінде адамның рухани әлемімен заманның кейіпімен ұласып, үлкен қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бірде ақ өлең іспетті,тағы бірде халқымызға тән төгілген шешендіқ бар: ананың ыстық сезімі ескен жазушының бейнелі, астарлы зері де жаңалық еді.

Отызыншы жылдардан бері новелла жанры да жаңа сатыға көтерілді. Ғ.Мүсірепов психологиялық әңгіме, философиялық әңгіме, әңгіме-символ, әңгіме-юмор, этнографиялық әңгіме, романтикалық әңгіме, т.с.с. жанрдың алуан түрін туған әдебиетіміздің іргесіне әкеп қондырды. Әңгімеші Ғ.Мүсірепов - адам жанының қазынасын зерттеуші болса,оның таңдаулы новеллалары- қазақ прозасының өсу жасындағы жемісті бел-белестер.      «Ғабиттің жазушылығын тұтас алғанда, өзіне тән бірнеше өзгешіліктері бар: бірінші- бойына сіңбеген тақырыпқа жармаспайды, екінші-бойына сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды; сондықтан шығарманарының шикісі аз болады; төртінші- шығармасына өте ұқыпты, сондықтан хал-қадары жеткенше олпы-солпысыз шығарады; бесінші- тілге үнемшіл, сипаттап отырған оқиғасына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтыншы- жарқылдақ сөздерді көбірек қолданып, шешен сөйлеуге тырысады; жетінші- адам портретін жасауға қазақ жазушыларының ең шеберінің бірі» деп Ғабит Мүсіреповтің жазушылығы туралы Сәбит Мұканов очеркінде жазады .           Ал, сөз көркемдігін, тіл шеберлігін сипаттағанда Ғ.Мүсіреповтің өзіңің сөзі дәл болады: «Үндестік деген екі дауыстың бірдейлігі емес, ең кемі екі түрлі дауыстың қиысуы емес пе? Сөз көркемдігі осы мінездес. Бір сөз бір сөзге жарығында түсіріп тұрады көлеңкесін де түсіріп тұрады».  Көркем сөз иесі өз шығарамаларында суреттейтін кейіпкерлерінің бір - бірімен ара қатынастарын тіл арқылы көрсетеді. Жазушы тіл күшімен көркем образдар, өмір картиналарын адам характерлерін жасайды. Ол өзінің суреттеу құралы үшін сөздерді халық тілінен іріктеп, сурыптап пайдаланады. Герой характерін даралап көрсету үшін сөз оралымдарын шебер қолданады. Сол арқылы кейіпкердің «өз сөзін» жасап, образдың өзіндік ерекшелігін тіл күшімен  айқындайды. Көркем шығармада герой сөздері диалог пен монолог ерекше роль атқарады. Жазушы диалог пен монолог арқылы геройлардың сөз характеристикасын  жасайды. Әр образды даралап көрсетеді. Сонымен, Ғ.Мүсірепов прозаның кіші жанрында қалыптасқан шебер суреткер екендігі танылады.    

Қазақ әңгімесінің, новеллаларының даму тарихында Ғ.Мүсірепов шығармаларының алатын орны зор. Ол қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірінде көркем әңгіменің негізін қалаушылардың бірі болды. Әңгімелерін талдау арқылы Ғ.Мусіреповтің бул жанрлардан қазақ совет әдебиетінің классикалық  үлгілерін жасағанына көзіміз жетеді. Ғ.Мүсірепов ешкімге ұқсамайтын стилист қаламгер. Әрбір туындысын үлкен баппен, үлкен талғаммен қараған өнегесі бар. Қазақ прозасында, соның ішінде оның кіші жанрында әдебиетші қауым да , оқырман қауым да әбден мойындаған, алдына жан салмаған нағыз шебер. Оның творчествосына суреткер қауымның жасы болсын, жасамысы болсын тәлім-тәрбие алар, тәжірибе жинақтар, сан-салалы ізденістерге бастар мектеп.    Осының бәрін қосқаңда бұл әңгімелердің толып жатқан кемшілігіне қарамастан, қазақ совет прозасының сол алғашқы даму жылдарының өзінде дұрыс реалистік жолда болғандығын, дәуіріміздің ұнамды кейіпкерін Горький айтқан еңбек адамның образын бейнелеу талабында ілгерілендігін, сонымен қатар жазушының курделі прозада күш сынауына мүмкіндік туғызғанын атап өту еді.        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

    1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 576 б.
    2. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2003. – 528 б.
    3. Мүсірепов мұрасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Петропавл, 20-21 наурыз, 2002.         – 120-124 бб.
    4. Нарымбетов Ә. Очерк жанрының шебері //Октябрь туы, 22 қыркүйек. 1971, 8-9 бб.
    5. Әшірбекова Г. Ғабит пен Асқардың әдеби-шығармашылық достығы //Ғ. Мүсіреповтің көркемдік әлемі. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 260 б.
    6. Ержанова Г. Ғабит Мүсірепов және әдебиеттану ғылымы мен өнері. Көкейкесті әдебиеттану. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2002. – 352 б.
    7. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. 3 томдық. – Алматы: Жазушы, 1980. – 590 б.
    8. Қаратаев А. Ғабит Мүсірепов және Абайтану мәселесі //Ғ. Мүсірепов мұрасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Петропавл: 20-21 наурыз. 2002. –  98-б.
    9. Шындалиева М. Қазақ очеркінің қисындық мәселелері. Көкейкесті әдебиеттану. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2002. – 352 б.
    10. Майлин Б. Ел сыры. – Алматы: Жазушы, 1994. – 256 б.
    11. Мұстафин Ғ. 5 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1984. – 546 б.
    12. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 8 том. – Алматы: Жазушы, 1981. – 458 б.
    13. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Жібек жолы, 2005. – 512 б.
    14. Жұмабеков С. Ғ. Мүсірепов. – Алматы: Мектеп, 1989. – 44-б.
    15. Ысқақұлы Д. Көркем сөз – жанның сәулесі //Ғ. Мүсірепов мұрасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Петропавл: 20-21 наурыз. 2002. 52-53 бб.
    16. Ысмағұлов Ж. Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам. – Алматы: Қазақстан, 2002. – 254 б.
    17. Шындалиева М. Ғабит Мүсірепов очерктеріндегі бейне жасау шеберлігі. Көкейкесті әдебиеттану. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2002. – 352 б.
    18. Сөзстан. 1-кітап. – Алматы: Жазушы, 1980. – 151-б.
    19. Әбдікерімова Г. А. Ғ. Мүсірепов повестеріндегі тақырыптық-идеялық ізденістер. Автореферат ф. ғ. к. дәрежесін алу үшін. – Астана, 1999.          – 28 б.

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты