Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2015 в 16:26, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес.
І. Кіріспе....................................................................................................................3-5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік
стереотиптер арқылы анықтау..............................................................................6-16
2.2 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» концептісі................... ..............................17-23
2.3 Ғабит Мүсіреповтің шығармаларындағы «Ана» тақырыбы......................24-27
2.4 Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты............................................................................................28-35
ІІІ. Қорытынды......................................................................................................36-38
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................39
Қос уыс бұрым арқада
Қос жылан болып жүреді ( М.Мақатаев. Соғады жүрек).
«Белі» - қыпша бел, бұраң бел, қынай бел, құмырсқа бел,қылдырықтай бел, қылдай жіңішке бел, гүл жібектей бұралған бел, тал шыбықтай бұралған бел, белі нәзік талып тұр,т.б.
Сазды жерге шыққан талшыбықтай солқылдаған тал бойындағы қылдырықтай жіп-жіңішке, аш белі жеңсізбен қынағанда бір-ақ уыс боп үзіліп кеткелі тұр ( С.Сматаев. Елім-ай).
« Мұрны»- пісте мұрын, қыр мұрын, кесек мұрын, бауырсақ мұрын, ұзындау келген мұрын, азырақ келтелеу келген қыр мұрын,т.б.
«Ерні, аузы» - қып-қызыл ерін, шиедей ерін, қаймақтай ерін, жұқалаң қызыл ерін, оймақтай ауыз, т.б.
Әсем басың әп-әдемі мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана (М.Мақатаев.Соғады жүрек).
«Тісі» - кірсіз тіс, маржан тіс, әдемі ақ тіс, мінсіз аппақ тістер, күріштей аппақ тіс, самаладай тістері, меруерттей тізілген тістер, қолмен қойғандай аппақ, майда тістер, жүгерідей тізілген т.б.
Бақытты күлкі ойнаған әсем еріндерінің ар жағынан көрінген аппақ әсем тістері төгіле кететін ақ маржан секілді тізіле қалған (Д.Исабеков. Гауһартас).
«Беті, жүзі» - бүйрек бет, алма бет, аққұба, бидай өңді, қызыл шырайлы, торғылт, қара сұр, үлбіреген қызыл бет, бәйшешек бетті, толған айдай, піскен алмадай, ашаң да ашық жүзді, қауызын жарып келе жатқан гүлдей, жаз дидарлы, иман жүзді, бүр ашқан қызыл қызғалдақтай, наурыздың ақша қарындай, аршыған жұмыртқадай,аршыған жауқазындай, зерен жүзді,т.б
Сонымен бірге авторлық қолданыста «қазақ әйелі » концептіне қатысты оның бет-жүзін суреттеуде төмендегідей мысалдарды кездестірдік:
Есенейдің табақтай жалпақ қара шұбар беті қыздың аққудың жұмыртқасындай аппақ бетіне жақындай берді (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).
Аққу - сирек кездесетін, қазақ ұғымында құс патшасы саналатын, оны атқандар киесіне ұшырайтын қасиетті құс. Ондай киелі, ерекше ардақталатын құстың жұмыртқасы да айрықша болатыны белгілі.
Салтанаттың жүзі бал-бұл жанып, таңғы құлқайыр гүліндей құлпырып кетіпті (Д.Исабеков .Гауһартас).
«Құлқайыр» сөзіне «жапырағы шоқтанып орналасқан, гүлі ақ, алқызыл, қоңыр қызыл, сары түсті көпжылдық өсімдік» деген түсінік берілген ( ҚТТС, 6-т., 461-б.). Кең далада өсіп, оның шүйгін шөбіне мал жайып, таза, саф ауасымен тыныстаған қазақ баласы құлқайырдың жусан, мыңбас, бетеге сияқты шөптермен бірге қой үшін жұғымды, жағымды болып табылатынын біледі. Сондай-ақ өзі күнде көріп жүрген сансыз шөп пен гүлдің ішінен дөп басып танып, ажырата алады. Аталған өсімдіктің гүл ашқан таңғы сәтіндегі сан бояумен құлпырып-құбылған түрін көз алдына келтіру қиындық туғызбайды.
«Сымбат, мүсіні, денесі» - талдырмаш, сұңғақ бойлы, кер маралдай керілген, сымға тартқан күмістей, өзеннің құба талындай, құмға шыққан құба тал, талшыбықтай майысқан, шынардай, теректей, Сырдың құба талындай, Жайықтың боз талындай, қамыстай тұлғасы,т.б.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен... (М. Мақатаев. Соғады жүрек).
Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай. 1-т).
Сұлулықтың бір шарты – әдемі жүріс-тұрысы. Көріктіге балаған әйел ербең- ербең етсе, қойқаң-қойқаң ойқастаса, оны сұлулардың қатарына қосу қиын. Ақылына көркі сай, көздері нұрлы, денесі сымбатты, жүрісі ұнасымды әйел кімді де болса, табындырады.
Қимыл-қозғалысы, жүрісі» - салалы қою кірпігін қағып, анда-санда көз астымен қарауы, көз қиығын серпе тастау, балдай шұбатылып, жібектей ширатылған, күлтеленіп жүреді, аяңшыл бедеудей аяғын кербездене басу, селт еткен маралдай, т.б.
Қамыс басының сыбдырын аңдыған елік лағындай, аяғын тықырсыз басып, елең қағып, ауыз қораның қақпасына жақындады. Тас бедерін шымшып басқан елік баласындай, бар денесінде сергек те ширақ сұлулық бар екен (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).
Жылдам басқанда дүрия көйлектің қос етегі дөңгелеп дірілдеп, жылтыр кебісінің кішкене іздерінен күреңсе белге өрнек салып кетіп барады (С. Сматаев. Елім-ай).
«Күлкісі, дауысы, лебізі» - ерке күлкі, сыңғырлаған күлкі, сылқ-сылқ күлкі, мөлдір су бұлағындай күлкі, мөлдір суға маржан сепкендей күміс күлкі, күмістей сыңғырлаған үн, жас ботаның даусындай, күміс қоңыраудай, сиқырлы дауыс, періштедей сүйкімді дауыс, әнтек күрмеліп, шіңгірлеген құлыншақтың әлде түн ішінде көл жүзінде сыңқылдаған аққудың даусы, т.б.
– Келдім ғой, әрең шықтым, - деген қыз, үнін сыбызғыдай сызылтты (С.Сматаев. Елім-ай).
«Мінезі»- ерке мінезді, сәби сезімді, уыздай таза, балға ашытқан қымыздай тәтті, жібектей сызылған, бұлтсыз күндей ашық, жаздай жайдары, нәзік жүректі, асқан парасатты, сөзге өткір, мінезге бай, жайдары, жарқын,т.б.
«Сұлулық» адамзат баласына ортақ категория болғанымен, оның эталоны әр халықта әр түрлі. Еуропада, әлемдік деңгейде өткізілетін сұлулық байқауларында қатысушы арулардың сыртқы келбеті мен сыр-сымбатына мән беріледі. Ал қызға, әйелге ең алдымен дүниеге ұрпақ әкелуші болашақ ана ретінде қарайтын халқымыз қыздардың бойынан парасатты ана болуға лайықты ғажайып мінез-құлық сұлулығын іздейді, сондай ізгі қасиеттерді дәріптейді.
Осы көзқарасқа қатысты мысалдарды түрлі сипаттағы мәтіндерден кездестіруге болады:
Әйелді естілік жеңсе сұлулығы да арта түседі. Сұлулығы жеңсе естілігі де, сұлулығы да солғындай түседі(/Ғ.Мүсірепов. Ой-сезім сәттері).
Тән сұлулығы- сыртқы көз арбар көрініс,
Жан сұлулығы – бұл әйелдің ішкі дүниесі, сезім шынайылығы, мінез байлығы, пейіл кедігі, ар алдында адалдығы.
Тән сұлулығы- теңіз бетіндегі көпіршік. Жан сұлулығы- бұл тереңдегі ағын( Д.Матайқызы. Ұрпаққа ұлағат).
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме! (Абай).
Сұлулығын қояйын, мінезі артық,
Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда (Сонда).
Қазақ әйелінің бағасы мен сипатын, қадір-қасиетін дәл тауып, оны өзінің даналық сөздері, мақал-мәтелдері арқылы өрнектеп, ұрпақтарына мирас етуші халқымыздың бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, асылы мен жасығы туралы көзқарасы аталған теңдессіз мұраларында айқын көрініс тапқан. Мысалы, «Әйелдің әйелден артықшылығы – мінезінде», «Көріп алған көріктіден – Көрмей алған текті артық», « Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін», «Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады, жаман әйел жақсы еркекті надан қылады», «Жақсы әйел өміріңді ұзартады, жаман әйел үстіңе тұз артады» дейді халық даналығы.
Байқап отырғанымыздай,қазақ әйелінің «сұлулық» концептін құрайтын сөздер, тұрақты сөз тіркестері, теңеулерге тірек сөз ретінде халқымыз үшін, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, таным-талғамы мен пайым-парасатына қатысты, тілді тұтынушылар үшін түсінікті, ортақ мағыналар алынған. Ғасырлар бойы негізгі тіршілігінің өзегі мал шаруашылығы боп танылған ат-бабаларымыз төрт түлік малды ерекше қастерлеп алғашқы орынға қойған. Сонымен бірге аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнерді қасиетті санаған.Табиғатпен астас өмір сүрген көшпенді ата-бабаларымыз сұлулық пен әсемдікке тән белгі-сипаттарды табиғаттың төл перзенттері мен оның таңғажайып туындыларын (өсімдіктер мен жануарлар әлемі, т.б.) ерекше сезімталдықпен көре білген. Өзге тіл, мәдениет өкілдері үшін күлкілі, миға сыймайтын, бастапқыда қисынсыз көрінетін «бота көз, тана көз, көген көз, қой көз,т.б.» тіркестері қазақ үшін етене жақын, аса ыстық, үйреншікті ассоциация тудырып, әрі сұлулық, әдемі-әсемдікті сипаттаудағы дәл, анық және баршаға түсінікті бейнелер болып табылады.
2.3 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «Ана» тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтің мол шығармашылығы қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі барлық оқырмандарға мәлім. Жазушының әңгімелері 1928-ші жылдан бастап жазылған жаңа адымды, жаңа дәуірді, жаңа психологияны, жаңа қарым-қатынасты суреттеу жолында әңгіме-новеллалардың шеберлігін, идеясын, композициясын көріп, пайдаланған көркем құралдарын ашып, ұлы суреткердің диалог, портрет, лирикалық шегініс, тіл арқылы асқан шеберлігін көрсету, ана туралы, әйел тақырыбы мен әдебиетте адамзатқа ананың күшті рухын, әдемілігін, жоғары сезімдерін ашып көрсету, ерекше жоғары эстетикалық дәрежеге көтерді.
Екіншіден, Ғабит Мүсірепов жазғанда, кейіпкерлердің, әңгімелеушілердің халық тілімен сөйлегендері, сөздік қоры сондай өмірлік шын, сондай типтік ерекше, бай. Суретшінің тіл сиқырын толық ашуға жетпесек те, тіл байлығын, шындығын ашып көрсету де бізге бір үлкен мәселе болып табылады.
Әр ана туралы әңгімеде әйелдердің типтік бейне, адамзатты ананы құрметтеу, жоғары бағалау, ананың психологиясын, ерекше сезімдері мен сүйіспеншілігін ашып суреттегені әдебиетке қосқан үлкен үлес деп танимыз.
F.Mүcipeповтің «Ана туралы
Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы «Ана» атты кітапта топталып беріледі. Онда «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ананың анасы», «Ашынған апа», «Ананың арашасы» новеллалары бар. Алғашкы екі новелла Горькийдің iзiмен жазыла тұрса да, көп жағынан қазақ әдебиетінің өз туындысындай болып шыққан. Kейінгі жылдарда Ғ. Мүсірепов ана туралы новеллаларына қайта оралып, оған тың шығармалар қосып отырды. Мәселен, соғыс кезінде «Ер ана», «Ақлима» тәрізді новеллаларын жариялады. Ана бейнеci қазақ, әдебиетінде көптен бар үлгi. Дегенмен, ананың ұлылық сипатын жүйелеп жазған, жан - жақты бейнелеген суреткер F. Mycipeпoв болып табылады.
Ана туралы тақырыпқа баруы М. Горькийдің әcеpiмен болғандығын автордың өзі былай деп мәлімдеген: «Горькийдің такырыбын, жазу әдісін ұғынам деп талаптанғанымда ұшы-қиыры жоқ кең байлыктың iшiнiдегi ең бip негізгі саласы — күшті адам екен деген корытындыға келдім... Құлақта ертеден бip әңгімелер жүретін еді. Горькийдің «Аналарын» қайта бip оқығанда, сол әңгімелерім тіріле бастады. Көп ойланбастан-ақ Горькийдің аналарында да, өзімде де бар әңгімелерді де қағазға түсірдім».
Aнa туралы новеллалар тақырыптық жағынан ұқсастығының үстіне идеялық бағыты, пафосы жағынан да бірін-бipi толықтырып отырады. Олардағы ортақ типтік гepoй — шындық үшін, әділет үшін өмірдің не бip қиындығына да қарсы тұрып, кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмip тарататын, сол өмір үшін өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өзіннің ұлылығын сезінетін, әрі мейірбан, әpi айбатты күрескер, өршіл, өжет aнаның образы. Осы образ қазақ әдебиетіне өзінің үлкен сопылығын, жаңа сипатын, әсерлi күшін алып келген.
Ғ. Мүсіреповтің новеллаларындағы Қапия, Нағима, Наталья, Ақлима секілді аналар өздерінің тәлім-тәрбиелік қуаты мен epлігi жағынан үлкен күрескер адамдармен бapa-баp тұрады. Ғ.Mүcipeпoвтің әңгімелері мен новеллаларында, очерктерінде жасалған адамдар бейнесін аналардың өшпес тұлғалары байыта түседі.
М. Горький айтқандай, тілдің нeбip асылы мен ақығы халықта жатады. Соны уақтылы іздеп, ерінбей екшеп таба білген суреткерлер ғана табысқа жетпек. Халыктың тiл байлығын жете меңгеру жөнінде F. Mүcipenoв творчествосы көптеген каламгерлерімізге өнеге бола алады.
Ғ.Мүсірепов әдебиетіміздегі
Автордың ең ірі туындыларының бірі – «Ұлпан» романы. Бұл еңбекті жиырмасыншы ғасырда жазғанмен, «Ұлпанда» баяндалатын феодалдық қараң заман сол күйінде көз алдымызға келуінің бір себебі – үстем тап өкілдері мен қарапайым қара халық арасында болып жатқан шытырман оқиғаға лайық.
Бұл шығармада жазушының тіл байлығы, сөз қолдану шеберлігін айғақтайтын адамгершілікке, салт-дәстүр, сөз өнерін бағалауға, туыстық қатынасқа, байлық пен кедейлікке, ерлі-зайыптыларға байланысты мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Олар жазушының қаламгерлік зертханасынан өтіп, әрқайсысы өз орнын таба білген. Кей тұстарда олар халық тіліндегі түпнұсқалармен берілсе, енді бірде сөйлемнің құрылымына байланысты икемделіп, жазушының өз стильдік қолданысына түседі, басқаша айтқанда, халық мақалдарының инварианттары беріледі. Романдағы әр персонаждың аузынан шыққан мазмұнды сөздері, олардың қай таптың өкілдері екендігін аңғартуы автордың негізгі мақсатынан туындап жатыр. Мысалы, Есеней сөздері бірде оның «шынжыр балақ, шұбар төс» екендігін танытса, кейде оның феодалдық заманға сай кертартпа ой-өрісін аңғартады. Әрі қарай өзінен үш есе жас ақылды да сұлу кедей қызының жұмбағын шеше алмай дал болған шарасыз Есенейді, енді бірде қолына бақыт құсы боп қонған, Ұлпан не айтса соны орындайтын махаббат күшіне әбден бой ұрған Есенейді көреміз. Ол тіпті келе-келе қалың бұқараның қамын ойластыруға дейін барады.
Информация о работе Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты