Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2015 в 16:26, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес.

Содержание

І. Кіріспе....................................................................................................................3-5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік
стереотиптер арқылы анықтау..............................................................................6-16
2.2 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» концептісі................... ..............................17-23
2.3 Ғабит Мүсіреповтің шығармаларындағы «Ана» тақырыбы......................24-27
2.4 Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты............................................................................................28-35
ІІІ. Қорытынды......................................................................................................36-38
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................39

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык дайын жумыс.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны.

І. Кіріспе....................................................................................................................3-5

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 «Қазақ әйелі» концептісінің  әлеуметтік сипатын гендерлік 

стереотиптер арқылы анықтау..............................................................................6-16

2.2 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» концептісі................... ..............................17-23

2.3 Ғабит Мүсіреповтің шығармаларындағы «Ана» тақырыбы......................24-27

2.4 Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы  «қазақ әйелі» концептісінің  лингвомәдени сипаты............................................................................................28-35

ІІІ. Қорытынды......................................................................................................36-38

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі.  Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің шынайы орнын тіл арқылы  таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы «қазақ әйелі» концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.

Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы «әйел» концептісіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын Ғ. Мүсірепов шығармалары арқылы зерделеу.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын «қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер арқылы анықтау. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:

- көркем мәтіндердегі «қазақ әйелі» бейнесін сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде анықтау;

- «қазақ әйелі» концептісінің ассоциациялық өрісін психофизиологиялық, гендерлік, әлеуметтік сипатта көрсету;

- «қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер арқылы анықтау;

 -   Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лигвомәдени сипатын көрсету;

-  «қазақ әйелі» концептісінің ассоциативті тезаурусын түзу.

Зерттеу жұмысының дерек көздері. Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық т.б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер .

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, семасиологиялық, этнолингвистикалық, концептілік талдау, ассоциативтік эксперимент әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

Зерттеудің негізгі жаңалығы – «қазақ әйелі» концептісін ғаламның көркемдік және тілдік аясында лингво-когнитивті деңгейдің бірлігі ретінде қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің жаңалығы және нәтижелері деп санаймыз:

- «қазақ әйелі» концептісі мәнінің ұлттық танымға сәйкес тілдік бейнесіне семантикалық, концептуалдық, этнолингвистикалық, психолингвистикалық талдау жасалынды;

- ассоциативтік тәжірибе әдісін  қолдану арқылы қазіргі ұрпақ  санасындағы «қазақ әйелі» туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер анықталды;

Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады.

Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, «Әлеуметтік лингвистика», «Лингвоелтану» пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер арқылы анықтау

 

«Әйел», «еркек» концептілері кез келген мәдениетте кездесетін концепт болғандықтан, әмбебаптық сипатқа ие, алайда олардың белгілі бір қоғамға тән нақты ерекшеліктері де бар екені анық. Ю.Д.Апресянның идеясына сай, «специфические коннотации неспецифических концептов – это источник знания о наивной картине мира, запечатленной в языке, помогающий открыть «стереотипы» языкового и более широкого культурного сознания» [27, c.300]. Американдық әлеуметтанушы У.Липпман «стереотип» ұғымын «біздің санамыздан бұрын сезімімізге әсер ететін дүниені тану мен қабылдаудың ерекше формасы ретінде» таниды да, алғашқылардың бірі болып «стереотипті дүниедегі шымшытырық, күрделі белгілерді қабылдауды жеңілдететін, адам санасында қалыптасқан, реттелген, терминделген «әлем бейнесі» деп түсіндіреді [28]. Әлеуметтанушының пайымдауынша, стереотиптердің ұрпақтан ұрпаққа тұрақты табандылықпен үздіксіз берілетіні соншалық, қажетті, нақты дәйек ретінде қабылдана бастаған. Сол қасиеттеріне сәйкес стереотиптер ұлт мәдениетіне тереңдей бойлап, логикалық тұрғыда ұғындыруға көнбейтін әрекеттер мен деректерді түсінуге мүмкіндік береді.

Зерттеуші В.А.Маслованың пікірінше: «Стереотип – это такое явление языка и речи, такой стабилизирующий фактор, который позволяет, с одной стороны хранить и трансформировать некоторые доминантные составляющие данной культуры, а с другой проявить себя среди «своих» и одновременно опознать «своего» [29, c.110].

Демек, гендерлік зерттеулердің басты назарға алатын мәселелері – қоғамдағы ерлер мен әйелдерге деген қарым-қатынасты айқындайтын мәдени және  әлеуметтік  факторларды анықтау, индивидтердің белгілі бір жынысқа жатуына байланысты мінез-құлық ерекшеліктерін, олардың еркекке және әйелге тән негізгі қасиеттерінің стереотиптік сипаттарын ашу. Осымен байланысты И.А.Гусейнова мен М.В.Томская: «Гендерные стереотипы, представляющие собой стандартные, часто упрощенные и обобщенные мнения о представителях обоих полов, складываются и закрепляются в обществе посредством институализации и ритуализации пола» [18, с.81] деп атап көрсетеді. Қоғамымызда қалыптасқан әйел мен еркектің отбасындағы міндеті, қызметі төмендегі гендерлік стереотиптен көрінеді:

  • «Қатын алсаң отын ал, бір құшағын артық ал», - дейді қазақ. Үйді асырау еркектің міндеті дегенді аңғартады ол сөз. Ал ғашықтар үйленген соң, үйдің ішкі жарасымдылығы әйелге байланысты. Меніңше, махаббатпен орнаған семьяны құлатпай сақтау – ең алдымен әйелдің міндеті. Үй болған әйелге ең алдымен үйдің қамын ойлау қажет. Еркектерде кездесетін еренсіздік, атүстілік - әйелге кешірімсіз, үй ұстаған әйел ол үйді адалдығымен ғана ұстай алады. «Еркек күнәсын далаға тастап кетеді, әйел күнәсын үйге алып кетеді», - дейді екен орыс халқы. Әйелден адалдық кеткен соң, адалдық үйден де кетеді. Әйел семьяның ұйытқысы болмаған жерде семья ұзақ өмір сүрмейді. Еркектен әйелдің бір артықшылығы сонда,  өткінші бір қателікке бола үйдің іргесін құлатып алмаудан ең алдымен әйел сақтану керек (Б.Нұржекеев. Ерлі-зайыптылар).

Тілде ұжымдық «қарапайым» санаға сәйкес келетін гендерлік стереотиптер беркіген. Осыған орай «әйел», «еркек»  концептілерін зерттеу оларға қатысты стереотиптерді анықтаумен бірге аталған стереотиптердің тілдегі көрінісін зерттеу дегенге саяды. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйене отырып, стереотиптер білім мен бағалауды сақтаудың айрықша формасы, яғни бағдарлаушы мінез-құлық концептілері болып табылады деп айтуға негіз бар.

Гендерлік мінез-құлық белгілі бір мәдениеттегі жыныстың әрқайсысына тән міндетті нормалар мен бағалаудан құралады. Ал екінші жағынан, өмір сүру жағдайы, түрлі әлеуметтік топқа кіруіне, білім дәрежесіне, ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жыныстың санқырлылығы да ұшырасады.

Соңғы ғасырларда қазақтар, орыстар және ағылшындар сол бұрынғысынша әйелді сыртқы келбетіне қарап бағалап келді, оларды сұлулық, тартымдылық, нәзіктік, мейірімділік, қылықтылық, баурап алушылық, т.б. сияқты әйелге таңылған стереотиптік қасиеттер арқылы ғана сипаттады. Гендерлік лингвистика мәселелерін бірнеше тілдегі көрінісі аясында зерттеген Д.Масалимова бұларға қоса орыс қоғамында әйелге тән еңбекқорлық, шаруаға икемділік, қарапайымдылық, ал қазақ қоғамында әйел адалдығы, қыз абыройы тәрізді қасиеттерді атап көрсетеді де, қазіргі ағылшын әдебиетінде олардың тіпті кездеспейтінін айтады [30, с. 139 ]

Қазақ қоғамында әйелдің ерлермен бір сатыда тұрғанын жоққа шығаруға болмайды. Г.Д.Гачевтің көрсетуінше, көшпелі халық отырықшыға қарағанда әйелдерді жоғары бағалайды. Ол: «... өзбектер де, қазақтар да ислам дінін қабылдады. Алайда қазақ әйелдері жүзін паранжамен жасырған емес, олар барынша көп мәселені өздерінше шеше алатын белсенді тұлғаға айналды» деп жазады [31, с. 67-69] .

Көшпелі қоғамда әйел тек қарапайым үйдің ғана емес, көшіп-қонатын, қайта жығылып, қайта тігілетін шаңырақтың сақтаушысы болды. Оның дүниені қабылдауы жалаң тіршілік кешумен ғана емес, өзіндік сана-сезіммен, ең бастысы табиғилықпен астасып жатыр. Осымен байланысты қазақ әйелдері ерлеріне ежелден құрметпен қарайды, алайда ол құлдық санадағы табынушылыққа жатпайды. Оны төмендегі көркем мәтіндер арқылы дәйектеуге болады:

 Сонымен алпыс үйлі  ауылдан елу тоғыз әйел жесір  қалды.

Бір кереметі, осы ерлерінен ерте айрылған әйелдердің қай-қайсысынан да өз күйеулерін «алпамсадай арысым ең» деп сұңқылдай жоқтағанын естір едіңіз. Ақтан әсіресе Зибаш деген әйелге таңқалушы еді. Жұрттың айтуына қарағанда оның күйеуі күйкентайдай ғана тәпене адам болса керек. Зибаш оны бір қолтығына қысып алып жүре беруші еді, деседі. Әркім өз тайлағын үкілемей ме, әсіресе осы Зибаш «алпамсадай арысым, арманда кеттің-ау» деп зарлады.

(О. Бөкей. Мұзтау).

- Сіздерден бөлек, бізге  жекелеп қоятын қандай бақыт  ол? Бәрінен де ер-азамат аман  болсын десеңізші. Сіздердің көңілдеріңіз  бүтін, мерейлеріңіз үстем болып  жүрсе, біздің де жүзіміз жарқын, - деді келіншек толқи сөйлеп (Қ.Жұмаділов. Соңғы көш).

Шынында да, қазақ әйелінің мінез-құлқы табиғи, ол ешқандай боямасыз, тұрпайылық көрсетпей-ақ бақытты, шынайы және қарапайым, тіл табысқыш, ешбір дөрекіліксіз-ақ кез келген адамның тілін таба біледі.

«Еркек» және «әйел» концептілері барлық мәдениетте кездесетіні белгілі, оларға әдет-ғұрып, фольклор, мифтік санада, «дүниенің қарапайым ойсуретінде» айтарлықтай орын берілген. Алайда гендердің стереотиптік және аксиологиялық бағасы түрлі мәдениетте бірдей емес. Сондай-ақ әйелдер мен ерлердің әлеуметтік рөлі де бір-бірінен ажыратылады. Мысалы:

        Ең  соңынан кірген кішкене денелі қазақ әйелі ауыз үйдегі орыс жұмыскерлері мен орыс әйелдеріне қарап таңырқап тұрып қалыпты. Мойындарына дейін ашық, жалаң бас, еркектермен қатар отырған орыс әйелдері Күнзилаға, тіпті, таң көрінді. Шашын желкесіне қырыққан жас келіншек Елизавета Быкованың барлық еркектерден жоғары отырғаны ерсі де көрініп кетті. Жас әйелдің құлағы көрініп қалса, кесіп алардай тыйым салып қойған мұсылмандық күні әйелдің еркектермен қатар отырып сөйлесуі, даусын еркін шығарып күлуі деген нәрселерді білмейтін еді. Күнзила төр үйге қарай өте беріп, көз қиығымен Елизаветаға тағы бір қарап кетті... (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Байынан қорқатын бар қазақ әйелінің сасқалақтығына басып, камзолының қаптырмаларын жүгіріп келе жатқан бойы шалыс-шалыс лектіріп Жұбай шыға келді (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Қазақ қоғамында үстемдік еткен әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан гендерлік стереотиптер де бар. Мысалы.

Еркектері бірыңғай, әйелдері бірыңғай қосылып, қазақ жігіттері де өлең айтты. Қазақтың әйелі мен еркегі қосылып өлең айта алмайтынына Елизавета Быкова қатты таңданып қалды. Оны ұғынып тұрғаны да осы арада еді.

  – Неге? Неге қосылуға болмайды? Түсіндіріңізші... – деп ол Алшағырға қадалды. – Сіз өзіңіз де өлеңді жақсы айтасыз, әйеліңіз де солай екен. Қосылып айтуға неге болмайды? – деді.

  – Қазақта еркек пен әйел қосылып ән салу жоқ... Бір жіңішке, бір қоңыр дауыс қосылмайды бізде... – дегенді Алшағыр бұралап әрең түсіндірді. Еркек пен әйелдің екі сатыда тұратын халінен болар деп түйді Елизавета. Онысы дұрыс та еді (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Көптеген тілші ғалымдар әйел тілінің барынша нормаға сай екенін, себебі әйелдер болашақ ұрпақ тәрбиесіне молырақ ықпал ететіндіктен, үлгі-өнеге көрсетуші тұлға ретінде олардың әдеби нормаға сай сөйлеуге барынша тырысатындығын атап көрсетеді.

Информация о работе Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты