Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2015 в 18:54, дипломная работа
Диплом жұмысының міндеттері:
- кітапханалық жарнамалардың тарихын зерттеу;
- кітапханалық жарнамалардың түрлері мен атқаратын қызметін түсіндіру.
- кітапханалық жарнаманың әдістерін талдау.
- кітапханалық жарнаманың қажетілігін айқандау;
- кітапханалық жарнамаларды халық игілігіне ұсыну.
Кіріспе............................................................................................................3
I. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат......................6
1.1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері.....................................6
1.2. Жарнама маркетингі мен менеджменті...............................................12
1.3. Кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы................14
ІІ.Тарау. Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру
құралы..........................................................................................................17
2.1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру
ерекшеліктері................................................................................................17
2.2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері.....................................23
2.3.Кітапхана жарнамасын тарату каналдары мен құралдары..................29
2.4.Кітапхананың фирмалық стилі..............................................................50
Қорытынды..................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................55
Қосымшалар................................................................................................58
Буклеттердің және бір мазмұндық элементі, кітапхананың жеке тұлғаларын көрсетумен байланысты. Кітапхананың жағымды бейнесін қалыптастыруда оның жекелеген қызметкерлеріне деген оң көзқарас үлкен роль ойнайды. Келушілер, фирмалар көп жағдайда директордың, оның орын-басарларының (шаруашылық жағынан да), бөлім меңгерушілерінің аты-жөңдерін білуі қажет болады. Буклет бұл жағдайда үлкен «визит карточкасының» орнына жүреді.
Буклеттің иллюстрациялық материалын логотиптің көркем суреті, фотосуреттер мен суреттер құрайды.
Кәсіби жарнамалар буклеттің көркем бейнесін жасау үшін фотосуреттен гөрі жай суретті қолданған дұрыс дейді. Ал кейде тіпті суретсіз шығаруға да болады. Мысалы: буклетте көркем бейнені ашық-көк түсті фон жасайды, ол фонның үстінде көне шрифт үлгісіндегі ескі каллиграфиялық жазу үлгісімен жазылған мәтін беріледі. Буклеттің бірінші бетінде көк аспанға ұмтылған ақ жартас бейнеленіп — ол білім шыңына ұмтылудың символы ретінде әсер береді.
Буклеттің басқа жанрлары кітапханашыларға жақсы таныс. Соңғы кездері оларды әртүрлі стандартсыз әдістермен жандандыру тәжірибесі кең тарауда. Буклет түрінде жасалған шақыру билеті әдетте оқырман назарын белгілі бір оқиғаға аударады: кітапхана мерейтойына, жергілікті суретшінің картина вернисажына, қызықты адамдармен кездесуге, т.б. Сонда да болса, шақырулардың маңызды бір қызметі — кітапхананы, оның артықшылықтарын тағы бір жарнамалау екенін айта кету керек.
Бұл мақсаттарға жету үшін әртүрлі әдістерді, ең әуелі көркемдегіш құралдарды қолданады, өйткені сөз мәтіні қысқа болуы керек. Балалар кітапханасы шақыру-буклеттерді ашық терезе түрінде, күн шеңбері түрінде (оның әрбір сәулесі бағдарламаның бір нөмерін хабарлайды) жасайды.
Проспект — кеп бетті, брошюралық, иллюстрацияланған басылым. Оған анағұрлым көп қаржы кетеді. Сондықтан әдетте оны ірі, мамандандырылған кітапханалар ғана шығара алады. Мазмұны мен көркемдігі жағынан проспекттің буклеттен айырмасы — материал бөлімдерге бөлінген. Лексикасы ұстамды, кейде салтанатты стильде болып келеді.
Проспекттерде ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің портреттерін, сирек кітаптар қорынан кене фолианттар суретін, жазушылар автографын көрсетеді.
Проспекттің түпнұсқасын жасау кезінде оның детальдарын, композициясын, оқитын және көретін материалдарды орналастыруды мұқият ойластыру керек.
Оның мазмұнын қалыптастыру кезінде, проспекттің ұзақ уақытқа пайдалануға арналғанын ескеру қажет.
2.3.6. Жарнаманың аудивизуалдық құрал
Жарнамалық кинофильмдер (жарнамалық-техникалық фильмдер, жарнамалық жедел ақпарат) — әдетте қысқа жарнамалық фильмдер. Оларды кинотеатрда, көрме мен фестивальда, радиостанцияда көрсетеді.
Аудио жарнаманың өзіне тән ерекшелігі — дыбысты тілді қолдану жарнаманы радиоға даярлағанда мәтіннің қысқа және дәйекті болғанына, ерекше формамен берілгеніне назар аударылады. Сөйлемдер қысқа болып, бір ойдан артық ой білдірмеуі керек. Тыңдаушының назарын сөз басыңда өзіне қаратып алуды ойлау керек. Радиожарнамада музыканың орны ерекше. Дұрыс таңдалған музыка мәтінді қабылдауды жеңілдетеді. Сонда да болса, музыкалық сүйемелдеу, акустикалық эффекттер радио-телетыңдаушылардың назарын хабардың негізгі айтпақ ойынан ауытқытпауы қажет.
Радионың басқа бұқаралық ақпараттардан артықшылығы: 24 сағат бойы үлкен аумақтарға тарай алады және бағдарламасы әртүрлі бола алады. Радионы үйде, жұмыста, автомобильде отырып, жұмыс істей жүріп, қыдырып жүріп тындай аламыз. Сондықтан керекті деген радиобағдарламада орналастырылған жарнамалар қай жерде жүргеніне қарамастан, тұтынушылардың көп бөлігіне жете алады. Сонымен қатар радиожарнаманы қабылдауда сыртқы дүние ақпаратының 90 пайызын беретін көз-көру органы қатыспайтынын да есте ұстаған жөн.
Радиостанцияларда жарнама шығарумен арнайы шұғылданатын жарнама белімдері бар. Тапсырыс беруші хабарламаның қай бөліктеріне баса назар аудару керек екенін айтса болды, қалғанын радиоқызметкерлері өздері тындырады. Жарнаманың мәтінін құрастыру, стилін белгілеу, оны радиоға шығару — мамаңдардың жұмысы. Әдетте дайын жарнамалық роликтер қабылдайды, қабылдана қалған күнде де оны әуелі жарнама бөлімі қарап шығады, олай етпесе нашар жарнама радио беделін түсіруі мүмкін. Жарнаманың тиімділігі радиостанция беделіне, оның аумақ пен қалаларда таралуына, жарнама сапасына, тындармандарға (қоғамдық орны, жасы) байланысты.
Слайдтар — мамаңдар арасында кең тараған. Ол көрмелер мен тұсаукесерде қолданылады.
Теледидардағы жарнамаға жарнама роликтері, хабарландырулар жатады. Жарнаманы теледидарда таратуда сурет, дыбыс, қимыл, түс — бәрі қызмет етеді, сондықтан баспа жарнама күн санап қызық ақпаратты, сонымен бірге күрделі де қымбат болып барады. Егер ол компьютерлік графикамен орындалалатын болса, онда бағасы да еседі. Отаңдық тележарнаманың сапасы артқанын, олардың батыстық жарнамаларды теледидардан ығыстырып шығарғанынан білуге болады. Сонымен бірге отандық тележарнама халықаралық фестивальдар мен кермелерде орын ала бастады.
Тележарнаманың бір кемшілігі — жарнаманы көрсетіп жатқан мезетте көрермен, яғни ықтимал тұтынушы экраннан көріп отыруы керек. Олай болмаған күнде жарнамалық хабар халыққа жетпейді. Сондықтан тапсырыс берушілер өз жарнамаларын халық көп көретін сериалдар, концерттер, бағдарламалар арасына қосуды сұрайды. Әрине оның бағасы да қымбаттайды.
Тележарнама қалай болғанда да мүмкіндігі мол жарнама болып табылады. Оның тиімділігін арттыру үшін көптеген психологиялық ережелер мен әдістер белгіленген: көрнекті көркем болуы керек, қысқа, басқаларға ұқсамайтын, тұтынушыға жақын болуы керек.
Тағы бір қиыншылығы тележарнама — ең қымбат жарнама. Оның ең тиімді мезгілдері — таңертеңгі, жұрт жұмысқа жиналатын уақыт және кешкі демалыс уақыты. Бұл кездерде адамдар үйіңде болу мүмкіншілігі мол. Сондықтан қалтасы қалың жарнама берушілер өз жарнамасын дәл осы уақытқа белгілейді, әрине бағасы да қымбат болады.
Көрермендер қалауына салса, эфирде жарнаманың аз болғанын (әсіресе қызықты фильмдер мен бағдарламаларды көрсеткенде) қалар еді.
Имидж — жарнама беруші ұйымдарға қоғам мүшелерінің жақсы көзқарасын қалыптастырып, олардың имиджі мен беделін арттыру үшін жасалатын шаралар жиынтығы. Мұңдай шараларға презентация, баспасөз конференциясы, демеуші болу, қоғамдық пайдалы шараларды қаржыландыру, көрмелер, арнайы жәрмеңкелер жатады. Мұндай шаралардың маркетингілік зерттеулерге негізделген, жоспарлы тұрақты түрде болып тұратын жарнамалық іс-шара екенін атап өту керек. Жарнамалық фирмалар өздеріне тапсырыс берушілерге паблик рилейшнз (РК) шараларын жүргізуді ұсынады. Бұл шаралар жарнама беруші кең ақпараттық мәлімет беріп, өздерінің сенімділігін көрсеткісі келгенде, қоғам мүшелерімен қарым-қатынасты нығайту үшін жасалады.
2.3.7. Кітапхана дизайны
Кітапхана дизайны деп кітапхана кеңістігін көркемдеуді, эстетикалық талаптарға сай етіп құрастыруды айтады. Бұл саланың мамандарының айтуынша, дизайнер жай суретші емес. Ол — өз фантазиясы бар, өзгелерге ұқсамайтын қолтаңбасы бар шығармашылық тұлға.
Бұл туралы кездейсоқ айтып отырғанымыз жоқ. Өйткені кітапханаларда осы уақытқа дейін хабарлаңдыруды көрнекті, кітап көрмесінің атын көзге түсетіндей етіп жазатын адам болса жетеді деп ойлайды. Аз дизайнердің міңдеті — қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен көркемдік қасиеттерді сәйкестеңдіру екенін ұмытып кетеді. Дизайнер кітапхана ішіңде әдемілік, әсемдік пен функционалдылықтың үйлесімін табуы керек.
Дизайнның негізгі элементтері — тұс, заттың сапасы, форма, көлем, т.б. Бүгінге дейін кітапхананың ішкі қабырғалары мен олардың түсіне мән берілмейтін. Сары немесе сұрғылт-жасыл түспен боялып, ешқаңдай суретпен толықтырылмаған қабырғалар көңілсіз, сұрқай көңіл-күй туғызады.
Егер қабырғаларды жылы, алтын түстес ағашпен немесе бедерлі суреті бар материалмен өңдесе, басқаша болады. Бұл жерде ұсынатындай қатып қалған қағида жоқ, барлығы фантазия мен мүмкіндіктерге байланысты. Музыкалық кештер, әдеби кештер өткізетін залдың көркемделуі адамның көңіл-күйін көтеретіндей, ашық-жарқын фонда болуы керек. Керісінше, оқу залдарыңда адамның назарын аударатындай сөзге ұрып тұрған архитектуралық, түс-формалық эффектілер болмауы.
Іскер кітапханалар немесе іскерлік ақпарат кабинеттерінде офистік стиль қолданылады: ашық түсті түсқағаздар мен ашық қоңыр түсті мебель. Бұл жерде бәрі функционалды болуы керек, басы артық, жай әдемілік үшін тұрған зат болмай, келушілердің назарын дисплейден немесе басылымдардан аудармауы қажет.
Кітапхана дизайнының негізгі эстетикалық мағыналық элементіне көбінесе тарихшылар жинаған тарихи-этнографиялық музейлер жатады.
Кітапхананың жағымды бейнесін жасауда кітапхана тарихының музейі зор роль атқарады. Оған бір-екі фотостенд (мысалы, «Біздер онда жас едік...»), ілулі қалқандар мен стендтер жатады. Әрине ең дұрысы — арнайы музей ашу, ол жерде кітапхана ашылған кездегі алғашқы кітаптарды, кітапханаға көп үлес қосқан адамдардың портреттерін қоюға болады.
Ерекше көркемдікпен ғана қайталанбас дизайн жасалмайды.
Кітапханаға стандартты элементтерден жасалған тұрақты қарапайым композициялар да қайталанбас түр береді: ағаш, қаңылтырдан жасалған өнімдер, т.б. артық ештеңе болмауы керек, үйлесімін тапса ғана әдемі көрінеді. Мысалы, гардеробтың қасына айна емес, картинаны іліп қойған кітапханалар да кездеседі. Келушілер шаштарын тарап, үсті-бастарын жөндеу үшін картинаның әйнегіне қарауға мәжбүр болады.
Декорациялық — қолданбалы онер туындыларын (биік вазаларды, картина, скульптураны, т.б.) негізгі зал арақашықтығын сақтай отырып орналастыруға болады. Ең бастысы — көркемдік шешім болу керек, белгілі бір идеяға бағынған әртүрлі әдістерді қолдану керек. Бұл жерде кәсіби дизайншының орны бөлек.
Фитодизайн — гүлдер, кептірілген шөптер мен гүлдермен көркемдеу — кітапханаларда ежелден келе жатқан дәстүр. Бұл жерде ойланатын нәрсе — тағы да үйлесім, олардың басқа элементтермен үйлесіп, жарасым табуы. Фитодизайнның негізгі талаптары:
— масштабты ескеру: гүл композициясы мен бөлме көлемін үйлестіру. Кішкене, тар залдағы еденде тұрған, кептірілген гүлдер салынған биік ваза өрескел көрінеді. Ал бірақ оны үлкен оқу залының бір бұрышына қойса, жарасар еді.
Дәл солай кішкене композиция үлкен холлда көрінбей қалар еді, соңдықтан оны орташа кішкене стол үстіне қою керек. Абонементтегі жазу кафедрасының тұсындағы ілулі тұрған кептірілген (жасанды) гүл шоқтары бөлмені әрлендіріп, үй-ішілік әсер тудырады. Мамандар өсімдіктерді топтастыруға да көп көңіл бөледі. Көбінесе оларды сызықтық принциппен орналастырады: бір сызықтың бойымен қатар етіп терезе алдына немесе еденге қояды. Кейде терезенің екі жағына сатылы етіп орналастырады. Бұны фитодизайнерлер қате деп есептейді: өсімдіктер жарықты көп керек етеді, олардың көптігі эстетикалық тұрғыдан да тиімсіз болады. Одан да терезе алдына әдемі жапырақты бір өсімдікті қойған дұрыс. Оларға папоротник, аспарагус, сансевьеру, мирт жатады. Болмаса кең ыдысты алып, соның бетіне үш-төрт өсімдіктен композиция жасауға болады.
Кең тараған сатының орнына арнайы сөрелерді қолданған дұрыс. Бір әдемі, бірақ аса ірі емес өсімдікті терезе алдына іліп қоюға болады, бірақ ол жарықты өткізбей қалмауы керек. Буклеттер мен өсімдіктерді топтағанда, ваза, затта симметриясыз орналасқан гүлдер мен бұтақтар әдемі көрінетінін ескеру керек.
Кітапхана ішінде өсімдіктерді орналастыра отырып, жазықтық немесе тік бағыттарды да ескеру қажет. Жоғары күнге қарай таралып өскен өсімдіктер төбені биік етіп көрсетеді. Оларды кеуіп қалған бұтақты ағашқа тор бетіне орналастыруға болады. Бедерлі түсқағаздары бар бөлмелерде мамаңдар қабырғаның тегіс емес жерлеріне жабысып қалғандай әсер тудыратын кішкене төмен бойлы өсімдіктерді орналастырған жөн деп есептейді (плющ, филодендрон, т.б.).
Горизонталь сызық бойынша таралып өсетін өсімдіктерді басқаша орналастырады. Оларды вестибюль, гардероб, холддарға қояды. Ал оқу залына қойса, жарықты көлегейлеп, бөлмені тар етіп көрсетеді. Ұзын бұтақты өсімдіктерді оқу залына қоямыз деп шешсе, терезеге қарсы қабырға мен есіктің төбесіне қойған дұрыс. Терезе солтүстікке қарайтын болса, бұл жағдайда оқу залындағы өсімдіктер қар-жаңбыр кезіңде ылғал әсерін тудырып отырады.
Жасаңды жарық пен жарықтандыратын коридор мен холлдарда өсімдіктермен әуестенудің қажеті жоқ, әсіресе жайылып әсетіндерімен. Фитодизайнерлер бұл жағдайда жекелеген ілулі нәрселерді: кашпо, корзинкаларды ұсынады. Әртүрлі формадағы еденге қойылатын ыдыстар мен шелектер де әдемі көрінеді.
Фитокомпозициялардың түрлерше көп назар аудару керек. Дөңгелек, жартылай дөңгелек, сопақ, үшбұрыш формалары әртүрлі эффект тудырып, кітапхана ішін ерлей түседі.
Гүлді композицияның сопақтық формасы махаббат лирикасы көрмесіне лайық. Өңдеу (аранжировка) жасайтын материал ретіңде сәндік дақылдар, батпақ шөптері, бұталар мен ағаштардың бұтақтары жарайды. Композицияның түбіне ірі гүлдер (тірі немесе жасанды гүлдер), жоғарыға — майдалау гүлдер мен ашылмаған қауашақтар қойылады. Бұндай композиция үшін аласа, жалпақ вазалар жарайды. Фитодизайнерлер вазадағы букетті орналастырғанда, ваза биіктігі үш бөлшек есебінде, одан шығып тұрған гүлдер — бес бөлшек болуы керек дейді. Осы схема бойынша жалпақ ваза композициясы жасалады. Негіз ретіңде ваза диаметрін алады.
Кітапханаларда хрусталь гүлсауыттағы (ваза) гүлдерді сирек кездестіреміз. Көбінесе керамика вазалар — бір түсті, кейде суретті, еденге немесе столға қойылатыңдары кездеседі. Оларға әдемі бұтақтар, жапырақтар, гүлдер салынады. Кейде қарапайым формалы әйнек вазалар да кездеседі. Кейінгі кездері кітапханашылар вазаның орнына әртүрлі формада кесілген шиша (флакондар) мен банкаларды қолданып жүр. Көптеген кітапханаларда, әсіресе жаз, күз айларында газды судың пластикалық вазаларын кездестіруге болады. Қырқылған вазаны әр түрлі формаға келтіруге болады.
Информация о работе ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары