ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2015 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының міндеттері:
- кітапханалық жарнамалардың тарихын зерттеу;
- кітапханалық жарнамалардың түрлері мен атқаратын қызметін түсіндіру.
- кітапханалық жарнаманың әдістерін талдау.
- кітапханалық жарнаманың қажетілігін айқандау;
- кітапханалық жарнамаларды халық игілігіне ұсыну.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
I. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат......................6
1.1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері.....................................6
1.2. Жарнама маркетингі мен менеджменті...............................................12
1.3. Кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы................14
ІІ.Тарау. Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру
құралы..........................................................................................................17
2.1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру
ерекшеліктері................................................................................................17
2.2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері.....................................23
2.3.Кітапхана жарнамасын тарату каналдары мен құралдары..................29
2.4.Кітапхананың фирмалық стилі..............................................................50
Қорытынды..................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................55
Қосымшалар................................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚР-кітапханалық-жарнамасының-мәселелелерін-шешу-жолдары.doc

— 510.00 Кб (Скачать документ)

Жергілікті газеттердегі кітапхана туралы басылымдарды талдауда тағы бір ерекшелікке көз жеткізуге болады — иллюстрацияның аз болуы. Ал жарнама тиімді болуы үшін кез келген иллюстрациялық материал: фотосурет, суреттер, кейде тіпті схемалар — жарнамаға назар аударатын негізгі факторлар екенін ұмытпау керек. Әрине сапасы нашар фотосурет материалдарды қабылдауды нашарлатады (өкінішке орай көптеген жергілікті басылымдар қазіргі заманғы полиграфиялық құрал-жабдықтарға зәру). Жергілікті газеттердің полиграфиялық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуінің нашар деңгейде екенін ескеріп, газетке көрменің бір бөлігінің немесе тіпті ең қызық деген кітаптың ірі планмен түсірілген бір фотосуретін берсе болады.

Журналистерге тандауды өз еріктеріне берген дұрыс болады: бірнеше фотосуретгің ішінен кәсіби журналистер мьнау дұрыс дегенін өздері тауьп алады. Жекелеген кездесу туралы оқырман газет бетінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жарнама төменгі сол жақ бұрышта орналасқан жарнамаға қарағанда көзге тез түседі деп дәлелдейді. Беттің оң жағындағы басылымдар сол жақтағыға қарағаңда бұрып оқылады. Бұл адамның оқу әдетімен байланысты — көзқарасты оң жаққа жазу жолдарының бағытымен бұрады.

Егер кітапхана жергілікті газеттерде хабарлар мен шақырулар жариялап тұратын болса, онда оларды газет бетінің тұрақты бір орнына орналастыру керек. Бұл мәтінді есте сақтауға, материалды тез табуда оқырманға көмек болады. Бұндай хабарлардың тиімділігін арттырудың тағы бір жолы — оларды тұрақты бір рубрикамен беріп отырған дұрыс («Кітапхана жаңалықтары», «Сіздің досыңыз — кітапхана», т.б.). Кейбір жергілікті газеттер кітапхана хабарларын «Мәдени өмір жаңалықтары» деген афишамен береді.

Қысқа ғана, рама немесе шрифтпен бөліп көрсететін, хабарлардан басқа, кітапхана материаддарын колонка, кейде беттің төменгі жағы түрінде де береді.

 

2.3.3. Сыртқы жарнама

Сыртқы жарнамаға кітапхана, оның мүмкіндіктері мен қызмет түрлері туралы халықты қызықтыратын мәліметтерді территорияға тұрақты түрде орналастыру жатады. Сыртқы жарнаманы орналастыруға жергілікті басқару органының рұқсаты керек.

Ең басты сыртқы жарнама — кітапхана ғимараты мен оның айналасындағы территория екені күмәнсіз. Кітапхана құрылысы мен қайта реконструкция жасау проблемалары жайындағы тамаша кітаптың авторы — француз қызы Ж. Гаскюэль әртүрлі муниципалды кітапханалардың фотосуреттерін көрсеткен. Фасадтарды сипаттайтын мінездемелердегі сыртқы жазу мынадай: «Кітапхана кіруге шақыра алады..., байқаусыз қалу» деген жазулар сондай кіруге деген ықыласыңызды жояды».

Отандық және шетелдік тәжірибелерге сүйенсек, кітапхананың сыртқы жағымды бейнесін жасау үшін қазіргі заманғы жаңа ғимаратқа көшудің қажеті жоқ.

Қайта өңделген ескі ғимарат немесе ауылдық, ағаштан жасалған ғимарат, егер олар сирень, жасыл көгалмен қоршалған болса, әдемі де жанға жайлы әсер қалдырады. Оның үстіне бұлар мәдени мұраларды сақтаудың көрнекті үлгісі, символы болып көрінеді.

Қаладағы үлкен тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабатында ресторан, кафе, магазиндермен көрші орналасқан кітапханалардың қиын жағдайында дизайнердің көмегімен тығырықтан шығуға болады. Мысалы, кіре беріске төбесі жабық баспалдақтар орналастыруға (егер тротуар кең болса), витрина терезелерін дәстүршілдіктен өзгеше көркемдеуге болады Бұның бәрі кітапхананы басқа объектілерден бөліп, ерекше көрсетеді.

Сыртқы жарнамаға сондай-ақ стенділер (арнайы әдебиеттерде оларды «билборд» деп атайды), витриналар, көрсеткіш сілтемелер (кітапханаға апаратын стрелка түрінде), транспорт сыртыңдағы суреттер мен жазулар (әдетте библиобустарда) жатады. Осы қатарға сонымен бірге кітапханаға шақырған хабарландыруларды да жатқызуға болады.

Шартты түрде сыртқы жарнамаға аялдама аттарын да жатқызуға болады («Кітапхана»). Бірақ бұған жергілікті үкімет орындарының рұқсаты керек. Жарнамалық стенділер тұрақты, бағана немесе шарбаққа ілінеді, оларды әдетте кітапхана маңындағы, көше жақ бетке қаратып іледі. Олар өтіп бара жатқан жүргіншілердің назарын аударады. Психологтар бұндай әсерді аудиторияны «ұстап алу» эффекті дейді. Олардың көркемделуіне зор назар аударылуы керек, өйткені көркем стенд — кітапхананы жарнамалудың бір түрі. Көбінесе стендінің бетіне алдағы болатын шараның хабарламасы ілінеді. Боялған стенді бетіне басқа бояумен кітапхана туралы мәліметтер жазылады.

Мазмұны әртүрлі болғанымен стенд хабарларына тән нәрсе — ірі шрифт, қысқа стиль, ашық түс, иллюстрация аздығы. Кейде стенд пен қалқанның ролін афишалық тумба да атқарады.

Ілулі материалдарды ішінен жарықпен өңдеген дұрыс. Оларды кронштнейнмен кіре беріс есіктің үстінен іледі. Егер кіру есігі болса, онда ілінетін материалды фасадқа, алыстан көретіндей етіп іледі. Ілінетін әріптерден тұратын материалдар лездік назарға арналып жасалғандықтан, тек қана қажетті ақпараттарды беруі керек (кітапхананың аты, саласы).

Кәсіби жарнамашылар витриналарды мекеменің визит карточкасы деп есептейді. Дұрыс ойластырылып жасалған витрина көшедегі жүргіншілерге кітапхана жұмысы, оның қызмет түрлері, жұмыс уақыты туралы мағлұматтар береді. Өкінішке орай, кітапханалар витринаның бұл мүмкіндіктерін пайдалана бермейді. Ал көптеген кітапханалар қазіргі бір қабатты аквариум-ғимараттарда (фасады әйнектен жасалған) орналасқан. Осы мүмкіндіктер толық пайдаланбайды: әйнек қабырғалардың бетін ғана емес, олардың аралық кеңістігін де жарнама мақсатында пайдалануға болады. Әйнек бетіне суреттер салып, қабырғалар арасына балалар ертегілері кейіпкерлерінің фигурасын қойып қоюга болады. Кей жағдайда, егер кітапхана экология проблемаларына мамандандырылған болса, витринаны су асты патшалығы ретінде әдеп, жартастар арасына табиғат туралы көпке танымал кітаптарды қоюға болады. Кейде витринаны ұдайы ауыстырылып отыратын жаңа кітаптар көрмесі ретінде пайдаланады. Витринаны жауып тұратын перделер оқу залын басқа шулы дүниеден оқшаулап, жұмыс істеуге жақсы жағдай жасайды деп есептейді, жеңіл, тор шілтерді қалайды. Даладан қарағанда бұндай перделер күндізгі жарықта да, қараңғыда да әдемі көрінеді. Торлы суреттердің ар жағынан кітап сөрелері мен оқу залындағы адамдардың сұлбасы көрініп, кітапхананы тартымды етіп көрсетеді деп есептейді. Витринаны керкемдегенде, оның сюжетін аракідік ауыстырып отыруды ұмытпаған жөн. Әйтпеген жағдайда оған көз үйреніп кетеді де, назар аударылмайды, күнге күйіп бояуы оңып кетеді.

 

2.3.4. Интернеттегі жарнама

Соңғы кездердің негізгі элементтеріне Интернет әлемдік компьютерлік желі мен оның басты сервисі - WWW (Word Wite Web) кіретін телекоммуникация жүйелерінің жылдам дамуы бaйқaлып отыр. Интернет — компьютер арқылы іске асатын гипермедиалық орта. Ол — жарнама үшін таптырмайтын құрал және басты екі қасиетімен ерекшеленеді. Біріншіден, Интернет — байланыстың ең жаңа құралы, оның коммуникациялық моделі — негізінде ақпаратты қажет еткен тұтынушы ала алатын ролі модель жататын, «барлығы — барлығына» атты коммуникациялық модель. Оның үстіне Интернет ақпарат таратудың гипермедиалық әдісі болып табылады, оның басқа, дәстүрлі бұқаралық ақпараттардан айырмашылығы — интерактивтілігі, кең тарауы мен өзгергіштігі. Екіншіден, Интернет — әлемдік виртуалды рынок, территориялық немесе уақыттық шектеу дегенді білмейді, қоры мен қызмет түрлерін интерактивті әдіспен пайдалануға мүмкіндік береді. Интернетті маркетинг жүйесінің бір бөлігі ретінде пайдалану кітапхана беделін өсіріп, кітапхана қызметін қолданушылар санын арттырады. Кітапхана Интернет ресурстарын маркетинг комплекстерінің келесі элементтерінде пайдалана алады:

Жарнама. Интернет құралдары арқылы тауар мен қызмет түрлерінің туралай жарнамасына мыналар кіреді: жеке web — серверге тауар туралы ақпарат енгізу, жарнаманы басқа да серверлерге орналастыру, электрондық хаттар жіберу, телеконференцияларға қатысу. Интернеттегі жарнаманың ерекшелігі жеке web-серверге келудің үш негізгі әдісі бар: серверді іздеуші машинкалардың көмегімен табуға болады, гипер мәтіндік сілтемелер арқылы табуға болады.

Сервер жайлы толық басқа дәстүрлі ақпарат көздерінен (газет, журнал, радио, т.б.) білуге болады.

Осыған байланысты Интернетті пайдаланушыларға web- сервер туралы ақпарат тарататын жарнамалық жұмыс мынадай шаралардан тұрады;

— серверді іздеуші машиналарда тіркеу;

— web-каталогтарда тегін сілтеме беру;

— тақырыпты web-серверлерде тіркеу;

— басқа серверлерге сілтеме жасау;

— басқа сервер материалдарынан көрсету;

— көп қолданылатын серверлерде ақылы жарнама беру;

— телеконференцияларға қатысу;

— тарату тізімін қолдану;

— сервер атын барлық жарнама өнімдерінде қолдану;

— жарнаманың дәстүрлі түрлерін пайдалану.

Коғаммен байланыс. WWW\ сервисінде пресс-релиздер мен ағымдағы ақпарат басылуы мүмкін. WWW артықшылығы — мүмкін уақытта ақпаратты жаңартып отыруға мүмкіндік бар.

Тұтынушылардың қолдауы. Тұтынушылардың қолдауы WWW да қосымша ақпарат (статистикалық және өзгермелі) беру есебін немесе қосымша кері байланысты механизмін іске қосу арқылы өседі.

Кітапхана инфрақұрылымын Интернетті қолдану есебінен кеңейту. Бұл Интернет технологиясын кітапхана инфрақұрылымында қолдануда және оның сыртқы байланысында көрініс табуы мүмкін.

Маркетингтік зерттеулер жүргізу. Маркетинтік зерттеулердің негізгі әдістері мен құралдары:

Іздеуші машиналарды, WWW каталогтарын, тақырыптық серверлерді пайдалану, сұрақ-жауап жүргізу, жеке WeB-серверлерге келушілерге анкета тарату, конференцияларды талдау, басқа серверлерде жүргізген сауалнама қорытыңдыларын пайдалану.

Интернеттегі маркетинг жүйесінің жоғарыда аталып өткен элементтерінен басқа негізгі ерекшеліктерінің біріне көрсетілген қызметке интерактивті ақы төлеу мүмкіңдігі жатады. Бұл интернет дамуының негізі және әлемдік интерактивті электрондық нарық болуының кепілі. Қазіргі кезеңде Қазақстан кітапханалары Интернеттегі жарнаманы басқа жарнама түрлерімен қатар, өз имиджі мен беделін көтеру үшін пайдаланады. Халық тұрмысының төмен деңгейі мен коммуникация дамуының нашарлығы Қазақстаңда Интернет жүйесі арқылы әртүрлі тауарлар мен қызмет түрлерін сатуға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Интернеттегі жарнаманы тек қана кітапхана имиджі мен беделін көтеру үшін жасалатын шара деп қарастыра аламыз.

Интернеттік жарнаманың кітапханаға пайдасы оған қосылған бірінші күннен пайда әпере алады. Бұл құралдардың бірі Email-электрондық пошта, сонымен бірге Ноте Page - жинақталған түрде кітапхана туралы жалпы мағлұмат, оның ресурстары, қызмет түрлері туралы ақпарат беретін құжат. Ноmе Page міндетті типтік бөліктеріне келесі позициялар кіреді:

1. Кітапхана туралы жалпы мағлұмат: мекенжайы, телефон, факс, е-mail; басқару құрылымы — әкімшілік (аты-жөні, телефон) бөлімдері (аты-жөні, телефон), желі құрылымы, кітапхана тарихы.

2. Кітапхана қорының сипаттамасы: жалпы саны туралы мағлұмат, әдебиет көздері құрамы, жеке ерекше коллекциялар.

3. Ақпараттық ресурстары: электронды каталог, мәліметтер базасы, қолданылып жүрген деректер базасы, кітапхана басылымдары.

4. Кітапхана көрсететін қызмет түрлері: тізімі, қысқа сипаттамасы, байланыс, конференциялар, семинарлар, е-mail.

5. Жаңалықтар, конференциялар, семинарлар, т.б.

Ең әуелі тек WWW қолданушыларға ресурстар туралы хабарлау керек, Fopler, FTP, telnet, Usenet, IRK-ны қоспау керек. Екінші Ноте Page құруға жеткілікті болатын HTML ең аз құралдарын қолдану керек: <HTML>, </HTML>, <HEAP>, <HEAD», <TITLE>, </TITLE>, <BODY>, </BODY>, <H3>, </H3>, <H4>, </H4>, <Strond>, <Center>, </Center>, <P>, <BR>, <UL>, <Li>, <ANREF = URL ~ гипермәтіндік сілтеме <А>, <МАМЕ= белгі, < IMY SRK URL= - графикалық образ HSPACE = VSPACE = HEIYHT = WIDTH = ALIIIYN = AIT =>.

Үшінші, Ноте Page-дің бірінші нұсқасын анықтап алғаннан кейін оның апробациясын кітапхана қызмет түрлерінің арасында жүргізу керек; ол үшін қателерін түзеп, іс жүзінде бар материалдармен толықтыру керек.

Төртіншіден, кітапхананың техникалық жабдықтарын ескере отырып, Ноте Page азғана графика шығаруға болады (бұл жайлы пайдалы нұсқауларды Vahool (Computers anal internet (WWW Page Decingn and Layoyt арқылы алуға болады). Ең соңында, ақ-қара түсті дисплей мен мағлұматтар берудің азғана жылдамдықтарынан бастап техникалық жабдықтардың бірнешеуіне тестілеу жүргізу қажет.

Электронды поштаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары.

Біріншіден, бұл қызметтестермен, ұйымдар мен мекемелермен байланысқа шығудың ең арзан, жылдам арнасы. Ол елдің ішінде де тиімді, ал шетелдермен байланысқа таптырмайтын құрал. Жай электрондық хат кез келген елдегі адамға бірнеше секунд пен минутта жетеді, бағасы өте арзан.

E-mail — ақпарат, құжат, чертеж, сурет, видео және аудио-материалдар жіберу үшін, тез арада пікір алмасу үшін қолданады. Егер пошта шығынын, қағаз, телефонмен сөйлесу шығындарын есептеп, интернет қызметтерінің барлық түрлерін қалаған мерзімінде, қалаған ұзақтықта пайдалануға болатынымен, Интернет байланысының жылдамдығы мен тиімділігімен салыстырсақ, Интернеттік байланыстың артықшылығы өзінен-өзі көрініп тұр. Оның үстіне тағы бір ескеретін жайт бар: егер сіздің электрондық поштаңыз болмаса, онда сіздің кітапхананың болашақ қолданушылары байланыса алмайды,

Ал бұл электронды поштаның жайлылығы мен пайдасын білетін, оны қолданып жүргендердің көзіне үлкен кемшілік болып керінуі мүмкін. Шетелдік визитка карточкасында е-mail мекенжайын жазу бедел к-теру үшін емес, жай қажеттіліктен туған нәрсе болып есептеледі. Қазақстанның іскерлік өмірінде де бұл үрдіс кең орын алып келеді.

Екіншіден, электронды пошта — жұмыс үшін және кәсіби шеберлігін арттыру үшін керекті арнайы ақпарат алудың арзан, жылдам әрі тиімді жолы. Интернет жүйесінде қазір өте үлкен көлемдегі ақпаратты е-mail - ға жазылу арқылы тегін алуға болады. Олар пресс-релиздер, ақпараттық бюллетеньдер, әртүрлі саладағы (іскерлік сала да бар) арнайы ақпараттар тізімі, т.б. Оларды қолданбау — қазіргі күрделі нарықтық жағдайда артта қалу болар еді, қазіргі Интернет күн санап жаңарып, өсіп, өзгеріп отырған заманда алдағы үлкен мүмкіндіктерден құр қалу деген сөз.

Үшіншіден, е-mail кез келген елдің кітапханашыларымен тікелей байланысқа шығып, пікір алмасуға, ақпарат алуға тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз — іс жүргізудің әлемдік стандартына жақындау деген сөз.

Төртіншіден, нақты мысалга жүгінсек: поштаңыз бар болса, сіз оған автожауап беруші қоя аласыз. Оған сіздің кітапхана оқырмандары, қызметкерлері жиі сұрайтын ақпаратты жазып қоюыңызға болады. Өз атына хат келгенде, автожауап беруші керекті ақпаратты автоматты түрде жібере алады (анықтамалық материалдар, ақпараттық бюллетеньдер, т.б.). Кітапханада бұндай автожауап берупіі бірнеше қызметкерді іш пыстырарлық, енбейтін жұмыстан босатып, олардың басқа, қызықты, күрделірек іспен айналысуына мүмкіндік береді.

Информация о работе ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары