ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2015 в 18:54, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының міндеттері:
- кітапханалық жарнамалардың тарихын зерттеу;
- кітапханалық жарнамалардың түрлері мен атқаратын қызметін түсіндіру.
- кітапханалық жарнаманың әдістерін талдау.
- кітапханалық жарнаманың қажетілігін айқандау;
- кітапханалық жарнамаларды халық игілігіне ұсыну.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
I. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат......................6
1.1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері.....................................6
1.2. Жарнама маркетингі мен менеджменті...............................................12
1.3. Кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы................14
ІІ.Тарау. Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру
құралы..........................................................................................................17
2.1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру
ерекшеліктері................................................................................................17
2.2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері.....................................23
2.3.Кітапхана жарнамасын тарату каналдары мен құралдары..................29
2.4.Кітапхананың фирмалық стилі..............................................................50
Қорытынды..................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................55
Қосымшалар................................................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ҚР-кітапханалық-жарнамасының-мәселелелерін-шешу-жолдары.doc

— 510.00 Кб (Скачать документ)

7) жүгіртпе жол — жарнама  таратудың теледидар бойынша, кино  және бейнеқызмет көрсетуде берілетін тәсілі, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда — тұрақты орналастыру объектілерінде жиынтығымен белгілі бір ақпаратты құрайтын әріптер, цифрлар, белгілер тіркесінің тізбектесіп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады.

4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе ішінара объектісі бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиіс.

2-ТАРАУ. Жарнамаға қойылатын  жалпы және арнайы талаптар 6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тікелей ұсынылу сәтінде арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама, теледидардағы, радиодағы және сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоса, мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет кезінде басқа да тілдерде таратылады.

Жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.

Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекетгік тілде берілетін жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы біркелкі таратылуға тиіс.

3. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері мен логотиптер түпнұсқа тілінде және (немесе) басқа тілде жазылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға жол берілмейді.

Егер жарнама беруші жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиіс болса, оңда тиісті тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмірін және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.

5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен діни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.

6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс.

7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, азаматтарды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекетті (әрекетсіздікті) қоздырмауға тиіс.

8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен белгіленеді.

7-бап. Жөнсіз жарнама  түрлері

1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетілетін қызметтерімен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін сөздері, бейнелері бар;

2) басқа өнімдерді жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгісін, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендірілуін, формулаларын, бейнелері мен басқа да коммерциялық белгілемелерін көшіріп алу арқылы не олардың сенімін теріс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнімдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын;

3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипатына, дайындалу тәсіліне, қасиеттеріне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкін нұсқамалары немесе дәйектемелері бар;

4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) пайдаланбайтын жеке немесе занды тұлғалардың беделін түсіретін, қорлайтын немесе мазақ ететін жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.

2. Мыналарға:

1) өнімдердің табиғаты, құрамы, дайындау тәсілі мен күні, мақсаты, тұтыну қасиеттері, пайдалану шарттары, сәйкестік сертификатының, сертификат белгілерінің және мемлекеттік стандарттарға сәйкестік белгілерінің болуы, саны, шығарылған жері сияқты сипаттамаларына;

2) өнімнің нарықта болуына, оны белгілі бір орында сатып алу мүмкіндігіне;

3) жарнама тарату және орналастыру кезіндегі өнімнің құны (бағасы) мен ақы төлеудің қосымша шарттарына;

4) өнімдерді жеткізуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет керсетуге;

5) кепілдік міндеттемелерге, қызмет мерзімдеріне, жарамдылық мерзімдеріне;

6) қолданудың болжамды нәтижелеріне;

7) заңды тұлға ның зияткерлік қызметінің және соған теңестірілген даралау құралдарының, өнімнің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтің нәтижелеріне берілетін айрықша құқықтарға;

8) мемлекетгік нышаңдарды (елтаңба, ту, әнұран), соңдай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына;

9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға;

10) өнімнің толық топтамасын, егер ол топтаманың бір бөлігі болып табылса, сатып алу тәсілдері туралы ақпарат ұсынуға;

11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйексөздерге;

12) басқа адамдардың өнеркәсіптік немесе сауда қызметінің, жеке немесе заңды тұлғаның беделін түсіретін кәсіпкерлік қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ұйғарымдарға;

13) негізділігі асыра көрсетілген түрінде берілмеуге тиіс статистикалық деректерге;

14) тауарлар (жұмыстар, керсетілетін қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесіне немесе құзыреттілік деңгейіне қатысты шындыққа сай келмейтін мәліметтері бар жарнама дәйексіз жарнама болып табылады.

3. Мыналар:

1) жеке тұлғалардың нәсіліне, ұлтына, тіліне, кәсібіне, әлеуметтік жағдайына, жасына, жынысына, діни, саяси және өзге де нанымына қатысты қорлайтын сөздерді, теңеулерді, бейнелерді пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылданған ізгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтіндік, көріністі, дыбыстық ақпаратты қамтитын;

2) ұлттық немесе әлемдік игілік болып табылатын өнер, мәдениет объектілеріне, тарих ескерткіштеріне нұқсан келтіретін;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаңдарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, діни нышандарға нұқсан келтіретін жарнама әдепсіз жарнама болып табылады.

4. Жарнама берушінің (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегімен берілетін жарнамасы көрінеу жалған жарнама болып табылады.

5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнімдерінде, сондай-ақ өзге де өнімдерде, соның ішінде, арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсілдермен тұтынушының қабылдауына, түйсігіне аңдаусыз әсер ететін жарнама жасырын жарнама болып табылады.

6. Жөнсіз жарнамаға тыйым салынады.

8-бап. Теле және радиобағдарламалардағы  жарнама

1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле және радиобағдарламалардағы жарнама, жүгіртпе жолды қоспағанда, тәулік ішінде берілетін хабарлардың жалпы көлемінің жиырма процентінен аспауға тиіс.

Жарнама беру кезінде оның дыбысы беріп отырған бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиіс.

2. Жарнаманы қосарластыру түрінде, соның ішінде, жүгіртпе жол тәсілімен пайдалану кезінде оның көлемі кадр аумағының жеті жарым процентінен аспауға және телехабарлардағы мәтіндік немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.

3 Ұлттық аза тұту күндерінде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға тыйым салынады.

9-бап. Мерзімді баспасөз  басылымдарыңдағы жарнама

Мерзімді баспасөз басылымдары жарнама объектілерін, оның тақырыбын дербес анықтайды.

Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге міндетті.

10-бап. Кино, бейне және  анықтамалық қызмет көрсетудегі жарнама

1. Сериялар арасындағы үзілістерді қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегі фильмнің қойылымын жарнамамен бөліп жіберуге тыйым салынады.

2. Анықтамалық қызмет керсету кезінде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейін ғана беріледі.

3. Ақылы анықтамалық компьютерлік және өзге де қызмет көрсету кезінде жарнама клиенттің келісуімен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кірмеуге тиіс.

11-бап. Сыртқы (көрнекі) жарнама

1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы ортақ  пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде және елді мекендерде орналастыру плакаттар, стендтер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы тұрақты орналастырудың өзге де объектілері түрінде осы баптың 2—7 тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көлік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілерімен және сілтемелерімен ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көзін қарықтырмауға тиіс. Осы баптың мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру деп жарнамалық ақпаратты кеңістікте қозғалмауымен сипатталатын жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінің көмегімен жарнама тұтынушылардың назарына жеткізу түсініледі.

2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға:

1) ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде жарнама объектісін орналастыру кезінде — автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, белгілі бір мерзімге беретін құжат;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі ережелер негізіңде жергілікті атқарушы органдар әзірлеген, елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы ережелерге сәйкес берілетін рұқсат болған жағдайда жол беріледі.

3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық зандарында белгіленген тәртіпте және мөлшерде төлемақы алынады.

4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен берілген рұқсат құжаттары туралы мәліметтерді салық қызметі органдарыпа тапсыруға міндетті.

5. Тарих пен мәдениет ескерткіштері, ғибадат ету объектілері аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.

6. Уәкілетті орган өтінішті алғаннан кейін он күннің ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беруге не оны орналастырудан негізді түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтаруға міндетті.

7. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру объектілерінің меншік иелерімен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру объектілеріне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негізіңде жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жекеше меншік объектілерінде орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметке тұрақты мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгілеуге тыйым салынады.

12-бап. Көлік құралдарындағы жарнама

Көлік құралдарында жарнама тарату, орналастыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері сақтала отырып, көлік құралдарының меншік иелерімен және егер заңда немесе шартта осы мүлікке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше кезделмесе, көлік құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

13-бап. Жекелеген өнім  түрлерін жарнамалау ерекшеліктері

1. Мыналарға:

1) алкоголь өнімдерін жарнамалауға;

2) ана сүтінің жасанды алмастырушысын жарнамалауға;

3) Қазақстан Республикасыңда сертификаттаудан өтпеген, міндетті сертификаттауға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.

2. Темекіні және темекі өнімдерін жарнамалау ерекшеліктері темекі шегудің алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы жасауға және (немесе) сатуға лицензиясы болмаған кезде оларды жарнамалауға, сондай-ақ медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған кезде оны жарнамалауға жол берілмейді.

Информация о работе ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары