Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2015 в 18:54, дипломная работа
Диплом жұмысының міндеттері:
- кітапханалық жарнамалардың тарихын зерттеу;
- кітапханалық жарнамалардың түрлері мен атқаратын қызметін түсіндіру.
- кітапханалық жарнаманың әдістерін талдау.
- кітапханалық жарнаманың қажетілігін айқандау;
- кітапханалық жарнамаларды халық игілігіне ұсыну.
Кіріспе............................................................................................................3
I. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат......................6
1.1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері.....................................6
1.2. Жарнама маркетингі мен менеджменті...............................................12
1.3. Кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы................14
ІІ.Тарау. Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру
құралы..........................................................................................................17
2.1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру
ерекшеліктері................................................................................................17
2.2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері.....................................23
2.3.Кітапхана жарнамасын тарату каналдары мен құралдары..................29
2.4.Кітапхананың фирмалық стилі..............................................................50
Қорытынды..................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................55
Қосымшалар................................................................................................58
Дәрігерлердің рецептілері бойынша босатылатын дәрілік заттарды, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды жарнамалау медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған мамаңдандырылған баспасөз басылымдарында ғана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Құрамында есірткі немесе психотрошық заттар бар дерілік препараттардың үлгілерін жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.
Дәрілік заттарды жарнамалауға рұқсат беру тәртібін денсаулық сақтау ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Қызмет қаруын, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізілетін қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнімдерді жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерінде жол беріледі. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсілдерін тікелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиіс.
14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтерді және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшеліктері
Жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды пайдалануға байланысты қаржы (соның ішінде, банктік), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетілетін қызметтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезінде:
1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге немесе бағалы қағаздарға тікелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтіруге;
2) жай акциялар бойынша кіріс алуға және дивидендтер мөлшеріне кепілдік беруге;
3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тіркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;
4) қызметтің болашақтағы тиімділігі (кірістілігі) туралы, соның ішінде, бағалы қағаздардың бағамдық құнының өсуін жариялау арқылы кез келген кепілдіктер немесе ұсыныстар беруге;
5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулі талаптарының кез келгенін жасырып қалуға;
6) басқа азаматтарды белгілі бір кәсіпорынның қызметіне немесе сол кәсіпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебінен азаматтарды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жарнамалауға тыйым салынады.
15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезінде кәмелетке толмағандарды қорғау
Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезінде кәмелетке толмағандарды олардың сенімін және тәжірибесінің жоқтығын теріс пайдаланудан қорғау мақсатында:
1) ата-ананың беделін түсіруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенімін жоғалтуға;
2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнімді сатып алуға иландыра шақыратын тікелей ұсыныс жасауға;
3) белгілі бір өнімге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретінін, сондай-ақ қолда ондай өнімнің болмауы керісінше жағдайға алып келетінін кәмелетке толмағандарға тікелей көрсетуге;
4) кәмелетке толмағандарды қауіпті орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтіндік, көрнекі немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;
5) кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тікелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерін көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға;
6) өнімді пайдалану нәтижелері көрсетілген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнімді пайдалану дағдыларының қажетті деңгейін кемітіп көрсетуге жол берілмейді. Жарнама өнім арналған жас мөлшері тобындағы көмелетке толмағандар үшін нақты қол жеткізуге болатын ақпарат беруге тиіс;
7) көмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнімнің құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнімге кез келген отбасы бюджеті қол жеткізе алады деген тікелей немесе жанама нұсқауға жол берілмейді.
16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзімдері
Жарнамасы бар материалдарды немесе олардың көшірмелерін, оларға кейіннен енгізілетін өзгерістердің бәрін қоса алғанда, жарнама беруші, жарнама жасаушы бір жыл бойы, жарнама таратушы — жарнама соңғы таратылған, орналастырылған күннен бастап кемінде бір ай бойы сақтауға міндетті.
3-ТАРАУ. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу 17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
1. Жарнама саласындағы
2. Жарнама саласындағы
1) ұлттық мүдделерді қорғау;
2) жөнсіз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құңдылықтар мен жалпыға бірдей қабылданған мораль және адамгершілік нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;
3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.
18-бап. Жарнамалық ақпарат беру
Осы Заңның талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті органдардың талап етуі бойынша жарнама беруші, жарнама жасаушы және жарнама таратушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге міндетті.
Егер жарнама беруші, ескертуге қарамастан, өзінің жарнамаға қоятын талабын өзгертпесе не өзінің жарнамалық ақпаратының дәйекті екендігіне құжаттық растама тапсырмаса не жарнаманы жөнсіз жасауы мүмкін өзге де мән-жайларды жоймаса, жарнама жасаушы және (немесе) жарнама таратушы, егер шартта өзгеше кезделмесе, белгіленген тәртіппен шартты бұзуға және залалдың толық өтелуін талап етуге құқылы.
19-бап. Теріске шығару
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы зандарын бұзу фактісі анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратуды, орналастыруды дереу тоқтатуға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен теріске шығаруды жүзеге асыруға міңдетті. Бұл ретте теріске шығару жөніндегі шығыстардың бәрін бұзушылыққа жол берген тұлға көтереді.
2. Теріске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсілдерімен теріске шығарылатын, жөнсіз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңістігінің, орны мен тәртібінің нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
3. Егер теріске шығару белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда уәкілетті органның шешімі бойынша теріске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгіленген мерзімде теріске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтірілген шығындарды өтеу туралы кері талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиіс.
20-бап. Қазақстан Реснубликасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы зандарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшін, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кінәсінен болғаны дәлелденбесе, жарнама беруші жауапты болады.
2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресімдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.
3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсіліне қатысты бұзылғаны үшін жауапты болады.
4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен туындайды.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2-қосымша
Жарнама кұралдарының салыстырмалы мінездемелері
Жарнама құралдары |
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
1 |
2 |
3 |
Жергілікті баспасөз |
Аймақтық ақпарат таратудың дәстүрлі құралдары Халық тарапынан сенім, мойындау Тұтынушыларға ақпарат жеткізудің белсенділігі Барлық қоғамдық топтарды қамтуы Оқырмаңдардың ақпаратты қадағалау тиімділігі Пайдалану және сақтау тиімділігі Оқырмандардың көп бөлігін газетпен түбегейлі таныстыру «Екінші пайдаланушылар» аудиториясының өмір сүруі |
Бағаның қолайлылығы Безендірудегі шектеулі мүмкіндіктер Дайындық жұмысының төменгі сапасы «Екінші пайдаланушылар» талғамының төмендігі |
Радио-жарнама |
Ақпаратты пайдаланушыға жеткізу Көпшілікке арналуы Аудиторияның іріктелуі Жеке қарым-қатынас Ақпаратты жеткізу жылдамдығы мен уақытын бақылау мүмкіңдігі Мәтінге өзгеріс енгізу қарапайымдылығы Баға қолайлылығы |
Жарнама әсерінің біркүнділігі Хабарды тыңдау кезіндегі көңілдің шашыраңқылығы Есту қабілетінің қабылдауының қиыңдығы Тындаушылардың радиостанцияларды таңдап бөлінуі Кейбір радиоканалдарды қабылдаудың қаржылай қиыншылығы |
Видео-жарнама |
Дыбыс, қозғалыс, суреттердің әсерінен қабылдаудың жоғарылығы |
Аудиторияның таңдалмауы Хабардың бір күндігі |
Сыртқы жарнама |
2 Басқа жарнамалық хабарламалардың бәсекелестігі болмауы Басылымның мәтіні мен формасының көлеміне шектеудің болмауы |
3 Көрермен қабылдауына байланыстылығы Өткіншілігі Аудиторияның таңдалмауы |
Компьютерлік жарнама |
Әсерінің іріктелуі Хабарлардың көлемі мен формаларының шексіздігі Хабарлардың белсенділігі Қабылдаудың жоғары сапалылығы Пайдаланушылардың ақпаратын сақтау, пайдалануының қолайлылығы Ақпаратты алу уақытын бақылау мүмкіндігі Кері байланыс мүмкіндігі Ақпаратты берудің арзаңдылығы |
Әсер ету шектеулігі Компьютерді пайдалану дағдысының болу міңдеттілігі Техникалық құралдардың қымбаттылығы |
3-қосымша
Кітапхана-библиографиялық жарнаманың құралдары мен түрлерінің жіктеуі
Жарнама құралдары |
Жарнама формалары |
1 |
2 |
1. Баспасөздегі жарнама |
Талдау мақалалары Хабарландыру Репортаж Интервью Әңгіме Редакцияға хат Күнделіктер Хаттар Очерктер Үндеу Баяндама Аймақтық баспасөз беттерінде (кітапхана туралы іс-шаралар, қызмет түрлері, өнімдері, белсеңці пайдаланушылар, жаңа кітаптар және т.б. |
2. Радио-жарнама |
Хабарлаңдырулар Радиожурналдар. Репортаж. Интервью. Әңгіме. Кездесу. Талқылау. Күнделіктер. Үндеу. Баяндама. Пікірталас клубы Радиостанция толқынындағы шолулар Радиоқойылым Кітапхана қызметі туралы жаңалықтар бағдарламаларындағы белсенді радиосюжеттер Кітапхана қатысқан хабарлар |
3. Видео-жарнама (теле-, кино-, слайд-және т.б. жарнама түрлері) |
Теледидар хабарлаңдыруы Ақпараттық көрсету Тележурнал Репортаж Интервью Кездесулер мен талқылаулар Телеқойылым Жарнамалық роликтер (10—60 сек) Видеоэкспрессхабар Слайд-фильмдер |
4. Баспа жарнама |
Кітапхана туралы анықтамалар мен жолкөрсеткіштер Оқырман жолсерігі Проспект Ақпараттық хаттар Хабарландырулар Буклеттер Фотоальбомдар Мерейтой және сыйлық басылымдар Бюллетеньдер Прайс-парақшалар Ұсыныстар Естелік Визит карточка Күнтізбелер Бэйджи Каталогтар Библиографиялық материалдар Кітапхана қызметі туралы баспа есептер Жаңа жылдық жарнама-сыйлық басылымдар Бос беттердегі жарнамалық хабарлаңдырулар |
5. Пошта жарнама |
Баспа материалдарын пошта арқылы жіберу: Іс-шараларға шақыру Хаттар Құттықтау открыткалары Проспектілер Буклет Брошюра Ескертулер Кітапханалардың баспа каталогтары Диаграмма, кесте, сызба Репродукция Парақшалар Ксерокөшірме Қайтарылған карточка және конверттер, т.б. |
6. Жарнамалық тиімділігі бар |
Пайдаланушылар үйірмелері мен курстары Оқырмаңдар конференциясы Пресс-конференциялар Кітапхана ішіндегі экскурсиялар, көрмелер, кітапхана туралы экспозициялар Кітапхана күндері, апталары Кітапханадағы мерейтой және т.б. мерекелер |
Информация о работе ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары