Отбасы татулығы бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2015 в 23:53, курсовая работа

Краткое описание

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.
Енгізілген материалдар арнайы отбасымен жұмыс жасайтын мамандар үшін баға жетпес көмек болуы мүмкін: отбасы жүйесіне түсінік, отбасында әлеуметтік-психологиялық зерттеуді әдістемелік негізде жүргізу, отбасы татулығын сақтау әдістері, отбасымен жұмыс жасайтын кәсіби мамандар біліктілігіне ақпарат, ата-ана және бала, жалпы отбасымен жұмыс жасау ерекшеліктері қарастырылған .

Содержание

1. Кіріспе…………………………………………………………………………….
2. Отбасы татулығы бағдарламасы ……………………………………
2.1 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері………………………………………
2.2. «Отбасы татулығы» бағдарламасының негізгі бағыттары…………
2.3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі………………………..
Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама………………………….
3.1. Мақсаттары және міндеттері……………………………………………………
3.2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары...............................................
4. Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны.................
4.1. «Баланың жеке басын дамыту мектебі»........................................................
4.1.1.«Баланың жеке басын дамыту мектебінің» мақсаттары мен міндеттері.......
4.1.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары..........................................................
4.2. «Ата-ана мектебі».................................................................................................
4.2.1. «Ата-ана мектебінің» мақсаттары мен міндеттері..........................................
4.2.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары............................................................
5. Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
5.1. Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы............................................................
5.2. Отбасы дағдарыстары...........................................................................................
5.2.1.Отбасындағы қалыпты дағдарыстар...............................................................
5.2.2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар......................................................
5.3. Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері................
6.Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің әдістемелік негізі............... 6.1. Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері................................ 6.1.1. «Отбасына бейімделу және топтасу шкаласы» сауалнамасы........................
6.1.2. «Отбасы социограммасы» тесті.........................................................................
6.1.3. Телімелі суретті тест «Отбасы кинестетикалық суреті».................................
6.2. Балаға әлеуметтік –психологиялық зерттеу жүргізу негізі..............................
6.2.1. «Көркем сурет» әдістемесі.................................................................................
6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі..........................................
6.2.3.Баланың жеке қасиеттеріне сауалнама (Холл және Хальберштат).................
6.2.4. Айзенк сауалнамасы ( жеткіншек 12-17 жас)..................................................
6.2.5. «Адам суреті» тесті.............................................................................................
6.2.6. «Балалар арасындағы бақталастықты анықтау шкаласы» сауалнамасы......
6.2.7. Жеке тұлғалық агрессия деңгейін анықтау......................................................
6.3. Ата-аналарға психологиялық зерттеу жүргізу негізі........................................
6.3.1.ОТТ сауалнамасы (отбасы тәрбиесін талдау) Э.Г.Эйдемиллер.....................
6.3.2. ОТТ ата-аналарға арналған сауалнама .............................................................
6.3.3.Ата-ананың балаға қатынасына сауалнама- тесті.............................................
6.3.4.Ата-ана қабілетін бағалау ...................................................................................
6.3.5. « Бала тәрбиесі типтері»ата-аналарға арналған сауалнама.............................
6.4.Ерлі-зайыптылар қатынасын диагностикалау.....................................................
6.4.1. ТЭБ сауалнамасы (түсіністік, эмоцоналдылық, беделдік)..............................
7. Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері...............................................
7.1.Отбасы психотерапиясы .......................................................................................
7.2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары.......................................
7.2. 1. Пало Алто мектебі....................................................................................
7.2.2. Жүйелі отбасы психотерапиясы.................................................................
7.2.3.Стратегиялық отбасы психотерапиясы ............................................................
7.2.4.Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы..........................................................
7.2.5.Коммуникативті отбасы терапиясы...........................................................
7.2.6. Ерлі-зайыптылық психотерапиясы......................................................
7.2.7.Отбасылық кеңес беру......................................................................................
7.3. Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция...............................................
7.4.Отбасы психотерапиясының әдістемелері...........................................................
7.5. Отбасымен жұмыс. Мақсат пен міндеттер қою..............................
7.6.Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері.... ..............................................................
7.6.1Отбасымен жұмыс жүргізуді бастау................................................................
7.6.2.Алғашқы сұхбатты жүргізу.................................................................
7.6.3. Отбасымен жүргізілетін орта кезеңдік жұмыстар.........................................
7.6.4.Отбасымен орта кезеңдік жұмыста, қолданылатын тәжірибелік жұмыс ұстанымдары.................................................................................................................
7.6.5. Отбасымен жүргізілетін қорытынды кезеңдегі жұмыстар............................
7.7 Отбасы терапиясының техникалары....................................................................
8. Отбасымен жұмыс жүргізетін мамандардың кәсіби хабардарлығы
8.1.Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі.........................................
8.2.Отбасымен жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары...............................
8.2.1.Коммуникативті біліктілік...................................................................................
8.2.2.Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары.............................................
8.2.3.Вербалды қарым-қатынас....................................................................................
8.2.4.Отбасылық кеңес беруде қолданылатын сұрақтың түрлері............................
8.5.5. Белсенді тыңдау техникалары............................................................................
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Вербальды и жалпы педагогика.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

 

Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».

Сурет салу кезінде баланың айтқан әр бір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.

Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу өажет:

  • Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр
  • Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді
  • Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады
  • Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай

ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек:

  • отбасы суретінің құрылымын талдау;
  • отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;
  • сурет салу процесін талдау.

Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.

  1. Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.

Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейдң. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.

Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.

  1. Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.

Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.

Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.

  1. Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.

Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.

Бала өзі жақсы көретін отбасы  мүшесін бірінші салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.

ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:  
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.

Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.

 

ЖКС нәтижелер бағаларын тіркеу бланкісі

Баланың аты-жөні_________________________________________

Туылған күні______________________________________________

Зерттеу мерзімі____________________________________________

Симптомокомплекстің балдар сомасы

қолайлы отбасылық жағдай

үрейлік

Жанжалдық

өзін толықты-ылағанын

сезіну

отбасы жағдайындағы дұшпандық

         

 

 

6.2. Балаларға  әлеуметтік – психологиялық зерттеуді жүргізу негіздері.

 

Балаға  зерттеу жүргізу барысында келесі аспектілер бойынша мәлімет жинау керек:

    • өмір сүру шарттары:
    • отбасылық және әлеуметтік байланыстар;
    • дене және психикалық саулық ;
    • бала тұлғасының ерекшеліктері, мінез – құлық қасиеттері;
    • оқу іс - әрекетінің ерекшеліктері (оқуға қатынасы және оқудағы жетістіктері )
    • ересектер мен құрдастарымен қарым – қатынас ерекшеліктері;
    • өзі - өзіне қызмет көрсету дағдыларының деңгейлері;

Әлеуметтік – психологиялық зерттеу нәтижелері бойынша балалардың жекелік және

мінез – құлықтық ерекшеліктері анықталады.

 

Баланың өзіндік санасы құрылымының ерекшеліктері:  

    • өз қасиеттері, қабілеттері және мүмкіндіктері жайлы түсініктері;
    • өзіндік баға деңгейі;
    • жыныстық – рольдік идентификация;

 

Эмоциялық даму ерекшеліктері:

    • сезімдері мен уайымдарын сөзбен сипаттай білу іскерлігі;
    • эмпатияға қабілеті;
    • әлеуметтік эмоциялардың қалыптасуы;
    • қобалжу деңгейі;
    • агрессия деңгейі(сөздік және дене агрессиясы);
    • қызбалылық деңгейі;

 

Қарым – қатынас ортасының ерекшеліктері:

    • коммуникативті хабардарлық деңгейі;
    • өз іс - әрекетін отбасы мүшелерінің іс - әрекетімен сәйкестендіре білу;
    • қақтығыстық  жағдайларды шешуге дағдылардың болуы;
    • отбасы жүйесіне бағыттала білу;

 

Бала қажеттіліктері:

    • базалық физиологиялық қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі;
    • әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі(сүйіспеншілікте,достықта,адамдармен қарым - қатынасында);
    • өзін - өзі жетілдіру қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы деңгейі(өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту).

 

6.2.1 Көркем сурет  әдістемесі

Бұл әдістеме сезімдік ерекшеліктерді айқындауға бағытталған. Баланың қолданатын түстер гаммасы оның сезімдік күйі жөнінде көп нәрсені айтып бере алады. Түстік қалауларды айқындау, көпке мәлім Люшер тестіне негізделген. «Көркем сурет» тесті арнайы құралдарды қажет етпейді. Бұл тест бастауыш мектеп оқушыларына арналған, өйткені оларға белгілі және табиғи бейнелеу қызметінде негізделген. Тестті орындау үшін бір парақ қағаз (баланың алдына қойылады) және түрлі-түсті қаламдар(он екі қаламнан аз болмасын, 24 түстен тұратын қаламдар жиынын қолданған өте жақсы) қажет.Түрлі түсті қаламдар фломастерлерден жақсы, өйткені түстің тығыздығын түрлендіруге мүмкіндік береді.

Нұсқау. «Түрлі түсті қаламдармен өзің қалаған бір әдемі сурет сал». Сурет салу кезінде баланың түрлі түстердің қолдану ретін жазып отыру қажет.

 

Нәтижелер интерпретациясы (түсіндіру)

Нәтижелерді интерпретациялау кезінде суреттің жалпы түстердің үндестігі бағаланады. Жұмыс басында баланың қолданған түстері, ең көрнекі түстер. Қараңғы түстерді қолдануы көңіл күйінің төмендеуінің белгісі. Үнемі тек қараңғы түстерді қолдануы депрессияның клиникалық түрі кезінде байқалады. Осы жерде қара түстің үйлесімдері қоңыр мен сия көк түстері қолданылатыны көрінеді.

Түстер гаммасының кедейленгені түстің

 

6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі

Мақсаты – талаптану деңгейін анықтау.

НұсқауТапсырма моторлық үйлестік тест ретінде беріледі. Зерттелушіге тәжірибе сынау санына байланысты төрт төртбұрыш секциясы бар іс-қағаз беріледі. Берілген уақытта төртбұрыштардың біреуінің ішіндегі квадраттардың көбін бегілеп шығу қажет. Зерттеленушіден 10 секундтың ішінде қанша квадрат белгілей алатынын атауын сұрайды. Ол жауабын бірінші төртбұрыштың жоғарғы үлкен ұяшығына жазады.

Зерттеушідің айтуымен басталатын және бітетін сынаудан кейін зерттеленушінің қанша квадрат белгілегені саналады және бірінші төртбұрыштың астыңғы үлкен ұяшығына жазылады. Осы жүйе сияқты қалған сынаулар жүргізіледі, үшінші сынауда уақыт 8 секундқа азаяды. Бұл тапсырма мақсаттық айырмашылықты зерттеуге арналған.

 

І.

 

 

 

 

 

 

 

УП1

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД1

 
                   

 

ІI.

 

 

 

 

 

 

 

УП2

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД2

 
                   

 

ІII.

 

 

 

 

 

 

 

УП3

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД3

 
                   

 

ІV.

 

 

 

 

 

 

 

УП4

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД4

 
                   

 

V.

 

 

 

 

 

 

 

УП5

                     
                   

 

 

 

 

 

 

 

УД5

 
                   

 

 

Нәтижелер талдауы

Мақсаттық айырмашылықтың орташа көлемі талаптану деңгейі (ТД) мен жетістік деңгейін (ЖД) салыстыруды топшалайтын формула бойынша есептеледі.

 

МА=((ТД2-ЖД1)+(ТД3-ЖД2)+(ТД4-ЖД3))/3

 

Мақсаттық айырмашылық стандарты : 5 және одан жоғары болса, талаптанудың мүмкін емес өте жоғары деңгейі.

4,99-3 – талаптанудың жоғары  деңгейі

2,99-1 – талаптанудың орташа  деңгейі

0,99-(-1,49) – талаптанудың  төмен деңгейі

(-1,50) және төмен – талаптанудың  мүмкін емес өте төменгі деңгейі

 

Нұсқау

Талаптанудың деңгейі дегеніміз, қиыншылықтарға қарамастан адамның қабілеті жететін мақсатқа жетуге тырысу. Баланы тірбиелегенде талаптану деңгейін ескеру қажет, өйткені оның баланың қабілетіне сай болуы – жеке тұлғаның үйлесімді жетілуінің бір шарты. Оның сәйкес болмауы, баланың өзімен және басқа да адамдармен жанжалдасуының қайнар көзі болып табылады, бұл баланың жетілуінің ауытқуына әкеліп соғады.

Бұл тест талаптану деңгейін жылдам диагностикалау болып табылады.  Әдістеме зерттенушілердің көбіне қолданылуы мүмкін, оның ішіне өзінің уақытын секінд ішінде жоспарлай білетін ересек адамдар мен жас балалар.

Информация о работе Отбасы татулығы бағдарламасы