Отбасы татулығы бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2015 в 23:53, курсовая работа

Краткое описание

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.
Енгізілген материалдар арнайы отбасымен жұмыс жасайтын мамандар үшін баға жетпес көмек болуы мүмкін: отбасы жүйесіне түсінік, отбасында әлеуметтік-психологиялық зерттеуді әдістемелік негізде жүргізу, отбасы татулығын сақтау әдістері, отбасымен жұмыс жасайтын кәсіби мамандар біліктілігіне ақпарат, ата-ана және бала, жалпы отбасымен жұмыс жасау ерекшеліктері қарастырылған .

Содержание

1. Кіріспе…………………………………………………………………………….
2. Отбасы татулығы бағдарламасы ……………………………………
2.1 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері………………………………………
2.2. «Отбасы татулығы» бағдарламасының негізгі бағыттары…………
2.3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі………………………..
Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама………………………….
3.1. Мақсаттары және міндеттері……………………………………………………
3.2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары...............................................
4. Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны.................
4.1. «Баланың жеке басын дамыту мектебі»........................................................
4.1.1.«Баланың жеке басын дамыту мектебінің» мақсаттары мен міндеттері.......
4.1.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары..........................................................
4.2. «Ата-ана мектебі».................................................................................................
4.2.1. «Ата-ана мектебінің» мақсаттары мен міндеттері..........................................
4.2.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары............................................................
5. Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
5.1. Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы............................................................
5.2. Отбасы дағдарыстары...........................................................................................
5.2.1.Отбасындағы қалыпты дағдарыстар...............................................................
5.2.2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар......................................................
5.3. Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері................
6.Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің әдістемелік негізі............... 6.1. Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері................................ 6.1.1. «Отбасына бейімделу және топтасу шкаласы» сауалнамасы........................
6.1.2. «Отбасы социограммасы» тесті.........................................................................
6.1.3. Телімелі суретті тест «Отбасы кинестетикалық суреті».................................
6.2. Балаға әлеуметтік –психологиялық зерттеу жүргізу негізі..............................
6.2.1. «Көркем сурет» әдістемесі.................................................................................
6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі..........................................
6.2.3.Баланың жеке қасиеттеріне сауалнама (Холл және Хальберштат).................
6.2.4. Айзенк сауалнамасы ( жеткіншек 12-17 жас)..................................................
6.2.5. «Адам суреті» тесті.............................................................................................
6.2.6. «Балалар арасындағы бақталастықты анықтау шкаласы» сауалнамасы......
6.2.7. Жеке тұлғалық агрессия деңгейін анықтау......................................................
6.3. Ата-аналарға психологиялық зерттеу жүргізу негізі........................................
6.3.1.ОТТ сауалнамасы (отбасы тәрбиесін талдау) Э.Г.Эйдемиллер.....................
6.3.2. ОТТ ата-аналарға арналған сауалнама .............................................................
6.3.3.Ата-ананың балаға қатынасына сауалнама- тесті.............................................
6.3.4.Ата-ана қабілетін бағалау ...................................................................................
6.3.5. « Бала тәрбиесі типтері»ата-аналарға арналған сауалнама.............................
6.4.Ерлі-зайыптылар қатынасын диагностикалау.....................................................
6.4.1. ТЭБ сауалнамасы (түсіністік, эмоцоналдылық, беделдік)..............................
7. Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері...............................................
7.1.Отбасы психотерапиясы .......................................................................................
7.2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары.......................................
7.2. 1. Пало Алто мектебі....................................................................................
7.2.2. Жүйелі отбасы психотерапиясы.................................................................
7.2.3.Стратегиялық отбасы психотерапиясы ............................................................
7.2.4.Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы..........................................................
7.2.5.Коммуникативті отбасы терапиясы...........................................................
7.2.6. Ерлі-зайыптылық психотерапиясы......................................................
7.2.7.Отбасылық кеңес беру......................................................................................
7.3. Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция...............................................
7.4.Отбасы психотерапиясының әдістемелері...........................................................
7.5. Отбасымен жұмыс. Мақсат пен міндеттер қою..............................
7.6.Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері.... ..............................................................
7.6.1Отбасымен жұмыс жүргізуді бастау................................................................
7.6.2.Алғашқы сұхбатты жүргізу.................................................................
7.6.3. Отбасымен жүргізілетін орта кезеңдік жұмыстар.........................................
7.6.4.Отбасымен орта кезеңдік жұмыста, қолданылатын тәжірибелік жұмыс ұстанымдары.................................................................................................................
7.6.5. Отбасымен жүргізілетін қорытынды кезеңдегі жұмыстар............................
7.7 Отбасы терапиясының техникалары....................................................................
8. Отбасымен жұмыс жүргізетін мамандардың кәсіби хабардарлығы
8.1.Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі.........................................
8.2.Отбасымен жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары...............................
8.2.1.Коммуникативті біліктілік...................................................................................
8.2.2.Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары.............................................
8.2.3.Вербалды қарым-қатынас....................................................................................
8.2.4.Отбасылық кеңес беруде қолданылатын сұрақтың түрлері............................
8.5.5. Белсенді тыңдау техникалары............................................................................
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Вербальды и жалпы педагогика.doc

— 1.06 Мб (Скачать документ)

Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған

Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы  жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.

Отбасы топтасуы:отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл –күйде бір-бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер : эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.

Отбасы бейімделуі:Отбасы мүшелері  стестік жағдайға қаншалықты  икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша  бейімделуі

Оның көрсеткіш белгілері : отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері.

«Дөңгелек моделі»отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін,осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу

 Сауалнама авторлары  теңдестікте және соңғы деңгейдегі  отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің  жетістігін көрсетеді.

Алдымен сауалнаманы жүргізбес бүрын зерттеуші мен қатысушы арасында өзара сенім қалыптасу қажет. Егер сауалнаманы отбасы мүшелері бірге отырып,  жұмыс жасай толтырса,  ол психологқа қосымша мәлімет алуға: коммуникациясын, мінез-құлық ерекшеліктерін бақылауға  септігін тигізеді.

Сауалнаманы жүргізер алдында түсіндіріп өтеді. Ал орындаубарысында кездескен  сауалнамадағы түсініксіз жерлерді, психолог қосылмай өзара түсіндіруіне мүмкіндік туғызғаны жақсы.

Нұсқау:Бүл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы  мүшелерінің бәріне жүргізуге болады.Зерттеуді отбасы мүшесінің бәрімен толық жүргізгені абзал, ол коммуникацияерекшелігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Әдістеме сипаттамасы: Сауалнаманың   жауабын бекітуі 5 ұпайды шкаладан тұрады.

  • Ешқашанда
  • Сирек
  • Оқтын-оқтын
  • Жиі
  • Барлық уақытта

Бұл әдістеме екі рет қолданылады : біріншіде сіз «шынайы» өміріңізде  отбасы мүшелерін  қалай бағалайсыз, екінші қандай болса деп өзгеруін  армандайсыз «идеалды»деңгейде бағалауға әкелдіру, екеуінде де осы сұрақнама беріледі.

 

Отбасына  бейімделу мен топтасу  шкаласы.Faces-3

Вариант «А»-шынай өміріңізді бағалап  жазуыңызды өтінемін.

Вариант «В»-идеалды өмірін жазуын сұрану.

Аты  жөні______________________________________________________

Жасы__________________________________________________________

Зерттеу уақыты__________________________________________________

 

                     Бекітулер

Ешқа

шанда

сирек

Оқтын-

оқтын

жиі

Барлық

Уақытта

1.Бізде отбасы мүшелері  бір-бірінен көмек сұрай алады.

         

2.Мәселені шешубарысында  балалардың ұсыныстары да ескеріледі.

         

3.Біз достарымыздың отбасы  мүшелерін мақұлдап ,қолдап отырамыз

         

4.Балалар өз еріктерінше  дербес мінез-құлық түрлен таңдай  алады.

         

5.Біз тар шеңберде өз отбасымызбен қарым-қатынасқа түскенді жоғары бағалаймыз

         

6.Бізде кез-келген отбасы  мүшесі көшбасшы бола алады.

         

7.Біздің отбасы мүшелері  өз ортамызға қарағанда, бөгде  адамдармен етене жақын болады .

         

8. Біздің отбасымызда  күнделікті айналысатын тірлік өзгеріп отырады.

         

9.Біз бос уақытымызды  бірге өткізуді ұнатамыз

         

10.Отбасында жаза қолдану  ата-ана мен балалар арасында  бірге талқыланып отырады 

         

11.Отбасы мүшелері бір-біріне  өте жақын екендігін сезінеді.

         

12.Біздің отбасымызда шешімді көбінесе ата –анамыз шығарады.

         

13.Отбасылық мерекелерде  барлығы бірге болып, қатысуға  ат салысады.

         

14.Біздің отбасындағы  ереже өзгеріп отырады.

         

15.Біз отбасында   қалай  бірге отырып, шешім шығаратынымызды  елестету  қиынға түседі

         

16.Отбасында күнделікті  орындалатын жауапты әрекеттер  әрдайым бір-бірімізге ауысып  отыады. 

         

17.Біз шешім шығарарда  бір-бірімізбен ақылдасып, кеңесеміз.

         

18.Отбасында кімнің көшбасшы  екенін айту қиын.

         

19.Бірлік –отбасымыз үшін маңызды

         

20.Отбасы мүшелерінің  үйде  қандай жұмысты атқаратыны  туралы  айту қиын 

         

 

өңдеу және нәтижені көрсеткіштері:

  1. Отбасы құрылымының түрлерін анықтау. Өңдеу барысында жұп және тақ сандар бойынша нәтиже көрсеткіші жеке қосылады. Тақ сандар нәтижесі қосындысы –отбасы топтасуын білдіреді, ал жұп сандар отбасы бейімділігін анықтайды.   Отбасы жүйе түрлерін екі жақтың  топтасу мен бейімделу қосындысын  ала отырып, бағалауды қалыпқа сай көрсеткіштерде берілген(№2-кесте)
  2. Отбасы өміріне қанағаттану деңгейін анықтау. Екі жауаптың реалды және идеалды   бағалау айырмашылығынан байқалады. Қазіргі таңда эмпирикалық нормада  идеалды және идеалды көзқарас арасында көп алшақтық байқалмайды. Жоғары бағалау отбасында  төмен қанағаттану деңгейін білдіреді. Топтасуы мен бейімделу арасында алшақтықтың болуы мүмкін, нәтижесінде отбасы қанағаттану деңгейін бақылаймыз. (кесте№1).Әдістемені кеңінен қолдану мүмкіндігіне , диагностикалық шек шкаласы   Белгілер : х- орта көрсеткіштер

                  Sd- қалыпты ортадан төмен ауытқу

Шкаланы бағалау көрсеткіштері     (кесте№1)

 

Диагностикалық көрсеткіш

№ бекітуі

Шкала

1

Эмоционалды байланыс

1,19,11

Отбасылық

 Топтасу

2

Отбасы шегі

5, 7

 

Шешім шығаруы

17

 

Уақыты

9

 

Достары

3

 

Қызығуы мен дем алуы

13,15

 

Көшбасшылық

6,18

Отбасылық

 Бейімделу.

 

Бақылау

2,12

 

Тәртіп

4,10

 

Ролдер

8,16,20

 

Ереже

14


 

 Зерттеудің нақты көрсеткіш  нәтижесі  дағдарыста жүрген отбасына, болжам жасауға, алдағы жүргізілетін  жұмыстарға бағыт береді және  соған қажетті  деген психологиялық көмек көрсетіледі. Отбасы бұзылысын әдістеме арқылы   анықтау, психологиялық алдын-алу жұмыстарына, тәуекел топтарына психокоррекциялық жұмыстар жоспарлауға мүмкіндік береді. Тәуекел тобын регидті құрылымдағы  жағдайға тез бейімделе алмайтын отбасылар құрайды, отбасы стрестік   деңгейде көрінеді, ол отбасы дамуында ролдері мен міндеттерін орындай алмауға әкеледі.Бұл құрылым дағдарыс кезеңдерінің өтуілуіне, отбасы циклымен дұрыс дамуына кедергі келтіретін болады.

      Бағалау  нормасы және орташа көрсеткіштері: (№2-кесте)

 

Басты көрсеткәштері.

 Жетілген  ерлі-зайыптылар

    Х              sd

Жеткіншектегі

бала бар отбасы

      x             sd      

Жас шаңырақ

көтерген отбасы

     x                 sd         

Топтасу

39,8

5,4  

37,1  

6,1  

  41,6

4,7

Бейімделу

24,1

4,7

24,3

4,8

  26,1

4,2

 

Дәреже

%

Дәреже

%

 

%

 

Т о п т а с у

Бытырау

10-34

16,3

10-31

18,6

10-36

14,9

Бөлектеу

35-40

33,8

32-37

30,3

37-42

37,2

Байланысу

41-45

36,3

38-43

36,4

43-46

34,9

Тұтасу

46-50

13,6

44-50

14,7

47-50

13,0

                                                   Б е й і м д е л у 


Жекелену

10-19

16,3

10-19

15,9

10-21

13,2

Құрылымдық

20-24

38,3

20-24

37,3

22,26

38,8

Икемді

25-28

29,4

25-29

32,9

27-30

32,0

Былыққан

29-50

16,0

30-50

13,9

31-50

16,0


 

6.1.2. «Отбасылық  социограмма»  тесті.

«Отбасылық социограмма» тесті телімелі тесттердің қатарына жатады. Оның авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин болды. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын  - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістеменің мазмұны. Сыналушыларға диаметрі 110 мм. болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау беріледі: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, аттарын жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір – бірімен кеңеспестен орындайды.

Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі:

    1. Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;
    2. Дөңгелектердің көлемі;
    3. Дөңгелектердің орналасу  қатынасы;
    4. Арасындағы қашықтық;

Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушының бейнелеген отбасы мүшелерінің санын шынайы санымен салыстырады. Мүмкін, бұл сыналушының қақтығысты қатынастағы отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде бейнеленеді.

Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнділігін білдіреді.

Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына қатысты және бір – біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді.

Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғарғы аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді.

Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы арақашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. Дөңгелектердің бір-бірімен қиылысуы «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді.

«Отбасылық социограмма» тестін қолдану аз уақытта, «қазір және осы жерде» отбасындағы қарым-қатынас туралы түсініктерді байқауға болады.

Бұл әдістемені жүргізудің әртүрлі нұсқалары бар. Мысалға, И.М. Никольская отбасылық  диагностика барысында  сыналушыға отбасылық социограмманың бірнеше нұсқасын салуды ұсынады:

1. Стандартты социограмма, онда сыналушының өзі және  отбасы мүшелері бейнеленген.

2. нақты отбасы мүшелері  бейнеленбеген немесе отбасына  қатысы жоқ адамдар және объектілердің бейнеленуі көрінген социограммалар.

3. отбасы өмірінің әртүрлі  кезеңдеріне қатысты социограммалар.

Бұл әртүрлі отбасы құрамындағы шынайы қарым – қатынас жүйесінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған социограммаларды салыстыру және біріктіре отырып талдау психолог пен отбасы мүшелеріне мәселені жан – жақтан көруге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде нақты диагноз қоюға және қиын жағдайдан тиімді түрде жол табуға ықпал етеді.

 

 

6.1.3.Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»

Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.

Бұл телімелі тесті қолданған кезде ескеру қажет: әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді.

Телімелі тест 2 бөліктен тұрады: отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тесті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш таратылуы қажет.

Отбасы кинетикалық суретінің симптомокомплексы

 

Симптомокомплекс

Симптом

Бал

1. Қолайлы отбасылық жағдай

1. Отбасы мүшелерінің  жалпы іс-әрекеттері

2. Суретте балалардың  көптігі

3. Отбасы мүшелерінің  барлығының бейнеленуі

4. Бөлектенген отбасы  мүшесінің болмауы

5. Штрихтардың болмауы

6. Сызықтың жақсы сапасы

7. Дұшпандылық көрсеткіштерінің  болмауы

8. Парақта адамдардың  теңбе-тең қойылуы

9. Басқа да мүмкін болатын  белгілер

0,2

0,1

 

0,2

0,2

0,1

0,1

 

0,2

0,1

-

2. Үрей

1. Штрихтау

2. Негізгі сызық – еден

3. Сурет үстінде сызық  болуы

4.Сызықтың қатты сызылуы

5. Өшірілуі

6. Бөлшектерге назардың  көп бөлінуі

7. Заттардың көп болуы

8. Екулік және үзілмелі  сызықтар

9. Бөлек заттардың астын  сызуы

10. Басқа да мүмкін болатын  белгілер

0,1; 2,3

0,1

0,1

0,1

0,1;  2

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

3. Жанжалдық

1. Тұлғалар арасындағы тосқауыл

2. Жеке тұлғаларды өшіру

3. Кейбір денелерде негізгі  мүшелерінің болмауы

4. Жеке тұлғаларды бөлу

5. Жеке тұлғаларды оқшалау

6. Жеке тұлғалардың қолайсыз  үлкендігі

7.Суреттік вербалды сейкессіз  бейнесі

8. Заттардың көптігі

9. Отбасы мүшелерінің кейбіреулерінің жоқтығы

10. Арқасымен тұрған отбасы  мүшесі

11. Басқа да мүмкін болатын  белгілер

0,2

0,1;  2

 

0,2

0,2

0,2

0,2

0,1

0,1

 

0,2

0,1

-

4. Өзін толықтырылмаған  сезіну

1. Сурет авторы басқаларға  қарағанда өте кішкентай

2. Денелердің парақтың төменгі жағында орналасуы

3. Сызық әлсіз, үзілмелі

4. Өзін басқалардан бөлек  салу

5. Тұлғалардың кіші болғаны

6. Басқа тұлғаларға қарағанда  өзін әрекетсіз етіп салу

7. Өзінің жоқтығы

8. Өзі артқа қарап отырғанын  салу

9. Басқа да мүмкін болатын  белгілер

 

0,2

 

0,2

0,1

0,1

0,1

 

0,1

0,2

0,1

-

5. Отбасылық жағдайда  дұшпандылығы

1. Бір тұлға басқа парақта  немесе парақтың екінші жағында

2. Тұлғаның басқыншылық  қалыпы

3. Сызылып тасталынған  тұлға

4. Түрі өзгерген тұлға

5. Теріс профилі

6. Қолдары екі жақта  орналасқан

7. Саусақтары ұзын, сызылған

8. Басқа да мүмкін болатын  белгілер

 

0,2

0,1

0,2

0,2

0,1

0,1

0,1

-

Информация о работе Отбасы татулығы бағдарламасы