Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2015 в 23:53, курсовая работа
Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.
Енгізілген материалдар арнайы отбасымен жұмыс жасайтын мамандар үшін баға жетпес көмек болуы мүмкін: отбасы жүйесіне түсінік, отбасында әлеуметтік-психологиялық зерттеуді әдістемелік негізде жүргізу, отбасы татулығын сақтау әдістері, отбасымен жұмыс жасайтын кәсіби мамандар біліктілігіне ақпарат, ата-ана және бала, жалпы отбасымен жұмыс жасау ерекшеліктері қарастырылған .
1. Кіріспе…………………………………………………………………………….
2. Отбасы татулығы бағдарламасы ……………………………………
2.1 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері………………………………………
2.2. «Отбасы татулығы» бағдарламасының негізгі бағыттары…………
2.3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі………………………..
Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама………………………….
3.1. Мақсаттары және міндеттері……………………………………………………
3.2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары...............................................
4. Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны.................
4.1. «Баланың жеке басын дамыту мектебі»........................................................
4.1.1.«Баланың жеке басын дамыту мектебінің» мақсаттары мен міндеттері.......
4.1.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары..........................................................
4.2. «Ата-ана мектебі».................................................................................................
4.2.1. «Ата-ана мектебінің» мақсаттары мен міндеттері..........................................
4.2.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары............................................................
5. Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
5.1. Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы............................................................
5.2. Отбасы дағдарыстары...........................................................................................
5.2.1.Отбасындағы қалыпты дағдарыстар...............................................................
5.2.2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар......................................................
5.3. Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері................
6.Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің әдістемелік негізі............... 6.1. Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері................................ 6.1.1. «Отбасына бейімделу және топтасу шкаласы» сауалнамасы........................
6.1.2. «Отбасы социограммасы» тесті.........................................................................
6.1.3. Телімелі суретті тест «Отбасы кинестетикалық суреті».................................
6.2. Балаға әлеуметтік –психологиялық зерттеу жүргізу негізі..............................
6.2.1. «Көркем сурет» әдістемесі.................................................................................
6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі..........................................
6.2.3.Баланың жеке қасиеттеріне сауалнама (Холл және Хальберштат).................
6.2.4. Айзенк сауалнамасы ( жеткіншек 12-17 жас)..................................................
6.2.5. «Адам суреті» тесті.............................................................................................
6.2.6. «Балалар арасындағы бақталастықты анықтау шкаласы» сауалнамасы......
6.2.7. Жеке тұлғалық агрессия деңгейін анықтау......................................................
6.3. Ата-аналарға психологиялық зерттеу жүргізу негізі........................................
6.3.1.ОТТ сауалнамасы (отбасы тәрбиесін талдау) Э.Г.Эйдемиллер.....................
6.3.2. ОТТ ата-аналарға арналған сауалнама .............................................................
6.3.3.Ата-ананың балаға қатынасына сауалнама- тесті.............................................
6.3.4.Ата-ана қабілетін бағалау ...................................................................................
6.3.5. « Бала тәрбиесі типтері»ата-аналарға арналған сауалнама.............................
6.4.Ерлі-зайыптылар қатынасын диагностикалау.....................................................
6.4.1. ТЭБ сауалнамасы (түсіністік, эмоцоналдылық, беделдік)..............................
7. Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері...............................................
7.1.Отбасы психотерапиясы .......................................................................................
7.2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары.......................................
7.2. 1. Пало Алто мектебі....................................................................................
7.2.2. Жүйелі отбасы психотерапиясы.................................................................
7.2.3.Стратегиялық отбасы психотерапиясы ............................................................
7.2.4.Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы..........................................................
7.2.5.Коммуникативті отбасы терапиясы...........................................................
7.2.6. Ерлі-зайыптылық психотерапиясы......................................................
7.2.7.Отбасылық кеңес беру......................................................................................
7.3. Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция...............................................
7.4.Отбасы психотерапиясының әдістемелері...........................................................
7.5. Отбасымен жұмыс. Мақсат пен міндеттер қою..............................
7.6.Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері.... ..............................................................
7.6.1Отбасымен жұмыс жүргізуді бастау................................................................
7.6.2.Алғашқы сұхбатты жүргізу.................................................................
7.6.3. Отбасымен жүргізілетін орта кезеңдік жұмыстар.........................................
7.6.4.Отбасымен орта кезеңдік жұмыста, қолданылатын тәжірибелік жұмыс ұстанымдары.................................................................................................................
7.6.5. Отбасымен жүргізілетін қорытынды кезеңдегі жұмыстар............................
7.7 Отбасы терапиясының техникалары....................................................................
8. Отбасымен жұмыс жүргізетін мамандардың кәсіби хабардарлығы
8.1.Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі.........................................
8.2.Отбасымен жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары...............................
8.2.1.Коммуникативті біліктілік...................................................................................
8.2.2.Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары.............................................
8.2.3.Вербалды қарым-қатынас....................................................................................
8.2.4.Отбасылық кеңес беруде қолданылатын сұрақтың түрлері............................
8.5.5. Белсенді тыңдау техникалары............................................................................
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
● Мектепке бейімделу.
● Тұлға ерекшеліктерін психологиялық диагностика мен коррекция.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция.
● Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу.
● Тұлғалық аймаққа психологиялық диагностика мен коррекция.
● Танымдық қабілеттерді дамыту.
6. «Өмір атты мемлекетке саяхат» - 3,5-4,5 жастағы балаларға арналған. Бағдарлама негізі:
● Қарым-қатынас дағдылардың қалыптасуы және дамуы.
● Тұлға ерекшеліктерін психологиялық диагностика және коррекция.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция.
● жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу.
● Еркін іс-әрекетінің қалыптасуы, шығармашылық қиялды дамыту.
● Адамгершілік түсінігінің қалыптасуы.
● Баланың қоршаған ортасы туралы білімін кеңейту,
● Мінез - құлықтың жағымсыз жақтарына коррекция.
● Психо – эмоционалдық қысым мен агрессивтілікті түсіру.
7. «Балалар әлеміне үңілу» – 5-11 жастағы балалардың ата-аналарына арналған тренинг.
Психологиялық тренингтегі ата-ана мен баланың өзара іс-әрекеті, әдеттегі тиімсіз механизмдерді өзгертуге көмектеседі:
● Отбасы және жас ерекшелік дағдарысына психологиялық профилактика мен психотерапия жүргізу.
● Түсініспеушілік, өкпелегіштік, агрессивтілік, еркелік.
● Балалардың бірбеткейлігі, шапшаңдылығы.
Біріккен сабақтар бала мен ата-аналарға бірін-бірі жақсырақ түсінуін қамтамасыз етеді.
4.2. «Ата - аналар мектебі»
2005 жылы Қазақстан психологтар
Ұлттық Ассоциясының
2006 жылы аталған жобаларды
жүзеге асыру нәтижесінде О.Қ
облысында отбасын қолдау
2007 жылы Тәжірибелік психология
және психотерапия Еуразиялық
Институтының және Қазақ
«Ата-аналар мектебі» құрылды, оның негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің бір- бірімен өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ететін ата-аналық және ерлі зайыптылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Ата-аналар және ерлі-зайыптылар қатынасының нәтижелігіне тренингтер жүргізіледі. Сондай-ақ, балалармен біріккен жеке сабақтар жүргізіледі, ол отбасында бала мен ата-ана өзара қарым-қатынас тиімділігі артады.
Бағдарлама: арт-терапия, нейролингвистикалық бағдарлама, психодрама, қимыл- қозғалыс психотерапиясы, денеге жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт терапияның тәсілдерін қолдануға негізделген.
4.2.1. «Ата-ана мектебінің» мақсаттары мен міндеттері
«Ата-аналар мектебі» өз отбасында бақытты, жақын адамдармен мәнді өмір сүргісі келгендер, ата-ана мен бала қатынасын және ерлі-зайыптылар қатынасын жетілдіру, қоршаған орта тітіркендіргіштеріне байсалды жауап беруді меңгергісі келгендер мен отбасы өзара қарым-қатынасына арналады.
Бағдарлама қатысушыларға (ата-ана баласын, жұбайын) өзін дұрыс түсінуді меңгертеді. Ата-ана баласының ашулану себебін, жұбайының ренішін түсіне бастайды.
Негізгі міндеттер:
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция
● Тұлға ерекшеліктері мәселелеріне психологиялық коррекция (агрессивті, мінез-құлық, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.»
● Ата-аналық қабілеттерін дамыту.
● Ерлі- зайыптылардың қабілеттерін дамыту.
● Тұлғаның жекелік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып табысты ата-ана моделін қалыптастыру.
● Отбасылық дағдарыс психотерапиясы.
● Отбасылық дағдарыстың алдын-алу.
● Жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы.
● Жас ерекшелік дағдарысын алдын-алу.
● Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
● Қақтығыс жағдайында тиімді іс-әрекет дағдыларын дамыту.
● Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сенімділік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
● Үлгідегі іс-әрекет мазмұны.
● Қақтығыс жағдайының алдын-ала білу дағдыларын дамыту.
4.2.2. «Ата-аналар мектебі»
іс-әрекетінің мазмұны мен
Бағдарламада төмендегідей мәтіндік бөлімдер болуы қажет.
● Мен қандай ата-анамын?
● Ата-ана қабілетін өзіндік тану.
● Үлгілі ата-ана бейнесін түзу
●Ата-ана мәнділігін арттыру.
● Балалармен өзара тиімді қарым-қатынас.
● Мазасыз балалармен өзара әрекеттесу дағдылары.
● Аса белсенді және агрессивті балалармен өзара әрекеттесу дағдылары.
● Ауытқуы бар бала мен өзара әрекеттесу.
● «Менің ата-аналық стилім»
● «Жаратушы» болу қиын
● «Бірге ойнаймыз»
● «Менің отбасымның отбасы»
● Ерлі-зайыптылар қатынасының тиімділік дағдысын дамыту
● «Отбасы тарихы»
● Отбасы дағдарысына түсінік
● Отбасы дағдарысына психотерапия
5. Бала мен ата-ана қарым-қатынасы тренингі.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және корекция .
● Баланың базалық қажеттіліктері.
● Бала мен ата-ана қатынасына психотерапия.
● Отбасы тарихына диагностика
● Отбасы тарихына психокоррекция.
● «Кіршіксіз отбасы» үлгісін құру.
Сабақ тұрақты сипатқа ие. Кездесу топтары аптасына 2 рет кешкі уақытта жүргізіледі.
5. Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
5.1. Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы
Құрылымы. Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы –баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.Отбасының түрлі жүйеді және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері
( менять слова внутри круга ) 1шеңбер.центр- - «мен» немесе индивид
2- шеңбер: ері-әйелі жүйе бөліктері.
Ата-ана-бала жүйе бөліктері:нуклеарлы отбасы; сиблинг жүйе бөліктері.
3-шеңбер;аға-әпкелері; апа-аталары; екі ата-анасы бар кеңейтілген отбасы; немере аға- әпкесі;
4-шеңбер: денсаулық сақтау жүйесі; әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі; демалулар мен көңіл көтерулер; жұмыс; тәртіп және құқық сақтау жүйесі; діни жүйе; әскери жүйе,көршілер;білім беру жүйесі;саяси жүйе.
Қызметтер. Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметі
негізі екі тұрғыда
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда
отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта
қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық
қызмет ең негізгі болып
Баланың ата
– ана және құрбыларымен қарым
– қатынаста болуы әлеуметпен
кездесуге дайындық болып
Даму. Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету –отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, 15 жасар жеткіншек қыз перзентті болды деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік сана қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай – ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы тәуелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп – бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.
Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.
Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.