Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың нысаны. Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағы әлеуметтік сарын.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:
Оралхан Бөкей шығармашылығына, өмір жолына толықтай шолу жасау;
Автор шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсету;
Әңгімелердегі әлеуметтік сарынды көркем мысалдар арқылы дәлелдеу;

Содержание

І. КІРІСПЕ..............................................................................................3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы ................................................4
2.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын .................................................15


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................32

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оралхан Курсовая.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

Жалған, опасыз дүниенің дананың да, баланың да, ананың да басында мәңгі тұрмас өткінші  екендігін: «Білем, жер-көкті шарлаған Асан қайғы да ажалдан қашып құтыла алмаған; білем, мың жасаған Лұқпан Хакім де өлмеудің, өлтірмеудің амалын таба алмаған; адамзат – өлу үшін туарын... бәр-бәрін білем»- деген сөздері арқылы біздерге мынау дүни-жалғанның жалғандығын тағы бір есімізге салғандай болады.

«...апам сынды адамдарды  жер басып жүрген кезінде неге ардақтамадық, неге бағаламадық. Хан  көтеріп пір тұтудың орнына, шікірейіп  жүріп өлтіріп алдық; егер олар ортамызда  жүрген шағында ардақтап әр сөз, әр ісін жоқ дегенде үйреніп үлгерсек – өлмегені ғой, өлтірмегеніміз ғой, ал біз тірі кезінде – ақ өлтіріп аламыз... Қазір апам жоқ!     Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған жыртық астау да қалды әне... қаңсып итаяқ болып қалды әне... Апам ала кеткен жоқ»-, неткен жаныңды жылатарлық, ой-санаңды езіп, қателігіңді еске түсірер ой жатыр осы бір сөздерде. Әрине, түсіне білсек....! [14, 32-б.].

Жазушы ой-астары жақсымызды өлгеннен соң ғана мадақтап, еске алып ұлар шу боларымызды, шам алып қуған қу дүниенің өзіңмен бірге көрге кірмесін меңзеп, жеткізбекке бекінген.

Мынау бірде күн нұрындай жылы да мейірімді, мерейлі, кейде тас түнек қараңғылықтай көр соқыр қорқынышты тіршіліктің шамы бір күндері өшерін, өзге қаламгерлердей емес санаңа сіңдіріп, сұрақ қоя суреттеп жеткізу Оралханның ғана қолынан келер шеберлік екенін осы сәтте тағы бір бағамдаймыз.

«...апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау»,-дейді тағы бірде. Шынымен, бұл айтылғанның бәрі осы тіршілік базарының тарқарын, қызыл көзді дүниенің артта қаларын, мәңгілік тек уақыт пен Жаратқан иеміз екндігін айғақтайды. Мейлі шіреніп, адам танымаған бастық бол, мейлі бар өміріңді еңбекке арнап адал наныңның соңыңда жүріп өл, әйтеуір, қу дүниеннің бес тиындық екенін зерделеп, ұғына түсінеміз; айтылғандардың барлығы шындық екендігін мойындамасқа, автормен келіскеннен басқа лажың жоқ. Бұл Оралханның жазу мәнерінің құдіреттілігі деп түсінеміз!

Жазушының жоғарыдағы аталған  әңгімелерінен басқа, айтары тіптен ерекше, тілі қарапайм да қарама-қайшылыққа толы «Ауыл хикаялары» топтамасы  – оқиғаларының қызықтығы өз алдында, адамның кескін-келбетін, мінез-құлқын, іс-әрекетін суреттейтін тамаша  танымдық қасиетімен дараланатын әңгімелер. Сол әңгімелерінде суреттелетін тұлғалары ерек, бейнелері бөлекше ауыл адамдарының басынан кешкендерін оқыған кезде қазақ ауылы, өзімізге етене таныс бейнелерді көреміз. Бұл әңгіме, хикаяттардан кең тыныс, еркін көсілісті сезесің. Жазушы кейіпкерлерінің қазақ қалпын, мінезін баса көрсету арқылы көкейімізге қонымды, жанымызға жақын адамдармен қауыштырады.

Сонымен қатар шағын  әңгіме-хикаяттары арқылы, ондағы кейіпкерлері арқасында заман көрісін, әлеуметтік шындықты көрсете жазады.

«Көк тайынша» әңгімесіндегі  «көрші ауылда оныншы класта оқитын қыз  баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін сөз арасында айтыпты,- деген жолдар бар. [14, 3-б.].

Бұдан нені түсінеміз? болжап қарасақ, билік басындағылардың ауыз жаластығын, төбе жағыңда қолдаушың мықты болса қандай істі болсаңда аман қалатыныңды, әрқашан төмендегілер, момындар жеңілетін өмір заңын, заманның кері кеткен суретін астарлайтын сарын жатыр.  Ал «Бес тиындағы» ісіне адал, ешбір жанның ала жібін аттап көрмеген, өз жөнін, өз жолын ғана білетін, ешкімде жұмысы жоқ Зәкеңнің ауыл адамдарына жақпауы не себепті? Өмірдегі тепе-теңдікті тіпті шахмат ойынында да қалайтын, адал да әділ, сәби көңілді Зәкеңе дүйім жұрт неге қарсы? Оның адалдығымен қанағатшылдығына басқа көзбен қарауы қалай? Екі ай бұрын еденнің тақтайына түсіп кетіп, ұмытылып алынбай қалған бес тиынды облыстан келген тексеру бастығының «іздеме» дегеніне қарамай жаны шыға іздеуі, сонан соң сол бес тиынды тауып алғанда балаша қуанған пошта бастығы Зәкеңді ауылдастары неге мұз үстіне отырғызуға әлек. Облыс тексерісінен аман өткен оны ауылдастары «Болмады», - деген есік-терезеден сығалаған адамдар, – араға ай салып барып, арызды қайта жазу керек... Әттең, осы қызыл көз пәледен құтылса, соңғы бес-алты жылда безеріп тұратын аспаннан ағыл-тегіл жаңбыр жауатын секілді... Құрғақшылықтан құтылып, айран-асыр байлыққа кенелетін секілді. Қырсыққанда Зәкең күн өткен сайын мығым әрі сақ; ал Алтайдың аспаны болса, жарықтық суалып-ақ тұр. Ауданнан, сонау облыстан тексеру келген сайын, ауылда сыпсың-сыпсың өсек тарайды. «Дәл осы жолы сайтан болып кетсе де мұрттай ұшар» деген желекті үміттің жетегінде желдей есер еді. Амал не, ертеңінде де бір дорба кілтін сылдырлатып, почтаға қарай асықпай аяңдап бара жатқан Зәкеңді тағы көріп, маңдайлары тасқа соғылар еді. Елуге келген жасына дейінгі тірі жанның ала жібін аттамаса да көзге шыққан сүйелдей бүкіл ауыл адамдарының өлердей өштесетіні мүлдем түсініксіз. Бәлкім, адал болған соң суқандары сүймес, әлде мінезінен бе екен....» [14, 17-б.].

Сөйтсек, бұл арқылы Алтай  Мұзбалағы адамдарарасындағы көрсеқызарлықты, я жақсылық не жамандықтың жақпайтын  түсініксіз мінезін көрсеткісі келген ғой. Жазушының арманы:

«Жұмыр жердің бетін  төрт миллиардтан астам адамның аяғы таптап, дүниені өз айқайларымен күңірентіп жүр. Егер Құдайдың құдіретімен сол өлілер қайтып оралса, бұл жалғаннан үн-түнсіз жым-жырт өтуді тірілерге үйретер ме еді...

Бір-біріне қатты сөз  айтпай, бірінің тыныштығын екіншісі бұзбай, жылқының жусағанындай, бейбіт те берекелі өмір орнатар ма еді, қайтер еді, егер әруақтар зәуде қайтып оралса... (шіркін-ай, қайтіп оралса). Дүниедегі сансыз сұмдықтардың бет пердесі ашылып, біздер ұяттың отына өртеніп кетер едік ау... . [15, 186-б.].

Міне осы жолдар арқылы Оралханның жер бетіндегі адамдардан ең бастысы бірін-бірі сыйлар татулық пен береке-бірлікті аңсайтындығын аңғарамыз. Бей-берекетсіз, жөнді-жөнсіз аузымызға келгенді былшылдатып, кінәсізді жамандап, сыртынан ғайбаттап нағыз қаскүнем, қарақшыны мақтап, өзіңінен жоғарырақта отырғанға қалай жағам деп маңайыңдағылармен алысып-жұлысып өткінші өмірдің алдамшы қызығымен әуреге түсіп, досыңмен жаға жыртысып, кеңіректесіп жататындығымыз рас. Автор жоғарыды «Құдайдың құдіретімен сол өлілер қайтып оралса... бір-біріне қатты сөз айтпай... бейбіт берекелі өмір орнатар ма еді...? деп қоғамдағы татулықпен сыйластықтың қаншалықты қымбат екендігін аңғартқысы келеді. «Бес тиын» әңгімесіндегі кейіпкерлердің өмірі шындап келген де осы күнгі қоғамның бет пердесі еместігіне кім қарсы шыға алады?

 Әңгіме соңында:  «Өйтпесек, қазақ боламыз ба?... Зәкең айтты: «Маған қателесуге  болмайды, өйткені он бір балам  бар», - деп аяқтауының өзі-ақ адал  болсаңда пендеге ешқашан жақпайтын  өмір шындығымен, балалары үшін  біреудің бір тиынын жемеген әкенің, ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың, мейрімділік пен жауыздықтың мәңгі күресінен сыр шертіп тұр емес пе?

Оралхан Бөкейдің осынау әңгіме-хикаятарындағы қарапайым кейіпкерлері, қарапайым адамдары адамзаттық күрделі  мәселелерін, дүниеауи тақырыптарды қозғайды. Ауыл адамдарының ауыр тірлігінің дара сипатты көріністеріне тұнып тұрған шығармалар. «Көк тайынша», «200 грамм энергия», «Тоқадан қалған тұяқ», «Апамның астауы», «Құмар қол бұлғапты», «Бес тиын», «Күлпаштың ұршығы», «Құлашаның шоты еді», «Тортай мінген ақ боз ат» өзге де ауыл әңгімелері қазақ тірлігінің қайталанбас суретін, тіршілігінен мағұлмат беретін , қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін бедерлеп қағаз бетіне түсірген мәні жоғалмас, мазмұны ұмытылмас, уақыт өткен сайын оқырман жанына ыстық тартар, шағын қорғасындай шымыр құймалар. Әрі соның бәрінде Оралханның өз қолтаңбасы айна қатесіз атойлап тұрады. «Дегенмен, деп ойлаймын мен, Құмар суға кетерде неге қолын бұлғады екен?!» -дейді. [8, 96-б.].

Жазушы өзінің «Құмар қол бұлғапты» хикаятының соңында. Қаламгер жұмбағы...! Осы жұмбақ Оралхан әңгімелерін оқып болған соң әрқайсымыздың санамызда қалып қояры шындық. Неге? Себебі, бұлда болса жазушының өз қолтаңбасын екендігін айғақтайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Сөз өнері  – дертпен тең»  деген ұғымға ден қойсақ, сол қиындықты  өнер адамының  қайсысы болса, бастан  кешіруге  даяр  тұруы шарт. Әрине, тума талант болмаса, құр азаптану ештеңе бермес.  Өйткені оны шегіне жеткізу үшін, талай тезден өткізу қажет. Мұның төркіні – нағыз  шебердің  өз ісіне  деген жауапкершілігі. Шығармасын ұқсату, шын көркемдік дәрежеге көтеруге ұмтылу – Оралхан Бөкей жауапкершілігінің бір жағы болса,  екінші жағы әдебиетке, көркемөнерге жанашырлықпен қарау еді.  Мүмкіндігінше оған үлес  қосу,  молайту, байыту болатын. 

  Қорыта  келгенде, автор әңгімелері  –  қазақ әдебиетін байытқан,  үлкен  белеңге көтерген  жанр екенін  тағы бір мәрте  айтуымыз  қажет. 

Курстық  жұмыста:

– жазушы көзқарасы мен қолтаңбасы, ізденіс мұраттары, сөз саптаудағы   өзіндік өзгешеліктер, ой-сөз жүйесі зерделенді;

–  Әңгімелердегі  авторлық қолданыс біршама талданды;

– ұлттық прозадағы дәстүр мен сабақтастық мәселесі, жанрлық-идеялық ізденістер, көркемдік-эстетикалық құндылықтар, қаламгерлік ерекшелік пен шеберлік сырлары жан-жақты ашылды;

Заман сырын айнадай анық түсінген қаламгер шығармалары ел жайлы, ауыл жайлы терең толғанады, оның қарапайым кейіпкерлері, қарапайым ауыл адамдары адамзаттық күрделі тынысы кең мәселелерді қозғайтындығы шындық. Жазушы әңгіме жанры арқылы қара сөзден түйдек-түйдек поэзия жасап, ел келбетін, ауыл бейнесін, заман суретін тең келмес хас шеберлікпен суреттей білді. Теңіз суының дәмі тамшысынан білінеді дегендей, аз сөзбен мол мағына, терең толғаным бере алатын «әңгімелерін» оқу арқылы Оралхан тек қана үлкен парасатпен айтатын сирек суреткер екенін ұғынамыз. Көрнекті суреткер шығармаларының жаратылысы мен сымбаты мейлінше бөлек, ұлттық ой-сезімі, рухы мейлінше шынайы, мейлінше кесек. Қысқасы, бір сөзбен түйіп айтқанда Оралхан Бөкей өлмейтін ой, сөнбейтін сезім, тәңірлік тылсым тіл дарыған, тағдыры тұңғиық, терең тамырлы сөз иесі!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

  1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Аламаты: Санат, 2003. – 528 б.
  2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна.            2005 – 576 б.
  3. Қасқабасов. С. Қазақ халқының прозасы. – Алматы:Ғылым, 1984 – 272 – б.
  4. Әңгіме жанры туралы. – Алматы: Санат, 1999. – 63-б.
  5. Әлем философиясы. – Алматы: Жазушы, 2001. – 170-б.
  6. Бөкей. О. Екі томдық шығармалар. 1 том. Повестер. – Алматы: Жазушы, 1994. – 496-б.
  7. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы: Жазушы, 1976. –152 б
  8. Бөкей Оралхан. Кербұғы. Әңгімелер мен повесть. – Алматы: Атамұра, 2003. – 204-б.
  9. Б. Оралхан. Мұзтау. Повесть, эссе, новеллалар. – Алматы: Жалын, 1975. – 256 б
  10. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993. –90 б
  11. Піралиева. Г. Қазақ прозасындағы психологизм мәселелері. Автореферат. – Алматы, 2004. – 13-б.
  12. Мағауин. М. Байділдаев. М. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 384-б.
  13. Ысмайлов Е. Сын және шығарма,– Алматы; жазушы, 1977.– 191-б.
  14. О. Бөкей. Тоқандан қалған тұяқ. – Астана: Таным,2003. – 80-б.
  15. Бөкей. О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 2 том. Алматы: Жазушы, 1996 – 496-б.
  16. Кенжебаев. Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін. – Алматы: Жазушы, 2004 – 344-б.
  17. З. Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Жазушы, 2000. – 45-б.
  18. Жұмалиев. Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы: Жазушы, 1966. – 250-б.
  19. Көзбеков Өскенбай. О. Бөкей прозасының поэтикасы. – Алматы, 1999. – 61-б.
  20. Халикова. Н. Автореферат. – Алматы, 2000 – 16-б.
  21. Жақсылықбаева. Р. Оралхан шығармаларының көркемдік деңгейі. – Алматы, – 2003. – 45-б.
  22. Мұртаза Ш. Ақындар мен әкімдер. –Астана: Елорда, 2002 – 808-б.
  23. Мәмесейіт. Т. Дидар. Әдеби сын. – Астана: Елорда, 2005 – 344-б.
  24. Жұмалиев Қ. Әдебиет теорясы. – Алматы: Мектеп, 1969. –107 б.
  25. Нұрғалиев Р. Телағыс, әдеби дәстүр мен әдеби даму монография/ жазушы, 1986. – Алматы – 87-б.
  26. Кәкішев Т. Сын сарап. – Алматы: Жазушы, 1974. – 128-б.
  27. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. – Алматы, 2003. – 117-б.
  28. Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. – Алматы: қазақ университеті, 2001. – 201 б.
  29. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы мен көркемдік шешім. – Алматы: ғылым, 1991. –183-б.
  30. Ө. Әбдиманұлы. XX-ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: қаз университеті, 2002. –230-б.
  31. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. /әдеби сын мақалалар/. – Алматы: Жазушы, 1989. –118-б.
  32. Қ Әбдезұлы. Тарихи тұлға және қазақ әдебиеті. – Алматы: Қаз университеті, 2002. –241-б.
  33. Нұрпейсова А. Қазақ прозасындағы дәстүрлі мәдениет үлгілерінің бейнеленуі. Фил.ғыл.кан. дис. – Алматы, 2006. – 148-б.
  34. Халикова Н. Қазақ прозасындағы кейіпкер даралығы және көркемдік шешім. Фил.ғыл. кан. Дис. – Алматы, 2006. –109-б.
  35. Жанұзақова Қ. Оралхан прозасындағы романтизм. Фил. ғыл. кан. Дис. – Алматы, 1999. –86-б
  36. Жақсылықбаева Р. Оралхан Бөкей шығармашылығының көркемдік деңгейі. Жақсылықбаева публистикалық шығармашылық шеберханасы: – Алматы, 2009. – 231-б.
  37. Соғыспайқызы А. Оралхан әңгімелеріндегі мәтін түзім сипаттары.– Алматы: ҚазҰУ хабаршы. 2006. – 147-б.
  38. Байтілеуова Г. А. О. Бөкейдің романдары туралы. – Алматы: ҚазҰУ хабаршы. 2006. – 123-б.
  39. Бердібаев Р. Замана сазы. (зерттеу мен мақалалар). –А лматы: Жазушы, 1985.– 46-б.
  40. Байқонақтегі Р. Оралхан сүйген табиғат // Экологиялық жаршы. 2003 – қазан - №10, 5 – 6 бет.
  41. Ахметжан Т. Жазушылық дегеніміз шындыққа жүгіну //Қазақ әдебиеті. 1997. – 20 мамыр.- 4 бет
  42. Жәлелова Т. Табиғат пен адамды үндестіру // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1996 №11 – 12.-85-89 бет
  43. Ахметжан Т. Оралханды ойлағанда //Қазақ әдебиеті. 2004.-14 қыркүйек.-96 бет
  44. Сматаев С.Таңдайынан еліне бал тамызып // Жас алаш – 2003.-7 қазан.-32 бет.
  45. Нысаналин А. Оралханның оралуы //Қазақстан. - 2003. №9-10.-13,14 бет.
  46. Ахметбекұлы К. Алтайдан айналып ұшқан ақиық //Жас алаш. 2003.-2 қазан.3-бет
  47. Жақсыбаев А. Оралханды ойласам //Ұлан. - 2003.-30 қыркүйек
  48. Кемелбаева А. Оралхан Бөкей әңгіме жанрында //Қазақ әдебиеті. - 2003 -15 тамыз
  49. Берікболова М. Оралхан мектебі төбесінен су ағып тұр //Айқын. - 2009 – 19 мамыр.
  50. Мұқанжанова Ғ. О.Бөкей рухына арнау «Аттай» //Қазақ әдебиеті орыс мектебінде. - 2002.№4 – 73 – 74 бет
  51. Ерман Ж. О.Бөкей және опасыз жалған //Жас қазақ. - 2008.-29 ақпан
  52. Омарова Д. Халықтық тіл мен әдеби байланысы //Қазақ әдебиеті орыс мектептерінде. - 2009 -№12, 18-25 бет
  53. Майбас Т. Айбөкен (О.Бөкей рухына) //Түркістан. - 2010. 11 қараша
  54. Егеубай А. Мұзбалақ //Жұлдыз. 2003 – жетоқсан №12, 106 – 112 бет
  55. Елубай О.  Мұзтаудың Мұзбалағы : Оралхан Бөкейдің  60 жылдық  мерейтойы туған елінде дүркіреп өтті //Егемен Қазақстан.-2003.-11 қазан
  56. Құрманғали Қ.  Жадымдасың жан досым: Оралхан Бөкей туралы//Ана тілі.-2003.-9-қазан. 8 бет.
  57. М.Әуезов Шығармалары, Алматы 1969 XII-том
  58. Әуезов  М.   Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.–78 б.
  59. Мұқанов С. Халық мұрасы, –Алматы: жазушы, 2005. –132 б.
  60. Мәмесейіт Т. Дидар. Әдеби сын. Астана: Елорда, 2005. – 344 б.

 

 

 


Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын