Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың нысаны. Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағы әлеуметтік сарын.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:
Оралхан Бөкей шығармашылығына, өмір жолына толықтай шолу жасау;
Автор шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсету;
Әңгімелердегі әлеуметтік сарынды көркем мысалдар арқылы дәлелдеу;

Содержание

І. КІРІСПЕ..............................................................................................3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы ................................................4
2.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын .................................................15


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................32

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оралхан Курсовая.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

Осындай жағдайда ғана кейіпкер әрекетінің шындығына көз жеткізіп, күдіксіз көңілмен қабылдайсың, көкейге  қонымдылығына шүбәсіз сенесің. ”Кез келген жазушы психолог бола білу керек.Ол кейіпкерлердің типтік қарекетін суреттеп қана қоймай,сол қарекеттердің бұлтартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн.“ [10, 52-б.]. Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі. Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады: біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1, 14-б.]. Адам жанындағы тұңғиық та тылсым сырлардың қайнар көзі- жүрек қазынасының әдебиетте рухани зерттеліп бітуі мүмкін емес. Ең алдымен жазушы талантына деген халық құрметі болса,сонымен бірге қаламгердің де сол халық Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе,бірде асқақтыққа,өршілдікке тартып,толғау-толғаныстары кең тынысты,өзгеше үнді болып шығатындығы түсінікті.

Проза тек әсемдікті  ғана емес, шын мәнінднгі суреткерлік  сұлулық-байлығымен де, елдік ірі ұғымдарды, философиялық ой-толғам тереңдігі де мейлінше салмақты, толымды, салиқалы түрде елдің, сол дәуірдің бет-бейнесін суреттеуі керек. Осы тұрғыдан келсек, Оралханнның «Айпара ана» әңгімесі аталған талаптарға сай жазылған айтары мол, артқан жүгі ауыр туынды.

Ақ сәукелелі әйел – Айпара ана жұмбақ, айтар сөзі шешен, ділмар, діндар, бір ауыл-аймақты  аузына қарата білетін аузы дуалы  кейіпкер. Оның әр сөзінде терең  философиялық сарын, ой-толғам, тұңғиық  жатыр.

  • Олжай-ерім айтып отырушы еді: жер өртенсе сумен сөндірер едің, егер су жанса, немен сөндірер едің, егер жер мен ел өртенсе немен сөндірер едің», - дген сөздері осы сөзімнің дәлелі емес пе?  Осынау жолдарды оқи отырып ойланып қаларыңыз шындық емес пе? Тағы бір ретте Айпара ана:
  • Олжай-ерім айтып отырушы еді: «тілге шебер, іске олақ елміз ғой. Түбі бізге сүйексіз тілден гөрі, ырзықты іс керек-ау. Қымыз ішіп қыз аңдығаннан миды шаршатар ой қуған жөн еді»,-дейді. [8, 43-б.].

Осынау жолдар арқылы Оралхан қазақ еліне, қазақ жұртына  ең бастысы не керектігін айтып жеткізгендей. Елдің елдігімен, татулығын, шаңырағының шайқайлмай, қазақтың әр киіз үйінің түтіні түзу ұшуы үшін қайғы жұтып, есіміне қайғы деген сөзді даланың өзі қосып берген боз даланың сақшысы, қазақ жұртының ақылгөйі бола білген Асан қайғы абыз ойымен Оралханның айтпағында бір үйлесімділік бар. Олай дейтінім кезінде қайғы жұтып, елі мен жерінің бүтіндігі мен халқының бірлігі үшін қабырғасын қайыстырып, хан екеш ханның өзіне дат айтқан.

Көркем әңгіменің мәресі – бір айналым кеңістік. Оқиғаны, адам тағдырын ежіктеп суреттеп жеткізгеннен гөрі, кейде сәтті табылған бір – екі мінездеме жетіп жатыр. Роман, повестер сияқты өрісі кең кесек туындылардан басты айырмашылығы да – аз айта отырып, оқиға астарымен-ақ көңіліңе қонатын мол мүмкіндігінде. Осы тұрғыдан алып қараған да Оралханның жоғарыдағы қазақ халқына мінездеме берген кезіндегі «тілге шебер, іске олақ» елміз деген жалғыз ауыз сөзі бүкіл бір қауымның, халықтың бойынан табылар жаман, жат қылықты суреттеп, айшықты беріп тұр. Бұл да болса Оралханның әңгіме жанрының да белді қаламгері екендігін тағы бір танытады.

Жазушының «Бура» атты келесі бір әңгімесі де замана келбетін айшықтап көрсететін туынды. Қазанқап ауылынан қашып шыққан қара бура атамекен, құт  қонысынан безінген жоқ. Өзі өскен  ескі жұрттың бәріне кездіріп, омырауын тосқан, көзіне жас алдырып, ыстық алапты түгел шарлатып, беталды тентіреткен бір шер, бір аза болды. Оның мұңы, оның сағынышы – өз енесін, өз ұяластарын, өз  ортасын іздеп шарқ ұрған жоқтауға айналып кетіп еді.

Тас шоқының асуы, бұлақ басын бауырлай өскен балдыр мен ескі жұрттағы сабан сояуы оның бір кездегі баз кешкен бұла, бейқам тіршілігінің куәсі.

Қазақ сахарасының ғасырлар бойғы бар тауқыметін қайыспай көтерген қара нары екінші рет көз жасын  тентіреп жүріп жұтады. Бұл бір  кездегі бота шағындағы түйеші Әбіштің ауылындағы ыстық алақанға құйылған бақытты жас емес. Бұл – енді, ата – жұртта ақырғы тіреу болып жападан-жалғыз қалған, құйрық жалы күзелген жануардың жоқтау жасы.

Түйенің тұқымын селдіреткен  шаруашылықтағы шолақ белсенділікті  де айыптайтын бір астар осы жерде көрініс береді. Алтай алабындағы темір жол жұмысының қыруар салмағын өз жотасымен көтеріп, қылша мойнын төсеген қара бура енді ашынып, өн бойындағы бар құдіретін бұрқап төгіп, ақыры паравозға тапталып өледі. Неге?

Әбіштің ызасы – осы  қара бураның азасынан шығып жатыр. Қаңтарда қалшылдағын ақпастай ала  құйын, тарпаң емес, маңдайына жазған ащы сорақылықтың бәрін ыңыранбай, іштей түлеп жұтатын алып еңсе ақырғы дәмін ұзын жолдың бойында татты. Іздегенін таба алмай жарты жолда мерт болды. Аянышты – өлім! Нені іздеді? Заман зобалаңымен, солақай саясаттың, шолақ белсенділер көзін жойған, даңғаза ұрандатып шенді-шепкенділер көзін жойған енесін, өз ұяластарын, мамыражай, «маң-маң басқан, маң басқан шудаларын шаң басқан, екі өркешін тең басқан», [13, 14-б.].ата-бабамызға ерке түлік болып, әніне қосып, жырын арнаған асыл түйелерді іздеді. Оларды құртқан кеңестік саясат. Бірақ іздегенін таба алмады, оған кінәлі тағы сол Адамдар!

Оралханның бұл еңбегі де үздік үлгісі бар берері мол, заман суретін, замана жан айқайын кең де дәл, ашық ашып, айтып жаза білген дүние екендігі шындық. Жазушы сол кездегі саясаттың қазақ елінің қаншама асыл тұяқты төрт түлігін құртқандығын ашына көрсетеді.

Оралхан әңгімелерінің  қай-қайсысы да салиқалы ойға құрылған, басқаға ұқсамайтын айтары бар, бас-аяғы жұмыр дүниелер. Көбісі көпшіліктің көкейінде жүрген өмірлік қас шындықты тап басып тұрғандығымен есіңде қалады. Онда жеке адамдардың басындағы мұңнан тартып, жалпы халыққа ортақ әлеуметтік мәселелер қамтылады. Осы айтылғандарыма дәлел ретінде жазушының «Қасқыр ұлыған түнде...» атты әңгімесін тілге тиек ете алам. Сонау бір кезеңдегі қайта құру, өркениет деген желеумен қаншама ауылдар бой көтеріп, қаншамасы қаңырап бос қалғандығын баршамыз білеміз. Бір ауылдарда жолға асфальт төселіп, зәулім үйлер бой түзеп жатқанда, енді біреулері өркениеттің басты белгісі «жарықсыз» отырғандығы рас. Бұл әңгімеде негізінен осындай жайттар сөз болады және де Алтай өңірінің ұзақ та қатал қысы, ауыл мен қаланың үш қайнаған сорпасы қосылмайтын тірлігі. Тау етегін мекен етіп, үкімет үшін мехнатты күн кешіп «су-су болып бықсып жанған ағаштың алауына телміріп» ойға толы сүресіз күн кешіп жатқан малшы өмірінің шын суреті көз алдымызға келеді. Жоспарды артығымен орындайтын еңбекші ауылының ауыр да трагедияға толы өмірінен сыр шертеді. Әңгіменің бас кейіпкері Арайдың айтатын мынандай сөздері бар:

–Әкемдер ендігі шайын  ішіп болып, ертең ерте тұрамыз деп  жату қамына кіріскен шығар. Білесіз  бе, аға, біздің «Өркен» ауылында әлі  электр жарығы орнаған жоқ. Бұқтырма ГЭС-ін «Новостройка» жаққа тура тарқан. «Жиырма шақты үйі бар ауылға әуреленіп, бұрып жүрмейміз, кейін асықпай тартамыз» деседі. Білесіз бе, аға, біздің ауылда клуб та, киноқондырғы мен кітапхана да жоқ, бар болғаны: ыдыс-аяқ, мата, қант-кәмпиті араласқан жалғыз дүкен, ол да сатаушының екі үйінің бірінде үйіріліп жатыр. Қызығы, «Өркен» биргадасы совхоз бойынша жоспарды үнемі артығымен орындайды, ал мәдени-тұрмыстық ахуалымыз осындай... Бірақ сіздер мұндай жетім ауылды менсінбей, тура түзу де жайлы тас жолмен үлгілі селоға тартасыздар, тек сондай тамашаны ғана көріп, жазасыздар? [8, 122-б.].

Міне осынау жолдардан  өз кезінде орын алған олқылықтарды, саясаттың кемшілігі мен адамадардың  ба, әлде басшылардың ба қателіктерін аңғарамыз. Шынымен де жоспарда әр кез артығымен орындайтын ауылдар ғана ескерусіз қалмай жатпайды. Шындығына келгенде өмірде әрбір ақ, адал істердің, жақсы адамдардың, еңбегіне адал, ісіне шебер жандардың елеп-ескерілмей жататындығы рас. Міне, жазушы жоғарыдағы ойы арқылы өмірдегі осы келеңсіздіктердің де бетін аша түскісі келетіндей.

Жазушының осынау шығармасында суреттелетін қыстың ақырған ақ түтегіне қарыс шығып, жан бағып отырған  малшы өмірінің ауыртпалығы мен  жарығы жоқ, қатынас көлігі де жоқ  «Өркен» сынды ауылдардың, сол ауылдағы аудамдардың басына түскен ауыртпалық Оралхан заманының, сол заман адамдарының арқасына батқан қиншылықтағы өмірі, қолдан жасалған ауыртпалық, барлыға да сол дәуірдің шынайы шындығы, елден жырақ кетіп үкімет малы үшін жан аямай еңбектеніп жүрген еңбек адамдарының ащы да аянышты өмірі бейнесі екендігі рас.

Сонымен қатар бұл  шығармадан жазушының өмір, тіршілік-әлем, бес күндік жалған жайлы толғанған  ғибыраты мол, терең толғанымды ой-сарасын  аңғарамыз. Шығармада:

«Мен ойладым: «Өмір  деген – ғажап дейді, түк те ғажап емес, әншейін осындай автобусқа мініп, белгілі бір аялдамада түсіп қалу, біреудің тойып, біреудің тоңып секіруі. Әлдекімдер көрер таңды көзімен атқызып, ой ғажап ұйықтамайды; әлдекімдер ішегіне тас бүркеніп, уайымсыз тоқ ұйқыға басады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз – өзгенің бақытына қызығып өту ғана... Ал мынау жанымдағы тойған қозыдай томпиып отырған қыз ше?... Оны ертең не күтіп тұр? Бақытты ма, бақыты жоқ болса, оны іздеп таба ала ма? Не ойлады? Жігіті, ұнатқан біреуі бар ма? Тіпті мен туралы қандай сезімде келеді? Адамдарға сене ме?...» 

«Мен ойладым: «Өмір  деген ғажап-ау, кеше ғана мынау жалпақ жаһанда Арай есімді қыз барын білмеп едім, енді міне... демінің қалай шыққанына дейін сезіп, әп-әдемі дидарын көріп отырмын. Адамдар бір-бірін әрең іздеп табады, сонсоң іп-ілезде жоғалтады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз адамдардың бір-бірін тауып, қайтадан жоғалтуы емес пе өзі. Мүмкін...»

«Мен ойладым: «Өмір  деген тіпті де ғажап емес, Алтайдың қысы секілді қатыгез, кімдерге суық, кімдерге ыстық. Дегенмен өмірді лағнеттеп, өкінуге болмайды-ау» [8, 128-б.].

Қандай терең философиялық толғаным десеңізші!

Шынымен-ақ өмір дегеніміз  бірде ғажап, бірде қара түндей түнек  емес пе? Қаншама ақын-жазушылар, жыраулар өтіп, өмір жайлы толғанса да солардың ешбіреуі өмірге нақты нүкте қойып бере алмаған. Өмір сонысымен, яғни бірде балдай тәтілігімен, бірде тұздай аштылығымен қызықты. Жазушы да осы идеяны алға тартып, қалай жегенде де өмір-дарияны сүю керектігімізді, тіпті сүймесек те, қарғап-сілемей мойымай тірлік етуіміз керектігін меңзейді.

Сонымен, ойымды қорытындыласам Оралхан әңгімелері сан алуан  тақырыптарды қамтитын дүиелер. Мұнда  ауыл өмірі де, замана келбеті де, адамдардың қилы да қызықты тағдыры  да, бір-біріне деген қайыр-шапағаты да, жақсылық та, жамандық та бәрі-бәрі кестеленген бедерлі дүниелер.

Жазушының шығармаларының бірде біреуінде «табиғатты қорғайық, аялайық, келешекке жеткізіп, аманаттайық» - деген бір ауыз сөз жоқ. Оның есесіне, елжіреп, перзенттік махабатпен ағыл-тегіл сезіммен түсінудіру, жеткізу, оқырман санасына ой салар әсем де әсерлі сурет, көркем де жұмбақ тіл бар.

Оралхан Бөкейдің жоғарыда атап, біраз талдау жасап шолып  өткен «Кербұғы», «Ардақ», «Айпара-ана», «Бура», «Жылымық», «Қасқыр ұлыған түнде...»  әңгімелерін оқыған сәтте күнделікті тіршілік күйбеңімен жүріп табиғат пен адамды бөле жаруға болмайтындығын, бірлік-тұтастығын, шын сұлулық сырын, немесе сол табиғат-ана басына төнген қауіпті, ондағы түз тағыларының мүшкіл халін, санының азайып кеткендігін, я болмаса дүние – дүние болып жаратылғалы күн мен түннің алмасқаны сияқты бір-бірімен тоқтаусыз шарпысып, белдесумен келе жатқан бір-бірін жеңер-жеңбесін мүлдем белгісіз жақсылық пен жамандықтың, дархандық пен ішмерез көреалмаушылықтың, қанағатшылдық пен өмірі тоймас көрсеқызарлықтың айқасы таусылып бітпес,жеңімпазы анықталмайтын – тіршілік атты мәңгілік майдандағы адамдардың жан таласын, мінез-қылықтарын, атыс-шабыстарын, қара басының қамын күйттеген базынасын көресің. Осынау шығармаларды оқи отырып, бір сәт болса да қоғам, ондағы адамдар қоршаған ортаң жайлы ойланып, ой тұңғиығына кетпеуің әсте, мүмкін емес.

Жазушының өзге де «Арысын тосып әлі отыр», «Жесірлер» топтама әңгімелері де ерек туындылар. Олай дейтінім, кешегі соғыс жылдарында ауылдарда ауыр бейнет кешкен әйелдер тағдырын жазуға араласпаған бірде-бір қаламгер жоқ. Солардың бәріне ұқсамай, ойы шалқар, қиялы-ұшқыр, тілі шебер жазушы-аяулы ана, соғыс жесірі Мағрипа есімді келіншектің боздағы – Бозтайлағын сағына тосқан сәттерін жан тебірентерлік сөздер тауып суреттей білген. Қарапайым қазақтың әйелінің қасиетін ашатын айшықты, шынайы шығармадағы күйеуінің суретін серік етіп жүріп, шашы ағарған, санасы сарғайған Мағрипаны көрсетуі арқылы оқырман көз алдына қазақ әйелінің, анасының еш қиындыққа мойымайтын қайсар да мейірлі, мейірімді суретін әкеледі. Сонау зұлмат замандағы қиыншылықтарға қасқайып қарсы тұрған ер-ананың бет-бейнесін көреміз.

Ана демекші, Оралхан  «Апамның астауы» әңгімесін өз апасы туралы жаза отырып, тағы да сол күллі қазақ апасының аялы алақанды, іске шебер суретін толғайды.

Менің көз алдымда  қандауырын қайрап, басының қаны тасыған  еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанынын ағызып тұрған; немесе тері илеп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған, апам... ертеректе қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерген Апам,- дей келе автор көз алдымызға нендей істің басын қайыратын, алтын қолды қазақ әйелінің бейнесін бейнелейді. [14, 26-б.].

Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын