Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 20:12, курсовая работа
Жұмыстың нысаны. Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағы әлеуметтік сарын.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:
Оралхан Бөкей шығармашылығына, өмір жолына толықтай шолу жасау;
Автор шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсету;
Әңгімелердегі әлеуметтік сарынды көркем мысалдар арқылы дәлелдеу;
І. КІРІСПЕ..............................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы ................................................4
2.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын .................................................15
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................32
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................33
Бұл жерде жоғарыдағы қу мүйізге
қатыстты айтқанымды өрбітіп адамның
дүниеге қанағатсыздығын, өзімшілдігін
айғақтай түседі, тіпті жазушы сонау
ақ патша кезіндегі отарлау
Қысқасы, философиялық ой-толғамға толы «Кербұғы» әңгімесі бұл өмірдің өткінші, алдамшы екенін, топ бастаған серкелік те, бойда күшің, қажыр-қайратың барда еленбес еркелік те, билік те, байлық та қолдың кірі екенін еске салатын санатты дүние. Түз тағысы ата бұғының ойламы арқылы қаншама іс-әрекеттің өмірдің заңдылығын, замана кескін-келбетін айшықты, ойыңа қозғау салатындай жазуы арқылы Оралхан өзінің қаламгерлік қарымының қаншалықты мықты екендігін танытқандай болады, қалай десек те бұл теңдессіз толғауы терең шығарма екені даусыз!
Жазушының тағы бір «Ардақ» атты әңгімесі де адамдар арасындағы алауыздықты, дүние құмарлықты, қанағатсыз, тойымсыз пенденің тіпті мал үшін де қырғи қабақтасып, ағайынынан безіп кетер ессіздігін суреттеу арқылы адамның әлуметтік ортадағы тағы бір бейнесін көз алдымызға әкелетін кесек дүние. Шығарма бас кейіпкерлерінің бірі Қожа шалдың өз пысықтығы мен еңбекқорлығының арқасында өсіп, өз малдарынан саны жағынан асып кеткенін көре алмаған жамағайындары Далабай мен Шалабайдың қызғанышына, күңкіл-күңкіл сөздеріне шыдай алмай шешесімен ен далаға елден безіп кетуі, сол иесіз меңіреуде ақтық демі таусылған шешесін жалғыз өзі жерлеп, тіпті орарға кебін табылмай қиналуына кім кінәлі? Қожа шалдың артық аша таяғын көре алмаған ағайындары ма, әлде бір ауыз ауыр сөзді көтере алмаған Қожа шал ма?
Иә, мұндай жайттар күндегі өмірімізде де аз кездеспейтіндігі рас. Дана қазақ «Бөлінгенді бөрі жейді» демекші көріңе әкете алмас дүниеқоңыздарды, саны жоқ санасыздарды сынаған еңбек бұл. Тағы сол халқымыз «ағайын өлім мен тойда бір» демеуші ме еді? Қанша жүз шайысып, жұдырық сермесең де сол ағайынға жетер жан бұл жалғанда тағы жоқ екенін автор ақтық демі жетіп, жан тәсілім берер сәттегі Қожа шалдың шешесінің сөзі арқылы былай жеткізеді:
– Есің барда еліңді тап, – біздікі әншейін битке өкпелеп, тонымызды отқа салу екен. Кең дүниенің кемшілігі болмай тұрмайды. Басқа тепсе де жұртыңның қасында жүрсең, басың ауырып, балтырың сыздағандай болса, қол ұшын беруге жарар. Алғашқы ашумен аттанып кетсек те сол ел-жұртты сен де, менде көксемей жүргеніміз жоқ... Иті жесе де, қайтіп еліңе бар... Біле білсең сүйегімді орар кебін де жоқ-ау, бұл айдаладағы адасқан үйде. Қарызға ала қоятын қосыласың жоқ. Құдайдың тарттырған жазасы да... [8, 21-б.].
Міне, елінен кетуі кетсе де, өлер алдында өкінген, өкірген ана. Бірақ, өзекті өртеген өкініштен пайда жоқ. Адам өкінбейтіндей өмір сүруге тырысуы керектігін біз автордың ана сөзі арқылы жеткізген осынау сөздері арқылы аңғарамыз.
Кешегі бағы заманнан бүгінге жетіп, бойымызға бүйідей жабысып, ой-санамыздан, адами кескін-келбетімізден жұрдай қылып, адамгершілікті ұмыттыратын көрсеқызарлық, мінеп-сынаушылық, өшпенділіктің кесірінен Шалабай Қожа шалға өшігіп, мұқатудың айласын жар сала іздеп ақыр аяғы, бойжетіп отырған Ардақтың абыройын төккізуге байлам жасап, жылпос салықты жіберіп бейкүнә қыздың аяқ-қолын ауырлатқандығы адам дегеннің мынау жалған дүнияда қаншалықты қатыгез болатындығын айғақтайтын, жаныңды түршіктіретін көрініс. Осынау әңгіме «Сәбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Марқакөл «әкең менмін, әкең менмін» деп, тебірене күбірлеп жатыр....» [8, 28-б.]. деген сөздермен аяқталады. Неге? Бұл жерде автордың айтпағы қолыңмен жасағанды мойныңмен көтермейтін адамдар осынау төрт күл дүние де өріп жүргендігін аңғартқысы келгендей ме, қалай? Неге Марқакөл «әкең менмін дейді? Енді қайтсін, табиғат-ана бәріне көнбіс. Біз сол табиғат-анадай таза, ақиқатшыл бола да алмаймыз-ау! Тілі жоқ тілсіз табиғат-ана арқылы жазушы адамның осынау қылықтарын недеген көркем жеткізген десеңізші!? Жазушы бұл әңгімесіндегі бір отбасының тағдырын суреттеу арқылы бізге үлкен өмірдің,толғауы тоқсан тірліктің тағы бір тосын тұсын әңгімелеп,жаңа сипатты кейіпкерлермен кезіктіреді.Өз дәуірінің өзекті мәселелерін батыл көтерген бұл әңгіменің түпкі мақсаты адамзаттық көрсеқызарлық пен көреалмаушылық дертінен сақтандыру. Туысқанына өкпелеп айдалада тентіреген Қожа шал мен туғанының байлығын көре алмаған Шалабайдың ақымақтығы бүгінгі замана суреті деуге боларлық жайттар. Суреткер идеясы шығармаға дендеп енген сайын шым-шымдап анықтала түседі.Әңгімедегі ширығып,шиелене түсетін драматизм мен кейіпкерлердің даралануы,олардың ішкі психологиялық иірімдерінің тереңдеуі,әрбірінің танымдық деңгейінің ашылуы,оқиғалар тізбегі арқылы жанды суретке айналады.
Оралхан Бөкейұлының «Кербұғы», «Ардақ» әңгімелерінен біз өмір өзендегі адамдардың қоршан ортада, тіршілік әлемінде қаншалықты қатыгез, қанішер, ессіз, ар-ұяттан безген, адами тұрғыдан түскен, кескін-келбетін көреміз. Шынымен, ойлана қарасақ әңгімеге арқау болған оқиғалар, көріністер, суреттелер кейіпкерлер барлығы күнделікті өзіміз көріп жүрген адамдар емес пе, солардың жасап жүрген істері еместігіне кім қарсы шығады? Басымызды төмен салып ұялғаннан өзге келер дәрмен жоқ.
Шын суреткер–бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз замандастарының ортақ ұлы ғана емес, ол – қайталанбас дарында да тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас-көзқарысымен өзі жасаған сом суретте өз заманының, онда өмір сүріп жатқан адамдардың ішкі жан-сіздерімен, қоғамдағы орнын ашып, сол қоғамдағылардың қолтаңбасын қалдыра білетін адам. Осы тұрғыдан келгенде Оралхан бөкейдің «Жылымық» әңгіме-новелласы да адам баласының тұрмыс-тіршілігі, оның мәні мен мағынасын, сол тіршіліктегі «біздердің» жан сарайымызға үңіліп, сан сұраққа әкеліп тірер әр пенденің ішкі сезім бұлқыныстарын түсінуге талпынған философиялық терең ойлы шығарма. Оқиға былай басталады:
«Мен осы бір суретті көрген сайын, тіршіліктің мәнін бұрынғыдан әлде-қайда терең түсініп, адам өмірінің шын қуанышын, шын қайғысын жырлау, сипаттау екінің бірінің қолынан келмейтіндігіне илана түсетінмін. Бұл суретке ұзақ үнсіз қарап тұрып бақыт, күлкі, тоқтық дегеннің бәрін санамнан сылып тастап, өзім де біле бермейтін мәңгі шексіздікке, мәңгі тұманды сапарға аттанып керуді көксер едім. Қараған сайын жүрек соғысым бәсеңдеп, енді аз-маз сәттен кейін барлығымен – сені мен суреттен басқасының барлығымен қоштасып, әні-міне, арғы әлемге апарар арбаға мініп аттанып бара жатыр едім. Талай рет өз-өзімнен қысылып, өз-өзімнен булығып ағыл-тегіл жыладым да. Неге екенін білмеймін осынау сурет пен сенің бейнеңнен ұқсастық тауып, екеуіңді жаһандағы жақсы атаулының бәрі-бәрінен жоғары қоятынмын. Есіңде болар, мен саған осы суретте не салынғанын әрі мазмұнын сан қайтала айтып, шаршатып та алушы едім. Сен бір нүктеге қадалған қалпыңда жалықпай тыңдай берер едің, сосын қабырғада қағулы тұрған суретті жұп-жұмсақ алақаныңмен сыипалап ауыр күрсінер едің. Білем, айтпасаң да сезетінмін, тым болмағанда жалқы рет жарық әлемді көріп, жан тапсыруды армандағансың талай рет.
Мен осы суретті, алғаш көргенде сұлулық һәм тамаша өнер жайлы жайдақ ұғымыма ұлы өзгеріс енгізгенмін. Табынып тамаша деп жүргеніміздің көбі, шуақты сүйетін қорыншақ көңілдің көңілшектігі, тыз етпе әсіре әсерден туған бірқатар пікірдің салқыны екен. Қисапсыз, көдедей көп қайы бірі жадымызда тұра береді, осындай ілдесуде ғана жылдар бойы рухани досыңа айналады. Адам мен өнер арасындағы достықтың жібіне, күйкі тірліктің қарғалары қаз-қатар қонып алса, ол жіптің ұзамай үзілері хақ. Тым ертеректе жоғалатып алған табиғатқа, жалпы: ұшқан құс, жүгірген аңға деген іңкәрлігің іңгәләп қайта туса, қайта тірілсе, жастығыңның да қайта оралғаны емес пе. Атар таң, шығар күн, туар ай: бара-бара жер басып жүргенде ғана керектігін біле тұра, мадақтаймыз. Айналадағыны көру, сезіну үшін жаралған пендеміз. Бірақ, бүгін, бар, ертең жоқ, тіпті көзіңді жұмсаң жоғалтып алар тамашаның қадірін ылғи кеш түсініп, кеш бағалар едік. Екеуіміз қол ұстасып келе жатқанда, әлгі айтқан әлемді мен көретінмін де, сен сезінетінсің. Күні бүгінге дейін көру мен сезудің айырмасын, артықтығын таба алмай сандалудамын. Кейде жаныңда келе жатып, көзімді тас қып жұмар едім де, қап-қараңғы дүиеде өз-өзімді жоғалтып алғандай аса қорқынышпен жанарымды жарқ еткізіп ашып жіберер едім. Ал көзімді жұмған сәтімде сенің қолыңнан мықтап ұстап адасып кетпекке бекінетінмін. Көзімді ашсам да, жұмсам да саған еріп, сенің ізіңді басып жүргенімді енді білдім. Иә, қасымда болғаныңда бәрі басқашы еді... басқаша». [9, 171-б.].
Бірден оқыған адамға алғашында түсініксіздеу, әңгіменің не жайында өрбіп жатқандығын білу қиынға түсері анық. Терең өмірлік толғаным, философиялық астар жатыр. Өмір туралы түйдек-түйдек мағынасы арғы жаққа кететін шығарма бұл.
Әңгіменің арқауы болып отырған автордың сөзімен айтсам «Менің айтып отырғаным В. Васильевтің «Жылымық» атты суреті есіңе түскен шығар. Өйткені біз дәл осы мезгілде танысып едік қой. Бұл сурет жайлы өз ғұмырымда әңгімелеп те, жазып та тауыса алмас едім. Оның кереметтігі, тіпті, суретшінің асқан талантынан көрі біздерді таныстырған дәнекерлі қуатында шығар...» иә, иә, жай ғана бір суретшінің қолынан туған сурет. Ақырған аяздың дәурені өтіп, көктемнің, тіршіліктің хабарын беретін пейзаж, яғни суретші салған портрет. Жылымық! Табиғат-ананың көктем кезіндегі бір мінезі. Суретшіге арқау болған пейзаж, ал Оралхан ойын, айтпақ сөзін, адам мінезімен астастыра, қиюластырып шебер үйлесімділілікпен үлкен бір еңбек туғызған, сол еңбегіне арқау болған – деталь. Таланатты суретші табиғаттың бір сәттік мінезінен бүтін бір адамзаттың басында болатын мейірімділік, сүю, сүйіспеншілік, мұң, шер-қайғыны осы шығарманың басты кейіпкері көзі көруден қалған жаны мақтадай таза жанар арқылы оқырман қауымға жеткізе білген. Жарық дүиеден мезі болған, парықсыз, менменшіл, даңғаза адамдардан жеркенген жеркеніш сезімі мен мүгедектігіне қарамай аппақ дүиені жанындай жақсы көре білген сәби көңілін жазушы шеберлікпен үйлестіре білген.
«Мынау әлемді көріп, тану үшін екі көздің жеткіліксіздігі, әлемдегі әр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуға керектігін бағамдағандаймын», - дейді автор. Астарлап, жұмбақтау арқылы осынау дүнияны сезініп, білу үшін екі көзден артық адам жүрегінің, жанының да жарық, жақсылыққа құмар болы керектігін меңзейді. Сонда ғана тіршілік-жұмбақтың сырын түсінуімізге болатындығын жеткізгісі келгендей.
«Тамаққа да, кешкілікті киноға, немесе сейілге сені ертіп барып жүрдім. Көптеген көздер екуіміздің әр адымымызды аңдып, ішіп-жеп қарағанын әлбетте сен білмедің ғой. Солардың ішінде: қасқыр көздің, түлкі көздің, үкі көздің, қоян көздің, мысық, тышқан, жылан: қара, көк, ала көздің барын қайдан сезуші едің. Сенің соны көрмегеніңе, көріп жас жүрегіңді жараламағаныңа қуанып едім» [9, 181-б.]. –деп келетін автор сөздері қоғамдағы адамдардың әр қимыл-қозғалысын, жарасымын тапқан жандарға қаншамасы әртүрлі бірі қызғанып, бірі сүйсініп, енді бірі жоқ жерден пәле іздеуге, түзу жерден құлатуға дайын тұратын неше түрлі мінезін көз алдымызға елестеткендей емес пе? Осы әңгімедегі қос жанарынан айырылған Жанар көптің ішінде билеп жүргенде де ішін қызғаныштың қызыл шоғы басқан қыз-келіншектер:
Ананы қарашы, көзі бар бізден жақсы билейді,– деп оны сөз қылуларының өзі адам баласының бойындағы қызғаныштың қаншалықты қатал да сорақы болатындығын аңғартқандай!
Жазушы осынау әңгіме-новелласы
арқылы айналамыздағы мүгедек
«Көзі барлардың менмендігі, менсінбей қарайтындығы, басынғысы – бас салғысы келіп тұратындығы олар бізді мүгедек деп мүсіркейді, ал біз оларды... тән мүгедектігінен жан мүгедектігі әлде қайда сорлы екенін ұқсашы шіркіндер. Біз үшін тек бір-ақ түс – қара түс бар деп ойлайды. Рас, көз алдымызда мәгі түнек, шыңырау зындан, көр секілді қараңғы қапас. Осылардың ар жағынан жарық әлемде жанарына сеніп жарқылдап жүрген көзі барларды көреміз. Біз әлемді, шынымды айтсам, олардан әлде-қайда жақсы көреміз» -деп келетін жолдар арқылы автор бізді «осы адамдарға» шынымен басқаша қырынан қарауға еріксіз көндіреді. Бұлда болса жазушының теңдессіз таланты болар. [9, 190-б.].
Қысқасы, Оралхан Бөкейдің
«Жылымық» әңгіме-новелласы
«Психологиялық талдау дегеніміз өмірде болып жатқан әртүрлі жағдайлардың көркем шындыққа айналуына байланысты׃адамның көңіл-күйіндегі күйініш пен сүйінішті,жан әлеміндегі буырқанған бұрқанысты,жүрек түкпіріндегі толқу мен тебіренуді, яғни болуы мүмкін шымыр да шынайы сезімдік құбылыстарды әрі жинақтап, әрі даралап, суреттеп отырып, мінез-құлқын,рухани болмысын,қысқасы,психологиялық ішкі портретін жазушының көз алдымызға елестету шеберлігі» [10, 45-б.]. Психологиялық талдау әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементтерінің бірі. Қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің даму жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі-“адам жанының диялектикасын” ашу, дәл айтқанда кейіпкердің ішкі рухани әлеміне терең үңілу,жан сарайына психологиялық талдау жасау мен зерттеудің формаларын игеру бағытындағы тегерінді еңбек етіп,тер төгетін ізденіс мәселесі. Адам-қоғамдық құбылыс.Өйткені қоғамдық дамудың қозғаушы күші де,оны өзгертуші де адам. Демек,адам жансыз робот емес ,ол-ой-сезімінің иесі, ол қуанады, ренжиді, ойлайды, тағы басқа қасиеттердің бәрі оған жат емес. Ендеше, адам қоғамдық қана емес, рухани-психологиялық та құбылыс, ал, әдебиеттің бірінші обьектісі адам болғандықтан, оны қоғамдық әрі психологиялық құбылыс ретінде бір-бірімен байланыста зерттеп қарастырған дұрыс. Сондай-ақ қоғамдық қатынастар дамып, күрделенген сайын, адамның жан дүниесінің де өзгеріп күрделене беретінін естен шығаруға болмайды.Сондықтан әр дәуірдің, әр кезеңнің жаңа сипатты өз адамының әдебиетте жан-жақты бейнеленгені жөн. Сонымен “психологияны беруге шеберлік дегеніміз адамның жұлыны мен жұйкесін ұстап іске қосып тұрған рухани құдіреттің сырларын ашу; бойдағы болмашы діріл мен жүректің нәзік лүпілін тап басу;жанардағы нұр мен мұңның құбылып құлпыруын қалт жібермеу;жүздегі әр түрлі сезімнің себезгілеген сәулелерін дәл бейнелеу;қас пен қабақтың арасына ұялған күйініш пен сүйініштің табын айнытпай тап басу” деп түсіну керек. Және де ішкі жан дүниесін көрсет дегенге кез келген кездейсоқ біреудің жанын,жүрегін,ойларын тізіп жаза бер деген сөз емес. Дәуірдің типтік образы деуге тұратын, өзіндік мінезімен,іс-әрекетімен көңіл аудартатын кейіпкердің ішкі болмысын ашқан дұрыс. [10, 50-б.]. Психологизм мәселесін қозғап отырған соң сөз ыңғайына қарай қарекеттер келбеті мен қарекетіне илантудың негізгі фактор психологиялық мотивировка жайына тоқтала кеткен жөн. Өйткені, жалпы көркем шығармадағы оқиға нанымдылығы мен кейіпкер мінезінің, әрекетінің шыншылдығы деген ұғымдар осыған тікелей байланысты. Байланысты ғана емес, шығарманың ”жаны мен жаратылысы“ өміршеңдендіретін сол көркем шындықтың рухына мойынсұндыра-тын обьективтік фактор дер едік. Өмірде әрбір адам маңызды бір шешімге,мақсатты әрекетке бару үшін кем дегенде он ойланып,сан толғанады,іштей таразылап алады. Кейіпкер ол да,ең алдымен, адам, кейіпкер деген өмірдегі адамның шығармадағы бүркеншік аты. Ендеше, оны ет пен сүйектен жаралған әрі жоғары ақыл-ойдың иесі ретінде адамға тән табиғи да нанымды әрекеттерімен мүсіндегенде ғана шыншылдық қуаты арта түседі.Әдеттегі образ логикасына, характер табиғатына сай көркемдік шешімдер табу керек деген ұғымның өзі де осыдан туындайды. Сонымен кейіпкердің қарекетіне сендіретін сырдың екінші ұшығы оқушының көз алдына оның психологиялық жан-жақты дайындықтан өтуіне байланысты деп білеміз. Яғни сол шешімге,әрекетке баруының салдары емес,себептері бірінші кезекте көрсетілуі тиіс. Сонда ғана әрекеттің нәтижесі–оқиғаның,образдың психологиялық мотивировкасы табылатын сияқты. Демек ”психологиялық мотивировка дегеніміз кейіпкер іс-әрекетінің өмір шындығына үйлесімділігі. Былайша айтқанда,сол әрекеттің уақытқа,жағдайға сәйкестігі,өзінің характер болмысына лайықты,адамның ой-өріс ерекшелігіне орай бойына шақ табылған көркемдік шешімдердің логикалық қисындылығы”. [10, 52-б.].
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын