Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 20:12, курсовая работа
Жұмыстың нысаны. Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағы әлеуметтік сарын.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:
Оралхан Бөкей шығармашылығына, өмір жолына толықтай шолу жасау;
Автор шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсету;
Әңгімелердегі әлеуметтік сарынды көркем мысалдар арқылы дәлелдеу;
І. КІРІСПЕ..............................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы ................................................4
2.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын .................................................15
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................32
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................33
Қазақ жазушыларының үлкен ұрпағы да (Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б) алғашқы бетте әңгімемен көрінді. Осы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ прозасының дені әңгіме болатын; прозадағы ұнамды кейіпкер сол әңгімелерден басталған. Бүгінде бұл жанр біздің әдебиетімізде одан әрі дамып, өркен жайып, жан-жақты жетіліп келеді.
Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, ықшамды, өткір, икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ, ұзын сонар поэманың қасындағы қысқа лирика секілді, көп актілі драманың қасындағы бір актілі пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, тез тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, дала қосында қарауға, жайлауда жатып оқуға, қалтаға салып жолға алып шығуға болады. Әдебиетті сүйетін адамға әр жерде-ақ сыршыл серік, сырмінез дос боп кетеді; оның ойын тербеп, қиялын қозғап, қанат бітіріп, жанына жалын қосады. Бұл – әңгіменің эстетикалық күші. [1, 265-б.].
Жоғарыда айтылғандар, әрине, әңгіменің кейбір ерекшеліктерін еске салады, бірақ бұлардың бір де біреуі оның ережесі бола алмайды. Әңгіменің жанрлық табиғаты тым құбылмалы, күрделі. Мысалы, жоғарыда біз әңгімедегі сюжет туралы айттық; ал, сюжетсіз де әңгіме болады, оны қайттік? Әңгіме көркем қара сөзбен жазылады, оны бәріміз білеміз; ал егер данышпан қазақтың Хакім Абайы атанған Абай Құнанбайұлының «Әзімнің әңгімесі» я болмаса, Джефри Чосердің «Кентербери әңгімелері» сияқты, өлеңмен жазылса ше? Әңгіме кейіпкерлері – әрине, адам; ал егер ит немесе ат болса ше?. Міне осындай алдыңнан шығар сұрақтар, әңгіме жанрының сан алуандылығын, түр өзгешелігін айғақтап, оны роман, повестер сияқты көтерер жүгінің қаншалықты ауыр екендігін танытады.
Қысқасы, әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің айырықша асыл үлгісі; әңгіме, негізінен, қысқаша жазылады, ал «ең парасатты проза – дәл және қысқа жазылған проза» (Пушкин)
Әңгіменің ең елеулі ерекшелігі – жинақылығы, ал «нағыз күшті, нағыз құдіретті проза – жинақы проза; одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған. Жинақылық – мұқият мықтының ісі» (Паустовский) [4, 35].
Міне жалпы әңгіме жайлы әңгіме өрбіткенде тілге тиек болғаны осылар. Әңгіме жанры арқылы үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды беруге, замана шындығын суреттеуге болатындығын озық жазушы Оралхан Бөкейұлы да өз әңгімелері арқылы дәлелдей білген..
Ұлы драматург Бернард Шоу «Әрбір талантты жазушы ең әуелі өз замандастары жайлы жазуы тиіс», деген екен [5, 50].
О.Бөкейұлы да қолына қалам ұстағанынан-ақ, өз замандастарының мұңы мен қуанышын, шынайы суреттеуге тер төккен қаламгер. Бұл ретте автордың өзі де «Әйтеуір, не жазсамда өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым» деген болатын. Айтқандай-ақ, оның кейіпкерлері, – «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал, «Өліарадағы» Қойшы, «Көк тайыншадағы» кіші лейтинант В.В.Окинков, «Бес тиындағы» Зәкең – күнде көріп жүрген, етене араласатын өзіміз қатарлы замандастарымыз емес пе? [6, 4].
Расында да Оралхан өз шығармаларында тек қазақы менталитетті, замана зобалаңын, қазақ баласына төнер қауіпті, өтіп кетер өткінші өмірдің өзекті өкінішіне айналған адамдар мінезінің қарама-қайшылығын, ақ пен қараның бітпес күресін өз заман келбетін, бүгіні мен ертеңін, сол заманның кескін-келбетін әсем де әсерлі, қытымыр да қатыгез, мейірімді де мейірлі кейіпкерлері арқылы суреттеп жеткізе білген. Бұл оның жазушылық қуаттылығы.
Жалпы Оралхан Бөкейұлының әңгімелеріне тоқталмас бұрын жазушының повесть, әңгімелеріне аздап тоқтала кетсем. Себебі, бұл туындылар айтары көп, берері мол шоқтығы биік туындылар. Сөз басында тілге тиек еткен «Елең-алаңдағы» Зарлықтың ұшқыр ой-қиялы, «Өліарадағы» Қойшының суреткерлігі, дүние жүзі классиктерін оқуы, қайта өрлеу дәуіріндегі ірі суретшілердің шығармаларын сезініп-түсінуін беру арқылы Оралхан Бөкей біздерге қасымыздағы қарапайым адамдарға да бір сәт басқа көзбен қара деп тұрғандай емес пе? Қазіргі таңның өзінде, және сонау ықылым замана көшімен қалмай лесіп келе жатқан бойымыздан тастай алмай жүрген «өзгені» менсінбеу, төмен тұрғанды мінеп-сынап, қол астымыздағыларды елеп-ескермеу сынды жат қылық, жаман әдет, адами тұрқымызға сай келмейтін іс – әлі күнге әрқайсымыздың бойымыздан табылып қалары, әсіресе жоғарыда отырған билік басындағылар да көп кездесетін осындай көз қарастардың түкке де керегі жоқтығын, қарапайым еңбек адамының өзі де санасуға тұрарлық пенде екендігін есімізге жоғарыдағы шығармалары арқылы түсіргісі келетіндей көрінері сөзсіз.
Белгілі сыншы, ғалым, Серік Қирабаев Оралхан Бөкей шығармашылығы туралы былай деп жазады: «Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де болады. Таратып айтсақ Оралханның бүкіл шығармалары, өмір, адам, табиғат желісінен құрылып, олардың арасындағы қарым-қатынастар сипаты, көркем образдар мен өмірге, адамға, табиғатқа құштарлық пафосымен суреттеледі. Жазушы үшін бұл ұғымның концептуалдық мағынасы бар, шығармаларындағы көркемдік компаненттердің барлығы осы бір органикалық тұтастықты ашуға жұмсалады
Оралхан шығармаларына қарап, талдау жасағанда, оның шығармаларында кездесетін тұрақты тақырып, ортақ желі барын аңғарамыз. Ол адам мен табиғат, олардың әлмисақтан туыстығын, тұтастығын жазушы тап басып тани біледі, сүйсіне суреттеп, жарқырата жазады. [7, 56-б.].
Алмастың алты қырындай, сан қырлы талант иесі жанын жегідей жеген, халқының басынан өткен трагедияларды, кеңестік дәуірдің өзінде есебін тауып, орайын келтіріп, шым-шымдап айта білген. Түйсікті жанға жеткізе білді.
2.2.
Әңгімелердегі әлеуметтік
Нағыз жазушы әлеуметке
ортақ өз кезінің таза моральдық
атмосферасының рухани билеушісі болумен
қатар, өмірдегі келеңсіздікті батыл
айыптаушы, жалпы адамзатқа ортақ
гуманистік-моральдық насихатшы
Жазушының «Қайдасың, қасқа
құлыным?» повесіндегі
Таудың қуысында ешкімге араласпай, жұмбақ өмір кешіп жатқан Сарқынды шал неге қобызын зарлатып, қайғылы күй тартады? Оған неге Алтай күрсінеді, Әулиекөл неге тебіренеді? Сарқынды шал неге сонша аза болып, базына күйге түседі? Неге, кімге кектенеді? Жаңа туған қара қасқа құлынды, қызғаныштан шыдай алмай: «Менің бабамның жылқысынан қалған тұяқ, сондықтан да менің малым»,- деп [8, 145-б.]. сары мойын кездегімен алқымынан орып жібереді. Содан кейін боз бие қайтып құлындамай бедеу қалды. Неге? Бұл арқылы автор нені меңзеп, не жайлы толғанып отыр?
Сарқынды шал кектенбей
Бұдан артық қорлық бола ма? Боз биенің бедеу қалуы – қазақтың басынан бағының таюы емес пе! Осы Сарқынды шал өлер кезінде домбырасы мен сыбызғысын өзімен бірге көрге көмдіртеді. Бұл не? Бұл-кеңестік кезеңдегі тілімізден, ділімізден, дәстүр, салтымыздан айырған бейшара күйімізді меңзеу емес пе? Қазақтықтың өліп, өшіп баражатқандығының белгісінен хабар бергісі келген автордың жан айқайы емес пе екен!....
Ал «Қар қызы» повесінде де осындай халықтық трагедияны ишаралайтын жұмбақты кейіпкер бар. Ол – адам аяғы баспайтын биік таудың қуысында жападан-жалғыз ғұмыр кешіп жатқан Қоңқай шал. Ол да бір кезде өзін сыйдырмай, қудалаған мына заманға өлердей өш. Осы бір қу дүниеге сес көрсеткендей ерегісіп таудың қуысында бір өзі жатып алды. Неге?
Осы Сарқынды, Қоңқай сияқты елден қол үзіп, үйірінен адасқан қазақ жер әлемде толып жүрген жоқ па? Соры қайнаған қазақ бас сауғалап қайда бармады? Туған жеріне, ел-жұртына әлі орала алмай жүргендері қаншама? Мінекей, халқының басындағы замана салған зобалаңды осылай ишарамен, меңзеумен есті жұртқа жеткізем деп, елінің тағдырына жаны ауыратын қаламгердің – болашағын ойлайтын, туған өлкесінің салт-дәстүрін қастерлейтін ұрпақтарға өз ата-бабасының кешегісін осылай жеткізбек болғандығын аңғарамыз. Осыны біз түсіне білсек жарар еді....
Жазушының «Атау кере» повесіндегі өркениеттің, адамзаттың соның ішінде қазақтықтың тамырына балта сілтеп жатқан әсерін суреттеуі тіпті ерекше кесек дүние! Жазушы тоқырау кезеңдегі қоғамның, заманның адамзаттың рухани, адамгершілік дамуына тигізген кері әсерін шынайы суреттермен оқырманға жеткізеді. «Атау кере» көркем шығарма. Шығарма болғанда қазақ халқы тұрғанда, сол халықтың тағдырын түсінгісі келетін ұрпақтары тұрғанда құнын жоғалтпайтын мәңгілік мұра. Жат елден әкелінген қауіпті будан ара кейпінде суреттеліп, одан сонаға айналып, ақыры оқиғаның басты кейіпкері Еріктің қайдағы бір өзі де дұрыс танымас «ашынасының» қамшысының астында езіліп өлді. Бұл дегеніміз қоғамда жүрген адам кейпіндегі «будан ұрпақтар» ел тамырына әкелер пайдасынан зияны көп екендігін түсінуге апаратын ой. Жат жерліктің аты жат жерлік, өркениетіміз қарыштап дамыған сайын соған құнығып, батысқа еліктіп-елегізіп жатқан бүгінгі заманымыздың бет пердесін аша түсетін шығарма. Суреткер О.Бөкей осындай қоғамның бет-бейнесін әшекерлей ашып көрсеткен, қайталанбас ірі таланттың бірі екені даусыз. Жоғарыда сөз қозғай кеткен біраз повест, романдары ел-жұрт күйін күйттеген саңлық жазушының мол мұрасының ішіндегі біразы ғана. Оралхан повестері мен романдарын оқып, зерттеп-зерделей берсек қоғам, бүгінгі мен ертеңін ашып көрсететін суреткер шығармалары толассыз. Менің ендігі айтпағым тақырыбыма оралып жазушының әңгімелеріне тоқталсам.
Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуде, дамытуда белсене араласып қана қоймай, әдебиетке бірден және өз бетімен, өз жолымен, өз стильімен келген көркем сөздің зергері. Оның қаламынан шыққан көркем әңгіме-новеллалары да идеялық мазмұны терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз, көтерер жүгі ауыр шығармалар екендігі даусыз.
«Әңгіме-шеберлік мектебі» деп Федин
айтқандай, Оралхан да қысқа әңгімелері
арқылы шын мәніндегі әдеби
О.Бөкей повестеріне тереңнен көз сала қараған адам ондағы кейіпкерлердің бар бітім-болмысымен, қуаныш-қайғысымен, арман-үмітімен, қат-қабат күйінде берілетінін байқар еді. Әсіресе соңғы жылдары әдебиетте бүгінгі ауыл өмірі, малшы жағдайы туралы ұрандаған, әсіресе қызыл бояулар мен жалған романтикаға бой алдырған шығармалар көбейген тұстың өзінде жазушы сабырлылық танытып, шығарманың жаны шыншылдығында екенін ,малшы өмірінің социалистік қоғамда қор болғанын ашық көтереді. Оралханның қойшысы ақ таяғын салтанатпен ұрпағына тапсырып, тірліктің тәтті сәттеріне бой алдырған немесе табиғаттың әсемдігін, жыл мезгілдерінің қайталанбас сұлулығын (арайлап атқан таңын, көктемнің шуағын) қызықтап отырған романтикалық герой қалпында емес, әлі күнге бейнеті қалың, зейнеті аз тірлік кешіп, өмірдің өгей баласындай елден бөлек, бар ауыртпалықты мойнымен көтерсе де, желге ұшқандай елеусіз жатқан еңбегін ешкімге бұлдамай-ақ, осы өміріне еріксіз көндіккен жанның бейнесі болып суреттеледі. Оның бейнелеуіндегі аң-құс, табиғат-ананың мінездері, сұлу табиғат суреттерінің бәрінің астарында жасырар ой, терең толғаным, замана шындығы бар.
«Кербұғы» әңгімесі негізінен түз тағысы бұғы жайлы жазылған болса да, көтерген жүгі, айтпақ ойы мүлдем басқа дүние. Күйек кезіндегі жасар өмірін жасап, талай сойқанды шайқас пен мамыражай маусының күндерін басынан кешірген ата бұғы Кербұғы мен жас бұғының жекпе-жегінің алдында мынандай сөздер бар: «Жекпе-жек! Кербұғы осы сұрапыл ерліктің үлгісі жекпе-жектен жаралғанын білетін. Бірақ мұндай теке тірес сойқан тек бұғыларға ғана тән қасиет емес, аса ақылдымыз деп сезінетін адамдар арасында бағызыдан бақилыққа ұласар бітіспес тартыс барын түсінген жоқ. Адамдар арасындағы жекпе-жек бұғылардан гөрі әлдеқайда қанқұйлы жексұрын тәртіппен өтерін, бұғыларша жылына бір рет сынасып, сонан соң сыйласып тату-тәтті ғұмыр кешпей, бір қадалса қан алып қана тынарын және де ойлай алмайтын. Рас, Кербұғы түз тағысын не себептен қоршауға ұстайтынын, адамның қу мүйізге құты қалғандай неге өшігетінін емес-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүретін....» деген жолдар бар. [8, 9-б.].
Түсіне білген адамға жазушы Кербұғының түйсігі, ойламы арқылы адамдар арасындағы бүгінгі таңның өзінде басылмай, керісінше өрттей лаулап тұрған жауласу, атыс-шабыс, қан төгу, дүниеге құмарлықты жеткізгісі келгендей ме? Дала хайуанынан бетер ақымақ бірін-бірі өлтіріп тынбайтын есссіздер екенін танытуға талпынады. «Аса ақылдымыз деп сезінетін....» деген жолдар арқылы, бір ауыз сөзбен адамзаттың ақылы кейде өзіне кесірін тигізетін айтқысы келгендей-ау?! Адам өздері ойлап тапқан тапанша, неше түрлі қару-жарақ, жарылғыш заттар сол адамзаттың өзін қырып жатқанын шынымен біз ойладық па? Міне, Оралхан түйсігі бізге осы жайттарды ойлауға жетелейді. «Адамның қу мүйізге құты қалғанша неге өшігетінін еміс-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүретін...»,-деп келетін сөздер бар. Рас-ау, түз тағысы Кербұғы үшін қу мүйіз болып көрінетін, адам үшін қаншама ауруға шипа болар таптырмас дауа екенін ол қайдан білсін? Бірақ сол мүйізді алу арқылы, біз табиғат-анаға соның төлі бұғыларға қаншама зиян тигізіп жатқанымызды білеміз бе? Сол түз тағысының мүйізіндегі панкротин деген затты алу үшін еркін өсіп, қазақтың кең даласында ен жайлаған дала хайуанын еркіндіктерінен айырып шарбақтарға қамап, сол арқылы сескендіріп, секем, бойларына қорқыныш ұялатып өз жерлерінен безуге дейін әкелеміз. Осындай қылықтарымыздан хайуанның өзі жерініп, жерсінген ата қоныстарынан қалайша безінбесін? Сол бір заттың алуын алсақта бәрібір тағдырдың жазуына қарсы тұра алмасымызды, жазылмас дерт қандай шипа болмасын Алла солай басқа салса бәрібір де айықпасын сезбей, тағдырға қарсы қасқайып тұра ұмтыламыз да өзімізбен бірге айналамыздағыларға, бізді қоршаған заттарға да зиян тигізерімізді, өлместің емін іздеп табиғат-анамызға есепсіз зиян әкелерімізді аңдамай жатымыз. Өзіміз еркіндікті, кең көсіліп жүруді қаласақ та, ондай бақты өзгелерден өз құлқынымызды ойлау арқылы олардың еркіндігін аяқ асты ететініміз қалай? Тағы сол «Кербұғы» әңгімесінде «Еркіндіктің ерке желімен жарысып, ой мен қырдың ара-жігін ажыратпай, бұла боп өскен бұғы дәл қазір өмірдегі жамандық пен жақсылықтың уланған бастауынан дәм татты. Дәм татқызған – Адам...! Бақса пенде дегеннің қатыгез әрі ашқарақ, қанағатсыз екен-ау...» деген жолдар бар. [8, 14-б.].
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын