Жемисти айран

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:46, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Астана-Өнім» АҚ тәулігіне 400 кг майлылығы 3,2% жеміс-жидек айран дайындау технологиясы.
Дипломдық жұмыста қарастырылған мәселелер:
- «Астана-өнім» акционерлік қоғамында тәулігіне 400 кг майлылығы 3,2% жеміс-жидек айран дайындау технологиясы;
- жеміс-жидекті айран өндіру технологиясында қолданылатын құрал-жабдықтарды сипаттау және құрылысы мен қолданылу мақсаты;
- технологиялық тізбек құрал-жабдықтарың алатын жалпы ауданы мен сызуларды есептеу.
Келесідей бөлімдерден тұрады:

Содержание

1 Кіріспе
2 Әдеби шолу
3 Өндіріс орнына қысқаша сипаттама
4 Технологиялық бөлім
5 Технико-химиялық бақылау
6 Техникалық - экономикалық негіздеме
7 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
8 Қоршаған ортаны қорғау
9 Қорытынды
10 Ұсыныстар
11 Қолданылған әдебиеттер тізімі
12 Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДиПлоМ жемисти айран (Восстановлен) (Восстановлен).doc

— 927.00 Кб (Скачать документ)

 

Кестеде көрсетілгендей шикізат құрамында  жалпы көлемінен 88,2 % сүт шикізаты, ал шығындардың қалған 11,8 %-ын ашытқы мен толықтырғыштар құрайды .


Сүт зауытындағы айран  дайындау технологиясының экономикалық тиімділік көрсеткіштері 13-кестеде көрсетілген.

 

13 кесте - Жеміс-жидекті айран өндірісінің экономикалық тиімділігі

 

Көрсеткіштер

Сомасы, тг

1

1 кг өнімнің өзіндік  құны

108,21

2

1 т өнімнен алынған  пайда, тг

61429

3

1 т өнімнің сатылу  бағасы, тг

169642

4

Тиімділік деңгейі

57%


 

Жеміс-жидекті айранның 1 кг өзіндік құны 108,21 теңге. Айранның 1 т са-тылатын бағасы 169 642 теңге. Сатылған айраннан түскен пайда көлемі 61429 теңге. Тиімділік деңгейін есептегенде 57% болды. Осыған байланысты 3,2% жеміс-жидек айран өндірісі экономикалық жағынан пайдалы

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


6 Еңбекті қорғау  және техникалық қауіпсіздік

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы N 528 Заңы.

Осы Заң Қазақстан  Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы  қо-ғамдық қатынастарды реттейдi және еңбек қызметi процесiнде еңбек  қауiп-сiздiгiн қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн белгiлейдi.

Жалпы ережелер. Heгiзгi ұғымдар.

-өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау-өндi-рiстiк объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын оларда орында-латын жұмыстардың қауiпсiздiгiнiң, зияндылығының, ауырлығының, қауырт-тылығының жай-күйiн, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстiк орта жағ-дайларының еңбек жағдайлары нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақ-сатында оларды бағалау жөнiндегi қызмет;

- еңбек қауiпсiздiгi-еңбек  қызметi процесiнде қызметкерлерге  зиянды жә-не қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қыз-меткердiң қорғалу жай-күйi;

- еңбектiң қауiпсiз  жағдайлары-қызметкерге зиянды және  қауiптi өндi-рiстiк факторлардың әсерi жоқ не олардың әсерiнiң деңгейi қауiпсiздiк норма-ларынан аспайтын, жұмыс берушi жасаған еңбек жағдайлары;

- өндiрiстiк жабдықтың  қауiпсiздiгi-өндiрiстiк жабдықтың  өз функция-ларын орындауы кезiнде  нормативтiк-техникалық және жобалау құжаттама-сында белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;

- өндiрiстiк процестiң  қауiпсiздiгi-өндiрiстiк процестiң нормативтiк-техникалық  құжаттамада белгiленген жағдайларда  еңбек қауiпсiздiгiнiң талап-тарына сәйкестiгi;

- зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы-белгiлi бiр өндiрiстiк  фактор-лардың әсерi қызметкердiң  еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне  немесе сырқат-тануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

- еңбек гигиенасы-қызметкерлердiң  денсаулығын сақтау, өндiрiстiк ор-таның және еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi сани-тарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешенi;

- қауiпсiздiк нормалары-қызметкерлердiң  еңбек қызметi процесiнде олардың  өмiрi мен денсаулығын сақтауға  бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету тұрғысынан өндiрiс жағдайларын, өндiрiс және еңбек процесiн сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiш-тер;

- еңбектi қорғау-құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техни-калық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де iс-ша-ралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлер-дiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе;


- өндiрiстiк жабдық-машиналар, тетiктер, аппараттар мен өзге де техни-калық құралдар;

- жұмыс орны-қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде өзiнiң еңбек мiн-деттерiн орындау кезiндегi тұрақты немесе уақытша болатын орны;

- арнаулы киiм-қызметкердi зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлар-дан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап;

Қызметкерлер мен жұмыс  берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қор-ғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.

Қызметкердiң еңбек  қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға құқықтары:

- еңбек қауiпсiздiгiне  және еңбектi қорғауға;

-жұмыс берушiден ұйымның  жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы,  еңбек жағдайлары, еңбек қауiпсiздiгi  мен еңбектi қорғаудың жай-күйi  туралы, өмiрге және денсаулыққа  төнетiн қауiп туралы, сондай-ақ  зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен оны қорғау жөнiндeгi шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;

- өндiрiстiк жарақаттануға,  кәсiби ауруға немесе жұмыс  қабiлетiн төмен-детуге әкеп соқтыруы мүмкiн зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактор-лардың әсерiнен қорғалған жұмыс oрнына;

- еңбек жағдайларын,  қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды  жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға өкiл  ретiнде қатысуға;

- өзiнiң денсаулығына  немесе өмiрiне қатер төндiретiн  жағдай туындаған кезде бұл туралы тiкелей басшыға немесе жұмыс берушiнiң өкiлiне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;

- ұйымның жұмысы еңбек  қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  жөнiндегi та-лаптарға сәйкес келмегендiктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

- жұмыс берушiнiң еңбек  қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  саласындағы заңсыз әрекеттерiне  шағым жасауға құқығы бар. 

Қызметкердiң еңбек  қауiпсiздiгi және еңбектi саласындағы  мiндеттерi:

- еңбек қауiпсiздiгi  және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжe-лер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушiнiң өндiрiсте жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талаптарын сақтауға;

- арнаулы киiмдi, жеке  және ұжымдық қорғану құралдарын  өз мақса-тында пайдалануға;

- өндiрiсте болған әрбiр жазатайым  оқиға туралы, кәсiби аурудың белгi-лерi туралы, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлар туралы өзiнiң тiкелей басшысына дереу хабарлауға;


- Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жағдайларда,  сон-дай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсiби аурулардың белгiлерi пайда болғанда жұмыс берушiнiң қаражаты есе-бiнен мiндеттi түрде алдын ала, мерзiмдiк (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге мiндеттi.

-мерзімді медициналық тексерулер мен ауысымды медициналық куәландырудан, сонымен қатар өндірістік қажеттілік аясында немесе кәсіби ауруға шалдыққан сәтте басқа жұмысқа ауысу үшін медициналық куәландірудан өту;

-жұмыс берушімен ұсынылатын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын тағайындауды қабылдау және пайдалану;

-жұмыс беруші қаржыландыратын жағдайда медициналық мекемемен берілген емдік және сауықтыру шараларын орындау;

-еңбек қауіпсіздігі мен қорғау ережелері мен нұсқамасы, норма талаптарын, сонымен қатар өндіріс орнында қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын сақтау. 

Жұмыс берушiнiң еңбек  қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы  құ-қықтары:

- өз өкiлеттiгi шегiнде  еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiнде актiлер  шығаруға;

- қызметкерлерден қауiпсiздiк  нормаларын, еңбек қауiпсiздiгi және  ең-бектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;

- жұмыс орындарында  қолайлы еңбек жағдайларын жасауға  қосқан үлесi, қауiпсiз еңбек жағдайларын  жасау жөнiндегi өнертапқыштық ұсыныстары үшiн қызметкерлердi көтермелеуге;

- еңбек қауiпсiздiгi  және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды  бұзған қызметкерлердi Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген  тәртiппен жұмыстан шеттетуге  және тәртiптiк жауапкершiлiкке  тартуға құқығы бар.

Жұмыс берушiнiң еңбек  қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы  мiндеттерi:

- қауiпсiз еңбек жағдайларын  қамтамасыз етуге; 

- еңбек қауiпсiздiгiнiң  және еңбектi қорғаудың жай-күйiн  бақылауды жүзеге асыруға; 

- қызметкерлердi ұйымның  аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкiн зиянды өндiрiстiк факторлар туралы хабардар етуге;

- өндiрiстiк жабдықтар мен технологиялық  процестерге профилактика жүргiзу, оларды неғұрлым қауiпсiзiне ауыстыру жолымен жұмыс орында-рында және технологиялық процестерде кез келген қатердi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдауға;


- еңбек қауiпсiздiгi  және еңбектi қорғау жөнiндегi қызметкерлердi  ере-желер мен нормативтердiң талаптарына сәйкес, соның iшiнде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестердi енгiзу кезiнде оқытудан және даяр-лықтан өткiзуге;

- еңбек қауiпсiздiгi  және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды  әзiр-леуге және оларды ұйымда өткiзуге арнап қаражат бөлуге;

- өз қаражаты есебiнен  қызметкердi арнайы киiммен, арнаулы  аяқ киiм-мен және зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгiленген кию мерзiмiнде қамтама-сыз етуге, жеке ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киiмнiң өз мақса-тында қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға;

- өндiрiстiк процестер мен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу бойынша нұс-қамалық өткiзуге, қызметкерлердi тиiстi нұсқамалық құжаттармен (нұсқау-лықтармен, ережелермен, әдiстемелiк нұсқаулармен) қамтамасыз етуге;

- еңбек қауiпсiздiгi  және еңбектi қорғау мәселелерi  бойынша бiлiмдерiн тексеруден өтуге және уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшы-лар мен мамандардың бiлiмiн тексерудi ұйымдастыруға;

- Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсiби аурулардың белгiлерi пайда болған кезде қызметкерлердi мiндеттi түрде алдын ала, мерзiмдiк (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеруден жә-не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебiнен өт-кiзуге;

- өз қаражаты есебiнен  қызметкерлерге қажеттi санитарлық-гигиеналық  жағдайлар жасауға, профилактикалық  тазарту құралдарымен, жуу және  за-лалсыздандыру құралдарымен, медициналық дәрi-дәрмек қобдишаларымен, сүтпен, уәкiлеттi орган белгiлейтiн нормалардан кем болмайтын емдеу-про-филактикалық тағамдармен, сондай-ақ арнаулы киiмдi және аяқ киiмдi жөн-деумен қамтамасыз етуге;

- мемлекеттiк еңбек  инспекторларының нұсқамаларын  қабылдауға және орындауға; 

- өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiби ауруларды тiркеудi, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;

- уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге  сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң  қатысуымен, өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайларының жай-күйi  бойын-ша мезгiл-мезгiл, кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өткiзуге, сондай-ақ, қайта құрудан, жаңғыртудан өтiп, жаңа техника немесе технология орнат-қаннан кейiн мiндеттi аттестаттаудан өткiзуге;


- авариялық жағдайдың  өрiстеп кетуiн және зақым келтiретiн  фактор-лардың басқа адамдарға әсерiн болдырмау жөнiнде шұғыл шаралар қабыл-дауға;

- егер жазатайым оқиға  басқа адамдардың өмiрi мен  денсаулығына қауiп төндiрмейтiн  және авариялық жағдайдағы жай-күйге  соқтырмайтын болса, өндiрiстегi жазатайым  оқиғаны тергеу басталғанға дейiн оқиға болған сәттегi жағдайды сақтауға, ал оны сақтау мүмкiн болмаған жағдайда қалыптасқан жағдайды белгiлеп алуға (схемасын жасауға, соның iшiнде суретке, бейне-таспаға түсiрудi пайдалануға);

-қатты улану жағдайлары  туралы халықтың санитарлық-эпидемиоло-гиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бө-лiмшесiне хабарлауға мiндеттi.

Жоғары қауіптілік көздері  бар жұмыс түрлері мен қызмет спецификасын есепке алғанда еңбек  немесе ұжымдық келісім-шартта жұмыс  берушінің қосым-ша міндеттері қарастырылуы мүмкін. 

Еңбек қауіпсіздігі мен  қорғау бойынша шараларды қаржыландыру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған, жұмыс беруші мен басқа да қаржы көздерінен жүзеге асырылады. 

Жұмысшылар бұл мақсатқа шығындануға тиісті емес. 

Қаржы көлемі ұжымдық  келісім-шартпен анықталады.

Қауіпсіздік жұмысы бойынша  жалпы негізгі шаралар:

Цехтарда өтетін жерлерге және машинка мен апарттардың қызмет ету зона-ларын тарамен және басқада заттарды тастамау керек. Цех едендері тағанақ емес және таза болуы керек.

Аппараттың ыстық үстіңгі  бетінің температурасы 40-45 оС–тан жоғары болмайтын етіп оқшаулау керек. Кнопкалы құрылғылар және органдардың ай-қын белгілері болуы керек.

Информация о работе Жемисти айран