Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 19:34, реферат

Краткое описание

Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:
1. тергеулiк болжамдарды дайындау;
2. анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;
3. осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;
4. осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.

Содержание

1. Криминалистикалық тактика.
2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
3. Тергеулік қарау және куәләндіру.
4. Тінту және алу.
5. Жауап алу және беттестіру.
6. Тану үшін ұсыну.
7. Тергеулік эксперимент.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф тергеу кызмети.docx

— 56.71 Кб (Скачать документ)

Егер тыңдау және жазып  алуды прокурордың бекiтуiнен бұрын жүргiзу керек болса, онда ол жүргiзiле бередi, бiрақ жиырма төрт сағат iшiнде ол жайлы хабарлану мiндеттi. Прокурор оның заңдылығын тексередi, егер тергеу әрекетi заңсыз деп саналса, онда нәтижесi қылмыстың iстiң дәлелдемесi ретiнде қолданылмайды.

Фонограмманы қарау және тыңдауды тергеушi куәгерлердiң қатысуымен, кажет болса мамандардың қатысуымен жүзеге асырады, ол жайлы хаттама дайындайды. Тыңдау мен жазып алу әрекетіне қатысқан куәгерлерге тергеушi, оларға белгiлi болған мәлiметтердi таратпау жайлы жауапкершiлiгiн ескертедi.

7. Тергеулік эксперимент.     

 Қылмысты тергеп-ашуда  қолданылатын тәжірибелік әдіс  қолдану нысандарының бірі – тергеулік эксперимент. Тергеулік эксперимент дегеніміз қылмысты оқиғаның кейбiр мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әртүрлi сынақ тәжiрибелер жүргiзу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкiндiгiн тексеру, сондай-ақ iске қатысы бар жаңа дәлелдемелердi алу мақсатында жүргiзiлетiн тергеу әрекетi. Тергеулік экспериментi кезiнде адам денсаулығына нұқсан келтiрiлмеуi, оның өмiрiне қатер төнбеуi тиiс. Сонымен қатар, эксперимент өткiзуге қатысып жүргендердiң құқығы бұзылмайтындай, оларды қорлап, кемсiтпейтiндей жағдайлар жасалу керек.

Тергеулік экспериментiн  жүргiзу арқылы шешiлетiн кейбiр мәселелер: – кейбiр құбылыстың не әрекеттiң  айтылған, көрсетiлген жағдайда болуы  мүмкiн бе, әлде жоқ па (мысалы, белгiлi бiр затты айтылған жағдайда сол  адам көтерiп кете ала ма немесе белгiлi бiр қашықтыққа көрсетiлген уақытта барып жетуге бола ма және т.б.);

–       белгiлi бiр жағдайда қашықтықта болған оқиғаны, құбылысты көрiп қабылдауға, сөздi, дыбысты естуге бола ма;

–       iз қалдыру (сындыру, соғу, аралау, т.б.) сипатын, оның механизмiн анықтау.

Тергеулік эксперимент басқа да тергеу әрекеттерінің (оқиға болған жерді қарау, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау) элементтерін қамтысада, олардан мынадай айырмашылығы бар:

–       оқиға болған жерді қараудан айырмашылығы – тергеулік эксперимент тергеудің келесі (алғашқы емес) кезеңінде жүргііле отырып, ең алдымен жиналған мәліметтерді тексеруге және нақтылауға бағытталған;

–       тергеулік эксперимент жүргізу барысында қайта қалпына келтірілген (реконструкция жасалған) жағдай пайдаланылады (ал айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау және оқиға болған жерді қарауда сол орнында зерттелетін тікелей жағдай қолданылады);

–       айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау кезінде пайдаланатын тәжірибелердің екінші дәрежелі мағынасы болса, ал тергеулік эксперименттің олар негізгі мазмұнын құрастырады;

–       тергеулік эксперимент айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауға қарағанда кейбір жағдайларда құштарлық білдіретін тұлғаларсыз (сезікті, айыпталушы, куә, жәбірленуші) жүргізілуі мүмкін.

Тергеулік экспериментiн  жүргiзу тактикасы бірқатар тактикалық шарттарды қамтамасыз етумен көзге түседі. Олардың негізгілері:

–       тергеулік экспериментке қатысушылардың саны оңтайлы болу керек;

–       эксперимент болған оқиға жағдайына максималды түрде ұқсас болуы керек;

–       бiртектес тәжiрибелердi бiрнеше рет жасау арқылы нәтиженiң кездейсоқтығын жою;

–       нәтижелердi дұрыс және нақтылы қарастыру үшiн тәжiрибелердi бiрнеше кезеңде өткiзу.

Сараптама кезiндегi  эксперимент ол, сот-сараптамалық зерттеу шараларының факультативтiк сатыларының бiрi. Оның мәнi тәжiрибелер жасаумен көрсетiледi: нақты жағдайларды және олардың арасындағы себептiк байланыстарда анықтау үшiн; iздердiң жасалу механизмiн айқындау үшiн; салыстырмалы зерттеу үшiн үлгiлер алуда; iздердiң қасиетiн зерттеу үшiн; қылмысты жасауға итермелеген техникалық сипаттағы себептер мен жағдайларды айқындау.

Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу    

 Қылмыстық істерді  тергеу барысында, сот өндірісінде қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде арнайы таным нысаны ретіндегі сараптаманы пайдаланудың түп-тамыры ежелден келе жатыр. Заң әдебиеттеріндегі “сарапшы” және “сараптама” деген түсініктер латынның “expertus’’, яғни “тәжірибелі” деген мағынада көрсетілген. Бұрыннан бері  сарапшы деп шиеленіскен мәселелер мен даулы жағдайларды шешу үшін нақтылы саласында біліктілігімен көзге түскен тұлғаларды атаған. сарапшы туралы дамыған аталмыш көзқарастар нәтижесінде сот және басқа да салаларда сараптама ұғымы қалыптасты, яғни арнайы білім талап ететін нақтылы ғылым, техника және өнер салаларында зерттеу жүргізе отырып, қажетті мәселелерді шешу.

Сот сараптамасы дегеніміз  ғылыми, техникалық және басқа да арнайы білімдер негізінде білікті тұлғаның заңға сәйкес нақтылы жағдайларды  анықтау мақсатында жүргізілген  зерттеуі қорытынды түрінде құрастырылған, сондай-ақ қылмыстық не азаматтық істер бойынша дәлелдемелік құрал ретінде жүретін процессуалдық әрекетті айтамыз.

Сот сараптамасын тағайындау негіздері:

·        сот сараптамасын міндетті түрде жүргізу жайлы қылмыстық іс жүргізу заңының талабы;

·        тергеуші мен анықтама органы қызметкерінің шешімімен;

·        процеске қатысушылар ынтасымен;

·        қылмыстық істегі тергеу бөлімінің бастығы берген жазбаша нұсқау негізінде;

·        соттың берген нұсқауларына сай;

·        заңдылықты қадағалайтын прокурор нұсқауларымен

Бірқатар санаттағы қылмыстық істерді тергеу барысында сот сараптамасын жүргізу өте қажет болады. Оның себебі тергеуші мен сотты қызықтыратын кейбір жағдайлар сот сараптамасын жүргізу арқылы анықталады.

Сот сараптамасын тағайындау туралы шешімді қабылдау барысында  ескеретін бір жағдай, істегі ревизия және тексеріс актілерінің, сондай-ақ тергеулік әрекет шеңберінде маманмен жүргізілген алдын-ала зерттеу қорытындаларының болуы, осы мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындап-жүргізу мүмкіндігін жоймайды.

Қылмыстарды ізін суытпай  ашудың маңызды элементтеріне дер  кезінде сараптама тағайындау жатады. Аталмыш қағиданы бұзу қылмысты әшкерелеуді  қиындатып ған қоймай, сонымен  қатар көптеген дәлелдемелерді жоғалтуға  әкеп соқтырады. Іс бойынша қажет  болып тұрған жағдайда сараптама жүргізбеудің нәтижесі – қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін іс кері қайтарылады. Қайта тергеуге жіберудің негізі ретінде істе сарапшы қорытындысының болмауы немесе жүргізілген зерттеудің толымсыздығы жүреді.

Сот сараптамасының түрлері. Жеке тұлғалық (единоличная) және комиссиялық сараптама. Жеке тұлғалық сараптама жеке сарапшымен іске асырылады.

Комиссиялық сараптама –  бір мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы жүргізетін сот сараптамасы. Мысалы, жеке тұлғаның есі дұрыс дұрыс еместігін анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу үшін кем дегене үш сарапшыдан тұратын комиссия құрылады.

Қосымша және қайталама сараптама        

 Қосымша сараптама  – алдыңғы сараптаманың нәтижелері  бойынша сарапшының қорытындысы  жеткілікті дережеде анық болмаған  не сот сарапшысы өзінің алдына  қойылған мәселелерді толық шешпеген  не алдыңғы зерттеумен байланысты  қосымша мәселелерді шешу қажет  болған жағдайларда жүргізілетін  сот сараптамасы.

Қайталама сараптама –  алдыңғы сараптаманың нәтижелері бойынша  сарапшының қорытындысы жеткілікті негізделмеген не оның дұрыстығы  күмән тудыратын не сараптама  жүргізудің іс жүргізу қағидалары елеулі түрде бұзылғанда жүргізілген сот сараптамасы.

Қосымша және қайталама сараптама  тағайындау үшін тергеуші және сот  келіспеушілікті тудырған негіздерді анықтап көрсету керек.

Кешенді сараптама – егер іс үшін маңызы бар жағдаяттарды анықтау  үшін білімнің түрлі салаларының  негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда, әр түрлі мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыретінде жүргізетін сараптама.

Кешенді сараптама қорытындысында әрбір сарапшы жүргізген зерттеу нәтижелері және қандай шешімге келгендігі көрсетіледі. Әрбір сарапшы жүргізген зерттеудің нәтижесінде ортақ бір қорытынды жасалынады.


Информация о работе Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау