Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 19:34, реферат

Краткое описание

Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:
1. тергеулiк болжамдарды дайындау;
2. анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;
3. осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;
4. осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.

Содержание

1. Криминалистикалық тактика.
2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
3. Тергеулік қарау және куәләндіру.
4. Тінту және алу.
5. Жауап алу және беттестіру.
6. Тану үшін ұсыну.
7. Тергеулік эксперимент.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф тергеу кызмети.docx

— 56.71 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

1. Криминалистикалық тактика.

2. Криминалистикалық болжамдар  және тергеуді жоспарлау

3. Тергеулік қарау және  куәләндіру.

4. Тінту және алу.

5. Жауап алу және беттестіру.

6. Тану үшін ұсыну.

7. Тергеулік эксперимент.   

1.Криминалистикалық тактика       

 Бағамның үшiншi бөлiмiн оқып үйрену алдында, тыңдаушы тыңғылықты түрде тактиканың жалпы сұрақтарымен танысу керек.

Әрбiр қылмысты тергеу, қылмыстық iс жүргiзу заңы рәсiмделген дәлелдемелердi табу және жинауға бағытталған тергеу әрекеттерiн жоспарлы түрде жүргiзумен қамтамасыз етiледi. Осы бағытта криминалистикалық техника және тактикалық тәсiлдердi жедел iздестiру шараларымен ұштастыра отырып шеберлiкпен пайдалану, қылмыстарды тиiмдi түрде әшкерлеуде елеулi маңызы бар.

Қылмыстық iс жүргiзу заңының қағидалары және тергеулiк тактика тәсiлдерiнiң өзара қатынасы криминалистикалық тактиканың маңызды мәселелерiнiң бiрiне жатады. Қылмыстық iс жүргiзу заңы процесске қатысушылардың барлығына мiндеттi болып саналатын, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiн тағайындайды, ал криминалистика осы заң қағидаларын негiзге ала отырып, қылмысты тергеуде қолданылатын тактикалық нұсқауларды дайындайды.

ҚР ҚIЖК-нiң кейбiр баптары, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiне қатысы бар тактикалық шешiмдi таңдау құқығын тергеушiге ұсынған. Осылайша, ҚР ҚIЖК-нiң 212–бабында, “тергеушi қажеттi деп санаса, жауапты жауап берушi отырған жерде алуға оның құқығы бар” екендiгi көрсетiлген. Мұндай кезде айыпкерден жауап алу орнын тергеушi, iстiң мән-жайына байланысты пайда болған тактикалық көзқарастарына қарай анықтайды. Тергеушi айыпкерден жауапты қай жерде алса да, мұндай тергеу әрекетi ҚР ҚIЖК-нiң 212–бабына сәйкес өткiзiледi. Айыпкерден жауап алу тергеушi бөлмесi не басқа жерде ме, одан жауап алудың процессуалдық тәртiбi өзгермейдi.

Тактикалық тәсiл нақтылы  тергеу әрекетiн жүргiзу барысында  қолданылып, оның тәртiбi қылмыстық iс  жүргiзу заңымен рәсiмделедi.

Жоспарлау, тергеушiнiң қылмысты тергеу қызметiндегi ұйымдық бастамасы болып саналады.

Жоспар және тергеулiк болжам тергеудiң дұрыс бағытын анықтайды, оны мақсаттылықпен қамсыздандырады және қылмыстың тез арада, толымды түрде әшкерленуiне жол бередi. Iстегi дәлелдемелерге терең және ойшыл талдау жүргiзу нәтижесiнде шығарылған болжам арқылы, тергеудiң дұрыс бағыты анықталады.

Жоспарлау мазмұнын анықтай  отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:

1.     тергеулiк болжамдарды дайындау;

2.     анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;

3.     осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;

4.     осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.

Криминалистикадағы тактикалық тәсiлдер заңға сәйкес дайындалады. Айыпкер, куә және басқа да iс жүргiзуге қатысушылардың заңды мүдделерi мен құқықтарын бұзуға бағытталған тергеу тәсiлдерi, заңдылық талаптары және шыңайылық қағидаларымен бiр қатарда тұра алмайды.

Қылмыстық iс жүргiзуде қорқыту, алдау, зорлық жасау және адамның  намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын қимылдар орын алмау керек. Iс бойынша шыңайылыққа жету, тек заңдылық талаптарын бұлжытпай орындаған кезде ғана мүмкiн болады.

Қараудың тиiмдi нәтижесi көбiне оны тыңғылықты өткiзiп, ғылыми-техникалық құралдарды пайдалылықпен қолдануға  байланысты. Қарауды жүргiзу және оның нәтижелерiн толтыру қылмыстық iс  жүргiзу заңының талаптарына (ҚР ҚIЖК-нiң 222, 227, 203–баптары) сәйкес iске асырылғанда ғана мағұлматтардың дәлелдемелiк маңызы болады. Оқиғаға қатысы бар аула және бөлменiң сұлбасын сызуды үйрену қажеттi мәселелердiң бiрiне жатады.

Тергеу экспериментiне, көрсетулердi оқиға болған жерде тексеруге, тiнту  және алуға, жауап алуға, тану үшiн  ұсынуға, корреспонденцияға тыйым салуға,  хабарларды ұстап қалуға, сөйлесулердi тыңдай отырып жазуға, сараптама өңдiрiсiне дайындық жасауға қатысы бар қағидаларға және оларды жүргiзудегi тактикалық тәсiлдерге ерекше назар аударылу керек.

Сараптамаларды тағайындау және жүргiзу тек криминалистикалық  емес, сонымен бiрге басқа да кеңiнен тараған сот сараптамасы түрлерiнеде қатысы бар. Сот медицина, сот психиатрия және сот бухгалтериясы бағамдарында осындай сараптамаларды тағайындау және жүргiзу сұрақтары нақтырақ қарастырылса, криминалистика оқулықтарында көбiне криминалистикалық сараптамаларды тағайындау және жүргiзу мәселелерi қозғалған. Сараптама өндiрiсi мемлекеттiк сараптама мекемесiнде жүргiзiлгендегi тергеушiнiң атқаратын ролi, осы мекеме және ондағы сарапшымен тығыз байланыста жатыр. Мұндай байланыс, сараптама алдына қойылған сұрақтарды нақтылау және қосымша сұрақтар берумен анықталады, сондай-ақ зерттеу үшiн қажеттi материалдарды ұсынумен көрiнедi. Кейде сараптама өңдiрiсiнде тергеушiнiң қатысуы қажет болады, мысалы, мәйiттiң сот-медициналық зерттеуiнде. Нақтылы жағдайларда тергеушi сырттан арнайы бiлiмi бар мамандарды шақырады. Бұл жерде, сырттан келген маман кәсiби бiлiктiлiгiмен көзге түссе де, қосымша материалдар алу, сарапшы қорытындысын құрастыру тәрiздi сарапшы қызметiнiң бiрқатар спецификалық мәселелерi жайлы бейхабар болуы мүмкiн, сондықтан тергеушi онымен үнемi байланыста болу керек.

Тергеу әрекетiнiң тактикасын қарастыра отырып, оған дайындық жасау элементтерiне, ұсынылатын тактикалық тәсiлдерге, криминалистикалық техника қолдану ерекшелiктерi және тергеу әрекетi нәтижелерi мен процесстiң өзiн бекiту тәсiлдерiн ұғынып алу қажет.

Криминалистика дайындайтын  тергеу әрекеттерiн орындаудағы тактикалық тәсiлдер соттық тергеуде де қолданылады. Алдын-ала тергеу үшiн дайындалған тактикалық тәсiлдер сот өндiрiсiне механикалық түрде ауыстырылмау керек. Сот өндiрiсiнiң жариялылығы, тәуелсiздiгi сияқты ерекшелiктерi тактикалық нұсқауларға дұрыс көзқарас қалыптастыруға жiгерлендiретiндiгiн ескерген жөн. 

 

Криминалистикалық тактиканың жалпы қағидалары    

 Криминалистикалық тактика  криминалистика ғылымы жүйесiнiң  үшiншi элементi бола тұра, бағам бағдарламасының үшiншi бөлiмiн құрастырады. Криминалистикалық тактика деп, ғылыми ережелер жүйесiне негiзделе отырып жасалған алдын-ала тергеу мен соттық тергеудi ұйымдастыру және жоспарлау талаптарын, соттық зерттеулер жүргiзетiн адамдардың мiнез-құлқын және процессуалдық iс-әрекеттердi (бiрiншiден, тергеулiк) жүргiзу тәсiлдерiн айтамыз.

Криминалистика тактика  мазмұнын:

1.     Криминалистикалық болжамдар және тергеудi жоспарлау туралы iлiм.

2.     Тергеулiк ситуация түсiнiгi және оған баға беру, тергеу мүддесiне қарай пайдалану бойынша нұсқаулар.

3.     Тактикалық шешiм түсiнiгi және оны әртүрлi жағдайларда қабылдау бойынша нұсқаулар.

4.     Тергеу процесiнде қылмыспен күрес жүргiзiп жүрген құқық қорғау органдары қызметкерлерiмен тергеушiнiң өзара әрекеттесуiн iске асыру қағидалары, алынған оперативтiк түпнұсқаларды пайдалану.

5.     Алдын-ала тергеу және сот өндiрiсiнде техникалық-криминалистiк құралдарды және дәлелдемелердi жинап зерттеуден өткiзу тәсiлдерiн пайдалану бойынша нұсқаулар.

6.     Алдын-ала тергеу және сот өндiрiсiнде арнайы бiлiмi бар тұлғаларды, маман және жұртшылық көмегiн пайдалану бойынша нұсқаулар.

7.     Тергеу процесiнде ұйымдық және техникалық сипаттағы шараларды iске асыру қағидалары.

8.     Тактикалық тәсiлдер және нақтылы процессуалдық әрекеттердi жүргiзу бойынша нұсқаулар.

9.     Тергеу барысындағы тактикалық комбинациялар құрастырады.

Тактикалық тәсiлдер, нұсқаулар және комбинациялар криминалистикалық тактика негiзi болып саналады.

Криминалистикалық тәсiл  дегенiмiз заңға қайшы келмейтiн, белгiлi ситуациялық жағдайда, қылмыстың  алдын-ала тергеуге қажет дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және iске  асыру мақсатындағы тергеу әрекеттерiнiң  нәтижелiгiн арттыру үшiн тергеушiнiң  қолданатын арнайы әдiс-тәсiлдерi мен  қолайлы мiнез-құлқы.

Тактикалық тәсiлдердiң  екi түрiн ажыратуға болады:

-            әрекеттiк, яғни қандай да бiр қимылдарды iске асыру барысындағы тәсiлдер;

-            бағыттық, яғни тергеудi жүргiзушi тұлғаның нақтылы мiнез-құлықтық бет алысты таңдап iске асыру тәсiлi.

Тактикалық тәсiлдердi қолдану шарттары:

1.      заңға қайшы келмеу — рұқсат беретiн заңдар, қағидалар және ережелер жүйесiне сай келу, аталмыш тәсiлдердi (нұсқаулар, комбинациялар) тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi, сотпен iске асыру тәртiбi, мақсаты және мазмұны;

2.      рұқсаттылық, яғни сипаты, мазмұны және мақсаттылығы бойынша заңға толығымен сәйкес болу керек;

3.      ғылыми негiзделген;

4.      тәжiрибемен дәлелденген, яғни қолданылған күш, құрал және жiберiлген уақыттың бекер болмауы;

5.      қолайлы, яғни әрбiр тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi және соттардың пайдалану мүмкiндiгi бар.

Тактикалық-криминалистiк нұсқаулар дегенiмiз ол, тергеу жүргiзу немесе сот өндiрiсiндегi тактикалық тәсiлдердi таңдап қолдануға қатысты, ғылыми негiзделген және мақұлданған тәжiрибелiк кеңес. Тактикалық комбинация деп тергеулiк ситуациясымен себептелген және нақтылы тергеу мiндетiн шешу мақсатын iске асыруды көздеген, тактикалық тәсiлдер немесе тергеулiк әрекеттердiң ұштасуын айтады. Бiр ғана тергеу әрекетi шенберiндегi тактикалық тәсiлдердiң ұштасуын қарапайым тактикалық комбинация дейдi. Нақтылы iстi тергеу барысындағы тергеу әрекеттерiнiң ұштасуы, күрделi тактикалық комбинация болып саналады. Күрделi тактикалық комбинацияға бiртектес не әртүрлi тергеулiк әрекеттер, сондай-ақ қамсыздандыру сипатындағы, ұйымдық-техникалық шаралар ене алады.

Оперативтiк-тактикалық комбинация дегенiмiз ол, бiртұтас тактикалық оймен қамтылған, тергеушi тапсырмасы бойынша тергеу әрекетiмен қатар жүргiзiлетiн жедел iздестiру шаралары. Мұндай шаралар мақсаты ретiнде, комбинация құрылымына енетiн нәтижелiк, талпынушылық және қауiпсiздiк, ал қажет болғанда нақтылы мезетке дейiнгi құпиялылық жағдайын қалыптастыру болып саналады. Бiртұтас оперативтiк-тактикалық комбинация құрылымында, жедел iздестiру шараларының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында тергеу әрекеттерi де жүргiзiлуi мүмкiн. Мұндай әрекеттер тергеушiнiң жедел iздестiру қызметкерлерiмен өзара әрекеттесу жолымен iске асырылады.

Тактикалық шешiм деп тергеулiк ситуацияға, тергеу процесiнiң жолына және нәтижесiне тактикалық ықпал жасау мақсатын таңдау және аталмыш мақсатқа жету әдiс-құралдарын анықтауды айтады. Тактикалық шешiмдi iске асырудың негiзгi құралдары ретiнде, тактикалық тәсiлдер және тактикалық комбинациялар жүредi.

Тактикалық шешiм үш бөлiктен тұрады: 1) ақпараттық; 2) ұйымдастырушылық; 3) операциондық.

1. Тактикалық шешiмнiң ақпараттық бөлiгi тергеулiк ситуацияға талдау жасап, баға беруден тұрады:

-            шешiмiн талап ететiн, процессуалдық мiндеттер;

-            қарсы тұрушы күштердiң ойлары;

-            тергеу мүмкiндiктерi;

-            болжамалы ақпар.

2. Тактикалық шешiмнiң ұйымдастырушылық бөлiгi мынадай тұжырымдарды өзiне жинақтаған:

-            функциялар тарату;

-            өзара әрекеттесу бағыты мен нысандары;

-            қолданыстағы күш-құралдарды iске асыру ретi;

-            қосымша мүмкiндiктер;

-            қажеттi ұйымдық-техникалық шаралар жүргiзу.

3. Тактикалық шешiмнiң операциондық бөлiгi, ол:

-            тактикалық ықпал ету мақсатын;

-            мақсатқа жету тәсiлдерi мен жағдайларын;

-            тактикалық шешiмдi iске асырудың болжамалы нәтижелерiн анықтау.

Тактикалық шешiм мақсаттары:

-            тергеулiк ситуацияны жағымды жаққа ауыстыру;

-            шыңайы тергеулiк ситуацияны тиiмдi пайдалану;

-            тергеуге қарсы тұрушы тұлғалар үстiнен тактикалық билiк орнату;

-            бастапқы тергеу кезеңiндегi тұтқиылдық факторын зерттеу;

-            тергеудi алға басу әдiстемесiмен қамтамасыз ету.

Тактикалық шешiмге қойылатын талаптар:

-            заңдылық;

-            өнегелiлiк;

-            уақыттылық;

-            негiздiлiк;

-            шынайылық.

Процессуалдық әрекет тактикасы  деп процессуалдық әрекеттердi дайындау, iске асыру, бекiту және нәтижелерiне баға беруде қолданылатын тактикалық тәсiлдер жүйесiн айтады. Оның құрылымы төмендегiдей сатылардан тұрады:

1.     жүргiзуге дайындық;

2.     жүргiзу;

3.     жолы мен нәтижелерiн бекiту;  

 

4.     алынған нәтижелерге баға беру және оның нақтылы қылмыстық iс бойынша делелдемелiк ақпарат жүйесiндегi маңызы мен алатын орны.

Осы сатыларды iске асырудағы тактикалық тәсiлдер, оның алдына қойылған мiндеттердi шешумен қамтамасыз етiледi.

I. Процессуалдық әрекеттi жүргiзуге дайындық мыналардан тұрады:

-  мiндеттер түсiндiрiледi және құрастырылады;

Информация о работе Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау