Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 19:34, реферат

Краткое описание

Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:
1. тергеулiк болжамдарды дайындау;
2. анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;
3. осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;
4. осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.

Содержание

1. Криминалистикалық тактика.
2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
3. Тергеулік қарау және куәләндіру.
4. Тінту және алу.
5. Жауап алу және беттестіру.
6. Тану үшін ұсыну.
7. Тергеулік эксперимент.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реф тергеу кызмети.docx

— 56.71 Кб (Скачать документ)

Жалған жауап беріп отырған адам әрекетін әшкерелеудің тактикалық тәсілдерін үш топқа бөлуге болады.

1)    Сезімге әсер ету тәсілдері:

– теріс көзқарас алып отырғандығына, оның жат қылықтық сипаты бар екендігіне көзін жеткізу;

– жалған айғақ беруден пайда болатын құқықтық зардап және жауап алынатын адамға жақын тұлғаларға тиетін зиянды түсіндіру;

– жауап алынатын адамның  жақсы жақтарына әсер ету.

2) Логикалық ықпал жасау  тәсілдері:

–  жауап алынатын адам айғақтарын жоққа шығаратын дәлелдемелер ұсыну;

–  жауап алынатын адамнан көрсетулерін дәлдеуді талап ететін дәлелдемелерді ұсыну

– жауап алынатын адам және онымен бірге қатысқандар арасындағы қарама-қайшылықтарды логикалық талдаудан өткізу; олардың теріс көзқарастары шындыққа жету үшін кедергі көрсетпейтіндігін дәлелді түрде ұғындыру.

3) Тактикалық комбинациялар  (жауап алынатын адамның теріс  көзқарасын әшкерелейтін жағдайды  туғызу бойынша):

– тергеушінің істің мән-жайы туралы хабардар екендігін жауап алынатын адам алдында асыра көрсететін жағдай туғызу;

– тергеушінің қандай да бір жағдайлар туралы хабардар екендігін жауап алынатын адамға білдіртпеу;

– жанама жауап алу әдісі (шын мәніндегі қылмысқа қатысы бар екендігі жайлы басты сұрақты бүркемелейтін, ал жауап алынатын адам көзқарасындағы, екінші дәрежелі сұрақтарды қою).

Жасы толмаған куә, жәбірленуші, сезікті және айыпталушыдан жауап  алу тактикасының ерекшеліктері  ең алдымен осы санаттағы тұлғалар психикасының ерекшеліктерімен көрсетіледі. Аталмыш тұлғалардан жауап алуға  дайындық барысында тергеуші бала немесе жас өспірімнің жетілу дәрежесі, мінезінің ерекшелігі, оған ересектердің ықпал жасау деңгейі жайлы деректерді анықтап алады.

Беттестіру – жауап  алу барысында бiр оқиға бойынша екi адамның жауабы әртүрлi болған жағдайда оларды бiр-бiрiмен кездестiрiп, жүздестiрiп жауап алу. Осындай жағдайларға байланысты оларды беттестiру әрекеттерiн жүргiзiп арасындағы қайшылықтарды жою үшiн екеуiнiң қатысуымен бiр мезгiлде және қайтадан жауап алу жүзеге асырылады. Сондықтан беттестiру бұрын жауап алынған адамдардан және әртүрлi, қарама-қайшы көзқарастағылар арасында жүргiзiледi. Бұл өте күрделi тергеу әрекетi болғандықтан оған мұқият дайындалып, тергеу барысында тәсiлдiк әдiстердi пайдалана отырып, заңда көрсетiлген тергеудi жүргiзу тәртiбi қатаң сақталуы тиiс.

Ескеретін бір жағдай, жәбірленуші немесе куәні сезікті не айыпталушымен беттестіргенде, кейінгілері бұл тергеу әрекетін балағаттау, мін тағу, қорқыту, иландыру және басқа да негативтік ықпал жасау мақсатында пайдалануы ықтимал.

6. Тану үшін ұсыну    

 Тану үшін көрсету  дегеніміз жәбiрленушiге, куәға, сезiктi адамға немесе айыпкерге белгiлi бiр объектiнi көрсету арқылы, осы объектiнi оның бұрын көрген не көрмегенiн анықтап, егер көрген болса қашан және қандай жағдайда көргенiн, оны нақты қандай белгiлерi бойынша танитындығын айырып, шешу үшiн жүргiзiлетiн заңда көрсетiлген тергеу әрекетi.  Тануға көрсетiлген объектiлер қатарына жататындар: адамдар, өлiк, зат, бұйым, мал, кей жағдайда пәтер, бөлме, не жеке бiр жер де көрсетiлуi мүмкiн. Жоғарыда аталған заттарды, мәійттерді және басқа да объектілерді немесе олардың фотосуреттерінің теңдігін анықтау мақсатында заңда көрсетілген тәртіппен танушыға ұсыну осы тергеу әрекетінің мәні болып саналады.

Аталмыш тергеу әрекетінің негізінде  танушының бұрын бақылағанда  ойында қалып қойған объектісін басқа объектілер қатарында ұсынғанда оны ойша салыстыру арқылы көрсететін психологияық процесс жатыр. Мұндай салыстыру нәтижесі ретінде олардың теңдігі, ұқсастығы немесе айырмашылығы туралы қорытындысы жүреді.

Тану үшін көрсетудің түрлері:

·        адамдарды тану үшін көрсету;

·        мәйіт және оның бөлшектерін тану үшін көрсету;

·        заттар мен құжаттарды тану үшін көрсету;

·        жануарлар және олардың өліктерін тану үшін көрсету;

·        үй-жай және қора-ауланы тану үшін көрсету.

Тану үшін көрсету мынадай  жағдайларда мүмкін болмайды:

·        тану үшін көрсетудің нақты түрін жүргізуге қарсылық көрсететіндей танушыда физикалық немесе психикалық жетіспеушіліктердің болуы;

·        танылуға тиіс адамда оны тани алатындай, яғни оны жекелендіретін белгілердің болмауы;

·        тиісті объектіні танушы бұрын басқа тергеу әрекетінің үстінде қабылдап көрген;

·        танушы танылуға тиіс объектіні бұрын жақсы білгендіктен, осы объектінің даралығына күмән туғызбайтындай, оның белгілерін анық атаған кезде;

·        объекті туралы мәліметтің болу арқасында көз жетерліктей теңдестіру жүргізілгенде (мысалы, сағаттағы нөмір және оның паспортындағы осындай нөмірдің сәйкес келуі).

Тану үшін көрсету ережелері:

1)танушыдан, тиісті адамды немесе затты бұрын қандай жағдайда бақылағандығы, сондай-ақ осы объектіні қандай белгілер мен ерекшеліктер арқылы тани алатындығы жайлы алдын-ала жауап алынады;

2)көрсетуге ұсынылатын  объектілер саны үштен кем  болмау керек;

3)танылуға бірге ұсынылатын  объектілердің мүмкіндік бойынша  сырт ұқсастығы болу керек;  танылуға тиіс зат басқа біртектес заттармен бірге ұсынылады;

4) тану үшін көрсету  жағдайы осы объектіні оқиға  болған жерде қабылдаған жағдайға  жақын болуы керек (объектінің  алыс-жақындығы, күндіз, түнде, жарық  түсіп тұрғанда және т.б.);

5) тану үшін көрсету  әрекеті басталмас бұрын танылуға  тиіс адамға бірге ұсынылып отырған адамдар арасынан таңдаған орнын алу ұсынылады;

6) тану үшін көрсету  әрекеті куәлардың қатысуымен  жүргізіледі;

7)егер куәгер немесе  жәбірленуші танитын адамдар  болса, онда олар жалған айғақ  бергені және көрсетуден бас  тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы ескертіледі;

8)жетекші сұрақтар қоюға және жол-жөнкей қимылдарды жасауға тыйым салынады;

9)танушы ұсынылған адамдар  немесе заттар арасынан біреуін  көрсеткен жағдайда, одан осы  объектіні қандай белгілер мен  ерекшеліктер арқылы танығандығын  түсіндіру талап етіледі.

Мәйітті тану үшін көрсету ерекшеліктері төмендегілермен байқалады:

·  мәйітті тану үшін көрсету танушылардан алдын-ала жауап алусыз жүргізу мүмкіндігі (мысалы, нақты адамның жоғалуы туралы арыз болмай мәйіт табылғанда – жақын жердегі тұрғындарға ұсыну);

·  мәйітті “сәндеуден” өткізу (“туалет” трупа) әрекеті, яғни қажет болған жағдайларда тергеушінің нұсқауымен танушы адамға мәйітті көрсетпес бұрын маман мәйітті гримдейді (жарақаттардың болуы, мәйіттің кейіпсізденуі);

· мәйітті әрбір танушы адамға бөлек жанғыз өзін көрсету;

· мәйітті киімсіз ұсыну, сонан соң киімін басқа осындай заттар арасында ұсыну.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау    

 Айғақтарды оқиға болған  жерде тексеру мен нақтылау  дегеніміз қолданыста барларды  тексеру және жаңа дәлелдемелерді  алу мақсатында алдында жауап  алынған тұлғамен қылмысқа қатысы  бар жағдайларды, орны мен объектілерді  көрсетуге, кейбір қимылдарды жасауға, осы жердің нақтылы жағдайын зерттеу және бұрын алынған айғақтармен салыстыруға бағытталған өз алдына бөлек тергеу әрекеті.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау әрекеті жүргізілетін жағдайлар:

1) жауап алынған тұлға  қылмыс орнындағы жағдай, ондағы  кейбір объектілердің орналасуы, оған қарай жүру немесе одан қайту жолдары жайлы айтып беруге қиналады, бірақ осының бәрін тікелей сол орынға шыққан кезде айғақтап бере алады;

2)жауап алынған немесе  басқа да тұлғалардың қылмыс жасау мезетіндегі әрекеттерінің тәсілі немесе ретін сол жердегі жағдайға қатысты тексеру  немесе дәлдеу қажеттілігі туындағанда;

3)біртектес жағдайларға  қатысты бірнеше тұлғалар айғақтарында  қарама-қайшылықтар болғанда кезде.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау кешенді тергеу әрекеті бола тұра, өзіне жауап алу, тергеулік қарау, тану үшін көрсету, тергеулік эксперимент элементтерін жинақтаған. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың басқа да тергеу әрекеттерінен айырмашылығы:

·        айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауда тұлғаның қатысуы міндетті түрде өз еркімен болуы;

·        айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау кезіндегі объектілер мен іс-қимылдарды көрсету, мақсатты түрде алдын-ала бұрынғы жағдайды қайта құрусыз өту керек;

·        айғақтары тексеріліп жатқан тұлғаның көрсетуіне сәйкес іздер мен басқа да объектілерді табу;

·        алдын-ала жауап алынған адамның түсініктерін есепке ала отырып жағдайды бекіту.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың барысы мен нәтижелерін бекіту міндетті түрде тергеу әрекетінің хаттамасын құрастыру арқылы іске асырылады.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың барысы мен нәтижелерін бекітуде қолданылатын қосымша құрал ретінде фотоға түсіру, үн және бейне таспаға жазу, сондай-ақ тергеу әрекетіне қатысушылар жол бағытының жоспары, сұлбасы жүреді.

Хат-хабарды тұтқындау. Хабарламаларды жолдан ұстау.

Сөйлесулерді тыңдау мен жазу.     

 Хаттар, жеделхаттар, радиограммалар, бандерольдар, посылкалар мен басқа  да пошта-телеграф жөнелтімдері  іс үшін маңызы бар мәліметтерді, құжаттар мен заттарды қамтуы  мүмкін деп пайымдауға жеткілікті  негіз болған кезде олар тұтқындалуы мүмкін.

Пошта-телеграф жөнелтімдерін  тұтқындау жайлы тергеушi қаулы шығарады, ал прокурор оны өз санкциясымен бекiтедi. Қаулыда пошта-телеграфтық жөнелтімдерді тұтқындау жүргiзген байланыс мекемесiнiң атауы, пошта-телеграф жөнелтімдерін жiберушi адамның аты-жөні, олардың мекен-жайлары, тұтқындалған жөнелтімнің түрi, оның уақыты көрсетiледi.

Пошта-телеграф хат-хабарын  тұтқындау жайлы қаулыны тиісті байланыс мекемесінің басшылығына жiберiледі, ол пошта-телеграф жөнелтімдерін ұстап қалып, ол туралы дереу тергеушiге хабарлауға міндетті.

Пошта-телеграфтық жөнелтімдердi қарау, алу және көшiрмесiн алуды  тергеушi пошта-телеграфтық мекеменiң  жұмысшыларынан  тұратын куәгерлемен бiрге жүргiзедi. Қатынас қағаз қараудан кейiн алынады. Егер қатынас қағазын алу қажет болмаса, онда ол тек қараумен шектеледi. Бұл жағдайда қарау өз бетiмен жүргiзiлген тергеулiк әрекет болып саналады.

Тергеушiнiң келесі әрекетi құжаттардың қаншалықты қылмыстық iсте маңызды рөл (айғақ зат немесе жағдайды не фактiлердi растайтын құрам) атқаратынына байланысты. Пошта-телеграфтық қатынас-қағаздарын қарауда тергеушi құжаттардың түпнұсқалығын, оның мазмұнын, нысанын, құжат материалдары мен жеке бөлiктерiн: қолдарын, мөр таңбасын, т.б. тексеру арқылы көз жеткiзедi. Егер қажет болса, тергеушi қарау нәтижесi болу үшiн маман мен аудармашының көмегiн пайдалана алады. Құжатты қарау қаулысында оның тек дәлелдемелiк маңызы бар бөлiктерi ғана тiркеледi.

Пошта-телеграфтық жөнелтімнiң қажеттiлiгi жойылғанда тергеу аяқталғаннан кейiн тергеушi немесе прокурор тыйым салудан босатады.

Қылмыстық iске қатысты  техникалық, соның iшiнде байланыстың  компьютерлiк каналдары арқылы берiлген хат-хабарды тұтқындау және ақпаратты компьютерлiк жүйесiнен алу прокурор санкциясымен бекiтілген тергеушiнiң қаулысы негiзiнде жүзеге асады. Қылмысты көбiне қазiргi хат-хабар құралдарымен жабдықталған ұйымдасқан топ және қылмыстық бiрлестiктер жасайды. Бұл жағдайда қылмыскерлер өзара тура байланыс тудырып пошта-телеграфтық жiберу қызметiне жүгiнбеуi мүмкiн, ол дер кезiнде құжаттарды алып, оны тұтқындау мүмкiншiлiгiн шектейдi.

Ұялы (сотовый) және транновый  радио жүйелер қарым-қатынасқа ыңғайлы болғанымен, арнайы сканермен (егер қорғаныш коды болмаса) немесе қолданудағы ақпараттың  егiзiмен ақпаратты ұстап қалуға болады.

Тергеу әрекетiнiң өндiрiсiне кiрiспес бұрын, егер ақпаратты ұстап қалу қажет болса, прокурормен бекiтiлген, оның себебi көрсетiлген қаулы шығуы керек. Қаулыда бақылауға алынатын адамдар, ұйымдар, байланыс каналдары көрсетiледi.

Хабарды ұстап қалған орган  алған нәтижесi жайлы жедел тергеушiге хабарлауы мiндеттi.

Ақпарат мазмұнымен танысқан тергеушi:

·        ақпаратты адресатқа жiбермей оны қылмыстық iс құжаты ретiнде пайдалануға;

·        ақпаратты адресатқа жiберуге рұхсат етiп немесе уақытша ұстап қалуға, қылмыстық iске ақпаратты пайдалануға талап етуге;

·        ұсталған ақпаратты қылмыстық iске пайдаланбай, iс жүргiзу немесе тактикалық шешiмдердi шешуге пайдалануға құқығы бар.

Қылмыстық iске қажетi жоқ  ұсталған ақпарат архивке өткiзiледi немесе сақтауға немесе көзiн жоюға хабарды ұстап қалуды өткiзген органға қайтарып бередi.

Ұстаған хабарды тергеушiге берген жағдайда тиісті орган материалдарды, ұстап алу негiзiн, келiссөздiң мәтiнiн, ол әрекеттiң басталу және аяқталу уақытын, ақпарат мазмұны мен бет саны көрсетiлген iлеспе хатпен бiрге жiбередi.

Сөйлесулерді тыңдау –  дәлелдемелiк базаның кеңейуiне көмектесетiн  тергеу әрекетi бола отырып, ауыр және өте ауыр қылмыс жасаған адамдарға қарсы қолданылады. Аталмыш әрекет белгiлi бiр уақыт аралығанда тыңдауға мiндеттi адам техникалық құралдар көмегiмен қылмысты жасаушылардың бiр-бiрiмен өзара сөйлескен ақпаратты тыңдауы болып табылады. Сөздiк ақпаратты жазып алуға магниттi сақтауыш немесе басқада тәсiлдер (стенография, хаттама) қолданылады.

Информация о работе Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау