Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 19:34, реферат
Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:
1. тергеулiк болжамдарды дайындау;
2. анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;
3. осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;
4. осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.
1. Криминалистикалық тактика.
2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
3. Тергеулік қарау және куәләндіру.
4. Тінту және алу.
5. Жауап алу және беттестіру.
6. Тану үшін ұсыну.
7. Тергеулік эксперимент.
- жүргiзу мезгiлi және оған қатысушылар шеңберiне, криминалистикалық әдiс-тәсiлдердi пайдалануға, оперативтiк мүмкiндiктердi пайдалану шегi мен нысандарын анықтауға, жұртшылық және маман көмегiне байланысты мәселелер шешiледi.
Процессуалдық әрекеттi жүргiзу жоспарында, оның мiндеттерi, жүргiзу орны мен уақыты, қажеттi күштердi қатыстыру, олардың қарым-қатынастары көрсетiледi, сонымен қатар мұнда:
1. процессуалдық әрекет жүргiзiлiп тұлғалар және объектiлер жайлы ақпарат;
2. жүргiзу кезiнде қажет болатын дәлелдемелер;
3. осы дәлелдемелер мен оперативтiк мәлiметтердi пайдалану тәсiлдерi;
4. процессуалдық әрекеттi жүргiзуге бағытталған тактикалық тәсiлдер оларды ситуацияның өрбуiне байланысты пайдалану тәртiбi бойынша шоғырланған.
II. Процессуалдық әрекеттi жүргiзу.
Бұл сатыда көрсетiлген жоспар iске асырылып, онда қойылған мiндеттер шешiледi. Осыған байланысты тергеу процесiндегi тергеулiк әрекеттер бастапқы және келесi болып бөлiнедi.
Бастапқы тергеу әрекеттерi:
1. тергеушiнi тергеу оқиғасына бағдарлау, осы оқиғаның пайда болу механизмi және болатын зардаптары туралы мағұлмат алу;
2. қылмысты iзiн суытпай ашу, қылмыскерге iздеу салып, ұстауға қажеттi мәлiметтердi алу;
3. субъективтiк не объективтiк факторлар әсерiнен бүлiнiске ұшырайтын дәлелдемелердi жинау;
4. тергеулiк болжамдарды құру мақсатынды түпнұсқалы ақпараттарды алу үшiн жүргiзiледi.
Келесi тергеулiк әрекеттер II және III ақырғы тергеудiң кезеңдерiнде жүргiзiледi және мыналарға бағытталған:
1. бастапқы кезеңде жиналған дәлелдемелердi зерттеуге, баға беруге және қолдануға;
2. дәлелдемелермен әрi қарай жұмыс жасауға;
3. болжамдарды тыңғылықты тексеруге;
4. қылмыс құрамы элементерiн дәлелдеуге;
5. қылмысқа итермелейтiн жағдайлар мен себептердi анықтауға.
III. Процессуалдық әрекеттер жолын және нәтижелерiн бекiту.
Бұл сатының мiндетiне, процессуалдық әрекет мазмұны мен нәтижелерiн дұрыс және толымды көрсетумен қамсыздандыру жатады. Осыған байланысты, заңды нысандардағы техникалық-криминалистiк құралдар мен дәлелдемелiк ақпарды бекiтiп алу тәсiлдерiн тиiмдi пайдалану көзделген. Процессуалдық түрде бекiтiлмеген ақпараттың дәлелдемелiк күшi болмай қалады.
IV. Алынған нәтижелерге баға беру және олардың мазмұнын анықтау.
Процессуалдық әрекет жүргiзу кезiндегi жұмысты және одан алынған нәтижелердi талдаудан өткiзу мыналар үшiн қажет:
- алынған нәтижелердiң дұрыстығын тексеру;
- дәлелдеудегi олардың мағынасы және әрi қарай пайдалану жолы туралы сұрақтарын шешу.
Процессуалдық әрекет жүргiзудiң аталмыш сатысында:
1. жiберiлген қателiктер айқындалады;
2. пайда болуы мүмкiн не пайда болған зардаптар анықталады;
3. осы процессуалдық әрекеттi қайталап жүргiзу қажеттiлiгi шешiледi;
4. жүргiзiлген әрекеттiң жолы мен нәтижелерi көрсетiлген, процессуалдық құжатқа баға берiледi (шыңайылығына, толымдылығына, тәртiбiне, анықтылығына, қажеттi процессуалдық реквизиттердiң бар екендiгiне).
Тергеулiк ситуация және тактикалық шешiм, оларға баға беру және қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
Тергеулiк ситуация яғни, тергеудiң белгiлi бiр кезеңiнде айғақты мәлiметтердiң, дәлелдемелердiң көлемiне және ерекшелiгiне, iстiң мән-жайын анықтау мүмкiндiгiне байланысты қалыптасқан жағдай.
Тергеулiк ситуацияны құрастыратын жағдайларды төрт топқа бөлуге болады:
1. ақпараттық сипаттағы факторлар (жасалған қылмыс жағдайлары туралы мағұлматтар; дәлелдемелiк ақпараттар алынған түпнұсқалар; нақтылы тұлғалардың тергеу жағдайы туралы хабардар болуы және т.б.);
2. процессуалдық және тактикалық сипаттағы факторлар (дәлелдемелiк ақпараттарды алу және пайдалану мүмкiндiктерi, тергеу кезiндегi мiндеттердi шешудiң тактикалық ерекшелiктерi);
3. психологиялық сипаттағы факторлар (тергеу оқиғасына қатысы бар тұлғалар мен тергеушiнiң қарым-қатынасы, бұл тұлғалар психологиясы);
4. ұйымдық және материалдық-техникалық сипаттағы факторлар (қажеттi күш-құралдардың бар болуы, оларды пайдалану мүмкiндiктерi).
Тергеулiк ситуацияны кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада — барлық жағдайлардың жиынтығы, ал тар мағынада — нақтырақ, криминалистикалық ұғымда. Тергеулiк ситуацияға талдау жасап, баға беру кезiнде ақпараттық факторлар анықтаушы, яғни түпнұсқалы және негiзгi болып саналып, тергеу бойынша нақтылы кезеңде бағыттылықты және келесi қызмет мазмұнын айқындайды.
Тергеулiк ситуациялар жiктемесi
Тергеушi алдында тұрған мiндеттердi шешу мүмкiндiктерi бойынша тергеулiк ситуациялар былайша жiктеледi:
1. қолайлы және қолайсыз;
2. даунамалы және даусыз;
3. типтiк және спецификалық;
4. бастапқы, аралық және ақырғы.
Тактикалық шешiм түсiнiгi және мәнi
Тергеу барысында тергеушi процессуалдық және процессуалдық емес шешiмдер қабылдайды.
Тергеушiнiң тактикалық шешiмi,
оның процессуалдық қызметiмен
Қойылған мақсат қандай, қашан және қалай iске асырылатынын, осы тактикалық шешiм анықтайды, ол тергеу әрекеттерiмен қатар, басқа да процессуалдық сипаттағы шараларды қамтиды (басқа қызметтермен қарым-қатынас; жұртшылық көмегiн қылмыскердi iздеуде пайдалану және т.б.).
Тактикалық шешiмдi қабылдау ол, мақсатты және оған жету тәсiлдерiн анықтайтын, өз еркiмен жасалынатын iс-әрекет. Тактикалық шешiмдi қабылдау өзiне:
1. нақтылы қимылдар қажеттiлiгiн қамтитын ақпаратты талдауды;
2. пайда болған ситуацияны ескере отырып, қимылдар мақсатын анықтауды;
3. тиiстi әдiс-құралдарды таңдауды;
4. тиiмдi шешiмдi айқындау үшiн ойшылдық өңдеу жүргiзудi жинақтаған.
Тактикалық шешiм бiрқатар талаптарға сәйкес болу керек:
1. заңдылық;
2. әдептiлiк;
3. дер кезiнде болушылық;
4. негiздiлiк;
5. шыңайылылық.
Тактикалық шешiмдi тергеушi өзi жеке қабылдайды, ал қылмысты тергеушiлер тобы тергегенде, бiрiге отырып дайындаған шешiм негiзiнде, аталмыш топтың басшысы қабылдайды.
Тергеу жоспарына сай, топ мүшелерi бiр мақсаттағы тергеу әрекетiнiң шеңберiнде тактикалық шешiм қабылдайды.
2. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Әртүрлі қылмыстардың тез арада әшкереленуі, жалпы тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде өткізілуі осы тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Аталмыш жоспарға енетін мәселелер осы қылмыс жөніндегі тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде осы қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатыстан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады.
Криминалистикалық болжам деп өкілеттілігі бар тұлғамен ұсынылатын зерттеудегі оқиғаның бөлек жағдайларының немесе мазмұнының, сондай-ақ деректер арасындағы себептік байланыстын дәлелденген ықтималдық түсінігін айтамыз.
Қылмысты тергеуді жоспарлауға негіз болу арқылы криминалистикалық болжамдардың тәжірибелік маңызы көтеріледі, ал оларды тексерумен дәлелдемелерді жан-жақты және толымды зерттеу мүмкіндігі пайда болады.
Логика тұрғыдан криминалистикалық болжам гипотезаның бір түрі ретінде байқалып, яғни шамамен ой тұжырымы болып саналады.
Криминалистикалық болжам ерекшеліктері:
· қылмыстық сот өндірісінде пайдаланылады;
· қылмысты тергеп-ашуда маңызы бар деректерді түсіндіреді;
· заңмен бекітілген шектеулі мерзім аралығында тексеріледі;
· тергеуге қарсы тұрушылық әрекеттері байқалғанда заңмен реттелген әдіс-тәсілдер көмегімен өкілеттілігі бар лауазыммен тексеріледі.
Криминалистикалық болжам қасиеттері:
– анықталған деректерге, фактілерге қарама-қайшы (кереғар) болмау;
– тексеріске мәжбүрлік;
– шамамен қарапайымдылық;
– тергеу барысында анықталған мәселелер төңірегінде кеңінен қолданбалы болу.
Криминалистикалық болжамдар төмендегідей бірқатар негіздер арқылы жіктеледі:
1) Құрастыру субъектілеріне
қарай криминалистикалық
2) Түсіндіруге жататын
деректер мөлшері бойынша
3) Айқындылық деңгейі бойынша
криминалистикалық болжамдар
4) Ықтималдық деңгейі бойынша криминалистикалық болжамдар болуы ықтимал және күмәнді болып бөлінеді.
5) Құрастыру уақыты бойынша
криминалистикалық болжамдар
6) Дәлелдеу затына қатысты айыптаушы және ақтаушы болжамдарды қарастыруға болады.
Криминалистикалық болжамдарды тексеру – ол болжам мазмұнын құрайтын растайтын немесе жоққа шығаратын жорамалдарға қатысты деректік жағдайларды анықтауға бағытталған қызмет. Болжамдарды тексеру қолдағы мәліметтерді логикалық тұрғыдан талдау және оларға баға беруге негізделіп, сондай-ақ тергеулік әрекеттер мен жедел іздестіру шараларын жүргізу арқылы іске асырылады. Дәлелденген болжам өз жорамалдығын жояды да, объективтік шындықты тағайындайтын сенімді мағұлматқа айналады.
Тергеуді жоспарлау деп заң талаптарына сәйкес және азғана уақыт пен күш жұмсау арқылы жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтау және кінәліні әшкерелеу жұмысының реті мен мазмұнын көрсететін ойшылдық қызметті айтады. Аталмыш қызмет нәтижелері әдетте тергеудің жазбаша жоспарында орын алады.
Жоспарлау элементтері:
· қолда бар бастапқы мәліметтерді зерттеу;
· криминалистикалық болжамдарды құру арқылы тергеу бағытын таңдау;
· дәлелдеу заты мен шегіне қатысты тергеу міндеттерін анықтау;
· болжамдарды тексеру үшін және қойылған міндеттерді шешуге қажетті тергеулік әрекеттер, жедел іздестірушілік және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар шенберін айқындау;
· тергеулік әрекеттер тактикасын және жоспарланған іс-қимылдар мен шараларды орындаушыларды дайындау;
· әрекеттерді іске асыру реті мен мерзімін анықтау;
· көрсетілген бағдарламаны жазбаша тергеу жоспары, сызба, кесте, карточка түрлерінде дайындау.
Жоспарлау қағидалары (принциптері):
· динамикалық (жылжымалылық) принципі, осының арқасында жоспарлау қызметі тергеудің барлық барысында орын алады; жаңадан шығарылған болжамдарды тексеруді ескере отырып, тергеу жоспары әрқашан дәлденіп, толықтырылып отырады;
· жеке даралық принципі, яғни жоспарлау тергеудегі әрбір қылмыстың қайталанбайтындылығымен және тергеуші жеке басының ерекшелігімен қамтамасыз етіледі; жоспар нақтылы тергеу барысында алынған мәліметтер негізінде құрастырылады;
· нақтылылық принципі, тергеу жоспарындағы жалпы тұжырымдамалардың жоқтығымен көрсетіледі; бағдарламада жоспарланған әрекеттер мақсаты, орындаушылар, мерзімдер, жүргізу орны және тағы басқалар дәл көрсетілу керек.
Тергеуді жоспарлаудың түрлері:
1) Тергеуші өндірісіндегі бірнеше қылмыстық іс бойынша жұмысты жоспарлау (жиынтық жоспар);
2) Бөлек қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау;
3) Бөлек қылмыстық істің алғашқы, келесі немесе соңғы тәрізді нақты тергеу кезеңдерін жоспарлау
4) Тактикалық комбинацияны жүргізуді жоспарлау;
5) Бөлек тергеулік әрекет жүргізуді жоспарлау.
3. Тергеулік қарау және куәләндіру
Тергеулік қарау –
ол қылмыстық іс бойынша
Тергеулік қарау объектілері ретінде оқиға болған жер және оқиға болған орынға жатпайтын аула мен бөлмелер, сондай-ақ бөлек заттар, құжаттар, адамдар, мәйіттер және жануарлар жүреді. Тергеулік қараудың мағынасы өте зор, оның себебі қылмыстың жасалу жағдайын көрсететін көптеген қажетті іздердің бөлігі осы әрекетті жүргізу барысында табылады және зерттеледі.
Информация о работе Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау