Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 05:37, курсовая работа
Радио - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі.
Зерттеу жұмысының нысаны Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы.
КІРІСПЕ.............................................................................................................3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы .................................4
2.2 Ашық қоғам және шетелдік радиостанциялар .......................................10
Қорытынды.......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................32
XXI ғасырдың басында қазақтардың үштен бірі өз тарихи Отанынан тысқары жерде өмір сүріп жатыр. Сондықтан шет елдердегі қазақ диаспорасы үшін хабар таратудың мәні зор. Көрші Қытайда бір миллионнан аса қазақ тұрады және белгілі бір аймақтарға шоғырланған. Міне, сол ортада жергілікті радиоарналар жұмыс істейді. Ал, Қытайдың Орталық мемлекеттік радиосы тәулігіне 2 сағат қазақ тілінде ресми хабар таратады. Көбіне бұл хабарларда ел және дүниежүзі жаңалықтары беріледі, мемлекеттің саясаты түсіндіріледі. Тағы бір көрші алып мемлекет Ресейде де қазақтар көп тұрады. Бірақ, жергілікті шағын радиостанциялар болмаса, ірі станция жоқ, шекаралас аймақтар Қазақстанның радиосигналдарын қабылдайды. Иран ислам мемлекеті ресми түрде қазақ тілінде хабар таратады. Моңғолия да қазақ тілінде хабар таратута қамқорлық танытып келеді. Баянөлгейде ірі қазақ станциясы жұмыс істейді. Өзбекстан мен Қырғызстанда да қазақ тілінде шағын хабарлар эфирге тарайды. Соған қарамастан, қазақ тіліндегі ақпаратқа сусап отырған қандастарымыз жер жүзінде тарыдай шашырап жатыр. Болашақта Интернет технологияларды пайдаланып, соларға қазақ тіліндегі хабарларды, қазақы ән мен күйді жеткізе білсек, нұр үстіне нұр болар еді.Америка Құрама Штаттарының халықаралық қызметтерінің ішінде сыртқа хабар тарататын «Америка даусынан» басқа «Азат Европа», «Азаттық», «Азат Азия» радиолары бар. Осылардың ішінде «Азаттық» радиосы 1953 жылдан бері қазақ тілінде хабар таратып келеді.
1953 жылы «Большевизмнен
азат ету» радиосы деген атпен
алғаш рет эфирге шыққанда
қызметкерлердің қолында 2 антенна
және қуаттылығы 10 кВт қысқы толқынды
2 хабар таратқыш қана болған
еді. 15 минут өтпей-ақ кеңестік
тұншықтырғыштар іске қосылды.
Бұл кезде радионың орыс
Бай-өлке радиосы 1934 жылдың қыркүйегінде монғол халқы алғашқы радиохабарын тыңдады. Бұл жыл Монғол радиосының дүниеге келген уақыты болып тарихта қалды. Елуінші жылдардың ортасынан бастап монғол радиостанциялары орыс, қытай және қазақ тілдерінде хабарлар бере бастады. Қазақ тілінде берілген алғашқы хабардың уақыты он бес минут болды. Бұл кезде арнаулы штат болмағандықтан хабарларды астанада оқитын қазақ студенттері дайындады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті оқу-ағарту, денсаулық сақтау ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыта отырып, социализмді орнықтыру болатын. Осы мақсаттарды насихаттап, бұқараға жеткізуде радио үлкен роль атқарды. Он бес минуттық хабарда газеттен алынған дайын ақпараттар оқылды. Ел астанасы-Улан-Батордан қазақ тілінде хабар берілуі үлкен тарихи оқиға болды. Бай-өлке радиосының ерекшелігі - жаңа мен ескіні астастырып отырады. Радиоға тән қазіргі әдіс-тәсілдерді меңгерумен қатар, салт-дәстүрдегі игі қасиеттерді де пішін ретінде пайдаланады. Мысалы, 1993 жылдың 1 наурызында радио толқыны арқылы жалпы жұртқа сауын айтылды. Қазақ салтында ас беруден бір жыл немесе бірнеше ай бұрын сауын айтып, жалпақ елге жар салады ғой. Айтылған сауын Қожаберген батырға ас беруге арналған еді. Ал хабар берудің мына бір әдісі біз үшін, яғни қазақстандықтар үшін тосын құбылыс. Толқын арқылы аза тұту, жоқтау айту, қазаға ортақтасу - қай жағынан алып қарағанда да күтпеген оқиғадан туған іс-қимыл. 1993 жылғы көкек айының 23-де ұшақ апатынан мезгілсіз қазаға ұшыраған азаматтар аймақ халқының қабырғасын қайыстырды. Осы қаралы оқиғаға байланысты марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айту мен мекеме, жеке азаматтардың азалы хаттары редакцияға толассыз келіп түсті. Соған орай әуе толқынына шығарылған жұбату, көңіл айтулары жан-жүректі шымырлатты. 3 күнге созылған азалы хабар аймақ аспанын күңірентті. Осы апатта дарынды қазақ азаматы Кәкей Жаңжұңұлының да қаза болуы, қайғы бұлтын одан сайын қалыңдатты. Ақындар азалы жырларын оқып, радио толқыны арқылы шер тарқатты. Соның бірі - Тойлыбай Құрмандолдаұлының өлеңі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Радио - журналистиканың бір саласы, бұқаралық ақпарат құралының бірі. Жалпы радионың ерекшеліктері, оны пайдаланудың маңызы мен қажеттігі, қазіргі қоғамдағы саяси, экономикалық, құкықтық, мәдени рөлі мен мәні бар. Радионың ендігі бір маңызды міндеттерінің бірі — ол адам мен адам арасында қарым-қатынас орнатуы, қарапайым әңгімелесу, шүйіркелесу. Адамның күні адаммен және сәт сайын табиғатымыздан біреумен сөйлесуге, жауап алуға, пікір білдіруге, ой таластыруға бейім тұрамыз, осындай қарым-қатынасқа мұқтажбыз. Қоғамдағы осындай қажеттілікті қанағаттандырудағы радионың орны орасан. Әсіресе, өтпелі қоғамда, жаңа ортада, саяси, болмаса экономикалық күйзелістер кезеңінде адамдар бір-бірімен әңгімелесуге, тұмшалаған ойы мен күдігін сыртқа шығаруға, өзгелермен бөлісуге, жоспарларын ортаға салуға бейім. Мұндай қарым-қатынас эмоциональдық көңіл-күйіне әсер етеді, жеңілдегендей сезіндіреді, қолдау мен демеу қанат бітіреді, жігерлендіреді. Радио бұл бағытта да өсу үстінде, соңғы жылдары авторлық бағдарламалардың қатары көбейді, тіпті журналистер бір арнаның келбетін, имиджін айқындайтын жағдайлар да кездеседі. Жаңа ақпараттық кеңістікте журналистика да қиын кезеңді бастан кешіруде. Бірінші кезекте оған қойылатын талаптар деңгейі де тым жоғарылап кетті. Жаңа ақпараттық технологиялар өзінің прогресшіл мұратымен қатар адамзат алдына жаңа күрделі міндеттерді қойып отыр, оның кейбірінің шешімі тым шатысып кеткен, әр түрлі мүдделер тұрғысынан сараланатындықтан ғалым-зерттеушілер арасында да пікір алшақтығы басым.
Радио осындай тұлғалар
арқылы тыңдарманына жақындай
түсті. Журналистің сөйлеу
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 3-ші том. – Алматы, 2008. 400б.
2.Омашев Н. Радиожурналистика негіздері. – Алматы, 1983.300б.
3.Омашев Н. Радио
4.Қабылғазина К. Дәуір үні. – Алматы, 2002.360б.
5.Основы радиовещания. – М., 1993.300б.
6.Барманкулов М. Журналистика для всех. – Алматы, 1979.320б.
7.Исакович М. Общая акустика. – М., 1973.150б.
8.Бернштейн С. Язык радио. – М., 1977.300б.
9.Любосветов Д. По законам эфира. – М., 1979.180б.
10.Радиоискусство. Теория и практика. – М., 1983.165б.
11.Смыслов Г. Восприятие речевого общения. – М., 1991.200б.
12.Омашев Н. Ұзынқұлақтан Қазақ радиосына дейін- Алматы «Санат»2007.350б.
13. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы, 1979.450б.
Информация о работе Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы