Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 05:37, курсовая работа
Радио - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі.
Зерттеу жұмысының нысаны Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы.
КІРІСПЕ.............................................................................................................3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы .................................4
2.2 Ашық қоғам және шетелдік радиостанциялар .......................................10
Қорытынды.......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................32
КІРІСПЕ.......................
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Радиожурналистің
шығармашылық шеберханасы ..............................
2.2 Ашық қоғам және
шетелдік радиостанциялар ..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі
Радио - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі.
Зерттеу жұмысының нысаны Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы.
Зерттеудің міндеті мен мақсаты жұмысты жазу барысындағы мақсатым радионың бұқаралық ақпарат құралының ерекше турі екенің дәлелдеу , оның ерекшелігін көрсету.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: Омашев Н. «Қазақ журналистикасы»(3-ші том. – Алматы, 2008), Омашев Н. «Радио журналистика» (Алматы 2005ж.), т.б..
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Радионың адамға ерекше әсер етуі, журналистиканың ең тиімді түрі.
Зерттеу жұмысының практикалық және теориялық маңызы: Бұл жұмысты жоғарғы оқу орындарында оқытушылар мен студенттер әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау тәсілдері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы бұл жұмыс үш бөлімнен, яғни кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тараушадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Радиожурналистің
шығармашылық шеберханасы
Радионы адамзат өркениетіндегі аса ірі ғылыми жетістік қана емес, қоғамның даму тегершігін жеделдеткен құбылыс ретінде орынды бағалағанымыз жөн сияқты. Сымсыз ақпарат жеткізуді меңгергелі бір ғасырдан асатын уақыт өтті, ал ғылыми-техникалық прогресс қарыштап дамып кетті. Соған тікелей жол ашқан “ақжолтайлардың” бірі де бірегейі — радио және оған қатысты технологиялар [1; 67б.].
ХХІ ғасырда адамды және оның болашағын электронды есептеу машиналарынсыз, байланыс құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Соның бастауында тұрған ғылыми жаңалық — радио болса, ол күні бүгінге дейін жетілдірілу үстінде. Радио — ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы ғана емес, оны басқару мен жүйелеудің де тетігіне айналды. Радио шекараны білмейтін, тосқауылсыз арнаға, жаһандық сипатқа ие болды. Шағын ғана, энергияны аз қажетсінетін құрылғылар тұрмысымыздан кең орын алып, адамға көмекшілікке жарады. Бүгінгі ақпараттық тасқынның да бастау бұлағы — радиотехнологиялар. Оның жетілдірілген түрі теледидар радио әдістерімен енді бейнені де жеткізетін болған, бүгінгі газет-журнал, кітабыңыз да радио туындыларсыз басылып шықпайтынын қайтерсіз. Қайда қарамаңыз, қайда бас сұқпаңыз “радио” деген жанды сөзден тарамданып кететін жаңалықтар алдыңыздан кесе көлденеңдеп шығады. Адамды адам еткен еңбек және сөйлеу машығы дейді ғылымда. Сөзді тыңдарманына жеткізудің де қуатты құралы радио болып табылады. Радионың бұқаралық ақпарат құралы ретінде мәні мен маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде, қазіргі радиоэфир бір мезгілде миллиондаған адамға жетіп, қажетті ақпаратпен қаруландыра алады. Сөйтіп, радио техникалық құбылыстан бүгінде қоғамдық құбылысқа айналған. Ол миллиондардың санасына ықпал етіп, пікір тудырып, эмоционалды-экспрессивті ықпал ете алады.
Радио — өнер. Радио —
ақпарат, шартараптан ең жедел хабар
жеткізетін арна. Радио — бизнес
көзі. Радио — мектеп. Радио —
тарих, өмірдің өшпес шежірешісі.
Оның үні сана сүзгісінен өтеді, мәнді
хабарлар, ән мен саз қорда сақталып,
кейін қайталана береді. Радио
— өмірдің қиын сұрақтарына жауап
беретін кеңесші, көмекші. Радио
— ғұмыр, мыңдаған адамдардың тағдырына
ықпал ететін күш-қуат. Радио
— көңіл күй барометрі, өмірге
құштарлық дәнін шашатын бастау
бұлақ. Соңғы жылдары телевизияға
қатысты да көп сын айтылып
жүр. Соның ішіндегі ең қабырғаға
бататыны — телеэкрандағы зорлық-
Бүгінгі радиода кемшіліктер
кетіп жатса, ол қоғамның да кемшілігі.
Көп болып талап етуге, қажетінде
қолдауға тиіспіз. Әуе толқынында еркін
тарайтын ашық ақпарат ат төбеліндей
азғантай топтың меншігі емес, ол қоғамдық
өскелең талаптарға жауап беруге,
онда қалыптасқан мәдени қатынастарды
алға сүйреуге, жақсартуға міндетті. Радионың
бірінші табиғи қасиеті — жеделдігі.
Қалыптасқан БАҚ жүйесінде
Қазіргі заманғы байланыс технологиясы радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир жағдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Яғни, ақпаратты тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телевизия да, Интернет те радионың алдына шыға алмайды. Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал болып қала береді. Радио тыңдарман үшін аса қолайлы болып табылады және бұл қасиетінің маңызы айрықша. Радионы тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу, болмаса күш жұмсау міндетті емес. Үй шаруашылығындағы тірлікпен айналысып жүріп те, жұмыс уақытында да, тамақтанып отырып та, автокөлікте келе жатып та, сейіл құрып жүріп те радионы еш кедергісіз тыңдай бересіз. Радио әмбапап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлардың барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы, болмаса спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында тарап жатады. Тыңдарман өзін қызықтырған хабарға зейінін күшейтеді, болмаса кейбір мағлұматтарға аса назар аудармайды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы сұранысына орай қажетті ақпараттарды қолайлы жағдайда екшеп отырады. Бәсекелестік жағдайында радиостанциялар саны өте көп, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, ол тыңдармандардың сұранысына орай маманданып, белгілі бір аудиторияға, әлеуметтік топтарға бейімделе бастады. Бір радио жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта жаңғырту арқылы тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты (попса, рок, джаз, т.т.) ғана қолдайды, тағы бірі жасөспірімдер үшін хабар таратады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін де сақтайды. Осыған байланысты әр түрлі радио форматтары көбейді, радионың аудиториясы да түрлене түсті. Міне, осының бәрінде радионың табиғатынан қолайлылығы басты рөл атқарады.[3;256 б.]
Радионың үшінші бір қасиеті
— тыңдарманына психологиялық әсері,
немесе эмоциональдығы. Адамның есту
қабілетіне құрылған радио тыңдарманның
қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер
етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды.
Адам табиғатынан естіген
Интернеттің жөні бөлектеу
және ол техникалық ерекшелігінен туындайды.
Дегенмен, Интернеттегі ақпараттық жүйе
қалыптасу үстінде, өзіндік белгілері
толық айшықталған жоқ. Оның үстіне
Интернет жалпы ақпарат мұхиты да,
оның ішіндегі маңызды ақпарат, әсіресе
БАҚ ұғымына сәйкес ақпарат шағын
аралдай ғана. Бірақ, компьютерлік желідегі
ақпарат тасымалының
Жоғарыда аталған міндеттер
көп жағдайда араласып кетеді.
Радиодан да қызықты да
Бұқаралық ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасы мен байланысын айтқанда мына жайларға баса көңіл аударамыз:
1. Бірін-бірі мамандармен
толықтырып отырады. Газет
2. Ұдайы ақпараттық алмасу
жүріп жатады, радиожурналист те
баспасөздің, телеарна мен
3. БАҚ жүйесіне жанрлар
мен пішіндер ортақ, бір-
4. Жалпы қоғамдық, саяси
науқандарды, жарнама мен
Информация о работе Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы