Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 05:37, курсовая работа
Радио - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу. Радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі.
Зерттеу жұмысының нысаны Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы.
КІРІСПЕ.............................................................................................................3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы .................................4
2.2 Ашық қоғам және шетелдік радиостанциялар .......................................10
Қорытынды.......................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................................32
Осы тұжырымдар әр БАҚ түрі дербес өмір сүре алатындығын, ал өзара ынтымақтасудан тек нәтиже жақсаратындығын дәлелдейді. БАҚ жүйесіндегі әріптестікті дамыту, ортақ корпоративтік мүддеге қызмет ету әрбір кәсіби журналистің де міндеті саналады. [5, 367б.].
Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен, дінінен т.б. хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сол елдің, халықтың бет-бейнесімен танысуға, өзіндік пікір қалыптастыруға болады. Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік дәрежеден басталып, шағын елді-мекендік дәрежеге дейін жұмыс істей береді. Әрине, баспасөз де сол елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады. Халықаралық эфирде 160-тан астам елдің радиостудиялары жұмыс істейді. Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар анықтаған.
Қазақстанда 115 телерадио арналары жұмыс істейді. Олардың бәрі атқаратын қызметіне орай мемлекеттік, жеке меншік, коммерциялық, аралас болып бөлінеді. Ұстанған бағыттарына орай тәуелді, тәуелсіз болып та аталады. Радиохабар тарату құрылымына орай – республикалық, облыстық, қалалық, аймақтық, аумақтық болып бөлінеді. Халықаралық, республикалық арналар республика көлеміндегі болып жатқан жаңалықтарды, оқиғаларды қамтып, өз хабарларын Қазақстан аумағына таратады. Облыстық арналардың хабарлары тек өздері қамтитын облыстық аумаққа таралатын болса, қалалық арналар қала көлемінде ғана хабар таратады. Ал, аймақтық арналар бірнеше облыс аумағын қамтиды.
Қазіргі кезде аймақтық радиолар
жұмыс істемейді. Бірақ бірнеше
өнеркәсібі немесе шаруашылығы бір
бағыттағы облыстар арналары арасындағы
радиоүндесу ретінде тәжірибе алмасу
өте сирек болса да кездеседі.
Аудандық арналар аудан көлемінде
ғана хабар таратады, ал, олардың
ақпарат алатын көзі – әр түрлі
бағыттағы шаруашылықтар болып
табылады. Нарық жағдайына байланысты
аудандық радиотораптар жабылып, бұрынғы
радиоұйымдастырушылар
Қазақ радиосының бүгінгі ең басты ерекшелігінің бірі - дербестілігі. Қаншалықты үкімет идеологиясын насихаттап, тәуелділік танытқанымен де бұқара халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын халықтық арна деп аталады.
Екінші ерекшелігі – дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысуы. Қазақ радиосының бұрынғы жұмыс принципі бойынша - эфирден өтетін хабарлар алдын - ала үнтаспаға жазылып, өңдеуден өткізіліп, хабарлар бағдарламасына енгізіліп қойылатын. Яғни, алдын-ала дайындалған бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін. Алдын-ала жоспарлаудың түрлері бар:
Жылдық жоспар.
Тоқсандық жоспар.
Айлық жоспар.
Апталық жоспар.
Ал, журналистік радио
дегеніміз – алдын-ала жазылып
алынбаған, тікелей эфир арқылы таратылытын
хабарлар түрі. Бұл жерде бұрынғыдай
дикторлар шақырылмайды, телефон
байланысы арқылы белгілі бір
тақырыпта жоба авторының қатысуымен
немесе жүргізушімен өткізіледі. Тікелей
эфирдің талабына сай жұмыс істеу
журналистке көптеген міндеттер
жүктейді.Соның ең бастысы – сөз
өнерін, ой толғауын меңгеру. Сөз
өнері дегенді Ахмет
Үшінші ерекшелігі - бағдарламаның
ауқымдылығы, хабардың көп
Төртінші ерекшелігі - талдамалық яғни сараптамалық бағдарламалардың кең қолданылуы. Бұл ретте «Баспасөзге шолу», «Үкімет арнасы», «Парламент апталығы» т.б. сияқты бағдарламалардың эфирге шығуы дәләл. Талдамалық хабарлардың жүргізушілері немесе хабар авторларына қойылатын журналистік талаптарды меңгерулері қажет:
Қазақстанда тәуелсіз арналардың
көбейіп отырғандығы алдымен
нарық жағдайына байланысты. Бұқаралық
ақпарат құралдарының электронды құралдарының
бизнес көзіне айналуының тікелей әсерінен
қазіргі кезде Қазақстан әуе
толқындарында хабар таратып
отырған «31 радио» (103,5 FM) , «Европа
плюс Қазақстан», «Русское радио», «Радиосити»
(104 FM), NS (106 FM), «Радио Ретро» (91,7 FM), «Авторадио»
(105,4 FM), «Хит-FM» (102 FM)-сияқты радиоарналардың
бәрінің жұмыс принциптері
Қазақстанның әуе толқынында
қызмет атқаратын радиоарналар
жұмыс мазмұнына қарай
Біріншіден, ең алдыңғы, алғашқы болу. Кез келген оқиғаны алдымен хабарлау барысында журналистік әдептен ауытқымау, кәсіби этика сақталуы керек.
Екіншіден, сөйлеушінің уақытын шектеп, оқиға не туралы, не мақсатта, түйіні неде деген сияқты детальдарды ғана ықшамдап алу.
Үшіншіден, "меніңше", "сөйткенге ұқсайды", "шамасы солай" т.б. деген тіркестерді қолданбау, бұл оқиғаның нақтылығынан гөрі дүдәмалдыққа апарады.
Төртіншіден, жан-жақты білім, жеткілікті машық керек. [8, 320б.].
Радиохабардың басты
Кейде адамдар оқиға жайлы редакцияға өздері телефон соғып жатады. Ондай кезде ақпарат нақты ма, нақты емес пе, ол жайды журналистің өзі сараптағаны дұрыс.
Журналист сол оқиғаға қатысты немесе жауапты адамдарды іздегені жөн. Мысалы, басшы тұрғанда бағынышты адам ешқашан комментарий бермейді.
Белгілі бір маман иесінің кәсіби деңгейлеріне қарау керек. Мысалы, нақты ғылым иелері математиктер, физиктер т.б. оқиға барысына қысқа, нұсқа тұжырым жасайды. Ал, гуманитарлық саланың иелері оқиғаны құбылтып, әсірелеп, көбірек сөйлеуі мүмкін. Сондықтан хабардың барысына орай сөйлеушіні нақтылау журналист еркінде.
Адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет. Мысалы, біреу сөзшең болса, енді бірі сөзге сараң болуы мумкін. Сондықтан күтіп, асықпай әрекет жасау керек.
Енді журналистің өзіне қатысты талаптарға келсек олар:
а) өз-өзіне сенімділік;
ә) ұстамдылық;
б) жылдам бағамдау;
в) жинақылық, ширақтық.
Осындай жоғарыда аталып өткен міндет-талаптардан кейін журналист дайындап әкелген шикізатын студияда өңдеу процесін бастайды. Оған дейін хабардың сценарлық жобасы жасалады. Бұл - монтаждау процесі. Радиода монтаждың техникалық, электрондық және компьютерлік түрлері бар. Соңғы кездері технологияның дамуына байланысты монтаж тек қана компьютермен жасалады. Яғни сөздерді қысқарту, сұрақтарға орай жауаптарды орналастыру, интершу, музыка, ролик, джингл т.б. бейнелеуші элементтерді реттеу, хабардың ашылуы, жабылуы кездеріндегі процестер, үзілісті қадағалау сияқты көптеген мәселелер осы кезде жасалады. Монтаждың мүмкіндігі зор. Тәжірибелі, білікті операторлардың көмегімен жасалған хабарлар - шығармашылықтың алтын арқауы. Қажетті музыкамен көркемделіп, дайын болған хабарды шығарушы секторға апармас бұрын хабар жөніндегі деректерді - қай күні, қай уақытта, қай бағдарламада шығатынын, жауапты редактордың кім екенін жазу керек. [9,450б.].
Радиоаудитория тұрақты, бірақ тыңдаушылардың құрамы, олардың талап-тілектері әр түрлі. Қазіргі кезең тыңдармандарының сұраныстарын қанағаттандыру үшін, оны өткен жылдар өнегесімен сабақтастыру үшін жаңа заман радиожурналистеріне қойылар талап жоғары. Оның кейбір жолдарын қарастырсақ:
Ғылыми-техникалық
жетістіктер нәтижесінде
Өмірден өткен атақты әншілердің орындауларын, сазгерлердің әуендерін, әдеби қайраткерлердің шығармаларын салыстырып, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ашатын, яғни кеше мен бүгінді үйлестіре отырып, халықтың ынтасын арттыратын хабарлар ұйымдастыру керек.
Ғылыми немесе танымдық маңызы бар кейбір дауыстарды орайы келгенде хабар арасында қысқа да нұсқа етіп беріп отыру керек. Бұл жастардың танымдық, білімдік, интеллектілік деңгейін кеңейтеді.
Үнмұра хабарларын жаңа заманға сәйкестендіріп, радионың да, тыңдарманның да уақытын тиімді пайдалана алатын, өзі мен тыңдарман (аудитория) арасын жақындата білетін алғыр да білгір журналистердің санын да, сапасын да арттыру қажет.
Информация о работе Радиожурналистің шығармашылық шеберханасы